Просмотр содержимого документа
«Адам жақсы ісімен көрікті»
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №5 мектеп-лицейі
Мерзімі:21.11.17ж
Тақырып : «Адам жақсы ісімен көрікті»
Құндылық сүйіспеншілік
Қасиеттер: ізгілік,адалдық,сыйластық
Мұғалім: Алшора Д.Б.
Сыныбы: 2 «а»
Сабақтың мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: -отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру. -адалдық,сыйластық қасиеттерін дамыту -ізгілікке тәрбиелеу
Ресурстары: Интерактивті тақта . Жақсылық туралы мақалдар, Нақыл сөздер. Карточкалар, әр түрлі суреттер
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. 2 Тыныштық сәті. 3 Үй тапсырмасын тексеру:
Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұста-ңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашу-да. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақта-рыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгел-дей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімде-ріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Дәйексөз: «Үлкен алдында жас парызы,ата алдында бала парызы – әдеп пен сый»
М.Әуезов 1.Мұғалім оқиды. 2.Мұғаліммен бірге дауыстап оқиды. 3.Ұл балалар дауыстап айтады. 4.Қыз балалар дауыстап айтады.
Дәйексөздің мағынасы туралы қорытынды шығарамын.
Мұғалім сыйы:
Автобуста Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік. - Мұнда отырыңыз, деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды. - Рақмет, балалар,- деді анам отырып жатып. - Апа, рақметті не үшін айттыңыз? - Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады. Сәлден кейін базарға жеттік. Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап: 1. Автобустағы екі баланың орнында сен не істер едің? 2. Әңгімеден қандай ой түюге болады?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
1-т.Отбасы мүшелерінің құқылары мен мідеттерін жазу. 2-1. Тиісті сөздерді қатыстырып отбасы бақыты туралы жазу.
6. Топпен ән айту. «Бала тілегі» әнін айту
7. Үй тапсырмасы «Аурудан аяған күштірек»
8. Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар аяқ қолдарымызды айқастырмай, денемізді тіке ұстап отырайық.Бүгінгі сабақтан алған жағымды әсерлерімізді өзіміздің ойымызға сақтап, жүрегімізге түйіп алайық. - Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар