Просмотр содержимого документа
«А.Әуезов. Жас Мұхтар»
4 сынып 30.11.2016 ж.
Пәннің атыӘдебиеттік оқу.
Тақырыбы: А.Әуезов Жас Мұхтар
МақсатыОқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану, Мұхтар Әуезовтің жазушылық ізгі жалына баулу.
Сабақтың әдісі: Сыни ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері (интерактивті тақтадан).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.
ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы
- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
Ү. Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы
- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
ҮІ.Бекіту. балалар, сендер Мұхтар туралы не білдіңдер?Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы түсінікті болды ма?
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Демалыс минутын жасау.
Эссе. Әңгіме өлең жазу.
Дәптермен жұмыс: Абайдың 1-2 қара сөзін жаз.
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.
1 – топ
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Қанша азат жол бар?
5. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
6. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
7. Мазмұнын әңгімелеу.
8. Абайдың қарасөздерін кім біледі?
Демалыс минутын жасау.
2 – топ
1. Құрмалас сөйлемді табу, оқу.
2. Қаратпа сөйлемді тап.
3. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
4. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
5. Қос сөздерді тақырыптан тап.
6. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
7. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
8. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік.
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.
ҮІ. Бекіту Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.
Қорытынды бөлім:Рефлекция: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.