І.Ұйымдастыру 2 мин ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 5 мин ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту 2 мин ІҮ.Білу 5 мин Ү.Түсіну 5 мин ҮІ.Қолдану 2 мин ҮІІ.Талдау 10 мин 2 мин ҮІІІ.Жинақтау 5 мин 5 мин 1 мин 1 мин | Сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Топқа бөлу 1.Қызығушылықты ояту Балалар,біз «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Сол бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері бізге «Ғажайып дорба» жіберіпті.Бұл неғылған ғажайып екен!Білгілерің келе ме?Онда алдымен ішіндегі хатын оқып көрейік. «Достар!Мен сендерге өзім түсінбеген нәрселерді салып жібердім.Мына әріптер бір-бірінен айырылмай,тіркесіп жүр.Ең қызығы,дауысты дыбыстар бұлардың бәрінде бар.Оқысам,көпшілігінің мағынасы түсініксіз.Сөз деп айтуға да болмайды,жеке әріп те емес.Бұл не екен,достарым?Сендер де қарап көріңдерші». Балалар,бұлар нелер?Шынымен де жеке әріп те емес,сөзге де ұқсамайды? Осы буындардан қандай сөздер құрауға болады? 2.Жаңа сабақ (Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылай отырып, төмендегі ережені түсіндіремін.)
3.Суретпен жұмыс Қазақстан байрағының түсі қандай? Қазақстан байрағында не бейнеленген? Қазақстан рәміздеріне нелер жатады? Қазақстан байрағын қай кезде көтереді? 4.Топтық жұмыс І топ Сөздерді дұрыс орналастыр және буындардан сөз құра. Жалауша, ұстады, көк, бала. ІІ топ Сөз құра: бай бүр қы кіт рақ ран.
5. «Кім тапқыр?» ойыны. Қате буынды тап. Түзет. Бал - а, бай - рақ, жал - ау, асп - ан, алақ - ай, ба - ты - р, қоя - н, те - ле - фо - н. 6. Сергіту сәті Жоғары қарап ай көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға,солға бұрылып Егеменді ел көрдім.
7.Сұрақ-жауап минуты. «Қарлы кесек» ойыны. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Оларды ата. Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар? Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір. Жіңішке дауысты дыбыстар қайсы, олар нешеу,ата. Сөзді неге бөлеміз? Дауысты дыбыс қанша болса, сонша не болады? Буынды табуға дауыссыз дыбыстардың қатысы бар ма? ҮІІІ. Бағалау Топ басшыларына бағалату. ( оқушылардан соң өзім бағалап кетемін) ІХ.Кері байланыс Х.Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу. 75-жаттығуды орындау. |
Оқушылар бағаланады |