kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сыныптан тыс іс - шара "Ана - өмірдің шуағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ана – өмірдің шуағы»

Күні: 05.03.2016

Сабақтың  мақсаты: 1. 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Оқушылардың наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы айту.

2. Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.

3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Сыныптан тыс ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер, кеспе қағаздар, слайд

Сабақтың бырысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар тік тұрып тұрады.

-Сәлеметсіңдерме құрметті аналар, әжелер, аяулы менің қыздарым! 8-наурыз халық аралық айелдер күні құтты болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандықпен қуаныш тілейміз.

Бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» ертеңгілігіміздің қсіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. Біздің оқушыларымыз шағын концерттерін дайындап келді.

Адина:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналардың құрметтеп

Ән маржаның шашайы

Хор: «Ана» бүкіл сынып

Арайлым:

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең

Құтты болсын берекең

Қуанышты мерекең.

Н.Ислам:

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн үйқысын төрт бөліп

Түнд

Жалғас:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана

Аяулым:

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп, әлдилеген пейлің кең

Аналық махаббатың кәусар бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

Алмас:

Алтын Анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі-жаным деген, сая маған.

Наргиз:

Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.

Еркежан:

Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақмаған

Ақ бітіңнен сүйемін

Келші, келші, ақ мамам.

Сахналық көрініс: «Бәрінен жақсы»  (Айнель, Ақнұр, Айжанар)

Айнель: Бір күні  кішкентай бала анасынан адасып қалыпты. Ол анасын іздеп, бақырып жылайды.

Ақнұр: -Сен неге жылап жүрсің?

Айжанар: -Мен анамнан адасып кеттім.

Ақнұр: -Сен жылама. Казір мен сені анаңа алып барамын. Сенің анаң қандай еді?

Айнель: -деп сұрады. Сонда бала жылап тұрып:

Айжанар: -Менің анам-ең жақсы адам, ол бәрінен де жақсы!

Айнель: деп айтты бала.

Тақпақ кетеді:

Аянат:

Өмірді ащы-тұщы аралаған

Сондықтан Анам ойы дана маған

Жайқалып жауқазындай өсіп келем

Өсірген ержеткізіп панам-Анам.

Ералы:

Бал Анам, асыл Анам, таңым да Анам

Мен сенен қуат алам, жолын да алам

Күн болып көңілімді күйге бөлеп

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Ерали:

Айналайын Анашым

Әлпештеген мамашым

Еміп өскен бөпеміз

Маматайдың мамасын.

Диана:

Ақ қабақты анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтіңнен суардың

Бөбегіңнің санасын

Наз:

Менің Әжем, гүл Әжем

Алтын Әжем, күн Әжем

Анам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі –Әжем

Аяжан:

«Балапаным» дейді әжем

«Балақаным» дейді әжем

Ұзақ күнге бүкшеңдеп

Біздің қамды жейді әжем

Ескендір:

Анам кетті жайлауға

Оны іздеп қайғырма

Анаң саған келеді

Ақ сүтінен береді

Би: «Флеш-моб» ( Ескендір, Алина, Аяулым, Зере, Ислам, Ерали, Сырым)

Тақпақтар кетеді.

Алина:

Ерлік еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндіктен біздерді

Анамызға мың сәлем

И.Ислам:

«Жаным»-дейсің мені

Жаратушым-бір сен

Жанашырым-білсең

Айналайын ана!

Ақнұр:

«Күнім» -дейсің мені

Күн мейірі сенде

Күннің ыстық лебі

Құшағына теңбе?

Айналайын ана!

Сырым:

О, аналар осындайсың бәрінде

Осындасың жасында, кәрінде

Сыйынатын осы өмірде құдірет

Сыйынар ем ана деген тәңірге

Зере:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ!

Бекнұр:

Мамам менің, ақ мамам

Гүлді маған баптаған

Жырды маған жаттаған

Жұрттын бәрін мақтаған

Мамам менің, ақ мамам

Айжанар:

Мәпелейсің мені, анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп демалам

Құшағында қысылмай.

Оқушылар КВН қояды

1.     «Мистер Мускул»  (Таңат, Алихан, Алмас)

2.     «Автобустағы ұрлық» (Айнель, Сырым, Алихан)

3.     «Сүйек» (Аяжан, Ералы

Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен! ( Адина, Арайлым,Жалғас, Ақнұр, Ислам, Наз)

Оқушылар вальс билейді. (Таңат, Еркежан, Расул,Айжанар, Алмас,Алихан, Айнель, Адина)

-Ал, енді біздің ұлдарымыз қыздарға арнап олең шұмақтарын айтып, сыйлықтарын береді. Ұлдар тақпақтарын айтады.

Бүкіл сынып шығып хормен «Аналар, әжелер сіздерді 8- наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз!

-Осымен бүгінгі сіздерге арналған шағын концертіміз аяқталды. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сыныптан тыс іс - шара "Ана - өмірдің шуағы"»

« Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағатының сценарий

Мақсаты: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.;
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеугетәрбиелеу.


