Просмотр содержимого документа
«Адам әрекетінен жер бедерінің өзгеруі»
Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағының жер бетінің адам әрекетінен мұнай,газ өндіру,шахтадан көмір қазу,карьерден тас кесуінен өзгеруі туралы мағлұмат беру.
Д. Оқушыларға өздері тұрған жерде адамның шаруашылық әрекетінен жер бетінің өзгеріске ұшырағанын түсіндіре отырып, ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан дамыту.
Т.Оқушыларды жер бетінің жасанды пішіндері туралы ескере отырып,оны қорғауға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
Оқушыөзойынеркін, сынитұрғыданойлайотырыпжеткізежәнеталдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтық оқыту.2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Ассоциация (INSERT түртіп алу,) стратегиясы) 3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (слайдтар),5-моуль .Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 6-модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтамен жұмыс
Топпен жұмыс
Рефлексия
Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру
Оқушының зейінін сабаққа аудару
Топқа бөлу
Мәтінді тарату
Деңгейлік тапсырма
Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Психологиялық тренинг.
« Кедергіден өту»тренингі.
І. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Модуль СТО миға шабуыл. Диалогтық оқыту
1-топ. Жер беті қалай өзгереді?
2-топ.Жер бетінің өзгеруіне сыртқы күштердің әсері қандай?
3-топ.Жер бетінің өзгеруіне ішкі күштердің әсері.
4-топ. Өз тұрған жеріміздің жер беті
2. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу. СТО миға шабуыл
Жер беті тағы қандай жолдармен өзгереді?Таудан кен ,пайдалы қазбалар қазу жолымен.
Оны кімдер қ азады? Адамдар. Жер беті кімнің әрекетімен өзгереді?
Адамның әрекетінен жер бетінің өзгеруі
3-тапсырма. Модуль АКТ слайдтан суреттер көрсету .«Мамандықтар»бойынша топтарға бөліну.
Үйге тапсырма. « Адам әрәкетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұндау,суреттер салу Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу Түрі:аралас сабақ Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта. Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару 1-бөлім. «Қайталау-білім анасы» ІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту «Кім тапқыр?» ойыны Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу 1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді? 2.Террикондар деген не? 3.Оба деген не? 4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады? 5.Қазақстанның жер көлемі қанша? Суреттер: жазық,тау,өзен 2-бөлім.Білімге құштарлық IV.Жаңа сабақ Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша) Жер көлемі 2.7млн км Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995) Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132) Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%) Қазақстанның жер бедері Жер бедері дегеніміз не? Жер бедері дегеніміз – пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.
Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады. Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері 1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан. 2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды. 3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады. 4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады. 3-бөлім. «Кітап – білім бұлағы» Оқулықпен жұмыс Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту Сергіту сәті Қолымды көкке көтерсем Көрсетеді солтүстік. Аяқ бассам оңтүстік. Оң қолым шығысым, Ал сол қолым батысым. Бағыттарды анықтап, Айналамын жер шарын. 4-бөлім. «Іздеген жетер мұратқа» Сарамандық жұмыс Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту. Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз? Тауларды ше? Мұздықтардың шартты белгісі қандай? Картадан тауып көрсету. Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру) 1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары 2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес 3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең 4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық 5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол 6.Ел іші-алтын бесік Дәптермен жұмыс Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу Шоқы туралы түсінік беру,шоқыны көргендері болса әңгімелету.Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды,оның шыңын таныстыру. Шыңның атауы Орналасқан жері Биіктігі Хантәңірі шыңы Сарыжаз 6995 м Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы Меридиандық жота 6276м Талғар шыңы Іле Алатауы 4973м Мұзтау шыңы Алтай тауы 4506м Манас шыңы Талас Алатауы 4482м Тау жотасы-созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері.Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды,мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады.Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйінділері деп атайды.Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады. Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді. 5-бөлім. «Бәрін білгім келеді» Бұл қызық! Ең, ең,ең Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс Ең терең көл-Байкал Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған ел-Түркия Ең ұзын сөз-қанағаттандырылмағандықтан,залалсыздандырылмағандықтан 6-бөлім. «Үйренгенім көп менің» “Кім жүйрік” ойыны -Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не? -Елімізде жазықтың қандай түрлері бар? «Алатау»сөзі қандай мағына береді? -Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт. VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұны. VIІ. Бағалау
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Сатқын жапалақ.(ертегі)
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту.Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Шаттық шеңбері Қарлығаш боп ұшайық,
Қане,қанат қағайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Оқушыларды құстардың суреті арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 «.Бес ешкі» ертегісінің мазмұнын айтқызу
2 Рөлге бөліп оқыту
Ертегі қалай басталады?
Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады?
Кедей малын қалай шақырады?
Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
ІІІ. Өткенді пысықтау.Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі.1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. үкі, жапалақ туралы жұмбақ шешу.
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнінен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
( үкі)
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен тыс қалдым
( жапалақ)»
Ү. Жаңа сабақ.
Олай, болса, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Сатқын жапалақ» деп аталады.
а)Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
б) Мәтінді іштей оқыту.
в) Тізбектей оқыту
Дәптермен жұмыс
1-топ
Жоспар құру
а) Патшаның жарлығы
б) Үкінің бауырмалдығы
в) Жапалақтың сатқындығы
2-топ
Ертегідегі құстаға мінездеме беру
Үкі- ақылды, бауырмал,батыл
Жапалақ – өз басын ойлайтын опасыз, сатқын
Көкжендет– мейірімсіз, жағымпаз
3- топ
Ертегідегі құстардың суретін салу
Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.
Неден салынсын?
Әдемі қырналған ақ сүйектен
Сүлеймен патшаның сарайы Ылғи да бас сүйектен
Сарғаймаған жас сүйектен
Адамдар мен құстардың бас сүйегінен
«Қызықты мәліметтер» кезеңі
Үкі – негізінен орманды мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Жұптарын өмір бойы сақтайды.Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.Қазақта үкінің қауырсыны пәле-жаладан сақтайды деген ұғым бар.
Байғыз- жапалақ тәрізді.Орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар.Жартастағы үңгірлкерге ұя жасап, төрт-алты ғана жұмыртқа салады.Салмағы 195-260 грамдай болады.
Жапалаққауырсындары қалың және қопсып тұрады. Сондықтан ұшқанда дыбысшығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздептабады.Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген.Жемсауы болмайды.
Сергіту сәті. Ұшты – ұшты» ойыны
ҮІІ Қорыту.Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады?
«Тілек ағашы»
Екі жұлдыз, бір тілек
Ертегіден алған әсерлерін тілек ағашына қағазға жазып жапсырады
ҮІІІ Үйден: 1. Түсініпоқу, көкжендеттің Үкіге айтқан сөзін тауып, дәптеріңе жазып ал.
2.Бағалау.\
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата Ұшардың ұлуы – тыңдату Қорқыт – Қобыз – тыңдату Мақсаты: Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру. Қобыз аспабын таныстыру. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу. Көрнекілік :Қобыз, домбыра аспаптары, көрсету, үнтаспа, қорқыттың суреті, қобыз аспабы Сабақтың барысы: ҰйымдастыруПсихологиялық тренинг: өз есімінің басқы әріпінен басталатын бойындағы қасиетті айту Үй тапсырмасыЕкі ешкі -Нені білдік? Күйші композитор Құрманғазы Батыс Қазақстан Атасы Алқа Әкесі Сағырбай Шәкірті Дина Күйлері «Ақсақ киік» «Адай» «Балбырауын»7Еркіндік, теңдік үшін күрескер -Нені есімізге сақтаймыз?Басы,құлағы,мойны,пернесі,Домбыра ішегі,шанағы,тиек,түймесі -Не үйрендік? И Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» орындау Жаңа сабақ Фқфофрфқфыфтф фафтфаф «Ф» әрпін сызып таста сонда сөз оқылады ( Қорқыт ата) 1 «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді. Қорқыт туралы аңыз көп Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ түре тыңдапты. Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз. Ермексаздан «Қобыз» аспабын жасау Күйлері: «Қорқыт» «Аққу» «Әуппай» «Башпай» «Желмая» «Ұшардың ұлуы» т. б. Оқулықпен жұмыс.Қортындылау Бағалау Үйге тапсырма
Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Әкесі Дүкен асқан қобызшы болған. Күйлері: «Асанқайғы» «Ерден» «Бозторғай» т. б. Қорқыттың ізін жалғастырып келе жатқан қобызшылар: Саян Ақмолда, Ақерке Тәжібаева, әнші, депутат Бекболат Тілеуханов. Әнші Гүлнұр Оразымбетованың орындауында «Қорқыт - қобыз» тыңдату. Қорытынды: 1. Бүгінгі сабақта қандай күйшімен таныстық? 2. Қорқыт қай жерде дүниеге келген(картадан көрсету)? 3. Қорқыт кім болған? 4. Қорқыт қандай аспап жасады? 5. Қобыздың түрлерін ата? 6. Қорқыттың күйлерін ата? 7. Қорқыттың қандай күйін тыңдадық? 8. Қорқыттың ізін жалғастырушы кімдер? 9. Г. Оразымбетованың орындауында қандай ән тыңдадық?
Венн диаграммасы Бағалау: Нотамен бағалау. Үйге тапсырма: Қорқыт туралы түсінік айту, ит туралы мақал - мәтел.
Тақырыбы: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай. Мақсаты: 1. « Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» жайлы түсінік беру. 2. Білімін, тілін дамыту. 3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелер Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындық II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай. 1. Тақырыпты оқыту. 2. Мазмұнын сұрау. III Білімді тексеру кезеңі: 1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. -Аңыз кімдер туралы құрылған? - Жұрт байды неліктен «Шығайбай»деп атап кеткен? - Алдар Шығайбайдың ауылына не үшін аттанады? -Алдар жолда көргендерін қалай тұспалдап айтты? - Оның сөзі Шығайбайдың отбасын не істеуге мәжбүр етті? 2.Қорытындылау IV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай. V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Тақырыпты оқу, талдау. Рөлге бөліп оқыту. 2. Сөздік жұмысы. 3.Сергіту сәті VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Мәтінді оқушыларға оқыту. а/ іштей ә/ дауыстап тізбектей. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. -Аңыз кімдер туралы құрылған? - Жұрт байды неліктен «Шығайбай»деп атап кеткен? - Алдар Шығайбайдың ауылына не үшін аттанады? -Алдар жолда көргендерін қалай тұспалдап айтты? - Оның сөзі Шығайбайдың отбасын не істеуге мәжбүр етті? 3. Тапсырмаларды орындау. VII Бекіту кезеңі Қорытындылау VIII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау 1 4-19 бет. 2.Бағалау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Пайымдау мәтіні Сабақтың мақсаты: Пайымдау мәтінін ішкі құрылымдық ерекшеліктерін білу Сабақтың нәтижесі: 1.Пайымдау мәтінін ішкі құрылымдық ерекшеліктерін біледі 2.Пайымдау мәтінін бөліктерге бөлуді түсінеді 3.Өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдейді Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», жеке жұмыс, «Өрмекшінің торы» Сабақтың түйінді идеялары: Пайымдау мәтінін ішкі құрылымдық ерекшеліктерін білу Сабақтың барысы
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқушының іс-әрекеті
ОҮБ және ОБ Қолданы латын ресурстар 10 мин І.Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтас тық атмосферасын құру
Стикерлерге жазылған мәтін түрлері арқылы топқа бөледі
20-жаттығу Венн диаграммасы арқылы бақбақ пен күнді салыстыру
«Лабиринт» ойыны Оқу құралдарын түгелдейді.
Күзгі жапырақтарға тілектерін жазып, ағашқа жапсырады
1-топ Әңгімелеу мәтіні Түйе төрт түлік малға жатады. 2-топ Сипаттау мәтіні Түйе сирақтары ұзын, мойны имиген жануар 3-топ Пайымдау мәтіні Түйе адамға пайдалы.Себебі, оның етін, жүнін, сүтін пайдаланамыз Бақбақ Күн кішкентай үлкен тірі зат өлі зат жерде аспанда домалақ домалақ сары сары
Сұрақтарға жауап беріп,тиін, қасқыр, аюды лабиринттен шығарады
Өзін-өзі бағалау
Күзгі жапырақ тардың суреттері
Стикерлер
Венн диаграмма сы
Лабиринт, аңдардың суреттері 30 мин ІІ. Таныстыры лым
Оқулықпен жұмыс 22-жаттығуды орындауға бағыт-бағдар беріп отырады
Музыка әуенімен қимыл жаттығуларын орындау
«Ойлан, жұптас, бөліс» Мәтінді оқу,пайымдау мәтінінің бөлктерін табу арқылы дәлелдеуге көмектеседі, бағыт-бағдар береді
Жеке жұмыс 23-жаттығу Өлеңнен пайымдау мәтінінің бөліктерін тап.
Дарынды оқушымен жұмыс Бір оқушы тезис айтады, екінші оқушы соны дәлелдейді
Пайымдау мәтінінің бөліктерімен танысады
Пайымдау мәтінінің бөліктерін көмекші сөздердің көмегімен байланыстырып айтады: Дәлелденетін пікір
Себебі
Дәлелдеу
Сондықтан
Қорытынды
Музыка әуенімен қимыл жаттығуларын орындайды
1-топ «Орман» мәтінін оқып, бөліктерін табу арқылы пайымдау мәтін екенін дәлелдейді, Мәтін бөліктерін постерға түсіреді, қорғайды
2-топ «Ақбөкен» » мәтінін оқып, бөліктерін табу арқылы пайымдау мәтін екенін дәлелдейді, Мәтін бөліктерін постерға түсіреді, қорғайды
3-топ «Құмырсқа» мәтінін оқып, бөліктерін табу арқылы пайымдау мәтін екенін дәлелдейді, Мәтін бөліктерін постерға түсіреді, қорғайды
Өлеңді оқиды, пайымдау мәтін екенін дәлелдейді, бөліктерін табады. Жаттығуды орындайды, бірін-бірі тексереді
Сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастыру Өзін-өзі бағалау
Топтық бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Өзара бағалау
Өзін-өзі бағалау Тапсырма лар
сызба
Оқулық Сызба
АҚТ
Бағалау парағы, постер, маркерлер,стикерлер
Оқулық, сурет
сурет 5 мин ІІІ. Қорытынды
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы қорытындылау
Үй тапсырмасын береді 24-25 жаттығулар
Бағалау парақшаларын жинап алып, қорытынды баға шығарады
-Бүгінгі сабақта не білдіңдер? -Жаңа тақырыптың мазмұны түсінікті болды ма? Бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді Үй тапсырмасын күнделігіне жазып, топта талқылап, ойларын жинақтап,қалай орындауға болатынына бағыт алады
Күн-түсіндім, жартылай күн-жартылай түсіндім, бұлт-түсінбедім Өзін-өзі бағалау
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: А)Білімділігі:
Оқушыларға синтаксис, сөз тіркесі туралы
түсінік беру, алған білімдерін нығайту;
Ә)Дамытушылығы:
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыра
отырып, жан-жақты сұрақтар қою арқылы
ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық
қабілетін дамыту;
Б) Тәрбиелілігі:
Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза
жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың жаңа технологиясы: 1. Сатылай кешенді талдау
Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім.
(М.Әуезов)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
І деңгейлік тапсырма(сұрақтарға жауап беру)
Морфология
Морфология нені зерттейді?
2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
Сөз таптарының түрленуі дегеніміз не?
4.Тұйық етістіктің түрленуі қалай жасалады?
ІІ деңгейлік тапсырма (талдау түрлерін жасау)
Мен досыма келе жатқанымды ұмытып кетіппін.
2.Туған елдің келешегін сақтауға міндеттіміз, Шығыс ұлы!
ІІІ деңгейлік тапсырма (тест сұрақтарына жауап беру)
1.Морфология нені зерттейді?
А) Тіл дыбыстарын
Б) Сөз құрамын, сөз таптарын
В) Сөз тіркесі мен сөйлемдерді
Зат есімнің түрленуі
А) Жалғаулар арқылы
Б) Шылаулар арқылы
В) Жұрнақтар арқылы
3.Сын есімнің түрленуі
А) Шырайлар арқылы
Б) Шақтар арқылы
В) Рай арқылы
4.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал) түрленген сан есмді тап.
А) білекті, білімді
Б) бірді, мыңды
В) жығар
5.Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңі
А) Етістіктің райлары
Б) Есімше, көсемше
В) Етістіктің шақтары
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі
А) Етістіктің шақтары
Б) Етістіктің райлары
В) Көсемшенің түрленуі
–қы,-кі,-ғы,-гі,-қай,-гей,-қай,-кей жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі
А) Қалау рай
Б) Шартты рай
В) Бұйрық рай
8.Айтқанның, көргенім, оқығансың, білетіні қай етістіктің түрленуі?
«Енді оған сөйлеуді қойдым» сөйлемдегі тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі
А) Толықтауыш
Б) Анықтауыш
В) Пысықтауыш
Тест жауаптары Бағалау
Б 10-9 «5»
А 8-6 «4»
А 5-3 «3»
Б 2-1 «2»
В
Б
А
В
Б
А
ІІІ.Жаңа сабақ Синтаксис. Сөз тіркесі .
Синтаксис
1.Грамматиканың бір саласы
2.Грек тілінен енген сөз
«Құрау», «құрастыру», «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді.
4.Сөз тіркесі мен сөйлемдерді зерттейді.
Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр.
(сөйлемді ретке келтіру керек)
Синтаксис
1.Сөз тіркесі синтаксисі
Жай сөйлем синтаксисі
Құрмалас сөйлем синтаксисі
Сөз тіркесі синтаксисі
1.Сөйлем ішінде танылады.
Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр.
2.Кем дегенде толық екі мағыналы екі сөзден құралады,
жеке- жеке сұраққа жауап береді.
1.Еркебұлан отыр.
2.Жалғыз отыр.
3.Ақ отаудың төрінде отыр.
Ақ отаудың төрінде
Қазір отыр.
3.Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі
грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады.
1.Ақ отаудың төрінде отыр.
4.Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді.
1.Жалғыз отыр. 3.Ақ отаудың төрінде отыр.
Ақ отаудың төрінде 4. Қазір отыр.
5.Сөз тіркесі-сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегі.
Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады.
1.Басыңқы сыңар-сөз тіркесін жасауға қатысқан тірек екінші
сөз.
2.Бағыныңқы сыңар-тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат
беретін бірінші сөз.
Бағ. бас.
Еркебұлан отыр.
2.Ақ отаудың төрінде
3.Жалғыз отыр.
Басыңқы сөздің қай сөз табына болуына байланысты сөз тіркесі
2 топқа бөлінеді.
Сөз тіркесінің түрлері
Есімді тіркес(басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктен болған сөз тіркесі)
Бағ. бас.
Ақ отаудың төрі
2.Етістікті тіркес (басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі)
Бағ. бас.
Еркебұлан отыр.
Кітаппен жұмыс
207-жаттығу (Сөздерді өзара байланыстырып жазу.)
«Шөген» ойыны
Шөген-түркі дүниесінің ең ежелгі замандардағы спорттық ойыны.
Шөген ойынын еске түсіретін спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі.
Шөген-қазақтың, түркі дүниесінің ежелгі ойынының аты.
Шөген –қазақ ұлтының бай мәдениетін, өркениет үлгісін танытатын ойын.
Бағ. бас.
Шөген ойыны
спорттық ойыны
ежелгі замандардағы ойыны
түркі дүниесінің ойыны
208-жаттығу (Мәтіндегі сөздерді сөз таптарына қарай ажыратып, байланысып тұрған сөздерімен бірге көшіріп жазу.)
Құсбегілік
Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене болған.Көшпелілер табиғатты өз өмірлерінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат аясын уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде пайдаланған.Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Бағ. бас. Көшпелі өмір- сын е. зат е. есімді тіркес
209-жаттығу (Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою.)
Сыбаға
Осы абысын, жеңеше, келін атаулының бір машығы жылына екі мезгіл Құнанбай үйлерінен сыбаға жеуі еді.Бір сыбаға көктемде.
Бағ. бас.
Қай?
Осы абысын
ІV.Жаңа сабақты бекіту.
Синтаксис
1.Синтаксис нені зерттейді?
2.Сөз тіркесі дегеніміз не?
Басыңқы, бағыныңқы сыңар қалай жасалады?
Сөз тіркесінің түрлерін ата.
V.Қорытынды:
Үй тапсырмасы: 210-жаттығу
Оқушыларды бағалау.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері Сабақтың мақсаты: І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау арқылы атаулы сандардан амалдар онрындау дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктерімен өрнектей алу дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктерімен өрнектей алу дағдыларын жетілдіру. ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу. ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау. 3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу. 4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу). ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері. Жаппай жұмыс: • Үш аптада қанша күн бар? (21) • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды? (150 мин) • 2 сабақ қанша минутқа созылады? (90 мин) • Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай) • Қайсы айда ең аз күн? (ақпан) • Бір аптада неше күн бар? (7 күн) • Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш) • Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат) • Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын. «Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт) - Уақыттың ең бірлігі? - 1 жылда неше ай бар? - 1 жылда қанша тәулік бар? 1 айда ше? - 1 сағатта неше минут бар? - 1 минутта ше? - Уақытты өлшеуге арналған құрал? (сағат, секунд өлшеуіш) - Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер? (механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат).
№1. Уақыт аралығын есептеуге арналған тапсырмалар. (ауызша) №2. Өлшем бірліктерді өрнектеу. № 3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1- баған –І нұсқа, 2 – баған – ІІ нұсқа. №4. а) есептің шешуін ұжым болып, жан – жақты талдау арқылы орындау. Болды- ? 3 маш. 165- тен Жұмсалды - ? тақтай Қалды – 196 тақтай ә) есепті өздіктерінен орындауға беріп, соңынан талданады. 1) 45∙4=180 (ш) алды. – Қанша шеге алды? Шеге санын табу. 2) 180+270=450 (ш) болды. 45∙4+270=450 (ш) IV. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп –кішкентай ағаштар, Үп –үлкен боп өседі. №5. Кесте бойынша: 1 альбомдағы фото –сурет саны Альбомның саны Барлығы Үлкен альбомдар 150 фотосурет 3 дана ?. ф. - 750 фотосуреттерр ?. ф. Кішкентай альбомдар 50 фотосурет ? дана 1) Үш үлкен альбомда неше фотосурет бар? (∙) 2) Кішкентай альбомда неше фотосурет бар? (-) 3) Неше кішкентай альбом болды? ( V. Сабақты пысықтау: №6. Өздік жұмыс. №8. Өздік жұмыс. Шығармашылық тапсырмалар. - Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады? VII. Үй жұмысы: №7 есеп. VIII. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы қатынас туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу. Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікір – талас. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т. б. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау. 3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу. 4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу). ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан - жақты тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері. Көркем жазу диктанты. 3 миллион 67 мың 69 бірлігі бар санды жаз. 100 - ден үлкен, 60 - тан кіші, 1 миллионға үлкенн сандарды жазыңдар. Тапсырмалармен жұмыс: «Компьютер» дидактикалық ойынын ойнау. 1 см²(квадрад сантиметр) = 100 мм² 1 дм²(квадрат дециметр)= 100 см² 1 м² (квадрат метр) =100 дм² 1 км²(квадрат километр) =1 000 000 м² 1 а(ар) =100 м² 1 га(гектар)= 100 а 1 га=100 а=10 000 м² 1 м² = 100 дм²= 10 000 см² = 1 000 000 мм² 1 дм²= 100 см²=10 000 мм² №1. Ауданның өлшем бірліктерін еске түсіру. ә) 5 дм² ˃ 50 см² 10 000 м² ˂ 5 га 5 м² ˃ 50 см² 5 дм² ˂ 505 см² 10 м² ˂ 50 050 см² 5 га= 50 000 м² №2. Карточкамен жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 3 га=30 000м² 12 дм²= 120 см² 12 м²= 120 000 см² 45 га= 4500 а= 450 000 м² 8 000 000 мм² = 80 000 см² 4 дм²= 400 см²= 40 000 мм² № 3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1 - баған – І нұсқа, 2 – баған – ІІ нұсқа. 4 250+ 6+40+100 = 4396 960 502 – 500 - 2= 960 000 555 505 – 5 000 – 500 = 550 005 369 + 50 000 + 5 000 = 55 369 412 325 – 2 000 – 300 = 410 025 4 124 325 – 4 000 000 = 124 325 47 000 + 5 000 + 50 + 2 = 52 052 1 000 000 – 500 505 – 500 = 498 995 №4. 10 санының және бір таңбалы сандардың квадратын еске түсіру. IV. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп – кішкентай ағаштар, Үп – үлкен боп өседі. №5. Есеп сызбасын салу арқылы шығару. а) 25∙20 = 500 (м²) – барлық жел телімінің ауданы 500: 2 = 250 (м²) – алма ағаштары алып жатқан аудан 500: 4= 125 (м²) – алмұрт ағаштары алып жатқан аудан 250+125 = 375 (м²) – алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан 500 – 375 = 125 (м²) – жидек ағашты алып жатқан аудан ә) 128∙3 = 384 (алма ағашы) 384 – 128 = 256 (артық) Жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық. V. Сабақты пысықтау: №6. Өздік жұмыс. Баған түрінде есептеу. 902 - 567= 335 700 – 69 = 631 751 - 349 = 402 256 – 129 =127 708 – 489= 219 1 000 - 407= 593 №7. Ұжыммен есептеу арқылы орындау тиімді. 45∙20= 900 (см²) – түбінің ауданы 20∙30= 600 (см²) – кішкене бүйірінің ауданы 45∙30= 1 350 (см²) – үлкен бүйірінің ауданы - Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады? VII. Үй жұмысы: №8 есеп 35 бет. VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Мақсаты:дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.Логикалық ойлау,
математикалық тілін,шығармашылық қасиеттерін дамыту.Есептеу дағдыларын жетілдіру. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
№1.Фигураларды салыстыр.Не байқадың?Олар текшелер болып табылама?Неліктен? Ені ,ұзындығы,биіктігі немесе оның үш қыры яғни өлшем бірліктері бірдей.Бұл-текше
№2 Фигураларды салыстыр.Не байқадың?Олар текшелер болып табылама?Неліктен Ені ,ұзындығы,биіктігі яғни өлшем бірліктері әртүрлі.Бұл-тік бұрышты параллелепипед
Тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу Мақсаттары:
Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірлідктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлемін есептеп табу ережесін меңгерту; Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу; Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру; Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың түрі: Ойын элементтері кірістірілген сабақ Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ, ақпаратттық оқыту технологиясы Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, математикалық диктант, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс, өзін - өзі бағалау Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту кезеңі 1. Ұйымдастыру - Амандасу - Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу - Оқушылардың назарын сабаққа аудару - Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру - Психологиялық дайындық Мен бәрін жасай аламын! Бүгінгі күн тамаша! Мен өзімді жақсы сезінудемін! Менің көңіл күйім керемет! Мен сабақ оқуға дайынмын! Мен өзіме сенімдімін! 2. Жаңа сабаққа дайындық «Артық фигураны тап» Қорытынды: мұнда артық фигуралар – текше мен тікөртбұрышты парллелепипед, себебі олар көлемді фигуралар, қалғанхдары жазық фигуралар. Проблемалық сұрақ қою: Біздің отырған сынып бөлмесінің ішінен менің қолымдыағы текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің қанша орны алып тұруы мүмкін? Яғни оның көлемінің қанша екендігін қалай білуге болады? Оны білу үшін жаңа тақырыпқа назар аударайық. ІІ. Жаңа мағынаны тану 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру (Интерактивті тақта арқылы түсіндіру) Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері көрсетіліп, олардың көлемін қалай табу керектігі айтылады. Көлемнің өлшем бірліктері: 1 см = 1 сантиметр куб Бұл – қабырғалары 1 см текше 1 дм = 1 дециметр куб Бұл – қабырғалары 1 дм текше 1 м = 1 метр куб Бұл – қабырғалары 1 м текше Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек. V = a*a*a = а Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін, ұзындығын, енін, биіктігін көбейту керек. V = a*b*h 2. Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс Екі оқушыны тақтаға шығарып қолдарына текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын, Параллелепипдтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп, олардың көлемін есептеп табады ІІІ. Ой толғаныс кезеңі 1. Оқулықпен жұмыс №2. Берілген текшелердің көлемін тап 1) V = 2 см*2 см*2см = 8 см 2) V = 5 см * 5 см * 5 см = 125 см 3) V = 8 см * 8 см * 8 см = 512 см №3. Есепті шығар а) Қораптың ұзындығы 9 см, ені 8 см, биіктігі 5 см. Қораптың көлемін есепте. Шешуі: V = 9 см * 8 см * 5 см = 360 см ә) Осы қораптан әрбір жағы 2 см артық болатын қораптың көлемін тап. Шешуі: V = 11 см * 10 см * 7 см = 770 см №4. Есепті шығар а) Егер ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м болса, хауыздың көлемі қандай? Шешуі: V = 50 м * 10 м * 2 м = 1000 м ә) Осы хауыз түбінің ауданын есепте. Шешуі: S = 50 м * 10 м = 500 м б) Хауыздың бүйір қабырғаларының аудандарынығң қосындысын есепте. Шешуі: S = (2 м * 50 м) + (50 м* 10 м) = 600 м №5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз жақтары мен периметрін тап. Ұзындығы Ені Ауданы Периметрі 12 см 7 см 2 84 см 28 см
16 мм 5 м 2 80 см 42 мм 35 м 20 мм 2 700 м 110 мм 25 м 20 м 2 500 м 90 м
Сергіту сәті Ал енді біз тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Апа, ата, ағалап, Тағы, тағы ұрамыз.
№7. Сыныпта 20 оқушы бар. Әр оқушыға дәптер, қалам және сызғыш сатып алынды. Барлық дәптер, қалам, сызғыш үшін қанша төленді? а) 20 *20 = 400 ә) 6 *20 = 120 400 + 200 +120 = 720 б) 10 * 20 = 200 Жаңа сабақты бекіту Математикалық диктант 1. Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең? 2. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар? 3. Текшенің неше жағы бар? 4. Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең? 5. Текшенің жақтары қандай фигура? 6. Шаршының қабырғасы 7 см. Ауданы неге тең? 7. Тіктөртбұрышты парллелепипедтің өлшемдерін жаз 8. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз Дұрыс жауаптар: 3 1. 27 см 2. 12 3. 6 3 4. а см 5. Шаршы 2 6. 49 см 7. Ұзындығы, ені, биіктігі 8. 999 Үй тапсырмасын беру а) ережені жаттау ә) № 6, 8 Бағалау Математикалық диктанттың бағасы бойынша және оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктеріне қарай бағалау.
Сабақтың тақырыбы:
Жұқа фольгадан әріп жасау. Қатырма қағаздан және фольгадан маска жасау
Сілтеме
Бейнелеу өнері.Алматы « Атамұра» 2015.
Мақсаты:
Композициялық ойлауды дамыту, натурамен жұмыс істеуге дайындық, сызық , көлемді тануды дамыту.
Міндеті :
Заттың көлемі мен пішінін көрсете отырып, натюрморт жасау
Оқыту нәтижелері:
Үйренгендерін негізге ала отырып, әсерлі бейнелер жасауға үйрету.
Іс әрекет түрлері:
Жұппен жұмыс, постермен жұмыс, бірін-бірі бағалау .
Көрнекі құралдар.
Суретшілердің графикалық натюрморттары
Жұмыс құралдары.
Қағаз
Сабақтың кезеңдері:
Тапсырмалар:
Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылы
ғын ояту.
«Шаттық шеңбері»
Шаттық шеңберін
қ ұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Мағынаны тану.
(Жаңа сабақ мақсатын хабарлау).
Бірнеше күрделі емес пішінді заттар дайындаймын. Масканың жасалу жолдары түсіндіріледі.
Тапсырманы орындау тәртібін түсіндіремін.
Балалар А3- ке заттың пішіні мен көлемді сезіну.
Жұптық жұмыс.
«Ойыншықты тірілтеміз» ойыны.
Бір бала тақтаға бір аңның немесе мысықтың суретін салады.
Басқа бала шығып оның дене бөлігін өзгертеді.
Келесі бала құлағын салса, келесі бір бала оның мұртын ширатады.
Сергіту сәті
«Көңілді болайық!!!»
мульфильм көрсету.
Мультфильм
бойынша жаттығу жасайды.
Кері байланыс:
Сұраққа жауап алу.
-Дизайнер- суретші деген кім?
-Оның атқаратын жұмысы қандай?
-Дизайнердің қолынан шыққан жұмыстар қандай болуы керек?
Өз ойларын айтады.
Рефлексия кезеңі.
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйін, ұнаған ұнамағанын стикерге жазу арқылы көрсетеді.
Үйге тапсырма
Ойыншықтарын аяқтау.
Талдау.
Сабақ жоспары толық орындалды:
а) кіріспе әңгіме өткізілді;
ә) түсіндіріп оқу талаптары толық қойылды;
б) «полимер» сөзіне түсінік берілді;
в) оқығандарын естеріне түсіріп,
г) «Ойыншықтарды тірілтеміз» ойыны ойнатылып, балалардың сабаққа деген белсенділігі арттырылды.
ғ) топтық жұмыста баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артты.
д) фотосуреттермен таныстыру жұмыстары нәтижелі жүргізіліп, балалардың сабаққа деген белсенділігі арттырылды.
е) кері байланыс жүргізілді.
ж) оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйін, ұнаған ұнамағанын стикерге жазу арқылы көрсетті.
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Әйел Ана
Мақсаты: Мәтінің мазмұнын аша білуге,мәтіннің мазмұнын жүйелі айтуға,оған жоспар құра білуге үйрету. Аңыз әңгімелертуралы білімдерін кеңейту,тіл байлығн кеңейту Көрнекілік : Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Психологиялық дайындық Үй тапсырмасын тексеру : Қарабатыр -Нені білдік?
Жаңа сабақ : Кіріспе Ыстық орындық: Оқулықпен жұмыс.
1Дауыстап оқу 1бөлімі
2 Тізбектей оқу
Мазмұнын сұрау. III Білімді тексеру кезеңі: 1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. -Аңыз кімдер туралы құрылған?
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Тақырыпты оқу, талдау. Рөлге бөліп оқыту. 2. Сөздік жұмысы. 3.Сергіту сәті 4. Тапсырмаларды орындау. VII Бекіту кезеңі Қорытындылау Үйге тапсырма 1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау 2.Бағалау