Просмотр содержимого документа
«Арифметикалық амалдардың қасиеттерін қайталау.»
Л.Ө.Шарипова
№3 Красный Яр көпсалалы орта
мектеп- гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін қайталап пысықтау,есептерді шешу қабілетін нығайту.
2)Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жазбаша,ауызша есептеу дағдыларын арттыру,өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3)Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа баулу,уақытты тиімді пайдалана білуге,өзін-өзі бағалай білуге, әдемі,таза жазуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар:карточкалар,фигуралар,логикалық есептер,ойын түрлері,оқулық т.б.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгін бізде математикадан ашық сабақ.Сабаққа қонақтар келіп отыр.Олай болса,барлығымыз сабаққа белсене қатысамыз.
Сабаққа дайынсыңдарма? –Иә.
2.Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 64 бет,№17.
616*307617*30 266:14 266:19 354*4*55*353*4
315*7*2=315*14 306:18306:17 2450*512512*2449
-Жақсы,балалар.
Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын,мақсатын білу үшін,мына файлдағы тапсырмаларды орындау керек.Ол үшін тез жылдам үш топқа бөлінеміз.Ретпен үшке дейін санап шығамыз.
Біріншілер-жоғары топқа жиналу.
Екіншілер-ортаға отыру.
Үшіншілер-төменге отыру.
4.Тапсырма-өрнектердің мәнін табу және жауаптарын сәйкестендіру.
Жауаптарын тапқаннан кейін,тексеруіміз керек.Ол үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек.
42*36=1512 3 Қ 96:32=3 3 Қ
72:24=3 4 а 2*600=1200 4 а
80:16=5 5 й 76:19=4 225 с
58*4=232 232 т 84*10=840 234 и
60*20=1200 560 а 45*5=225 840 е
70*8=560 1200 л 78*3=234 1200 т
76:19=4 1512 а
241*8=1928 1928 у
51:17=3 3 к
80:16=5 4 ө
56*10=560 5 б
41*4=164 108 е
36*3=108 164 й
231*2=462 462 т
64:16=4 560 у
Ал енді карточкаларды аудара қойыңдар.Қандай сөздер шықты?
I-топ- қасиет,II-топ- қайталау,III- топ-көбейту.
-Жақсы,олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы-Арифметикалық амалдардың қасиеттерін қайталап-пысықтау.Ал көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Көбейтудің ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту.Көбейтудің қасиеттерін қайталап-пысықтау.
Бүгінгі сабағымызда біз ойын арқылы білімдерімізді тиянақтаймыз.
№1 файлдан қарама-қарсы қабырғалары бірдей және бұрыштары тең фигураны табыңдар.
Бұл қандай фигура? Тіктөртбұрыш. -Жақсы.
Ал қазір маған тіктөртбұрыштың периметрін,ауданын таба қойыңдар.Кім болды слайдтан тексеру.Егер дұрыс жауап болса-жасыл түспен бояу,бір қате кетсе-сары түспен бояу,түгел қате болса-қызыл түспен бояу.(ауызша талдау,тексеру)
Жақсы,балалар,ойынымызды жалғастырамыз,қолымыздығы тіктөртбұрышты алып,
3-топқа бөліне қалыңдар.Тапсырма мына карточкада берілген.
1-топ-терімділік,2-топ-ауыстырымдылық,3-топ-үлестірімділік туралы ережені жатқа айту,төменде берілген мысалдарды шығару.
1-топ-терімділік (25*2)*5=50*5=250
(342*4)*5=1348*5=6840
(а*в)*с = а*(в*с)
Қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады.
2-топ-ауыстырымдылық 32*25=800,25*32=800
70*20=1400,20*70=1400
а*в = в*а
Көбейткіштің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді.
3-топ-үлестірімділік (32+48)*4=32*4+48*4=320
(180*5)*2=180*2*5*2=3600
(а*в)*с = а*с+в*с
Қосындыны санға көбейткен кезде, әрбір қосылатын санды көбейтіп,содан соң нәтижелерін қосамыз.
а) 27 401 мен х-тің бөліндісі 398 бен 119-дың қосындысына тең.
ә) с мен 863-тің айырмасы 39 765 пен 1205-тің бөліндісіне тең.
в) 5020 мен а-ның қосындысы 36 054 пен 23-тің көбейтіндісіне тең.
27 401:х=398+119
27 401:х=517
х=27401:517
х=53
27 401:53=398+119
517=517
с-863=39 765:1205 5020+а=36 054*23
с-863=33 5020+а=829 242
с=863+33 а=829 242-5020
с=896а=824 222
896-863=39765:1205 5020+824 222=36 054*23
33=33 829 242=829 242
Бір-бірін тексеру,егер дұрыс болса жасыл шаршы бояу,жартылай қате болса-сары түс,түгел қате болса-қызыл.
9. «Білім сандықшасы»-ойыны.
(оқушылар кезекпен сұрақтарға жауап береді,қалғандары тексеріп отырады)
1.Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік? (теңдеу)
2.1362 санын разрядтық қосылғыштарға жікте?
3. Ғасырдың төрттен бір бөлігі өтті.Бұл неше жылға тең? (100:4=25 жыл )
4. Жолаушы жолда 2 тәулік және 6 сағат болды.Жолаушы жолда неше сағат болды.? (48+6=54сағат)
5. Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.Мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді? 120:2=60км/сағ
6.Адамдар тәуліктің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді.Адам қанша сағат ұйықтайды? 24:3=8сағат.
Сергіту сәті: (қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардемалады)
Оқулықпен жұмыс.
10. Есеп бойынша өрнек жаз және оны шеш.
I-топ
а) Құс фермасында 17 612 тауық бар,бұл үйректерге қарағанда 28 есе артық,ал қаздар үйректерге қарағанда 16 есе артық.Құс фермасында неше қаз бар ?
629 үйрек
(17612:28)*16=10 064 қаз.
II-топ
ә) Бір тауыққа күніне 100 г жем қажет.300 тауығы бар фермер бір жылға (365күн) қанша жем даярлау керек?
30 000
100*300*365=10 950 000 (г.)=10(т.) 950(кг.)
III-топ
б) Жүк машинасы диірменнен 16т 500кг бидай ұнын және 7т 500кг қарабидай ұнын қоймаға жеткізді.Егер жүк машинасы бір рет қатынағанда 1 500 кг ұн таситын болса,онда ол неше рет қатынайды?
24000 кг
(16 500+7 500):1500=16 (рет)
11.Логикалық тапсырмалармен жұмыс.
34 37 40 43 61 63 66 70
35 38 41 44 62 65 69 73
36 39 42 45 64 68 72 75
37 40 43 46 67 71 74 76
Бірінші кестеде көлдеңінен тұрған сандар 3-ке,ал тігінен 1-ге артып отырады.
Екінші кестеде сандар қиғаш сызықтың бойында ретімен жазылған.Есептеп,талдау.
12. Кестені толтыр.
Әр топқа бөліп беру.(ауызша талдау)
V=?
84000 см
360 дм
720 000 см
Ұзындығы а=?
20 см
5 дм
90 см
Ені в=?
70 см
8 дм
50 см
Биіктігі һ=?
? см
? дм
? см
13.Өрнектің мәнін тап. Дәптермен жұмыс.
43070+7140:51*506=
78050+94500:630*608=
(7368:24+145)*27=
14. Ойын: «Кім тапқыр?» (уақытқа қарай қосымша тапсырмамен жұмыс)
Баған түрінде есептеу.
Қыздар. 3027*105=317 835
Ұлдар. 13 752:573=24 (бір-бірін тексеру)
15.Сабақты бекіту.
Қорытындылау.
Бүгін сабақта не білдік? Не үйрендік? (талдау,сипаттау)