kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Саба?ты? та?ырыбы:  «Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек»

      Саба?ты? білімділік  ма?саты: М??а?али Ма?атаевты? а?ынды? ?мірін, ?ле?деріні? ?зіндік таби?атын даралай, саралай отырып, ?згешелігіне к??іл б?лу, а?ын шы?армаларыны? идеялы?-к?ркемдік мазм?нын ашу, ?ле?ді м?нерлеп о?у?а, жат?а о?у?а да?дыландыру.

       Саба?ты? т?рбиелік ма?саты: а?ын ?ле?дерін м?нерлеп о?ыту, жаттату ар?ылы о?ушыны болаша??а деген сенімге баулу, Отаншылды??а, ту?ан жерге деген с?йіспеншілікке, адамгершілікке, таби?ат ?семдігін т?сінуге, ?асиетті н?рселерді ?адір т?ту?а т?рбиелеу.

       Саба?ты? дамытушылы? ма?саты: о?ушыны? с?йлеу тілін дамыту, м?нерлеп ?ле? о?и білуге, шешен, к?ркем с?йлеуге ?йрету.

       М??алімні? кіріспе с?зі: ?аза?ты? ?ара ?ле?ін кие т?т?ан, ж?регіні? т?бінен ?айнап шы??ан асыл жырларымен ?алы? ж?ртшылы?ты? махаббатына б?ленген М??а?али Ма?атаевты? б?гінде ортамызда болма?анына налимыз, ал медет т?тарымыз-алып а?ынны? ?зіні? к?зіндей к?ретін ?ркеш-?ркеш ?ле?дері. Бір ?ле?і бір елді? м?расындай болып кеткен бір ?асырда бір рет ?ана д?ниеге келетін, ?аза? поэзиясыны? алтын домбырасы дерліктей хас талант, та?дырды? небір тау?ыметін басынан кешірген а?иы? а?ын жырлары бізді? жан-ж?регімізді елжіретер ??нды болып ?ала бермек.

   ?азынам бар,

   ?исапсыз шектеледі.

   ?ыз?анады біреулер,жек к?реді.         

   Бермеймін де, сатпаймын,  к?рсетпеймін                                         

   Алам    десе?, алдымен, зертте мені,-деп а?ынны? ?зі жырла?андай біз б?гінгі поэзия кешімізде М??а?алиды? мектеп о?улы?тарында о?ып, ?осымша ізденіп жаттап, жарияланбай, к?пшілікке танылмай кеткен жырларына то?талма?пыз. Е? ?уелі а?ынны? ?мірбаянын бізге 10-сынып о?ушысы Ба?ытжанова Айгерім таныстырып ?теді.

           А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаевты? ?мірбаяны

      Шынайы поэзия ?кілі, ?ажайып а?ындарды? бірі - М??а?али С?леймен?лы Ма?атаев 1931 жылы

9 а?панда Алматы облысыны? Нарын?ол ауданы ?арасаз деген жерінде д?ниеге келген. Балалы? бал д?урені со?ыс жылдарыны? ауырлы? - тау?ыметімен т?спа-т?с келген М??а?али ?ле?ді он-он бір жасынан жаза бастайды.?кесі С?леймен со?ыста ?аза болып, анасы На?иман М??а?алиды? ?кшесін баса ту?ан ?ш ?лды ?зі асырап жеткізген. Ал?аш?ы ?ле?дері ауданды? газетте жары? к?рген М??а?али шы?армалары 1960-1970 жылдары ?здіксіз басылады, б?л жылдары а?ынны? ?аза? поэзиясыны? биік шы?ына к?терілген уа?ыты деп санау?а болады. Орта мектепті интернатта  бітірген М??а?али е?бекке ерте араласып, ауылды? ке?есті? хатшысы, ?ызыл отауды? ме?герушісі, комсомол ?ызметкері, жеті жылды? мектепті? м??алімі болады. М?нан со? «Социалистік ?аза?стан» (?азіргі «Егеменді ?аза?стан») газетіні? (1962-1963), «М?дениет ж?не т?рмыс» (?азіргі «Парасат») (1963-1965), «Ж?лдыз» (1965-1972)журналдарыны? редакциясында, ?аза?стан Жазушылар ода?ында (1972-1973) ?ызмет ат?арады.

А?ын т?рмыс тау?ыметін тарта ж?ріп,?перба?ан сын?а ?шыра?анда да «А?ынны? а?ынды?ы ата?та емес, а?ынны? а?ынды?ы арда ?ана»деген байламды берік ?стап, шен-шекпенге, лауазым ата??а ?ызы?па?ан.

     М??а?али Алматыда?ы ?аза? ?дебиеті мен ?неріні? ?айма?тары шо?ырлан?ан ортада ?ткерген аз ?ана жылдар ішінде ?зіндік дара ?нін, суреткерлік ?айталанбас дарынын танытып, е?бектене білді. «Ильич» (1964), «Армысы?дар достар» (1966), «?арлы?ашым, келді? бе?», «Мавр» (1970), «А??улар ?йы?та?анда» (1973), «Шуа?ым мені?» (1975)атты жыр жина?тарын к?зіні? тірісінде жариялап ?лгерді.

?ыры? бес жасында ?айтыс бол?ан со?, М??а?алиды? екінші ?мірі - ?лмес ??мыры басталды. А?ынны? артында ?ал?ан мол м?расы: «Со?ады ж?рек», «Шолпан», «Жырлайды ж?рек», «?мір-?зен» т.б. жыр кітаптары, «?ош,махаббат»атты прозалы? кітабы о?ырманны? ?олдан-?ол?а т?спей,іздеп ж?ріп о?итын шы?армаларына айналды.

?мірді с?юді? ?ажайып ?лгісін к?рсеткен а?ын М??а?али «Жан азасы» (реквием) поэмасында ?мір туралы гимн ту?ызды.

«А??улар ?йы?та?анда» поэмасында ел наным - сенімін ?астерлеу, с?лулы? ?ндестігін жыр етсе, «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын,ел басына ?атер т?нгенде ?олына ту алып, жауына ?арсы аттан?ан Райымбек Хангелді?лыны? ерлігін суреттейді.

М.Ма?атаев поэзиясы ж?мыр жерді? барлы? м?селесіне аралас?ан, ке?, ау?ымды та?ырыпты ?амтиды. Оны? ту?ан жер, адамдар та?дыры, ?мір мен ?лім, ана мен бала, а?ын мен а?ынды?, со?ыс тау?ыметі т.б.та?ырыпта?ы лирикасы ?айталанбас ?лтты? сипатта, ?лтты? зермен кестеленген.

       М??алім с?зі: Хал?ыны? ?алт?ысыз ба?асын ал?ан М??а?али жырлары келер ?асыр?а керуен к?шін сенімді т?рде ?затып барады. А?ынны? 35 мы? жол?а жуы? ?ле?і поэзия с?йер ?ауымны? іздеп ж?ріп о?итын жырына айналды. Азаматты? пен адамгершілікті ас?а? м?раты сана?ан а?ыннны? ж?рек сырлары шынайы болмысымен, а?и?атты? алдында аласармауымен ?ымбат, ??нды.Біз мектепте 5-6-сыныптарды? ?аза? ?дебиеті о?улы?тарында жариялан?ан ?ле?дерін жаттап, ма?ынасына тере? ??іліп ж?рміз. Ендігі кезекті о?улы?та?ы біздер 5-6-сыныптарда жаттап кеткен ?ле?деріне берелік

1. Есентемір Назерке «Фантазия» ?ле?і

2. Сайн Кемелхан «Мен таулы?пын» ?ле?і

3. Жамешова Динара «Барлы?ы да сендердікі» ?ле?і

4. Айт?алиев Армат «Елім барда» ?ле?і

5. Аманды?ова ?сем  «?айырлы т?н» ?ле?і                             

6. Шултуков Альбек    «?ара ?ле?»

7.  Адилова Ба?дат  «Анау-аспан, мынау-ба?»

    М??али ?ле?іні? с?зіне жазыл?ан ?н «?арасаз» Орындайтын 10-сынып о?ушысы Мамбетова Аяг?з

         А?ын ?зіні? 45 жыл ?ана ?мір с?ретінін сезгендей. Таби?атты? тылсым сырларына ерекше к??іл б?ліп, жан-жа?ына барлай ?ара?ан а?ын бейнесі к?з алдымыз?а келеді. Та?дырды? небір тау?ыметін басынан кешірген а?иы? а?ын бір ?ле?інде:

                 Таби?ат, жанымды алса?, алшы мені?,

                 Бір т?йір жерге т?скен тамшы? едім.

                 М??а?али жо?алса ?айтер дейсі?,

                 Артамда ?алсын жерім, ?алсын елім.

                 Кім білсін ?аншама ?лі шыр?арымды,

                 Кім білсін ?ай к?ні сен ?ыр?ары?ды.

                 М??а?али жо?алса, ?айтер дейсі?,

                 Жо?алтпаса? бол?аны ?рпа?ымды!-деген екен. А?ын аманатыны? орындал?анына бізде к?м?н ?ал?ан жо?.О?ан себеп-?зі аманды?ын тілеген елі мен жеріні?, артында ?ал?ан с???ыла ?рпа?ыны? «Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» деп д?л б?гінгідей поэзия кешінде а?ынды еске алуы. «Бір ?ле?і бір елді? м?расындай» бол?ан а?иы? а?ын ?ле?дерін о?ып, жаттап ж?рейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)»

Сабақтың тақырыбы: «Сағынады Мұқаңды аңсап жүрек»

Сабақтың білімділік мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыту, жаттату арқылы оқушыны болашаққа деген сенімге баулу, Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушының сөйлеу тілін дамыту, мәнерлеп өлең оқи білуге, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгінде ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз-алып ақынның өзінің көзіндей көретін өркеш-өркеш өлеңдері. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болып кеткен бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант, тағдырдың небір тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын жырлары біздің жан-жүрегімізді елжіретер құнды болып қала бермек.

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер,жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін

Алам десең, алдымен, зертте мені,-деп ақынның өзі жырлағандай біз бүгінгі поэзия кешімізде Мұқағалидың мектеп оқулықтарында оқып, қосымша ізденіп жаттап, жарияланбай, көпшілікке танылмай кеткен жырларына тоқталмақпыз. Ең әуелі ақынның өмірбаянын бізге 10-сынып оқушысы Бақытжанова Айгерім таныстырып өтеді.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі - Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы

9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Балалық бал дәурені соғыс жылдарының ауырлық - тауқыметімен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.Әкесі Сүлеймен соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдары ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Орта мектепті интернатта бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егеменді Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965) , «Жұлдыз» (1965-1972)журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп,әпербақан сынға ұшырағанда да «Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана»деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге, лауазым атаққа қызықпаған.

Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975)атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен» т.б. жыр кітаптары, «Қош,махаббат»атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей,іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным - сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын,ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б.тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Мұғалім сөзі: Халқының қалтқысыз бағасын алған Мұқағали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Ақынның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақыннның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды.Біз мектепте 5-6-сыныптардың қазақ әдебиеті оқулықтарында жарияланған өлеңдерін жаттап, мағынасына терең үңіліп жүрміз. Ендігі кезекті оқулықтағы біздер 5-6-сыныптарда жаттап кеткен өлеңдеріне берелік

1. Есентемір Назерке «Фантазия» өлеңі

2. Сайн Кемелхан «Мен таулықпын» өлеңі

3. Жамешова Динара «Барлығы да сендердікі» өлеңі

4. Айтқалиев Армат «Елім барда» өлеңі

5. Амандықова Әсем «Қайырлы түн» өлеңі

6. Шултуков Альбек «Қара өлең»

7. Адилова Бағдат «Анау-аспан, мынау-бақ»

Мұқали өлеңінің сөзіне жазылған ән «Қарасаз» Орындайтын 10-сынып оқушысы Мамбетова Аягөз

Мұғалім сөзі: Мұқағали Мақатаевтың қазір 78 жаста. Оның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 4 томдық толық шығармалар жинағын баспаға сарашы ретінде әзірлеу барысында үйіндегі, мұрағаттағы жарық көргені, баспаға берілмегені бар, барлық қолжазбаларын мұқият қарап, күні, айы,жылдары бойынша реттеуге тура келді. Соның ішінде 18 үлкен дәптерден тұратын, ақынның өз қолымен жазылған өлеңдері басты назарға алынды. Мұқағалидың өзінің көзінің тірісінде 11 жинағы,күнделігі шыққан. Осы айтылған кітаптарына кірмеген туындыларын тауып қосу барысында кітаптарына енбеген, қолжазбасында бар 18 өлеңі анықталды. Енді осы жарияланбай, жинақтарына енбей, тек өз күнделігіне жазып кеткен өлеңдерін тыңдайық.

  1. «Менің бір досым» Оқитын 10-сынып оқушысы-Тлеубаева Назгүл

  2. «Тоқашқа» Оқитын 10-сынып оқушысы-Орынғалиева Айша

  3. «Еркекшора» Оқитын 10-сынып оқушысы-Мамбетова Аягөз

  4. «Сынығы едің асылдың» Оқитын 10-сынып оқушысы-Баймұқашева Жадыра

  5. «Жанымда менің жасырын жатқан вулкан бар» Оқитын 10-сынып оқушысы-Баймұқашев Жанарыс

Мұқағалидың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін 11-сынып оқушысы Мырзахметова Жанаттың орындауында тыңдайық.

Мұғалім сөзі: Ащы жырым құйылса өтке барып,

Ашырқанып, алайда,сөкпе, халық,-деп ақынның өзі айтқандай «Мұқағалиды аңсау» деген тақырыппен енді өздеріңіздің қазақ поэзиясының хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың жыр жинақтарынан сүйіп жаттап жүрген өлеңдеріңе кезек берейік. 5-11 сынып оқушылары өздері ұнатып жаттап жүрген өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім сөзі: ХХ ғасыр аяқталар тұста Мұқағали Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен ғасыр ақыны атанды. ХХІ ғасыр табалдырығын Қазақстан республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болып атанды. Міне, бұл –Абай жаққан сәулені Мұқағалидың алаулата түскенінің айғағы. Ақынның үйінен 8 қалың дәптерлік күнделігі табылғаны туралы жоғарыда айтып кеткен болатынмын. Сол күнделіктерінен үзінді.

«Алдымен бәрі көз алдыма келеді. Сонан соң естимін, естимін де жазуға отырамын» (3-дәптер,46-бет) әдетте ақындарға «Сіз өлеңді қалай жазасыз?» деген сұрақ беріліп жатады. Міне,Мұқағалидың сондай сұрақтарға берер мәңгілік жауабы.

«Күніге үш өлең, қалайда үш өлең!» деп жазыпты 1972 жылы 7 ақпанда. (7-дәптер,13-бет) Демек, «әр күн сайын ең кемінде үш өлең жазуым керек»деп жоспарлап, алдын ала өзін соған дайындайды екен. Дегенмен, ақын көбіне күніне 4-5 өлең жазып отырыпты. Тіпті бір күнде 9-10 өлең жазған күндері де бар. «Бүгін, 1974 жылғы 27 қаңтарда бір отырғанда, үзіліссіз, бір де бір түзетусіз, таңертеңгі сағат 10-нан түнгі сағат 12-ге дейін «Чили, шуағым менің» атты поэма жаздым. Менімен сайысып көріңдер, кәне?!»-деп жазыпты. Бұл поэма 277 жол екен. 14 сағаттың ішінде ешқандай тоқтаусыз, өшірусіз үш жүзге жуық жол поэма жазу расында да ғажаптың ғажабы.

«Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады.Соны көшіремін.Сенесіз бе? 1973 жыл, 21-қараша» (13-дәптер, 12-бет) Иә,жоғарыдағы поэманың қалай жазылғанын оқығаннан кейін сенбеске лажымыз жоқ. Абылайдың ақ түйесі, Жамбылдың қызыл жолбарысы сияқты Мұқағалидың да көзге көрінбейтін, құлағына сыбырлайтын иесі болғаны ғой.

«Байқа! Жалған айтпа! Есіңде болсын, ақылгөйсіме!» (9-дәптер, 46-бет)


«Бүгін туған күнім, 41-ге келдім.денсаулық жақсарып келеді. Жазуға сұмдық зауқым бар... Әйелім,балаларым сый-құрмет көрсетті. Жақсылықтың нышаны. Поехали! Кеттік алға!» (7-дәптер, 27-бет)


«Өзіңді-өзің алдама ешқашанда»(7-дәптер, 28-бет)


9 дәптердің 54 бетінде төмендегідей бір есеп шығарыпты.

2000 2001

- 1931 - 1931

-------- --------

69 70


Үстіңгі бірінші қатардағы сандар-ХХ ғасырдың аяқталу жылы мен ХХ! Ғасырдың басталу жылы. Оның астындағы екінші қатардағы сандар-Мұқағалидың туған жылы. Бұл сандардың бірінен екіншісін алғанда, ақыннның өткен ғасыр соңындағы жасы мен келер ғасыр басындағы толар 70 жасы екенін білу қиын емес. Қайран ақын ескі ғасырды аяқтауды, жаңа ғасырды қарсы алуды армандаған-ау! Дей тұрсақ та, ішкі сезімі жақын болашақ тағдырынан хабар берді ме, кім білсін, осы сандардың аяқ жағына тағы мынадай сөздер жазыпты:

«Бұл ғасырды атттандырып салу-менің ұрпағыма қиындау болар... «ХХ ВЕК-это все!...Век. Бог. Вот и все. 4.ХІ.72». Осы жазбалардың аяғына мынадай тұжырымдар жасапты.:

1. Ақыл бар, талант жоқ-мансапқор, атаққұмар.

2. Талант бар, ақыл жоқ-маскүнем немесе неудачник.

3. Екеуі де бар-данышпан.

Бұндай ой қорытулар түсіндіріп жатуды қажет етпейді. Оқып, ұғып, есте сақтау ғана керек.

« Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген туады қайшылықта»-деген Мұқаңның әрбір өлеңі жанын тербеген аласапыран сәттерінің куәсі екені даусыз.Мұқаң өмірінің соңғы кезеңін ауруханада өткізді. Онда да бірнеше дәптерді шимайлап, қара сөзбен, өлеңмен өрнектеген. Ауруханада жатқан күндері өмірлік жары Лашынға шығарған «Күрсінбеші» өлеңінің шығу тарихы туралы 10-сынып оқушысы Алиева Нұргүл айтып береді.

Мұғалім сөзі: Қай қырынан қарасақ та, Мұқағалидың көрегендікпен, алдын-ала болжап айтқаны айна қатесіз келеді. Өзгесін айтпағанда «Жазылар естеліктер мен туралы» дегені.

Өлеңдерім жай болып атылғанда

Атылғанда, аспаннан оқылғанда.

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға,-дегені мүлтіксіз орындалып, біз кейінгі ұрпақ ақын өлеңдерін, поэмаларын жан-жүрегімізбен сүйсіне оқимыз. Басқа поэмаларын алмағанда 8-сыныптағы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының өзін таңырқап, беріле тыңдамайтын оқушы кем де кем шығар. Өкінішке орай:

Ұмыт боп есебің де, өсегің де,

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімді,

Қырықтың бесеуінде. Емхана, 26.1.1976,-деп жазғаны да жоспарындай сөзсіз орындалды. Иә, дәл сол айтқаны айтқан жылында, 45 жасында, 1976 жылдың 27 наурызында мәңгілік ұйқыға кетті..

Мұқағали айтыпты...

...Бір кезде қасымыздан бір қазақ жігіті өтті. Мұқаң әлгі бозбаланы тоқтатып:

-Ей, бәтшағар, мына кеудеңгі кім?-деді.

-Есенин ғой.

-Көрдің бе,-деді Мұқаң,-ақынның өлгенін естіген емеспін.

Соны өлтірмейтін-інжу маржаннан тізілген сөздің қасиеті...


Кенет алдымызға бір сарғайған ағаш жапырағы ұшып түсті.

Мұқаң кілт тоқтап:

-Мынау не?-деді маған тесіле қарап.

-...

-Ей, мынау не деймін, мені естімей келе жатырмысың?- деді тағы да қатулы үнмен.Содан кейін:

-Бұл жүрек, жүрек, жүрек,-деп үш рет қайталады.Екі көзі әлгіде ғана жерге түскен жапырақта, бір орында ұзақ тұрды. Қарасам, көзінде жас.

-Әй,-деді Мұқаң торыққан кейіппен,-бәріміз де жапырақпыз, бір күні ұшып түсеміз. Қай кезде екенін бір алланың өзі біледі. Соны ойладың ба?

Ақын өзінің 45 жыл ғана өмір сүретінін сезгендей. Табиғаттың тылсым сырларына ерекше көңіл бөліп, жан-жағына барлай қараған ақын бейнесі көз алдымызға келеді. Тағдырдың небір тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын бір өлеңінде:

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің,

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артамда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сен қырқарыңды.

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды!-деген екен. Ақын аманатының орындалғанына бізде күмән қалған жоқ.Оған себеп-өзі амандығын тілеген елі мен жерінің, артында қалған сұңғыла ұрпағының «Сағынады Мұқаңды аңсап жүрек» деп дәл бүгінгідей поэзия кешінде ақынды еске алуы. «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» болған ақиық ақын өлеңдерін оқып, жаттап жүрейік.






































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)

Автор: ?ара?ойшина Лида Ма?зом?ызы

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 254874


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства