Міндеттері:Ойларын,пікірлерін еркін айтуға,көзқарастарын дәлелдей білуге
машықтандыру.Оқушыларды қайырымдылыққа,батылдыққа
тәрбиелеу.
Ресурстар:суреттер,оқулық,АКТ
Стратегия:ой толғау,қалпақ,ой қозғау
Барысы:Психалогиялық ахуал,топтарға бөлу.
Бағалау туралы түсіндіру.Түстерге қарай бағалау.
Үй тапсырмасын сұрау.
Шыбын араға не деді?
Қонақты күтуге шыбындардың дайындығы қалай екен?
Ара қандай жәндік?
Шыбын қандай жәндік?
Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Оспанхан Әубәкіров кім?
Мысалдан қандай өнеге алдың?
Балалар менің мақсатым жақсы –жаман қасиеттердің бірі тәкаппарлық пен қайырымдылық жайлы түсіндіру.
Қызығушылығын ояту.
-Тақтадағы аңдардың ең күштісін,ең әлсізін табу керек.
-Ең күштісі –арыстан,ең әлсізі –тышқан
Балалар Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы не білесіңдер?
Миға шабуыл.
-Арыстан тышқан туралы не білесіңдер?
Әр топ өз білгенін плакат бетіне түсіреді.
Арыстан (лат.Пантһера лео) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі
жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияныңсаванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.
Тышқандар (лат.Мұс) - ұсақ кеміргіштер тұқымдасы. Дене ұзындығы 12,5 см дейін, құйрығы, 10,5 см. Тышқандардың пайда болған жері негізінен – Азия, кейбір түрлері бүкіл дүниежүзіне таралған. Африкада (Сахараны есептемегенде), Евразияда, Малай архипелагының кейбір аралдарында, Филипинде 40 түрі таралған. Бір қатар түрлері - синантропты. ТМД-да, космополотитті синантропты 1 түрі, үй тышқаны, жабайы табиғатта үнемі өмір сүретін 2-3 түрі бар. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және басқа да жәндіктермен қоректенеді, түнде белсенді Оңтүстік аудандарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді. Сань шұғыл ауытқуы мүмкін.[1]
Егеуқұйрықтар мен тышқандарды бөлу шартты және тышқандардың көлеміне негізделген.[2]. Басқа тұқымдастарға жататын кейбір тышқандарды (мысалы, бұғы тышқан, Қалталы сегіргіш) да ешқандай ғылыми негіздемесіз тышқандар деп атайды.Залал келтіруі мүмкін, бірақ көбі зиянсыз. Көптеген жыртқыш аңдардың олжасы болып табылады.
Жаңа сабақ оқулықпен жұмыс
Автор жайлы түсіндіру
Мысалды іштей оқыту
Сұрақ-жауап.
Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез- қылықтар байқалады?
- Арыстанның сөзінен оның қандай мінез –қылығын байқауға болады?
- Мысалдағы Арыстан мен Тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін анықтауға болады?
Сергіту сәті.
Сөздік жұмыс
Зиян-залал,зақым
Азат-еркін,өз еркі өзінде,ерікті.
«Алты телпек» стратегиясы. 5-6 оқушыдан тұратын әрбір топқа түрлі- түсті қалпақтарды таратамын.
Ақ телпектерді өзгелерге қарағанда жасы кіші оқушыларға беремін. Себебі бұл телпектің тапсырмасы басқа телпектің тапсырмасына қарағанда жеңіл.
Ақ телпек ( деректер) шығарма не туралы?
Қара телпек ( сыни баға ) Шығармада саған не ұнамайды?
Сары телпек (позитив ) Шығарма саған несімен ұнамайды?
Қызыл телпек (сезім ) Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдың?
Жасыл телпек ( креатив ) Бұл шығарманы сен қалай аяқтар едің?
Көк телпек ( анализ, синтез ) Шығармадан қандай үлгі алдың? ( тәрбиелік мәні)
Әрбір топтағы қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ түсті телпек киген оқушылар келесі топтағы түстес құрбыларымен бірігіп берілген сұраққа жауап іздейді.
Қызыл телпектерден Р есімді бала-Арыстан тәкаппар болды.Батылдық танытып,тышқан оған көмектесті.Тышқанның батылдығына тамсандық.Арыстанның оған сенбегені дұрыс болмады.
Сары телпектер-Ұлық болсаң кішік бол.Бізге ұнамағаны арыстанның мінездері,тышқанға ұрысқаны,тәкаппарлығы,мейірімсіздігі ұнамады.
Көк телпектер-Менмен болмауды,ешкімді өзгелерден кем көрмеуді,әрқашан жақсылық жасауда істеген ісіңді мойындау,менмен болмауды үйрендік.
Ақ телпектер-тышқанның уәдесінде тұруы,тышқанның арыстанға көмектескені,ақылдылығы туралы.
Жасыл телпектер-шығарманың ең соңын былай аяқтадық.Ең соңында арыстан тышқанмен дос болды.Олар бақытты өмір сүрді.Ешқашан жауласқан жоқ.
Қара телпектер-арыстанның тәкаппарлығы ұнамайды.Тышқанды менсінбеуі,мақтанғаны ұнамайды.
Топтарға тапсырмалар беру.
1 топ – Достық,қонақжайлылық туралы жазу.
2 топ – Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал- мәтелдер жазу.