Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Еліктеуіш с?здер туралы т?сінік. ?айталау "»
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Күні: 20.04.15ж
Тақырыбы: Еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Қайталау
Мақсаты: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөздерді қолдана алуға үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыпппен байланыстыру
Дамытушылық: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
«Білімділер әлеміненен қоржын » әкелді, сол қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап берейік:
Шылау дегеніміз не?
Шылаулар сөйлем мүшелі болама?
Мен, және шылаулары сөйлем сөздеріне қандай көмек беред?
Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір.
Одағай дегеніміз не?
Одағайға мысал келтір?
2. Жаңа сабақ
. 1.Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер. Мысалы: тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды т.б
Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы олар: қаңғұр - күңгір, тасыр – тұсыр бүгжең – бүгжең, далаң – дұлаң т.б. әр түрлі қимыл, іс - әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады
Сіріңке жағып, стакандағы суға батырамын. Сұрақ: - От қайтып сөнді? - От быж етіп сөнді. - Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар? - Құлағымызбен естідік
.Сағат аламын да, стол үстіне қоямын. - Сағат қалай жүріп тұр? - Сағат тық - тық етіп жүріп тұр. Сұрақ: а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар? ә) Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадық? (Оқушылар өз бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі. 1. Оқушының атын атап өзіме қарату. - Диас қалай қарады? Диас жалт қарады. 2. Шам жағып сөндіру. - Шам қайтті? Шам жарқ ете қалды. 3. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау. - Мұғалім қалай тоқтады? Мұғалім кілт тоқтады. Сендер біраз нәрсе көрдіңдер. Осыдан не ұқтыңдар? (Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз. Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайдакөмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: Тырс - тырс етті, сарт етті, арс – арс етеді, пыр – пыр етті т.б. Мысалы: Өтеді ауыздығын қарш – қарш шайнап. (Жамбыл) Ырғалып қарға қарқ етті, ірмішік жерге салп етті. (Абай) Еліктеуіш сөздер көбінесе көмекші етістікпен ( көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт етті, қыңқ етпеді, саңқ етті, топ етті т.б.
2. Бейнелеуіш сөздер Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (Сәбит Мұқанов) Берілген мысалдардағы кілт сөзі бірден, тез тоқтауды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды білдіріп тұр. Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті қайқаң етті, сылаң етіп шыға келді, тыржың етті т.б. ейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт – жұлт, маң – маң, Бүгжең – бүгжең жүрді, қиқаң – қиқаң етті т.б.
І. «Кім тапқыр, кім білгіш ?» 1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. 2.Азиат! – деп шарт еткізіп, Еламанды жағыан тартып жіберді.3. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым.4. Бермесеңіз, қойыңыз, - дедім де жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім. 5. Балалар ананы – мынаны сұрап, азан – қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым.6.Ақша маңдайлы, кең сұлу жүді Үмітей ашық үнмен сыңқ – сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді
2. 1.Жай ғана сарт етіп жабылады Іздегенің ішінен табылады 2.Қорбаң – қорбаң еткен Өмірі орманда өткен 3.Сырт – сырт еткен дыбысы Ояту оның жұмысы 4.Жалт – жұлт етеді Жерге сіңіп кетеді 5.Тоқ – тоқ етіп тамағын Ағаштан іздеп табатын
Сергіту сәті: Көбелек тұрып ертемен
Күлімдеп керілді
Бір дегенде –шықпен бетін жуды,
Екі дегенде –шыр айналып бұрылды.
Үш дегенде- қанат қағып,
Төрт дегенде –ұшып кетті.
Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.
Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б.
Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, тып, шап т. б.
3. Сабақты бекіту .
Венн диаграммасы. Еліктеуіш пен бейнелеуішті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
4. Сабақты қорытындылау.
Тақырыптық теннис. 2 ойыншы, 1 төреші, 1 уақыт есептеуші.
Оқушылар тақырыпқа байланысты қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреуі тоқтағанда келесісі жалғастырады. Төреші ойыншының қанша сөз айтқандарын санайды, уақыт есептеуші уақыт белгілеуді. 1.Еліктеу сөз дегеніміз не? 2.Мағынасына қарай еліктеу сөз нешеге бөлінеді? 3.Бейнелеуіш сөз дегеніміз не? 4.Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің? 5.Абай атамыздың бірыңғай еліктеуіш сөзге құрылған «Жаз»өлеңін жатқа айт
Үйге тапсырма. Көркемдік шығармадан еліктеуіштері бар 15 сөйлем жазып келу.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