Көрнекілігі: безендірілген зал, қазақы үй, ұлттық бұйымдар

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім
: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

( Сахнада тігілген үй, безендірілген, жаюлы дастархан тұрады)

Көркем сөз: «Сәлем көктем»
Оқитын: Алихан, Адина (қолдарында гүлдері бар)
Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

Сәлем, көктем
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.

Сәлем, көктем
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.
Сәлем, көктем
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан асты – керемет той, аста-төк,
Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…
Бірге:
Сәлем, көктем,Сәлем көктем!


Сахналық көрініс: (Кемпір, шал бала келеді.)
Шал: Расул
Кемпір: Диана
Бала: Алмас


Кемпір: Ух! Шал екеуіміз талай үйге кіріп шықтық , ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы ниетіміз бен тілегімізді білдірдік. Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт біршама болып қалыпты, келін шырағым, адыраспан әкелші, үйді аластап жіберейін.
(үйді аластайды)

Алас-алас, әр пәледен алас!
Қараңғы – жарыққа, ызғар – жылыға,
Қара – аққа ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Сор – баққа, кесір – киеге.
Жоқ – барға ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!


Диана: Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ құяды).

Алмас: Ата, әже, осы бүгін қандай күн өзі. Таң атқалы әмір жоқ.
Үйді жылан жалағандай тазалап, түрлі-түрлі тамақ әзірлеп,
үстімізге бір киер киімімізді киіп алдық. Бұрын «жат, жат»
деуші едіңдер, бүгін міне түн ортасы болды әлі ұйықтаған жоқпыз.
Диана: Балам, бүгін ерекше күн. Наурыздың 21-ші жұлдызы. Осы түні
даланы Қызыр аралайды. Бүгінгі түн «Қызыр түні».
Алмас: Ата, Қызыр деген кім?
Расул: Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, аяулы бабамыз жақсылықтың жаршысы. Жаңа түскен күн рәмізі –Қызыр баба даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ертіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының Шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралайды.


Хор: «Наурыз біздің әніміз»

Айтылатын тақпақтар:

Арайлым:

Н.Ислам:Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 

Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар, 

Ән салуға құштар. 
Сырым: Түрлі-түсті әйбат, 
Гүлдер шықты жайнап. 
Қызығып ылғи барамын, 
Қырға шықты ойнап. 

Ааулым:

Жалғас: Сәнді көктем нұрымен, 
Наурыз тойы жырымен, 
Көңіл гүлдей жайнасың. 
Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 

Наргиз:

Ералы: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 

Айжанар:

Зере: Қар су болып жөңелді, 
Қалды дала жалаңаш, 
Күн нұрына кеңелді. 
Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды. 
Алина:

И.Ислам: Нәзік үнмен сыңқылдап, 
Бұйра бұлақ еркелеп, 
Көкте бұлттар күркіреп, 
Жерге төкті өрмегін. 
Еркежан: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 
Ақнұр:

Бекнұр: Сүті көп те, көмірі аз, 
Болады ғой Наурыз! 
Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 
Ерали: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 
Наз:

Қыздар биі:(Арайлым, Аяулым, Наргиз, Аяжан, Алина, Ақнұр)



Мұғалім сөзі: Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады.

Жігіттер: (Таңат, Ескендір)
Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Әкем-ай!» – деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң
Ол да болар, жар-жар!

Қыздар: (Айнель, Айжанар)

Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Кұлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,
Қайын атамыз, жар-жар?!
Айналайын әкемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
Жігіттер:
Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Шешем-ай!» – деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар!
Шешең үшін қайын енең
Ол да болар, жар-жар!
Қыздар:
Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,
Қайын енеміз, жар-жар,
Айналайын шешемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!


Қара жорға биі ( ұлдар билейді)

-Енді салт-дәстүріміз туралы ата-аналардың білімдерін байқайық. Қазір мына асықтарды алып, жазылған нөмірі бойынша сұрақтарға жауап бересіздер.

1. Ұлттық киімдерді ата

2. Ұлттық тағамдарды ата

3. Наурыз көже неше тағамнан жасалады: Құрамы қандай?

4. Наурыз көк қандай құс?

5. Ұйқыашар дегеніміз не?


Ұлттық ойын «Қол күрес»  


-Енді ата-аналарға сөз береміз. «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді.


Қызыр баба: Расул
Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат-бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!


Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!





















«№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



Тәрбие сағаты





Тақырыбы:



«Қош келдің, құтты Наурызым!»



Өткізген: Омарбаева М.Б.



















2015-2016 оқу жылы










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сыныптан тыс іс - шара "Ана - өмірдің шуағы"

Автор: Омарбаева Мадина Бекетаевна

Дата: 10.12.2016

Номер свидетельства: 367882

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Сыныптан тыс шара  «?ыз саны 2014!» "
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan-tys-shara-k-yz-sany-2014"
    ["file_id"] => string(6) "172999"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912818"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ашық сыныптан тыс іс- шара"
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_synyptan_tys_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "355480"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478330190"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс шара "Мақал сөздің мәйегі""
    ["seo_title"] => string(41) "synyptan_tys_shara_mak_al_sozdin_m_iieghi"
    ["file_id"] => string(6) "401564"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489934141"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(54) "sag-ynady-mu-k-an-dy-an-sap-zhuriek-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "254874"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447837739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства