kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Со?алар ??рылысы мен ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары П?ні:Ауыл шаруашылы?ы машиналары Саба?ты? та?ырыбы: Со?алар ??рылысы мен ж?мысы Саба?ты? ма?сатыны? білімділік міндеті : Со?аларды? жіктелуі, со?аларды? ??рылысын т?сіндіру,о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ж?не ойлау ?абілетін,білім–білік да?дысын ?алыптастыру. Саба?ты? дамытушылы?ы: О?ушыларды? ой-?рісін дамыта отырып заманауи талап?а сай іскерлікке баулу Саба?ты? т?рбиелік ма?саты : О?ушыларды адалды??а, шапша?ды??а ?з бетімен е?бектенуге, ?жымды? ж?мыс ж?ргізу ар?ылы бірлесіп ж?мыс ат?ару?а, ?йымшылды??а т?рбиелеу Саба?ты? типі:Аралас П?н аралы? байланыс : Математика, Биология,Агрономия,Орыс тілі,Шет тілі К?рнекілік:слайд.с?лбалар,о?улы?тар Саба?ты? барысы I. ?йымдастыру кезе?і: аудиторияны? дайынды?ы, теориялы? журнал бойынша о?ушыларды т?гендеу,о?у –??ралдарын тексеру, II. ?й тапсырмасын тексеру. С?ра?тар: 1.?азіргі ?олданылатын топыра? ??дейтін машиналар мен ??ралдар орындайтын технологиялы? процестеріне ?арай ?андай топтар?а б?лінеді? ?й тапсырмасына байланысты Физворд, физограмма шешу III. Жа?а саба?ты т?сіндіру. Жоспары: 1.Со?а туралы жалпы т?сінік ж?не оларды? т?рлері 2.Со?аны ж?мыс?а дайындау 3.Дискілі пыша?пен шымаудар?ышты орнату 4.Е?бек ?ауіпсіздігін са?тау шаралары Со?алар ?азіргі трактор со?алары былайша жіктеуге болады: Ат?аратын ж?мысына ?арай - жалпы ж?мыс ж?не арнаулы ж?мыс со?алары; Корпу санына ?арай –бір,екі,?ш, т?рт,бес,алты,сегіз ж?не то?ыз корпусты; Трактор?а тіркелуіне ?арай -тіркемелі, жартылай аспалы ж?не аспалы; Корпустарыны? ?айырма формасына ?арай- да?ылды?; ?айырмалы(жалпы ж?мыс?а арнал?ан со?алар мен т?ренді сыдыра жырт?ыштар),торлы ?айырмалы (ыл?алды ж?не жабыс?а? топыра?ты ??дейтін),жартылай винтті ж?не винтті ?айырмалы (ты? ж?не ты?ай?ан жерлерді жыртатын) со?алар. Жалпы ж?мыс?а арнал?ан плугтар топыра?ты 27см тере?дікке дейін жырту?а ?олданылады.Арнаулы плугтар ерекше операциялар?а пайдаланылады. Мысалы: ПЛП-135 жола?ты орман плугын орман да?ылдары ?шін топыра? дайындау?а,?рттен са?тандыру ж?не суару жола?тарын ж?ргізуге пайдаланады,сондай а? ол жас а?аштар аралы?ында ашы? ала? жасайды ж?не осы кезде ?са? б?талар мен т?бірлерді ?аза отырып,оларды бір жа?ынан жылжыту ж?мысын да ат?арады. Плуг маркалары былайша о?ылады: ПН-аспалы плуг, ПБН-батпа??а арнал?ан аспалы плуг, ПЛП-жартылай аспалы плуг; ПСГ-гидрофициялан?ан бау- ба?ша плугы; Со?а корпусы Т?рен-топыра? ?ыртысыны? астын тілуге арнал?ан.Оны арнаулы болаттан жасайды.Т?рендер трапеция немесе ?ашау т?різді болады. ?айырма-топыра? ?ыртысын аудару мен ?са?тау?а арнал?ан. Егіс та?тайшасы (жа?тау) со?аны? ж?рісін т?ра?тандырады,тіректі б?йірлік к?штерден же?ілдетеді,?ары? ?абыр?асын ??лаудан са?тайды. ?айырма т?рлері ?айырмалар бет формасына байланысты да?ылды?,цилиндрлі,жартылай винтті ж?не винтті болып б?лінеді.Винтті ж?не жартылай винтті ?айырмалар топыра? ?ыртысын жа?сы аударады.Оларды ты? ж?не ты?ай?ан жерлерді, мысалы ?ш жылды? жо?ыш?аны жырту ?шін ?олданады. Цилиндрлі ж?не да?ылды? формалы ?айырмаларды жа?сы игерілген м?дени егістіктерде ?олданады.Б?л ?айыриалар топыра?ты ?са?таумен ?атар аздап ?ыртысты да аударады. ?айырманы ?ш ?абатты болаттан жасайды.Оны? сырт?ы ?абаттары к?міртекті,ортан?ысы аз к?міртекті болаттан ??ралады да жылумен ??деледі.Б?л ?айырманы? ?рі берік,?рі иілгіш болуына ?сер етеді. ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы со?а Со?аны ж?мыс?а дайындау Со?аны ж?мыс?а дайындау шаралары ж?йесіне-со?аны ??растыру д?рысты?ы ж?не техникалы? жа?дайы оны? ж?мыс тетіктерін орналастыру, тракторды дайындау ж?не оны со?амен тіркестіру,агрегаттарды белгіленген жырту жа?дайына ?зірлеу ж?мыстары жатады. Со?адан шы?арылып алын?ан жеке корпустарды? ??растырылу сапасын, оларды бір-біріне тік ба?ытпен ж?ргізілген торлы сызы?ы бар к?лдене?, металл плитасына ?ойып аны?тайды.Плита ?стіндегі ба?ана?а ар?алы? бекітілген болуы керек, о?ан корпус тірегіні? жо?ар?ы басын бекітеді.Плитада?ы ба?ылау сызы?тары ар?ылы корпус тірегіне бекітілген т?ренні?, ?айырманы? ж?не егістік та?тайшаны? жа?дайларын аны?тайды. Дискілі пыша?пен шымаудар?ышты орнату Со?аны? рамасына пыша? пен шымаудар?ышты? ?ондырылуын т?мендегіше тексереді.Шымаудар?ышты биіктігі бойынша топыра??а 10…12см тере?дікке енетіндей етіп, ?ста?ышымен бекітеді.Б?л ?шін шымаудар?ыш т?рені пыша?ыны? ж?зі, негізгі корпус т?рені пыша?ыны? ж?зінен 20 см тере?дікте жырт?анда 10см жо?ары т?рады,ал 22см тере?дікте-12см-ге, тере?дікте – 15см ж?не 27см тере?дікте 17см жо?ары орналастырылады. Негізгі корпус пен шымаудар?ыш аралы?ынан топыра? еркін т?суі ?шін негізгі корпус т?рені т?мсы?ынан,шымаудар?ыш т?рені, т?мсы?ыны?, со?аны? ж?ріс ба?ыты бойынша аралы?ы тіркемелі со?аларда 30.35см ж?не аспалыларда 20.30см те? болуы тиіс. Шымаудар?ышты? егістік кесіндісі, негізгі корпусты? егістік кесіндісі жазы?ты?ында жату?а тиіс,жыртылма?ан егістік жа?ына ауыстыруы 15мм ге дейін болуы м?мкін.Дискілі пыша? шымаудар?ышты? алдына,корпусты? сол жа?та?ы кесіндісінен ала? жа?ына ?арай дисканы? шы?ын?ылы?ы 1…3см, ал шымаудар?ыш шетінен бір сантиметрдей болатындай етіп ?ондырылады.Дискі орталы?ы шымаудар?ыш т?рені т?мсы?ыны? ?стіне ?ондырылады.Дискі орталы?ы шымаудар?ыш т?рені т?мсы?ыны? ?стіне ?ондырылады, ал диск пыша?ы пыша?ы ж?зіні? т?менгі н?ктесі, оны? т?мсы?ынан 2…3см т?мен болуы тиіс. Шым аудар?ыш –б?л алым ені 23см да?ылды? ж?мыс беті бір кішігірім корпус.Шым аудар?ыш топыра?ты? жо?ары ?абаты12см –ге дейінгі тере?дікте кесіп, ?са?тап, аударып, оны борозда т?біне салу?а арнал?ан.Соны? н?тижесінде арамш?птер мен ?сімдік ?алды?тары к?міліп ?алады. Пыша?- топыра?ты тік жазы?ты?та кеседі, топыра? ?абатын жа?сы аудару?а ы?пал жасайды, со?аны? т?ра?ты ж?руін ж?не жырту тере?дігін бір ?алыптылы?ын ?амтамасыз етеді.Пыша дискілі, сапты ж?не жалпа? болып б?лінеді.Диск пыша?ы ?зіні? ?сінен еркін айналып т?руы ?ажет.Диск пыша?ы ж?зіні? ?алы?ды?ы 0.4мм аспайды.Пыша? тірегі мен Оны? айырыны? еркін ж?рісі т?жді шайба ар?ылы реттеледі. Арт?ы тіреуіш до??ала?ы жер жырту тере?дігін реттеуге арнал?ан.Тиісті тере?дікке ?ою ?шін тірекке белгілер жасалын?ан.Арт?ы тіреуіш до??ала?ы тіректен (4), т?т?ыштан (3), жартылай осьтен (10)ж?не до??ала? дискілі ??рсаудан (12) т?рады.Т?реуіш до??ала?ы негізгі аралы??а орналасады.Оны жо?ары к?теру немесе т?мен т?сіру винт т?т?асын б?рау ар?ылы орындалады. Алды??ы боразда до??ала? механизмі корпусты? тіреу жазы?ты?ына ?арай боразда до??ала?ын орнату?а ж?не реттеуге арнал?ан, сондай-а? со?аны ж?мыс ?алпынан тасымал ?алпына келтіру( немесе керісінше) ?ызметін де ат?арады.Алды??ы борозда до??ала?ыны? механизімі негізге аралы??а ??растырылады. Со?аны? жырту тере?дігін ала?да реттеу Егер жырту кезінде тракторды? алды??ы д??гелегін ашы? ?ары?та ж?ргізетін болса, онда тракторды? сол жа? ж?не со?аны? тірек д??гелегіні? астына та?тайша ?ояды. Ал?ап жа?дайында со?аны тексеру Ж?мысшы органдарын тексергеннен кейін плугты оны? корпусыны? т?рендерін жерді? бетіне тиетіндей етіп, ал рамасы к?лдене? т?ратындай етіп, тере? ала??а орналастырылады.Трапециялы т?рен жерді? бетіне пыша? ж?зіні? барлы? ?зынды? бойымен т?гел,ал ?ашау т?різді т?рен тек ?ана т?мсы?ымен тиюге тиісті.?ашау т?різді т?ренні? о? жа? ?шы жер бетінен 10мм жо?ары к?теріліп т?руы керек.Барлы? корпустарды? т?рен пыша?тарыны? ж?зі бір-біріне параллель болады, ал т?рен т?мсы?тары мен оларды? о?жа? ?штары параллель екі т?зуде жатады.Ал?ап жа?дайында м?ны,?зынды? бойына шпагатты тартып ?арау ар?ылы тексереді.Т?рент?мсы?ы мен олард? о? жа? ?шыны? штангіден ауыт?уы 5мм аспауы тиіс.Корпустарды? егістік кесінді жазы?ты?ы бір- біріне параллель болады. Со?аны? алым енін реттеу К?п корпусты со?аны? алым еніні? д?рыс болуына ?ол жеткізу ?шін, тракторды ?ары? шетінен жеткілікті ?ашы?ты?та ж?ргізу керек. Жыртыл?ан жерді? сапасын тексеру Жырту тере?дігін ашы? ?ары?та жиырма жерден ?лшейді.Берілген тере?діктен ауыт?у 2см м?лшерінде. ?абатты? аударылу сапасын, ?сімдік ?алды?тарыны? к?мілуін, а?та?да?ты? ж?не ?абатты? кесілмей ?алуын диаганал бойынша тексеру. Со?а?а техникалы? ?ызмет к?рсету Аусымнан кейінгі ж?не маусымнан кейінгі техникалы? ?ызмет к?рсету ?арастырыл?ан.Аусымнан кейінгі техникалы? ?ызмет к?рсету-со?аны ша?нан,топыра?тан, ?сімдік ?алды?тарынан тазартады, механизмдермен болтты? ?осылыстарды? ж?нділігін тексереді, ?ажет бол?ан жа?дайда т?ренні? ж?зін ауыстырады. Со?аларды са?тау орнына ?ою Са?тау?а ?оярды? алдында со?аны? техникалы? к?йін тексереді, кезекті техникалы? ?ызмет к?рсетеді.Бояуы кеткен жерлерді бояйды, ж?мысты? м?шелерді? беттерін ж?не б?рандаларды т?мшалау майларымен майлайды.Со?аларды жабы? жерлерде немесе арнайы ала?дарда са?тайды. Е?бек ?ауіпсіздігін са?тау шаралары Со?амен ж?мыс істеуге арнайы ку?лігі бар ж?не е?бек ?ауіпсіздігін са?тау ережесі бойынша н?с?аудан ?ткен адам жіберіледі. Т?ренді айырбастау ж?не б?лшектерді ?атайту ж?мыстарын трактор маторы ?шіп т?р?ан кезде орындау керек. Сергіту с?ті: О?ушыларды ту?ан жерін ?адірлеуге т?рбиелеу ма?сатында «Шиелім» ?нін ты?дай отырып сурет ар?ылы со?аны ??растыру IV. Жа?а саба?ты бекіту: С?рактарды беру ар?ылы,о?ушыларды? білімін тексеру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Со?алар ??рылысы мен ж?мысы »

Сабақ жоспары


Пәні:Ауыл шаруашылығы машиналары

Сабақтың тақырыбы: Соқалар құрылысы мен жұмысы


Сабақтың мақсатының

білімділік міндеті : Соқалардың жіктелуі, соқалардың құрылысын

түсіндіру,оқушылардың қызығушылығын және

ойлау қабілетін,білім–білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып заманауи талапқа сай іскерлікке баулу


Сабақтың тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа өз бетімен

еңбектенуге, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы

бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:Аралас

Пән аралық байланыс : Математика, Биология,Агрономия,Орыс тілі,Шет тілі

Көрнекілік:слайд.сұлбалар,оқулықтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: аудиторияның дайындығы, теориялық журнал бойынша

оқушыларды түгендеу,оқу –құралдарын тексеру,

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

1.Қазіргі қолданылатын топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар орындайтын технологиялық процестеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

Үй тапсырмасына байланысты Физворд, физограмма шешу

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

1.Соқа туралы жалпы түсінік және олардың түрлері

2.Соқаны жұмысқа дайындау

3.Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату

4.Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары

Соқалар

Қазіргі трактор соқалары былайша жіктеуге болады:

Атқаратын жұмысына қарай - жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс соқалары;

Корпу санына қарай –бір,екі,үш, төрт,бес,алты,сегіз және тоғыз корпусты;

Тракторға тіркелуіне қарай -тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы;

Корпустарының қайырма формасына қарай- дақылдық;

Қайырмалы(жалпы жұмысқа арналған соқалар мен түренді сыдыра жыртқыштар),торлы қайырмалы (ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін),жартылай винтті және винтті қайырмалы (тың және тыңайған жерлерді жыртатын) соқалар.

Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27см тереңдікке дейін жыртуға қолданылады.Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады.

Мысалы:

ПЛП-135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға,өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады,сондай ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып,оларды бір жағынан жылжыту жұмысын да атқарады.

Плуг маркалары былайша оқылады:

ПН-аспалы плуг,

ПБН-батпаққа арналған аспалы плуг,

ПЛП-жартылай аспалы плуг;

ПСГ-гидрофицияланған бау- бақша плугы;

Соқа корпусы

Түрен-топырақ қыртысының астын тілуге арналған.Оны арнаулы болаттан жасайды.Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады.

Қайырма-топырақ қыртысын аудару мен ұсақтауға арналған.

Егіс тақтайшасы (жақтау) соқаның жүрісін тұрақтандырады,тіректі бүйірлік күштерден жеңілдетеді,қарық қабырғасын құлаудан сақтайды.

Қайырма түрлері

Қайырмалар бет формасына байланысты дақылдық,цилиндрлі,жартылай винтті және винтті болып бөлінеді.Винтті және жартылай винтті қайырмалар топырақ қыртысын жақсы аударады.Оларды тың және тыңайған жерлерді, мысалы үш жылдық жоңышқаны жырту үшін қолданады.

Цилиндрлі және дақылдың формалы қайырмаларды жақсы игерілген мәдени егістіктерде қолданады.Бұл қайыриалар топырақты ұсақтаумен қатар аздап қыртысты да аударады.

Қайырманы үш қабатты болаттан жасайды.Оның сыртқы қабаттары көміртекті,ортанғысы аз көміртекті болаттан құралады да жылумен өңделеді.Бұл қайырманың әрі берік,әрі иілгіш болуына әсер етеді.

ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа

Соқаны жұмысқа дайындау

Соқаны жұмысқа дайындау шаралары жүйесіне-соқаны құрастыру дұрыстығы және техникалық жағдайы оның жұмыс тетіктерін орналастыру, тракторды дайындау және оны соқамен тіркестіру,агрегаттарды белгіленген жырту жағдайына әзірлеу жұмыстары жатады.

Соқадан шығарылып алынған жеке корпустардың құрастырылу сапасын, оларды бір-біріне тік бағытпен жүргізілген торлы сызығы бар көлденең, металл плитасына қойып анықтайды.Плита үстіндегі бағанаға арқалық бекітілген болуы керек, оған корпус тірегінің жоғарғы басын бекітеді.Плитадағы бақылау сызықтары арқылы корпус тірегіне бекітілген түреннің, қайырманың және егістік тақтайшаның жағдайларын анықтайды.

Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату

Соқаның рамасына пышақ пен шымаударғыштың қондырылуын төмендегіше тексереді.Шымаударғышты биіктігі бойынша топыраққа 10…12см тереңдікке енетіндей етіп, ұстағышымен бекітеді.Бұл үшін шымаударғыш түрені пышағының жүзі, негізгі корпус түрені пышағының жүзінен 20 см тереңдікте жыртқанда 10см жоғары тұрады,ал 22см тереңдікте-12см-ге, тереңдікте – 15см және 27см тереңдікте 17см жоғары орналастырылады.

Негізгі корпус пен шымаударғыш аралығынан топырақ еркін түсуі үшін негізгі корпус түрені тұмсығынан,шымаударғыш түрені, тұмсығының, соқаның жүріс бағыты бойынша аралығы тіркемелі соқаларда 30...35см және аспалыларда 20...30см тең болуы тиіс.

Шымаударғыштың егістік кесіндісі, негізгі корпустың егістік кесіндісі жазықтығында жатуға тиіс,жыртылмаған егістік жағына ауыстыруы 15мм ге дейін болуы мүмкін.Дискілі пышақ шымаударғыштың алдына,корпустың сол жақтағы кесіндісінен алаң жағына қарай дисканың шығынқылығы 1…3см, ал шымаударғыш шетінен бір сантиметрдей болатындай етіп қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады, ал диск пышағы пышағы жүзінің төменгі нүктесі, оның тұмсығынан 2…3см төмен болуы тиіс.

Шым аударғыш –бұл алым ені 23см дақылдық жұмыс беті бір кішігірім корпус.Шым аударғыш топырақтың жоғары қабаты12см –ге дейінгі тереңдікте кесіп, ұсақтап, аударып, оны борозда түбіне салуға арналған.Соның нәтижесінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары көміліп қалады.

Пышақ- топырақты тік жазықтықта кеседі, топырақ қабатын жақсы аударуға ықпал жасайды, соқаның тұрақты жүруін және жырту тереңдігін бір қалыптылығын қамтамасыз етеді.Пыша дискілі, сапты және жалпақ болып бөлінеді.Диск пышағы өзінің өсінен еркін айналып тұруы қажет.Диск пышағы жүзінің қалыңдығы 0.4мм аспайды.Пышақ тірегі мен

Оның айырының еркін жүрісі тәжді шайба арқылы реттеледі.

Артқы тіреуіш доңғалағы жер жырту тереңдігін реттеуге арналған.Тиісті тереңдікке қою үшін тірекке белгілер жасалынған.Артқы тіреуіш доңғалағы тіректен (4), тұтқыштан (3), жартылай осьтен (10)және доңғалақ дискілі құрсаудан (12) тұрады.Түреуіш доңғалағы негізгі аралыққа орналасады.Оны жоғары көтеру немесе төмен түсіру винт тұтқасын бұрау арқылы орындалады.

Алдыңғы боразда доңғалақ механизмі корпустың тіреу жазықтығына қарай боразда доңғалағын орнатуға және реттеуге арналған, сондай-ақ соқаны жұмыс қалпынан тасымал қалпына келтіру( немесе керісінше) қызметін де атқарады.Алдыңғы борозда доңғалағының механизімі негізге аралыққа құрастырылады.

Соқаның жырту тереңдігін алаңда реттеу

Егер жырту кезінде трактордың алдыңғы дөңгелегін ашық қарықта жүргізетін болса, онда трактордың сол жақ және соқаның тірек дөңгелегінің астына тақтайша қояды.

Алқап жағдайында соқаны тексеру

Жұмысшы органдарын тексергеннен кейін плугты оның корпусының түрендерін жердің бетіне тиетіндей етіп, ал рамасы көлденең тұратындай етіп, терең алаңға орналастырылады.Трапециялы түрен жердің бетіне пышақ жүзінің барлық ұзындық бойымен түгел,ал қашау тәрізді түрен тек қана тұмсығымен тиюге тиісті.Қашау тәрізді түреннің оң жақ ұшы жер бетінен 10мм жоғары көтеріліп тұруы керек.Барлық корпустардың түрен пышақтарының жүзі бір-біріне параллель болады, ал түрен тұмсықтары мен олардың оңжақ ұштары параллель екі түзуде жатады.Алқап жағдайында мұны,ұзындық бойына шпагатты тартып қарау арқылы тексереді.Түрентұмсығы мен олардң оң жақ ұшының штангіден ауытқуы 5мм аспауы тиіс.Корпустардың егістік кесінді жазықтығы бір- біріне параллель болады.

Соқаның алым енін реттеу

Көп корпусты соқаның алым енінің дұрыс болуына қол жеткізу үшін, тракторды қарық шетінен жеткілікті қашықтықта жүргізу керек.

Жыртылған жердің сапасын тексеру

Жырту тереңдігін ашық қарықта жиырма жерден өлшейді.Берілген тереңдіктен ауытқу 2см мөлшерінде.

Қабаттың аударылу сапасын, өсімдік қалдықтарының көмілуін, ақтаңдақтың және қабаттың кесілмей қалуын диаганал бойынша тексеру.

Соқаға техникалық қызмет көрсету

Аусымнан кейінгі және маусымнан кейінгі техникалық қызмет көрсету қарастырылған.Аусымнан кейінгі техникалық қызмет көрсету-соқаны шаңнан,топырақтан, өсімдік қалдықтарынан тазартады, механизмдермен болттық қосылыстардың жөнділігін тексереді, қажет болған жағдайда түреннің жүзін ауыстырады.

Соқаларды сақтау орнына қою

Сақтауға қоярдың алдында соқаның техникалық күйін тексереді, кезекті техникалық қызмет көрсетеді.Бояуы кеткен жерлерді бояйды, жұмыстық мүшелердің беттерін және бұрандаларды тұмшалау майларымен майлайды.Соқаларды жабық жерлерде немесе арнайы алаңдарда сақтайды.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары

Соқамен жұмыс істеуге арнайы куәлігі бар және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі бойынша нұсқаудан өткен адам жіберіледі.

Түренді айырбастау және бөлшектерді қатайту жұмыстарын трактор маторы өшіп тұрған кезде орындау керек.

Сергіту сәті: Оқушыларды туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында «Шиелім» әнін тыңдай отырып сурет арқылы соқаны құрастыру

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрактарды беру арқылы,оқушылардың білімін тексеру

1.Тест сұрақтары

Сұрақтар:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

V. Жана сабақты қорытындылау: .

« Сөзжұмбақ», «Ребус» шешу

Оқушыларға тіл байыту мақсатында «Соқа» сөзін үш тілде жаздыру

Қазақша «Соқа» ,орысша «Плуг»,ағылшынша «Plow»

Оқушыларды жаңалыққа ұмтылдыру мақсатында жаңа трактор Ландинимен жер жырту сәті видеобейне көрсетілімі

Оқушыларды бағалау

VI.Үй тапсырмасын беру: Соқалар жұмысы мен құрылысы

Пайдаланылған әдебиеттер :Ауыл шаруашылығы машиналары

Ш.Н. Нұртаев,Е.Т.Сапарбаев, Воронов Ю.В

Ауылшаруашылық машиналары Н.Әліпбеков. Қ,Дүйсебаев, Ә.Байниязов





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Со?алар ??рылысы мен ж?мысы

Автор: Ж?матова Галина Тасболат?ызы

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199620


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства