1.Шылау туралы түсініктерін нығайту, ма(ме), ба(бе), па(пе) шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
3.Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі:топтық сайыс
Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, АКТ элементтері, талдау, жинақтау, топтастыру, шығармашылық. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бағалау парақшалары, гүлдер, доп.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Гүл сыйлау (ұстазына, сыныптасына, көршілес сыныптасына, мұғалімдерге)
Сыныпты екі топқа таңдаған гүл түстеріне байланысты бөлу.
Топқа ат қою, ұрандарын айту, бағалау парақтарын тарату.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
15-жаттығу. Берілген шылауларды қатыстырып құраған сөйлемдерін тексеру, бағалау.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау
«Футбол» ойыны.
Шарты: Мұғалім «шылау» сөзін айтқанда бірінші жауап берген топ допты алады және топ мүшелері шылау туралы әрі қарай білетіндерін айтады. Егер кідіріп қалған жағдайда доп келесі топқа беріледі. Осылай шылау туралы барлық ереже-түсініктер айтылып болғаннан кейін доп қай топта қалса, сол топқа 5 ұпай беріледі.
Шылауға топтастыру стратегиясын құру.
ІV. Жаңа тақырып:
Ма (ме) , ба (бе) , па (пе) шылаулары
19-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Өңім бе бұл, түсім бе, 2. Ұзын-ұзын, ұзын жол,
Адамы көп ішінде. Ұшына жеткен бар ма екен?
Бір ғажайып жәшік тұр, Түбі терең қара су,
Барлық сырды шашып тұр. Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен?
Шылауларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.
Шылаулар туралы түсінігін меңгерту, ереже қорытып шығару.
Ереже: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді:Жазылған сөйлемдерді талдау.
1. Асан есік алдында тұр ма?
2. Асан, далада көп тұрма. Бұл жердегі тұрма сөзіндегі - ма болымсыз етістіктің жұрнағы. Жұрнақ пен шылауды қалай ажыратамыз?
Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады.
Қайталанған ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады: Сыныптағы кезекші Құралай ма, Нұрай ма?
Оқулықпен жұмыс:
Көркем жазу.20-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Шылаулардың астын сызып, олардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.
Күн ашық па? 2. Жер көктеді ме? Мал көкке тойынды ма? 3. Құстар туған жерге оралды ма? Сен оларға сәлем бердің бе?
«Кім көп біледі?» ойыны. 21-жаттығу Қай топ көп жаңылтпаш біледі?
(жаңылтпаш ішінде шылаулар болу қажет)
Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
Шылауларды табу.
«Кім жылдам?» ойыны. 22-жаттығу
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларын қатыстырып, қай топ көп сөйлем құрайды екен.