kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аңыздар. Қорқыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Аңыздар. Қорқыт 4 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аңыздар. Қорқыт»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні:

Сынып:4

Мектеп: №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ермекова Орынгүл Елемесқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың атауы

Аңыздар. Қорқыт

Мақсаты





Барлық оқушылар: Аңыз мазмұнын біледі, негізгі идеясын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ертегі мен аңызды ажырата алады.

Кейбір оқушылар:Қорқыт туралы аңыздың бүгінгі ұрпаққа не беретінін, Қорқыттың тапқырлығын өмірмен байланыстырып айта алады.

Күтілетін нәтиже


Аңыз мазмұнын біледі, негізгі идеясын түсінеді.

Ертегі мен аңызды ажырата алады.

Қорқыт туралы аңыздың бүгінгі ұрпаққа не беретінін, Қорқыттың тапқырлығын өмірмен байланыстырып айта алады.

Сабақтың жабдығы


Слайд, үнтаспа, қағаздар, фломастерлер, жіп, қыстырғыштар

Түрі

Аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері

«Гүлмен тілек», «Сұрақ ілмегі», «Пазлдар», «Кинометафора», «Джигсо», «Шахмат», «Желпуіш»,«Салыстыру» әдістері


Құндылықтар

Рухани – адамгершілік Өмір бойы білім алу; адами құндылықтарды бағалай білу

Ұлттық құндылықтар

Оқушылар жақсы қарым –қатынас жасау, әдептілікті сақтау, бірін – бірі бағалау, тілге, ұлттық салт - дәстүрге құрметпен қарау, ашықтық құгдылықтарын бойына жинайды.

Тілдік міндеттер

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Әулие, өлім, зират, арбалған сөздерінің мағынасын ашады.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., пікірімді білдірсем..., қорытындылай келе...

Сілтемелер

Оқулық «Атамұра» баспасы 2015 жыл 4-сынып, ғаламтор материалдары, Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия

Алдыңғы білім

«Бес ешкі» ертегісі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс – әрекеттері

Оқыту ресурстары

Психологиялық ахуал

(1 минут)

«Гүлмен тілек»

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.


Гүлдер

Үй тапсырмасын сұрау

(3 минут)

ҰЖ«Сұрақ ілмегі» әдісі

1.Ертегі қалай басталады?

2.Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады?

3.Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

4.Кедейдің малдарын іздеп шақырған өлеңдерін айт.

5.Ертегіден нені үйрендің?

6.Ертегі дегеніміз не?

Суреттер арқылы халық ауыз әдебиеті түрлерін анықтайды



Суреттер

Слайд

Ілмектер


Қызығушылықты ояту

(2 минут)

«Пазлдар» тәсілі

Пазлдар арқылы сурет құрастырады.

Қобыз қандай аспап?

Қобызды кім жасаған?

Қобызды кіммен байланыстырамыз?


«Кинометафора» әдісі

Бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін айтады. Аңыз, Қорқыт ата туралы видео көрсетіледі.


Пазлдар

Қобыздың суреті



Бейнесюжет

Мағынаны тану

(20 минут)

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырауқобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
Қорқыт туралы аңыз көп Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.
Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді.
Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ түре тыңдапты.
Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз.(слайд)
Күйлері: «Қорқыт» «Аққу» «Әуппай» «Башпай» «Желмая» «Ұшардың ұлуы»


Тапсырма

ТЖ: «Джигсо» әдісі

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі.

Мәтіннің аудиожазбасынан үзінді тыңдайды.





Сергіту сәті

Кенесова Жазираның қобыз аспабымен Қорқыттың күйі «Сарынды» тыңдайды.


Тарсырма

ЖЖ:«Шахмат» әдісі

Аңызда кездесетін жер-су аттарын теріп жазады.




ТЖ:«Желпуіш» әдісі

А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен Қорқыттың күйін тыңдағанда

Құстар қайтеді?

Жел

Аң-құс

Өзен


Қорқыт ата кешенін видеодан көрсетіледі.


Уикипедия














































Аудиотаспа









Бейнесюжет

Ой толғаныс

(10 минут)

 Тапсырма

ТЖ «Салыстыру» әдісі

1 топ:Ертегі мен аңыздың ұқсастығы мен айырмашылығына «Венн диаграммасын» құрады.

2 топ: «Аңыз» сөзін негізге алып сөзжұмбақ құрастырады.

3 топ:Қорқыт туралы әңгімеден қандай ой түйдіңдер? Ермексаздан «Қобыз» аспабын жасайды.

4 топ: Қазіргі кезде Қорқыт ата сияқты тапқыр адам бар ма? Аңыздан қандай ой түйдің?


Үйге тапсырма

(1 минут)

1.Аңыз әңгіменің мазмұнын айтады.

2. Аңыздан ертегіге ұқсайтын жерлерін тауып, жұбыңа дәлелдеп беруге әзірлен.

3.Ертегі мен аңызды кесте бойынша салыстыр.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

(1 минут)

Оқыту үшін бағалау және оқу бағаланады


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

(2 минут)

Есімдері жазылған қыстырғыштарды өзі лайықты нұсқаға жабыстырады

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушы: Сабақ барысында тапсырмалар орындауда белсенділік танытады және тапсырмалар арқылы бейнематериалдарға тұжырымдамалар жасап, бір сөзбен қорыта алады, дәлелдемелер келтіре отырып анықтайды.

Қабілеті орта оқушылар: Тақырыпты түсініп, дәлелдемелер келтіре алады.

Қабілеті төмен оқушылар: Тақырып бойынша түсінгенін баяндай алады, дәлелдемелер келтіру кезінде мұғалім тарапынан және құрдастарынан қолдау алады.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Өзін – өзі бағалау, бірін – бірі бағалау, мұғалім тарапынан бағалауды бірге жүргіземін. Бір – біріне пікір айту арқылы жетістіктері мен кемшіліктеріне көз жеткізеді. Бағалау әділ болуын қадағалап отырамын.

-«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы пікір білдіре отырып, жұмыстарына баға бере білді.

-Кері байланысты жүзеге асыруда «Ақылды үкі» әдісін қолдануды жоспарладым.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

АКТ – мен байланыс жасауға ықпал етілді.

Техникалық құралдарды пайдаланғанда сақтық шараларын ескердім.

Жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау барысында ынтамақтық атмосферасын қалыптастыруға тырыстым.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Аңыз мазмұнын білді, негізгі идеясын түсінді.

Ертегі мен аңызды ажырата алды.

Қорқыт туралы аңыздың бүгінгі ұрпаққа не беретінін, Қорқыттың тапқырлығын өмірмен байланыстырып айта алды.

Қорқыттың шығармаларымен, музыканың құдіретімен танысты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Алдыңғы білім мен жаңа сабақты әдіс-тәсілдер арқылы байланыстыру ұтымды болды.

2.Топпен жұмыс барысында мәтіннің мазмұнын толық түсініп, талдап, бір – біріне түсіндіре алды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Түрлі әдіс – тәсілдерді сабаққа ұтымды қолдану сабақты жақсартады деген ой түйдім.

2.Бағалау тәсілдерін түрлендіре түсу керектігін ұғындым.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Қабілеті төмен білім алушыларға арнайы әдістер арқылы әлі де белсенділігін арттыру қажет.

2.Сабақ барысында қабілетті оқушыларға шығармашылықпен айналысуға түрткі болдым.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аңыздар. Қорқыт

Автор: Ермекова Орынгул Елемесовна

Дата: 25.02.2019

Номер свидетельства: 501422

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?ор?ыт ата кітабы "
    ["seo_title"] => string(19) "k-ork-yt-ata-kitaby"
    ["file_id"] => string(6) "178511"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424849191"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "М??гілік ?мірді а?са?ан - ?ор?ыт "
    ["seo_title"] => string(38) "m-n-ghilik-omirdi-an-sag-an-k-ork-yt-2"
    ["file_id"] => string(6) "181977"
    ["category_seo"] => string(3) "ork"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425443668"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ашы? саба? "?ор?ыт ата" "
    ["seo_title"] => string(24) "ashyk-sabak-k-ork-yt-ata"
    ["file_id"] => string(6) "164620"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422680325"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "М??гілік ?мірді а?са?ан ?ор?ыт. "
    ["seo_title"] => string(36) "m-n-ghilik-omirdi-an-sag-an-k-ork-yt"
    ["file_id"] => string(6) "154729"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421202938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?ор?ыт ?мірі мен шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(37) "k-ork-yt-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "215355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432654758"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства