kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерің  жануарлар тіршілігіндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі алатын орны туралы мағлұмат беру.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін ары қарай дамыту.Тіл байлықтарын арттыру.Дүниетанымын кеңейту.
3.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: өсімдіктер,жануарлар мен құстар суреттері.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта - табиғат
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парызың,
Білейік мұны адамзат.                                                                                                                                                             Ой қозғау
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(қыс) -Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?
- Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?-Көктемде қандай табиғатта өзгеріс болады?-Көктемде барлық тіршілік оянады,күн жылынады,құстар жылы жақтан ұшып келеді,жануарлар ұйқысынан оянады,жәндіктер шыға бастайды,жер көгереді.-Мына суретке қараңдаршы,бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?(қыс)

Біз осы суреттегі табиғатты жандандырып,көктемді шақырайық.Ол үшін біз сұрақтарға дұрыс жауап беріп,сабаққа белсенді қатысуымыз керек.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны  көктемнің алғашқы ұшып келетін құстарымен бағалаймын.

II.Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар,мына күннің бетін не жауып тұр?-Біз күннің бетіндегі бұлттарды үй тапсырмасы арқылы ашуымыз керек.
Үйге қандай тапсырма берілді?(Тақырыпты оқушылардан сұрау)-Жақсы балалар,біз үй тапсырмасын айту арқылы күннің бетін бұлттардан аштық,күніміз жарқырады.

  Сұрақтарға дұрыс жауап берсек мына өзеннің бетіндегі мұздарды ерітеміз.
- Оқушыларға сұрақ-жауап беру арқылы өткен тарауды  қорыту.
1.Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
2.Өсімдік тіршілігіне не қажет?
3.Өсімдік мүшелерін атап беріңдерші?(тамыр,сабақ,жапырақ,гүлі,жемісі)
4.Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады?

5.Осы жеміс неше топқа бөлінеді?
6. Жемістің ішінде не болады?

7.Көкөністерге нелер жатады?

8.Ал  көкөністерді қыста қайда өсіреді?

-Жарайсыңдар, балалар,біз сұрақтарға жауап беру арқылы мұзды еріттік.

III.Жаңа сабақ

- Балалар,біз бүгін «Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы» деген жаңа тарауды бастаймыз.Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі алатын орны туралы әңгімелесеміз.

      Тірі табиғатқа өсімдіктер,жануарлар,адамдар жатады.Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.Жануарлар өсімдіктерді алыс жерлерге таратады,құстар өсімдіктерді зиянды құрттардан қорғайды.Мысалы,тоқылдақ,оны орман емшісі дейді. Өсімдіктер адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды. Олар бізге оттегін береді. Өсімдіктерден (мақтадан) жіп жасалады, одан біздер киім тігіп киеміз.Ал жануарлардың етін, сүтін, майын, жүнін пайдаланамыз. Оларды көлік ретінде мінеміз. Олар бізге көп пайда келтіреді.Адам болса, өсімдіктер мен жануарларды қорғайды, өсіп - өнуіне жағдай жасайды.

      Жер бетіндегі барлық тірі ағза үшін өсімдіктің рөлі өте жоғары. Қысқаша айтқанда өсімдік - қоректендіреді, киіндіреді, баспана болады.

   Кітаппен жұмыс: Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын түсіндіру.
       Оқушыларға тізбектей оқыту

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Өсімдіктің жануарларға азық,баспана ретінде пайдасы туралы әңгімеле.

2.Көк құстың  ұясын тамыр мен мүктен салуының себебі қандай?

Шығармашылық тапсырмалар

*Суреттен қандай құстардың ұясын көріп отырсың?(тоқылдақ,құрқылтай,торғай,ақ дегелек ұялары)

*Оны неден жасағанын әңгімелеп бер.

*Кітаптағы берілген суретке қарап мына өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін айтайықшы.
(Көмек сөз: қоян, тиін, түлкі)

     Жарайсыңдар,мына суреттегі өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін білдік,енді саңырауқұлақтарды жапсырайық.

-Балалар,көктем мезгілінде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

-Ағаштар бүршік жарып,жапырақтар өсе бастайды.

-Олай болса, ағаштарға жапырақтар өссін десеңдер «Қорегін тап»ойынын  ойнау арқылы табиғатымызды әрі қарай жандандырайық.

Сызбаны сәйкестендіру
1.Тауық                   саңырауқұлақ, жаңғақ
2.Тиін                      бал
3.Аю                        сәбіз
4.Қоян                     бидай, тары, дәндер

/Сызықтар арқылы қосу/
Жарайсыңдар балалар,жапырақтарымызды жапсырайық.

Сергіту сәті:(видио)

Қосымша мәлімет:Жабайы жануарлар өсімдіктер өсетін жерлерді мекендейді.

