kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:   № 20    Мерзiм: __7.02.17___№ 23  сабақ

Тақырып:  Мейірімге толы жүрек

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер:  Мейірімділік, қамқорлық,қайырымдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Тұрғанбайқызы Т.    Сынып 2 «б» Оқушылар саны 13______

.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
  • Оқушыларды қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
  • Оқушыларды сүйіспеншілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке  тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды  «мейірімділік», «қамқорлық»   туралы  түсініктерін кеңейту  арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Ресурстар:

Үнтаспа,

бейнеролик,

суреттер,

жүрекшелер

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

А) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу-құралдарын тексеру.

Ә) 5 Т –ны еске түсіру.(тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық)

            1) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз. 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

-Нұрға бөлене алдыңыздарма?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Торғай» мәтінін сұрау.77 бет.

-Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

-Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау 

3. Дәйек сөз.

              «Мейірімділікті анадан үйрен»

                                                                                 Халық даналығы

-Хормен қайталап айтқызу.Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек айтқызу.

-Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

-Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып қорытындылау.

4. Әңгiмелеу

  • Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
  • Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
  • Мейірімділік дегенді қалай түсінесіздер?
  • Аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді?
  • Өздеріңізге мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіздер?
  • Өзіңізді анаңыз қалай жақсы көреді?

Мәтінмен жұмыс.                     Мазасыз балапан 

     Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты».

«Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы.

Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды.

«Менде уақыт жоқ»,-деді балапан.-Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді.

Шалғайдан бір қызды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді.

«Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз.

«Менде уақыт жоқ,дейді балапан.

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді.

«Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы».

 «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

1.Балапан сұрағына жауап табу үшін қандай әрекеттерге барды?

2.Неліктен  балапан кездескендерден жауап таба алмады?

3.Мейірімді болу үшін бойымыздағы қандай қасиеттер дамыту керек?

  Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.Біз жүрегі мейірімге толы деп,барлық балаларға қамқор бола білген  Сара Назарбаева Алпысқызын айта аламыз.Сара Алпысқызы туралы бейнебаян көріп алайық.

Жаңа ақпарат.

 Мейірімді адам,өзге адамға туған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. 
Дәптерімізді ашып күннің жатысын жазып, жаңа ақпаратты жазып аламыз.
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

-Оқушыларды түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3 топқа топтастырып біріктіремін.Жайлы баяу әуен қойылады.Жұмыс жасау үшін 8-10 минут уақыт беріледі.Топтарға тапсырмалар беріліп,әр топ постер қорғайды.

1 топ.Сөздер беріліп,сол сөздерден мақал-мәтел құрау.(сабыр,әдепті,қайырымдылық,кішіпейілділік,ана,жақсы)

Жақсы ниет - жарым ырыс.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

Кішіпейілділік - кісінің көркі.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Сыйласаң, сыйлы боласың.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

2 топ.Әр түрлі суреттер беріліп,сол суреттер ішінен адамгершілікке қатысты суретті әңгімелеу

3 топ.

  • Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

Сергіту сәті.

-Оқушылар бейнероликтен жаттығулар жасайық.

-Көңілді күн

Көрініс

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі менен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман.

Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап       

   Білім.

-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Жүргізуші.       

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Топпен жұмыс

Постермен жұмыс

Суреттер,қима қағаздар

6. Топпен ән айту.

                                                     Анаға сәлем

                                                                     Сөзін жазған: О. Иманәлиев

                                                                      Әнін жазған Е. Хасанғалиев
Мереке күніңмен     

Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған

Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған

Ән айтады

7. Үй тапсырмасы.

«Менің асыл-Анашым»тақырыбында шағын әңгіме жазу

Қорытынды.

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  мейірімділікке байланысты сөздерді таңдап,шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз

8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады.

-Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 20 Мерзiм: __7.02.17___№ 23 сабақ

Тақырып: Мейірімге толы жүрек

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық,қайырымдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Тұрғанбайқызы Т. Сынып 2 «б» Оқушылар саны 13______


.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Оқушыларды сүйіспеншілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды «мейірімділік», «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.


Ресурстар:

Үнтаспа,

бейнеролик,

суреттер,

жүрекшелер

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

А) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу-құралдарын тексеру.

Ә) 5 Т –ны еске түсіру.(тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық)

1) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

-Нұрға бөлене алдыңыздарма?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Торғай» мәтінін сұрау.77 бет.

-Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

-Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Сабақ барысын талқылау:


Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау









3. Дәйек сөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

-Хормен қайталап айтқызу.Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек айтқызу.

-Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

-Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып қорытындылау.


4. Әңгiмелеу

  • Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

  • Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

  • Мейірімділік дегенді қалай түсінесіздер?

  • Аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді?

  • Өздеріңізге мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіздер?

  • Өзіңізді анаңыз қалай жақсы көреді?

Мәтінмен жұмыс. Мазасыз балапан

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты».

«Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы.

Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды.

«Менде уақыт жоқ»,-деді балапан.-Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді.

Шалғайдан бір қызды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді.

«Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз.

«Менде уақыт жоқ,дейді балапан.

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді.

«Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы».

«Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

1.Балапан сұрағына жауап табу үшін қандай әрекеттерге барды?

2.Неліктен балапан кездескендерден жауап таба алмады?

3.Мейірімді болу үшін бойымыздағы қандай қасиеттер дамыту керек?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.Біз жүрегі мейірімге толы деп,барлық балаларға қамқор бола білген Сара Назарбаева Алпысқызын айта аламыз.Сара Алпысқызы туралы бейнебаян көріп алайық.

Жаңа ақпарат.

 Мейірімді адам,өзге адамға туған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. 
Дәптерімізді ашып күннің жатысын жазып, жаңа ақпаратты жазып аламыз.












5. Шығармашылық іс-әрекет , топтық жұмыс.

-Оқушыларды түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3 топқа топтастырып біріктіремін.Жайлы баяу әуен қойылады.Жұмыс жасау үшін 8-10 минут уақыт беріледі.Топтарға тапсырмалар беріліп,әр топ постер қорғайды.

1 топ.Сөздер беріліп,сол сөздерден мақал-мәтел құрау.(сабыр,әдепті,қайырымдылық,кішіпейілділік,ана,жақсы)

Жақсы ниет - жарым ырыс.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

Кішіпейілділік - кісінің көркі.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Сыйласаң, сыйлы боласың.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

2 топ.Әр түрлі суреттер беріліп,сол суреттер ішінен адамгершілікке қатысты суретті әңгімелеу

3 топ.

  • Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

Сергіту сәті.

-Оқушылар бейнероликтен жаттығулар жасайық.

-Көңілді күн

 

Көрініс

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі менен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман.

Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап       

   Білім.

-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Жүргізуші.       

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.


Топпен жұмыс

Постермен жұмыс

Суреттер,қима қағаздар







6. Топпен ән айту.

Анаға сәлем


Сөзін жазған: О. Иманәлиев

Әнін жазған Е. Хасанғалиев 
Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған

Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған


Ән айтады

7. Үй тапсырмасы.

«Менің асыл-Анашым»тақырыбында шағын әңгіме жазу


Қорытынды .

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  мейірімділікке байланысты сөздерді таңдап,шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз



8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады.

-Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Автор: Тұрғанбайқызы Тілекші

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395157

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_1"
    ["file_id"] => string(6) "395287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487947619"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tilinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "166329"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422950264"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?зін-?зі тану" п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-sabak-zhospary-1"
    ["file_id"] => string(6) "251854"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447308058"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Орта мерзімдік саба? жоспары ІІІ-де?гей "
    ["seo_title"] => string(45) "orta-mierzimdik-sabak-zhospary-iii-dien-ghiei"
    ["file_id"] => string(6) "158409"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421742880"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?зін -?зі тану  "Жалынды жасты? ша?" "
    ["seo_title"] => string(35) "ozin-ozi-tanu-zhalyndy-zhastyk-shak"
    ["file_id"] => string(6) "199845"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428662970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства