Мен Еримбетова Фарида Балтабайкызы 2014жылдан бастап 253 мектепте бастауыш сынып мугалими болып жумыс жасап келемин. Кызылорда облысы казалы ауданында туып оскенмин. Казалы каласындагы 216 орта мектепти битирип 2005 жылы кызылорда инженерлик экономикалык институтына тусип 2009жылы экология мамандыгы бойынша битирдим. 2009 жылы кызылорда гуманитарлык университетине тусип 2011жылы бастауыш сынып мугалими мамандагын битирдим. Турмыстамын. Оз мамандыгымды жаксы коремин.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс». Сабақтың мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау. 2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Абай суреті, тірек сызбалар, қыс мезгілі суреттері слайдтар,электронды оқулық т. б Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік, әңгімелеу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Барлығымыз бірге:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда менің жан – жағым.
Міне, балалар, жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Қыста ғана болады
Ұстасаң, қолың тоңады.
2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
3. Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? - Жыл мезгілдерін ата. - Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы, неге ұнайтыны туралы әңгімелейді. ) - Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Қыс айларын ата. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. (Топтарға бөлу: 1топ - Желтоқсан, 2топ - Қаңтар, 3топ - Ақпан). - Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?
Қыс қызығы туралы электронды оқулықтан корсету. III. Жаңа сабақты түсіндіру. - Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тарауымыз «Қыс бейнесі» деп аталады.. Сол тараудың бір тақырыбы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атамыздың шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көптеген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер - білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді. - Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те айтамыз, өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т. б өлеңдері бар.
Абай туралы көптеген ақындар пікірлер айтқан. 1. Мағынаны ашу. Өлеңді мұғалімнің оқуы. Қыс. Абай Құнанбайұлы Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті - басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті - қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. 2. Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан. - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған. Өз бетінше, тізбектей оқу. 3. Сөздік жұмысы. Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді. Домбығып - суықтан ісіп, қызарып. Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім. 4. Оқулықпен жұмыс. Сұрақ тапсырма бойынша өлеңді талдау - Ақын қысты кімге теңейді? Қысты адамға, кәрі шалға теңеп тұр - Шалдың киімдері қандай? Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан - Киім деп отырғаны не? Жауып тұрған қар, қатқан мұз - Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? Ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға - Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? Қатал, ашулы адамды айтады - Соқыр - мылқау деген себебі не? Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады - Түр, түсі қандай? Түсі ақ қырау сияқты суық - Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? Қатулы, ашулы адамды айтады - Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген? Ойнаған балалардың беті – қолы тоңып, малшылар жылы киінсе де, аязға шыдай алмай теріс қарады. Сергіту сәті. «Шынықсын денеміз» өлеңі 5. Дәптермен жұмыс. Адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып жазу. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Үсті - басы ақ қырау, түсі суық, Бұлттай қасы жауып екі көзін 6. Шығармашылық тапсырма. «Ұйқасын тап». - ……керемет, - …… себелеп. Ұшып жүрген бейне бір, - ….. көбелек. 7. Топпен жұмыс. І - топ: Желтоқсан тобы 1. «Қыс» тақырыбына әңгіме құрастыру ІІ - топ: Қаңтар тобы 1. Қыс мезгіліне байланысты 5 жол өлең құрастыру ІІІ - топ: Ақпан тобы Сурет бойынша әңгіме құрау. ІV. Бекіту Ой толғаныс - Енді «Қыс» өлеңіндегі жеке көріністерді логикалық ойлау сызбасы арқылы көрсетелік. Қыс 1. Табиғат сипаты Соқыр мылқау, үскірік аяз бен қар, сықырлап келіп қалды 2. Адам бейнесі Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті ақ қырау, бұлттай қасын жапқан 3. Ауыл тіршілігі Балалардың беті - қолы домбығып, үсік шалды 4. Малшылар күйі Шидем тон киген малшылар суықтан теріс айналды V. Қорытынды. 1. Балалар, ұлы адамдардың көбі ата – әжелерінің тәрбиесінде болған. Мысалы: Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам» деп кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен.
Топтастыру стратегиясы.
Кемеңгер аудармашы ақын данышпан
сазгер Абай табиғат суретшісі
әкесі Құнанбай Анасы Ұлжан Әжесі Зере шын есімі Ибраһим VI.Үйге тапсырма. Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу VII.. Бағалау. Мұғалім бағалайды,