Аю-ағаштың кепкен діңімен қоректенеді,көктемнің басында апанынан шығып көктей бастаған өсімдіктерді жейді.Борсық-құрғақ бұтақтармен қоректенеді.Кірпі-кепкен жапырақтармен қоректенеді.Қоян-ағаштарды кеміреді

Дәптермен жұмыс:-Балалар,бүгін сендер қандай құстармен таныстыңдар?-Естеріңде қалған құстардың аттарын дәптерлеріңізге жазып алың.- Сендер тағы қандай құстарды білесіңдер?

IV.Сабақты бекіту:

-Біз не жайында білдік?
     Өсімдіктердің жануарларға,құстарға,адамдарға қандай пайдасы бар екен?

Жануарлар өсімдіктерді қорек,баспана ретінде пайдаланады екен.Құстар-ағаштардан,бұтақтардан,шөптерден  ұя жасайды екен.

V.Сабақты қорытындылау:-Сонымен балалар,табиғатта адам, өсімдік, жануар тығыз байланысты екен.Соның ішінде адамдар жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны саналы түрде қорғаулары керек.

    -Бүгін сендер сабаққа белсенді қатысып, табиғатты  жандандырып, көктемді шақырдыңдар.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мына әдемі  құстармен бағалаймын.

VI.Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу.
      Бағалау
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы"»

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерің жануарлар тіршілігіндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі алатын орны туралы мағлұмат беру.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін ары қарай дамыту.Тіл байлықтарын арттыру.Дүниетанымын кеңейту.
3.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: өсімдіктер,жануарлар мен құстар суреттері.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта - табиғат
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парызың,
Білейік мұны адамзат.

Ой қозғау
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?
- Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Көктемде қандай табиғатта өзгеріс болады?

-Көктемде барлық тіршілік оянады,күн жылынады,құстар жылы жақтан ұшып келеді,жануарлар ұйқысынан оянады,жәндіктер шыға бастайды,жер көгереді.

-Мына суретке қараңдаршы,бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?(қыс)

Біз осы суреттегі табиғатты жандандырып,көктемді шақырайық.Ол үшін біз сұрақтарға дұрыс жауап беріп,сабаққа белсенді қатысуымыз керек.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны көктемнің алғашқы ұшып келетін құстарымен бағалаймын.


II.Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар,мына күннің бетін не жауып тұр?

-Біз күннің бетіндегі бұлттарды үй тапсырмасы арқылы ашуымыз керек.
Үйге қандай тапсырма берілді?

(Тақырыпты оқушылардан сұрау)

-Жақсы балалар,біз үй тапсырмасын айту арқылы күннің бетін бұлттардан аштық,күніміз жарқырады.

Сұрақтарға дұрыс жауап берсек мына өзеннің бетіндегі мұздарды ерітеміз.
- Оқушыларға сұрақ-жауап беру арқылы өткен тарауды қорыту.
1.Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
2.Өсімдік тіршілігіне не қажет?
3.Өсімдік мүшелерін атап беріңдерші?(тамыр,сабақ,жапырақ,гүлі,жемісі)
4.Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады?

5.Осы жеміс неше топқа бөлінеді?
6. Жемістің ішінде не болады?

7.Көкөністерге нелер жатады?

8.Ал көкөністерді қыста қайда өсіреді?


-Жарайсыңдар, балалар,біз сұрақтарға жауап беру арқылы мұзды еріттік.


III.Жаңа сабақ

- Балалар,біз бүгін «Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы» деген жаңа тарауды бастаймыз.Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі алатын орны туралы әңгімелесеміз.

Тірі табиғатқа өсімдіктер,жануарлар,адамдар жатады.Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.Жануарлар өсімдіктерді алыс жерлерге таратады,құстар өсімдіктерді зиянды құрттардан қорғайды.Мысалы,тоқылдақ,оны орман емшісі дейді. Өсімдіктер адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды. Олар бізге оттегін береді. Өсімдіктерден (мақтадан) жіп жасалады, одан біздер киім тігіп киеміз.Ал жануарлардың етін, сүтін, майын, жүнін пайдаланамыз. Оларды көлік ретінде мінеміз. Олар бізге көп пайда келтіреді.Адам болса, өсімдіктер мен жануарларды қорғайды, өсіп - өнуіне жағдай жасайды.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза үшін өсімдіктің рөлі өте жоғары. Қысқаша айтқанда өсімдік - қоректендіреді, киіндіреді, баспана болады..

Кітаппен жұмыс: Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға тізбектей оқыту

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Өсімдіктің жануарларға азық,баспана ретінде пайдасы туралы әңгімеле.

2.Көк құстың ұясын тамыр мен мүктен салуының себебі қандай?

Шығармашылық тапсырмалар

*Суреттен қандай құстардың ұясын көріп отырсың?(тоқылдақ,құрқылтай,торғай,ақ дегелек ұялары)

*Оны неден жасағанын әңгімелеп бер.

Тоқылдақтар - ағаш қуыстарын тұмсығымен үңгіп, ұя салады.Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді.

Құрқылтай жәндіктер және қоңыздармен қоректенеді, алайда жылдың суық мезгілінде өсімдік тұқымдарын да жейді.Бұл тұқымдасқа жататын құстардың көбі ұясын қолғап тәрізді етіп, қамыс немесе талдың бұтақтарына өсімдік талшықтары мен мамықтан салады. Бүйірінен аузы шығарылған жабық ұясы ерекше құрылым.

Шымшық – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын құс.Ол шыршалы және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді.Ұясын ағаш басына салады. Өсімдік тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді, олардың зияндыларын жеп пайда келтіреді. Шымшықтар жақсы сайрайды.

Ақ дегелек – елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады.Олар ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады.

-Жақсы балалар,біз бұл ұялардың қандай құстың ұясы екенін білдік. Енді мына суретті одан әрі жандандыру үшін құстың суретін жапсырайық.


*Кітаптағы берілген суретке қарап мына өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін айтайықшы.
(Көмек сөз: қоян, тиін, түлкі)

Жарайсыңдар,мына суреттегі өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін білдік,енді саңырауқұлақтарды жапсырайық.


-Балалар,көктем мезгілінде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

-Ағаштар бүршік жарып,жапырақтар өсе бастайды.

-Олай болса, ағаштарға жапырақтар өссін десеңдер «Қорегін тап»ойынын ойнау арқылы табиғатымызды әрі қарай жандандырайық.

Сызбаны сәйкестендіру
1.Тауық саңырауқұлақ, жаңғақ
2.Тиін бал
3.Аю сәбіз
4.Қоян бидай, тары, дәндер

/Сызықтар арқылы қосу/
Жарайсыңдар балалар,жапырақтарымызды жапсырайық.


Сергіту сәті:(видио)


Қосымша мәлімет:Жабайы жануарлар өсімдіктер өсетін жерлерді мекендейді.

Аю-ағаштың кепкен діңімен қоректенеді,көктемнің басында апанынан шығып көктей бастаған өсімдіктерді жейді.

Борсық-құрғақ бұтақтармен қоректенеді.

Кірпі-кепкен жапырақтармен қоректенеді.

Қоян-ағаштарды кеміреді


Дәптермен жұмыс

-Балалар,бүгін сендер қандай құстармен таныстыңдар?

-Естеріңде қалған құстардың аттарын дәптерлеріңізге жазып алың.

- Сендер тағы қандай құстарды білесіңдер?

IV.Сабақты бекіту:

-Біз не жайында білдік?
Өсімдіктердің жануарларға,құстарға,адамдарға қандай пайдасы бар екен?

Жануарлар өсімдіктерді қорек,баспана ретінде пайдаланады екен.Құстар-ағаштардан,бұтақтардан,шөптерден ұя жасайды екен.


V.Сабақты қорытындылау:

-Сонымен балалар,табиғатта адам, өсімдік, жануар тығыз байланысты екен.Соның ішінде адамдар жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны саналы түрде қорғаулары керек.

-Бүгін сендер сабаққа белсенді қатысып, табиғатты жандандырып, көктемді шақырдыңдар.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мына әдемі құстармен бағалаймын.


VI.Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу.
Бағалау













 

 

 

 

 

 

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық сабақ "Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы"

Автор: Сатова Турсынгул

Дата: 17.02.2018

Номер свидетельства: 458054

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Су ?ойма ?сімдіктері мен жануары "
    ["seo_title"] => string(36) "su-k-oima-osimdiktieri-mien-zhanuary"
    ["file_id"] => string(6) "216516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433017179"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(54) "k-yzyk-ty-biologhiia-fakul-tativtik-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "160234"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422016587"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?сімдіктерді?  адам ?міріндегі ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(40) "osimdiktierdin-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "192954"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427546747"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Д?ниетану п?нінен ашы? саба? "Жануарлар?а да ауа керек""
    ["seo_title"] => string(51) "duniietanupninienashyksabakzhanuarlargadaauakieriek"
    ["file_id"] => string(6) "271193"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451399367"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) "2-сынып. Д?ниетану п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: "?сімдіктерді? адам ?міріндегі ма?ызы" "
    ["seo_title"] => string(93) "2-synyp-duniietanu-p-ninien-sabak-zhospary-tak-yryby-osimdiktierdin-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "138881"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417618739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства