Оқушылардың А.Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. "Қыс" туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абай Кұнанбаев "Қыс"»
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс».
Мақсаттары:
1.Б: Оқушылардың А.Құнанбаевтың өмірі оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Д: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Т: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу;
ІІІ.Көрнекіліктер: Абай суреті, қыс мезгілінің суреті, сызбалар, үнтаспа.
ІV.Әдістері: Сұрақ-жауап, кубизм, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, топпен жұмыс.
V. Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды жаңа сабақты қабылдауға әзірлеу.
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілі 4-ке бөлінеді.
- Жыл мезгілдерін ата.
- Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз.
- Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?
(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы, неге ұнататыны туралы әңгімелейді).
Үнтаспадан Қадыр Сырзалиевтің «Жапалақ қар» өлең шумағы тыңдалады.
Жапалақ қар себелеп,
Аспан астын қаптаған.
Секілді көп көбелек,
Қонарға жер таппаған.
Өстіп, міне қыс түсті,
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті-үсті,
Балалар жүр далақтап.
Балалар, тыңдаған өлең шумағыжылдың қай мезгілі туралы және авторы кім?
«Қар» деген өлеңін тыңдадық.
Ал, снедер қыс мезгілін қалай суреттейсіңдер?
Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсан айында жапалақтап қар жауады. Күн суытады, аяз болады. Боран соғады.
Жақсы, сендердің қыс мезгілі туралы ұғымдарың баршылық екен. Бүгін біз сабақта Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысып, қыс мезгілі туралы ұғымымызды тереңдете түсеміз.
(Тақтаға А.Құнанбаевтың портреті ілінеді.)
- Кәне, балалар кім Абай аталарыңның өмірі туралы айтады?
- А.Құнанбаев ұлы ақын. Ол Семей өңірінде Шыңғыстау маңында туған. Ол кішкентай кезінен бастап өлең, ертегі, аңыздарды тыңдап өсті. Абай жастарды өнер-білімге шақырды. Сондай-ақ табиғаттың әсем сырларын, ондағы құбылыстарды жырға қосты.
- Өте жақсы, енді Абай аталарыңның табиғат тақырыбына жазған өлеңдерін естеріңе түсіріңдер?
- А.Құнанбаевтың «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Қыс» деген өлеңдері №жыл мезгілдеріне арналған.
- Сонымен, бүгін біз Абай атамыздың «Қыс» өлеңімен танысамыз.
3. Жаңа сабақ.
1. Мұғалімнің «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқуы.
2. Мұғалімнің өлеңнің шығу тарихына тоқталуы.
3. Оқушылар INSERT стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөдердің астын сызады.
4. Сөздік жұмысы. Сөздер түсіндіріледі, дәптерге жазылады.
5. Оқушыларға мәнерлеп оқыту. (әр топтан бір оқушы).
Мұғалім: Семей өңірінде 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған, мыл қырылған екен. Қыста жауған қалың қар сәуір айында бір-ақ еріген.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді денелі, ақ сақалды» зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Өлеңнің мазмұнын ашу. Кубизм әдісі бойынша сұрақарға жауап беру.
1. Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап беру. 142- бет.
2. «Қыс» сөзіне ассоциация құрау.
Құлақшын
Қолғап Қар
Пима ҚЫС Аяз
Шаңғы Қырау
Шана Суық
VІІ. Топпен жұмыс.
І топ. «Қыс» деген тақырыпта 5 минуттық эссе жазады.
ІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтел жазады.
Қыс азығын жаз жина.
Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.
Қылышын сүйретіп қыс келер.
Қыстың қамын жаз ойла.
ІV топ. Венн диаграммасы арқылы қыс мезгілін салыстырады.
Күн ыстық Күн суық
Жаңбыр ЖЫЛ МЕЗГІЛІ суық
Самал боран
Жел қыр, аяз
«Қыс» тақырыбына «Жақсы, жаман» ойыны.
Сабақты қорыту. Сөзжұмбақ, шешу арқылы бекіту. Үнтаспадан «Қараңғы түнде тау қалғып» әні баяу естіліп тұрады.
Балалар, мына әннің сөзі кімдікі? (А.Құнанбаве).
Демек, Абай кім? (Абай -ақын).
Абай өзі қыл қаламмен жұмыс жасаған суретші болмаса да табиғат бейнесін сөзбен суреттеген. Табиғатқа жан бітірген. Демек, Абай кім? (Ол суреткер бейнелеуші).
Абай қай өңірде дүниеге келген? (Абай Семей өңірінде туған).
Мұғалім: Ақын атамыздың табиғат тақырыбына жазған өлеңінің бірін айтып сабағымызды қорытайық.
«Желсіз түнде жарық ай» әні (хормен).
Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма. Қыс туралы өлең-шумақтарын құрастыру.