kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара "Мақал сөздің мәйегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БҚО, Орал қаласы

Утибаева Дамила Айдынқызы

Мектептен тыс жұмыс орталығының

 «Атамұра»үйірмесінің жетекшісі

87775679755

                     Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы»

Мақсаты:Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен,  мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы  мағлұмат беру.Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.Тіл- қай ұлтта қай елде болсада құдіретті,қастерлі.Ана тілімізді дамытып,орыс тілін қолданып,ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау,ой түйіндеу,ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік:Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету,салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1.Түсіндірмелі иллюстрациялық 2. Сарамандық 3.Сұрақ- жауап.

пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,ағылшын тілі,музыка.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,дайындықтарын тексеру,Топ  мүшелерінің ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.

 2.  Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.
«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз.  Ортаға сайыскерлер  шақырылады.

Әділ шешім беретін әділқазылармен таныстырлады.

Ойын барысы:.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

1. «Ойлы болсаң,озып көр»  (Мақалдарды жалғастыру)

2. «Тапқыр болсаң тауып көр»  (Берілген жұмбақтарды шешу.Оны қазақша,орысша,ағылшынша жауап беру)

3. «Біз білмейтін бір мақал»      (Мақалдың мағынасын ашу)

4. «Айшықты сөздер»      (Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын толық ашу.)

5. «Кім жүйрік»   (Берілген жұмбақтың шешімін табу арқылы, соған сәйкес мақал-мәтел құрастыру).
Ойын барысы түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәттілік.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
 

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз, көркейтеміз елді біз.
 

Жүргізуші:Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей келе  І- айналымды бастаймыз.
 

І -айналым «Ойлы болсаң,озып көр»
 

«Сұңқар» тобына:
1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,. (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Сын түзелмей, (мін түзелмес).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,.(шешеннің сөзі ортақ).
5.Байлықтың кілті – (ғылым…).

Тұлпар тобына

1. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).      

2. Білгенің бір тоғыз,.(білмегенің тоқсан тоғыз).                                                                    

3. Ғылым теңіз. (Отбасы - шуақ)                                                                                              

 4. Ұланы бар елдің. (ұраны бар)5.Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)

«Болашақ» тобына:

1. Көз - қорқақ (қол – батыр).

2. Батыр туса - ел ырысы. (Жаңбыр жауса – жер ырысы).3. Білекті бірді жығады,. (білімді мыңды жығады)

4. Атаңның баласы болма,. (адамның баласы бол)

ІІ айналым «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жүргізуші:
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек.
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost)
1-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)
1-топ: Бір кісі бар дүниеде,

Шемішке шағып тұрады.

Бұл кісіден әр уақыт,

Әркім мезгіл сұрайды.(сағат-часы-watch)

1-топ. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай-луна-moon, жұлдыздар-звезды-stars)
 

2 топ. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruler)
2-топ. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц-rabbit)
2-топ. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-cat)

2-топ. Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,

Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.

Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,

Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон-telephone )
2-топ. Жаны жоқ, болса да,

Ақылды адам ісін істейді. (кітап-книга-book)
 

3-топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-onion)
3-топ. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-fox)
3-топ. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга-book)
3-топ.Өзі кірді ашады, суға салсам қашады.(сабын-мыло-soap)

3-топ.Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең-песня-song)

ІІІ айналым:  «Біз білмейтін бір мақал» Мағынасын ашу

1-топ: 1.Қараңғыда тапқаныңды  ханға  берме,  Жарықта тапқаныңды жанға  берме.                    

Мағынасы: еңбекпен  тапқаныңды  орынсыз  шашпа.

2-топ: 2. Өзін -өзі  сыйлаған  ер  бақытты,Өзін — өзі  билеген  ел  бақытты.                                            Мағынасы: Адам  әуелі  өз қадірін  білсе  ғана  ел  мен  жер  қадірін  де  біле  алады.

3-топ: 3.Шын ер  жеңсе,  тасымас,Жеңілсе,  жасымас.

Мағынасы:  Қандай  жағдай  болса да  өз — өзіңді  сабырлы  ұстап  үйрен


Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа тұрақты  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын толық  айтуларың керек.

1-топ
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншаржер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қойаузынаншөпалмас (жуас)

4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)

5. Тілдіңұшындатұр. (ұмыту, жеткізеалмау)

2-топ.

Көзге түртсе көргісіз.          (қараңғы)

Бетінен оты шықты.            ( ұялды)

Араларынан қыл өтпейді.    (достық)

Күлін көкке ұшыру.           ( құрту)

Жүрек жалғап алды.         (тамақтанды)

Көз шырымын алу.         ( ұйықтады)

Көзді ашып-жұмғанша     ( тез,лезде)

3-топ

Беті бүлк етпеді.                   ( ұялмады)

Ит терісін басына қаптады.   (ұрысты)

Ат ізін бір салмады.             (іздеп келмеді)

Су тегін.                                (  арзан)

Тісіңнен шығармау.              (айтпау,)

Ешкімнен ештмесін аямайды. (жомарт,мырза)

Ала жіпті аттама.                     (ұрлама)

5 – айналым. «Кім жүйрік»
Жүргізуші:
Жұмбақ жасырылады ды, оны шешеді, соның жауабына мақал айтады.
1 топ. Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс,)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
1-топ Бір беткейде екі көл. (көз,.)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

2-топ. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су.)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

2-топ Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

3-топ. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

3-топ. Ұзын ұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Қорытынды:Сөз кезегі қазылар алқасында …

Жеңген топты марапаттау.

Ата-салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.

 Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды  насихаттап жүрейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Мақал сөздің мәйегі"»

БҚО, Орал қаласы

Утибаева Дамила Айдынқызы

Мектептен тыс жұмыс орталығының

«Атамұра»үйірмесінің жетекшісі

87775679755

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы»

Мақсаты:Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына . Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру.Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.Тіл- қай ұлтта қай елде болсада құдіретті,қастерлі.Ана тілімізді дамытып,орыс тілін қолданып,ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау,ой түйіндеу,ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік:Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету,салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1.Түсіндірмелі иллюстрациялық 2. Сарамандық 3.Сұрақ- жауап.

пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,ағылшын тілі,музыка.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,дайындықтарын тексеру,Топ мүшелерінің ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.

2. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.
«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ортаға сайыскерлер шақырылады.

Әділ шешім беретін әділқазылармен таныстырлады.

Ойын барысы:..
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

1. «Ойлы болсаң,озып көр» (Мақалдарды жалғастыру)

2. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Берілген жұмбақтарды шешу.Оны қазақша,орысша,ағылшынша жауап беру)

3. «Біз білмейтін бір мақал» (Мақалдың мағынасын ашу)

4. «Айшықты сөздер» (Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын толық ашу.)

5. «Кім жүйрік» (Берілген жұмбақтың шешімін табу арқылы, соған сәйкес мақал-мәтел құрастыру).
Ойын барысы түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәттілік.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз, көркейтеміз елді біз.

Жүргізуші:Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей келе І- айналымды бастаймыз.

І -айналым «Ойлы болсаң,озып көр»

«Сұңқар» тобына:
1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Сын түзелмей, (мін түзелмес).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5.Байлықтың кілті – (ғылым…).


Тұлпар тобына

1. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).

2. Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз).

3. Ғылым теңіз... (Отбасы - шуақ)

4. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)5.Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)

«Болашақ» тобына:

1. Көз - қорқақ (қол – батыр).

2. Батыр туса - ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы).3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)

4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)



ІІ айналым «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жүргізуші:
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек.
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost)
1-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)
1-топ: Бір кісі бар дүниеде,

Шемішке шағып тұрады.

Бұл кісіден әр уақыт,

Әркім мезгіл сұрайды.(сағат-часы-watch)

1-топ. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай-луна-moon, жұлдыздар-звезды-stars)

2 топ. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruler)
2-топ. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц-rabbit)
2-топ. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-cat)

2-топ. Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,

Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.

Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,

Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон-telephone )
2-топ. Жаны жоқ, болса да,

Ақылды адам ісін істейді. (кітап-книга-book)

3-топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-onion)
3-топ. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-fox)
3-топ. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга-book)
3-топ.Өзі кірді ашады, суға салсам қашады.(сабын-мыло-soap)

3-топ.Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең-песня-song)

ІІІ айналым: «Біз білмейтін бір мақал» Мағынасын ашу

1-топ: 1.Қараңғыда тапқаныңды ханға берме, Жарықта тапқаныңды жанға берме.

Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.

2-топ: 2. Өзін -өзі сыйлаған ер бақытты,Өзін — өзі билеген ел бақытты. Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін де біле алады.

3-топ: 3.Шын ер жеңсе, тасымас,Жеңілсе, жасымас.

Мағынасы: Қандай жағдай болса да өз — өзіңді сабырлы ұстап үйрен


Жүргізуші
: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа тұрақты сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын толық айтуларың керек.

1-топ
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншаржер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қойаузынаншөпалмас (жуас)

4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)

5. Тілдіңұшындатұр. (ұмыту, жеткізеалмау)

2-топ.

Көзге түртсе көргісіз. (қараңғы)

Бетінен оты шықты. ( ұялды)

Араларынан қыл өтпейді. (достық)

Күлін көкке ұшыру. ( құрту)

Жүрек жалғап алды. (тамақтанды)

Көз шырымын алу. ( ұйықтады)

Көзді ашып-жұмғанша ( тез,лезде)

3-топ

Беті бүлк етпеді. ( ұялмады)

Ит терісін басына қаптады. (ұрысты)

Ат ізін бір салмады. (іздеп келмеді)

Су тегін. ( арзан)

Тісіңнен шығармау. (айтпау,)

Ешкімнен ештмесін аямайды. (жомарт,мырза)

Ала жіпті аттама. (ұрлама)


5 – айналым. «Кім жүйрік»
Жүргізуші:
Жұмбақ жасырылады ды, оны шешеді, соның жауабына мақал айтады.
1 топ. Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс,)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
1-топ Бір беткейде екі көл. (көз,..)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

2-топ. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су.)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

2-топ Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

3-топ. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

3-топ. Ұзын ұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Қорытынды:Сөз кезегі қазылар алқасында …

Жеңген топты марапаттау.

Ата-салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер , сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік.

















Мектептен тыс жұмыс орталығы

көркем - эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтарының

әдістемелік бірлестігінің

хаттамасы

Тақырыбы: І санатты қосымша білім беру педагогі,"Атамұра" этнографиялық үйірмесінің жетекшісі Утибаева Д.А. ашық сабағын талқылау.

Қатысқандар:

Абдушева Л.Б. - директордың орынбасары

Қуаныш Т.Т. - "Ақберен"ақындар мектебінің жетекшісі

Қаражанова Г.Ж.- "Қылқалам" үйірмесінің жетекшісі

Аймұқанова Г.Т. - әдіскер

Мұратова Н.Ж.- "Сөз зергері" үйірмесінің жетекшісі

Тыңдалды: І санатты қосымша білім беру педагогі Утибаева Д.А.

Тақырыбы: "Мақал сөздің азығы - жұмбақ ойдың қазығы"

Мақсаты: Мақал,мәтел ата- бабадан қалған өшпес мұра.Тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағұламат беру.Білімдерін пысықтау, мақал мәтелдерді орынды қолдануға үйрету.

Сөз алғандар: Қуаныш Т.Т. Халқымыздың асыл мұрасын тәрбие көзі ретінде қолдану аса маңызды.Тәлім тәрбие арқылы беріліп отырған мақал

мәтелдер де ұрпағымыздың кемелденіп өсуіне септігін тигізеді.Оқушылар

әрбір айналымнан қызықты сәттерін көрдік.

Мұратова Н.Ж. Мақал, мәтел тәрбиелік мәні бар жоғары тәрбиенің көзі.Бүгінгі сайыс сабақтардан алынған мақалдарды оқушылар орынды қолдана білді.Жұмбақтардың шешуін табуда ойларының ұшқырлығын көрдік


Қаулы: 1. І санатты қосымша білім беру педагогі Д.А. Утибаеваның сабағы қанағаттанарлық деп 2."Атамұра"этнографиялық үйірмесінің жетекшісінің сабағы "өте жақсы".

Ұсыныс: 1.Ұлттық салт- дәстүр,мақал -мәтелдерге деген қызығушылықтарын арттыру. 2.Ата - аналармен жұмыстану мақсатында жұмыстану.

Мектептен тыс жұмыс орталығы

көркем-эстетикалық

бірлестік жетекшісі:



Хатшы:

Мектептен тыс жұмыс орталығы

көркем эстетикалық бағыттағы

қосымша білім беру педагогтері әдістемелік бірлестігінің

Хаттамасы

Тақырыбы: І санатты қосымша білім беру педагогі «Атамұра» этногафиялық үйірмесінің жетекшісі Д.А.Утибаеваның сабағын талқылау.

Қатысқандар:

Кужбанова С.М.- директордың орынбасары

Сатыбалдина Г.К. МТЖО психологі

Қуаныш Т.Т. «Ақберен» ақындар мектебінің жетекшісі

Қаражанова Г.Ж. «Қылқалам» үйірмесінің жетекшісі

Мұратова Н.М. «Сөз зергері» үйірмесінің жетекшісі

Тыңдалды: І санатты қосымша білім беру педагогі Д.А.Утибаева

Тақырыбы: « Халқымының асыл қазынасы- таусылмайтын қазынам »

Мақсаты: Ұлттық қазына туралы түсініктерін кеңейту.Ұлттық рухта тәрбие түсініктерін кеңейту,ана тілі,тарихи өнерді қадірлеп ардақтай білуге тәрбиелеу.

Сөз алғандар:

Қуаныш Т.Т. Ұлт үйлесім ерекшелігі- тұрмыстық салт – дәстүрлер,ұлттық ойындардан, ұлттық мәдениеттен тұратын болса, бүгінгі сабақтан оқушылардың белсенділіктерін,сауаттылықтарын байқадым. Cатыбалдина Г.К. Халқымыздың дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп,өнеге тұтып,ақылды, парасатты оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын байқадық.

Қаулы:

1.І санатты қосымша білім беру педагогі Д.А.Утибаеваның сабағы қанағаттанарлық деп танылысын.

2. «Атамұра» этнографиялық үйірмесінің жетекшісі Д.А.Утибаеваның

сабағы « өте жақсы».

Ұсыныс:

1. Оқушылардың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмыстану.

2 . Ата- аналармен жұмыстану,іс шараларға белсенді қатысуға шақыру.


Мектептен тыс жұмыс орталығы

педагогтарының көркем эстетикалық

бағыттағы әдістемелік бірлесттік жетекшісі:

Хатшы:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс шара "Мақал сөздің мәйегі"

Автор: Утибаева Дамиля Айдыновна

Дата: 19.03.2017

Номер свидетельства: 401564

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Сыныптан тыс іс-шара "Ма?ал-с?зді? м?йегі""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantysissharamakalsozdinmiieghi"
    ["file_id"] => string(6) "304721"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457781757"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Сыныптан тыс шара  «?ыз саны 2014!» "
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan-tys-shara-k-yz-sany-2014"
    ["file_id"] => string(6) "172999"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912818"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Сыныптан тыс шара: «Жігітті? жампозы кім,сарала?ыз?» "
    ["seo_title"] => string(53) "synyptan-tys-shara-zhighittin-zhampozy-kim-saralan-yz"
    ["file_id"] => string(6) "175389"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424266674"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Мерекелік сыныптан тыс ж?мыс. Наурыз туралы не білесі?."
    ["seo_title"] => string(60) "mieriekielik-synyptan-tys-zhu-mys-nauryz-turaly-nie-biliesin"
    ["file_id"] => string(6) "328218"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463581160"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Мерекелік сыныптан тыс ж?мыс. Наурыз туралы не білесі?."
    ["seo_title"] => string(62) "mieriekielik-synyptan-tys-zhu-mys-nauryz-turaly-nie-biliesin-1"
    ["file_id"] => string(6) "328219"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463581168"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства