Күні:19.01.17. Сынып: 1 | Қатысқандар саны:8 Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою; 1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу; 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Әже-бабушка. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Аққу болып ұшамыз, Көлге келіп қонамыз. Көлдің бетін құшамыз, Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Суреттер арқылы топқа бөлу. Ойын: «Кім тапқыр?».(жұптық жұмыс) | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 8 минут | Мағынаны ашу.Мені мұқият тыңдап отырыңдар,мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ шешу. Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай.(әтеш) «Әтеш»-дыбыстық талдау.4 әріп,4дыбыс,2буын, 2 дауысты ,2дауыссыз. -«Ә» қандай дыбыс? -Дауысты дыбыс,өз алдына буын құрай алады,созылып айтылады. -Тақтада «Ә»әрпінің жазба түрін көрсету. -Топ оқушыларына қызыл жіп таратып беріп,жіптен «ә» әрпін жаздыру. -Тағы қандай сөздерде кездеседі? -Әткеншек,әже,әке,әтеш,әнұран сөздерінде. ( буындардан сөз құрау) Ойын: «Ойлан тап.» (алдарындағы суреттерден «Ә» әрпі кездесетін суреттерді тауып тақтаға ілу.) . №1 Оқылым. Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет. -Мәтін оқу . «Шана.»(мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап алу) №2 Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр. Келген малшы Әрі әнші, Әрі аңшы. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс смайликтермен бағалау |
Сергіту сәті 1 минут | Жел соғады,соғады, Құстар жерге қонады. Көбелектер тығылып, Дір-дір етіп тоңады. Жел кенеттен тынады, Шегірткелер секіріп, Аралар да ұшады. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут | Дәптермен жұмыс. №3 Ойын: « Әріптерден сөз құра». (топтық жұмыс.) Дәрігер,әтеш,әнұран,дәрі деген сөз шығады. | Бір –бірін бағалау Жазған сөздеріне смайлик жапсыру. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | Кеменің суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтар- мен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |