Просмотр содержимого документа
«"Жас М?хтар" (?зінді)»
Сыныбы:4
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов «Жас Мұхтар»
Сабақтың мақсаты: жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен
байланысты балалық шағы туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
- М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек танысады;
- саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығы жетіледі;
- шығармадағы негізгі ойды таба білуге үйренеді;
- дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялы, жүйелі ойлау қабілеті, сөздік қорлары молайып, тіл байлығы дамыйды;
- Абай мен Мұхтартануға бағытталып, ізденімпаздықтары артады; - Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алып, қарасөздерінен ғибрат алады; Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары-ой қозғау, мағынаны ажырату, кубизм стратегиясы, топтық жұмыс,
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайд,карточкалар,постер, суреттер.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: проектор, компьютер,
маркерлер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық. 2) Үй тапсырмасын сұрау.
- Әңгіме қалай басталады? Жападан-жалғыз келке жаткан бала кім?
- Қасым неліктен үйден қашты?
- Қасымның көз алдына нелер елестеді?
3) Автор орындығы.
(Мен автор болсам әңгімені былай аяқтар едім...)
Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
Ребус
(Жас Мұхтар)
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады - деп жазды Ахмет Әуезов. Бұл әңгіме Ахмет Әуезовтың «Бала Мұхтар» естелік кітабынан үзінді. Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезов.
3-тапсырма: -Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
-Қанша азат жол бар? -Диалог сөйлемдерді тауып оқу. 4-тапсырма: -Құрмалас сөйлемді табу, оқу. -Қаратпа сөйлемді тап.
5-тапсырма: -Мұхтар Әуезов бала күнінде кімдерден үлгі-өнеге алған?
-Аталары ауыз әдебиетінің қандай түрлерін айтып беретін?
6-тапсырма
Мұхтарға 5 жол өлең құр V. Дәптермен жұмыс 1 - топ. Мұхтарға үйреткен Абайдың қара сөзін тауып жазу. 2 - топ. Мұхтар тыңдаған жырлардың атын тауып жазу. 3 - топ. Оқу - білім туралы мақал - мәтел жазу.
ҮІ. Постер қорғау.
Тақырыбы: «Заңғар жазушы»
Рефлексия:
Менің бүгінгі сабақтан алғаным
Менің білгім келеді, ізденуім қажет
Маған ұнағаны
Маған ұнамағаны
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Әңгімені оқып, түсінік айту. Абайдың қарасөздерін жаттау.