?аза?станны? пайдалы ?азбалар картасына ?арап, еліміздегі ?азба кен орындарын атап, картадан к?рсету.
Жа?а саба?.
Жа?а саба? о?ушылар?а ??гіме айтудан басталады. «К?рінбейтін си?ыршы»
Жер бетінде к?зге к?рінбейтін бір си?ыршы бар. Онымен ?ркім-а? к?нделікті кездесіп отырады. Сен оны к?рмейсі?, біра? сезесі?. Міне ол есікті тарс жапты, терезені ашты. К?шемен келе жат?анда жапыра?ты? ?зіліп ?алы?тап барып жерге т?скенін к?ресі?. Оны к?рінбейтін си?ыршыны? алып бара жат?анын сезесі?. Тіпті басын ш?л?ып, ыр?ал?ан ш?птерді бай?айсы?. М?ндай си?ыршыны к?рмесек те к?нделікті ісі, мінез-??л?ы бізге таныс. Сені ?немі ?оршап т?рады. Сенімен бірге ж?реді.
-Б?л не?
-Ауа
Экраннан ж?мба?тар айтылады.
Бар ма, жо? па оны білмейсі?,
Ол жо? жерде ?мір с?рмейсі?. (Ауа)
К?зге к?рінбейді,
Біра? онсыз ?мір жо?. (Ауа)
№1. Т?жірибе жасау.
?р о?ушы жасайды. Экраннан жасалу жолы т?сіндіріледі.
Шарды ?рлеп ауамен толтыру. Оны ?олмен ауаны ?ысып к?ру. Шар о?ай ?ысылды ма? (Шар серпімді болды да, ?ысып-сы?ымдау?а ?иын болды)
Инесіз піспекке ауа сорып алу. Тесігін сауса?пен жауып ауаны сы?ып к?ру. Ауаны сы?ып, ?ысу м?мкін емес. Тесігін аш?анда о?ай сы?ылады.
?орытындыны о?ушылар жасайды.
№2. Т?жірибе жасау. Экраннан жасалу жолы к?рсетіліп т?рады. Колбаны? т?тігіне шарды кигізіп, ауа шы?пайтындай етіп байлаймыз. Колбаны жайлап ?ыздырамыз. Біраздан кейін шар ауа?а болып тырсияды. Содан кейін колбаны сал?ындатамыз. Оны? ішіндегі ауа сы?ылып к?лемі кішірейеді. Колбада?ы ауа ортай?анды?тан шарда?ы ауа кері ??йылып, шар ?алпына келеді. ?орытындыны о?ушылар жасайды.
Сергіту с?ті. «Біз ба?ытты баламыз» ?ніні? ?уеніне би ?имылдарын келтіру.
Просмотр содержимого документа
«Ауаны? жер бетіне таралуы. »
«С.Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Бастауыш класс мұғалімі Тантибаева Маржан Ниязғалиқызы
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауаның жер бетіне таралуы.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі ауаның маңызы. Ауа қасиеттерін дәлелдеу.
Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру. Тәжірибе жасап, өздіктерінен жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Понорамалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақты, электрондық оқулық. Қазақстан картасы, май шам, колба, шар, ние піспек (шприц), карточкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық икем.
Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен мектепте сабақтамын,
Қазір сабақты бастаймын.
Осыған қуанамын (үзіліс)
Жан дүниемде күн нұры
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді.
Оқуды өте жақсы көремін!
Балалар, жақында біз қандай мейрамдарды атап өттік?
Президент күні
Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толды?
21 жыл
Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
16 желтоқсан.
Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтар біздің сабаққа қалай қатысатынымызды көргісі келеді.
Біз сабаққа белсенді қатысып, жақсы бағаларымызды осы мерекеге арнайық.
Үй тапсырмасын сұрау:
№1 слайд. Картаның түрлері.
3-қатарға 3-нұсқада Қазақстанның картасы бейнеленген карточкалар таратылады.
Қазақстан қандай елдермен шекараласады?
Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле. Қазақстан картасынан көкжиек тұстарын анықтап, жазып көрсет.
Қазақстанның пайдалы қазбалар картасына қарап, еліміздегі қазба кен орындарын атап, картадан көрсету.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ оқушыларға әңгіме айтудан басталады. «Көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ сезесің. Міне ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың үзіліп қалықтап барып жерге түскенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесек те күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені ұнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
-Бұл не?
-Ауа
Экраннан жұмбақтар айтылады.
Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (Ауа)
Көзге көрінбейді,
Бірақ онсыз өмір жоқ. (Ауа)
№1. Тәжірибе жасау.
Әр оқушы жасайды. Экраннан жасалу жолы түсіндіріледі.
Шарды үрлеп ауамен толтыру. Оны қолмен ауаны қысып көру. Шар оңай қысылды ма? (Шар серпімді болды да, қысып-сығымдауға қиын болды)
Инесіз піспекке ауа сорып алу. Тесігін саусақпен жауып ауаны сығып көру. Ауаны сығып, қысу мүмкін емес. Тесігін ашқанда оңай сығылады.
Қорытындыны оқушылар жасайды.
№2. Тәжірибе жасау. Экраннан жасалу жолы көрсетіліп тұрады. Колбаның түтігіне шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп байлаймыз. Колбаны жайлап қыздырамыз. Біраздан кейін шар ауаға болып тырсияды. Содан кейін колбаны салқындатамыз. Оның ішіндегі ауа сығылып көлемі кішірейеді. Колбадағы ауа ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шар қалпына келеді. Қорытындыны оқушылар жасайды.
Сергіту сәті. «Біз бақытты баламыз» әнінің әуеніне би қимылдарын келтіру.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Мәтінді оқу барысында дәптерде жұмыс жазу. Ауаның қандай қасиетін білетініңді жаз. Тапсырманы орындауға саған жұмбақтар көмектеседі.
АУА
Түссіз
Иіссіз
Мөлдір
Ауаның құрамына не жататынын көрсету тапсырылады.
Сутек азот көмір
Оттегі мыс шаң
Йод тұз көмірқышқыл газы
Сабақты бекіту.
№1.Ауаны ластанудан қалай сақтаймыз?
А) Зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тоқтату. Отын дайындауды тоқтату. Автокөліктерді пайдалануға тиым салу.
Б) Жер шарын ортақ бір қорыққа айналдыру.
В) Фабрикалар мен зауыттардың мұржасына сүзгі орналастыру. Көлік түрлерін экологиялық қауіпсіз етіп жасау. Қала маңдарын көгалдандыру, саябақтар орнату.
№2.Құр аязды көндері неге қар астыны паналайды?
А) Қар астында олар жауларынан қорғанады.
Б) Қар желден қорғайды.
В) Қар бөлшектерінде ауа көп, қалың қар қорғаныш болады.
№3.Терезеге жылуды сақтау үшін екі қабат шыны қойылады. Неге?
А) Ауа жылуды нашар өткізеді.
Б)Ауа қызғанда көлемі кішірейеді.
В)ауа қызғанда көлемі үлкейеді
№4. Ауаның құрамына кіретін заттарды көрсет.
А) Сутегі, мыс, цинк
Б) Оттегі, азот, көмірқышқыл газы
В) Хлор, фтор, йод
№5.Ауаны қыздырғанда не байқайсың?
А) Ауа қызғанда өзгеріс болмайды
Б) Ауа қызғанда көлемі үлкейеді
В) ауа қызғанда көлемі кішірейеді.
Тест жауабын перфокартада белгілеу.
р/с
А
Б
В
№1
+
№2
+
№3
+
№4
+
№5
+
Сабақты қорытындылау.
1. Ауасыз тіршілік жоқ.
2. Ауаны ластанудан қорғау керек.
Бағалау.(жалаушалар арқылы жүзеге асады)
Үйге тапсырма. Тақырыпты түсініп оқу. «Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы» тақырыбында әңгіме жазып келу тапсырылады.