kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у п?ні. «Жас М?хтар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?хтар ес білгелі Абайдан ?лкен т?рбие алды, ?лгі – ?неге алды. Атам ескіше о?ып, хат танып, ?ріпті жаза баста?ан со?, М?хтар?а, б?рімізге Абай ?ле?ін, ?ара с?зін ?йрете бастады.
(Ахмет ?уезов)
Мен, балалар, сендерге М?хтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды ?лемге таныт?ан М?хтар. Ал ?зін ?лемге таныт?ан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолыны? с?здік ?оры, м?ні ?те зор. Б?л кітапта 1000-?а жуы? кейіпкерлер р?лге ?атысады. Осы кейіпкерлерді диалогке т?сіріп жазу кез-келген жазушыны? ?олынан келмейді, ?рине.
Б?л та?ырып ?зінді М?хтарды? балалы? ша?ы туралы. Б?л ??гімені жаз?ан М?хтарды? інісі Ахмет ?уезовті? естелігінен.
М?хтар – дана.
М?хтар – дара, жазушы.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у п?ні. «Жас М?хтар» »

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін ашып, таңдау, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану, Мұхтар Әуезовтің жазушылық ізгі жалына баулу.
Сабақтың әдісі: Сыни ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері (интерактивті тақтадан).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.

Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Негізгі бөлім.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы

- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.

Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
(Ахмет Әуезов)
Мен, балалар, сендерге Мұхтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Демалыс минутын жасау.
Шығармашылық жұмыс. Эссе. Әңгіме өлең жазу.

Дәптермен жұмыс: Абайдың 1-2 қара сөзін жаз.
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.

1 – топ
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Қанша азат жол бар?
5. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
6. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
7. Мазмұнын әңгімелеу.
8. Абайдың қарасөздерін кім біледі?
Демалыс минутын жасау.

2 – топ
1. Құрмалас сөйлемді табу, оқу.
2. Қаратпа сөйлемді тап.
3. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
4. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
5. Қос сөздерді тақырыптан тап.
6. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
7. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
8. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік.
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.

Нәтижесі Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.
Қорытынды бөлім:Рефлекция: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Үй тапсырмасы.
Жас Мұхтар, М Әуезов туралы деректер ізде,
Абайдың қарасөздерін жаттау.
Формативтік бағалау

Қорытынды: Сонымен,балалар,әрі жазушы,әрі ұстаз,әрі ғалым Мұхтар аталарың жас шағында тәртіпті де,әдепті,ұстамды да намысшыл,қолға алған ісін аяқтамай қоймайтын мақсатшыл,әр нәрсені білуге,үйренуге құштар,яғни жаңалыққа жаны құмар ізденгіш,көп оқитын,қаблетті де алғыр,сабақты жақсы оқыған «Бала Мұхтар» болған екен.Ол домбыра шертіп,реті келсе қазақтың көпшілігі сияқты домбыраға қосылып ән де салған екен.Үлкен адамгершілік қасиеттері бар Мұхтар әлемге Абайды танытты.Абай арқылы қазақ халқын таныта отырып,өзі де әдебиет әлеміне ұлы дарын,қайталанбас бірегей тұлға болып танылды.Бүгінде есімі ұлттық мақтанышымызға айналған,атағы жер жүзіндегі адамзат баласының  арыстандары атанған Шекспир,Пушкин,Толстойлармен теңдесіп,әлемдегі үркердей  ұлылардың қатарына кірген,халқымыздың кемеңгер перзенті,дара және дана Мұхтар Омарханұлы Әуезов  туралы белгілі жазушы және ғалым Қайым Мұхамедханов:

«Өлді деуге сыя ма,ойлаңдаршы,

 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

деген Абай өлеңін негізге ала отырып «Мұхтар   Омарханұлы Әуезов-адамзат баласының тарихында мәңгі бақи жасай беретін ұлы Адам»деген екен.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 115 жыл толып отыр.

Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі.
Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді.

Қазақ халқы жаңа ХХ ғасыр табалдырығынан Абай секілді хас данышпанды алдына салып аттады. Осынау зорлық көрген сайын молыға түскен өнер қуаты, соның шырқау шыңына айналған Абай мұрасы ұлттық санамызды мейлінше кемелдендіріп, жаңа рухани ізденістерге жігерлендірді. Елдің тағдырына қатысты күрделі мәселелерді алға тартты. Ұлттық сезім ұлттық санаға айналды.

Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық сана сезіміне дәнекер болып, кешегі күннен бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды.
Олай болса, бүгінгі «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияны заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығын толық тануға арнамақпыз.
(Жоспармен таныстыру)
Оқушыларға жоспар бойынша ізденіс-тапсырмалары берілген болатын.

Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мұхтар Әуезов әлемі» Алматы, «Жазушы» 1997ж.
2. З.Қабдолов «Менің Әуезовім» Алматы, «Санат» 2007ж.
3. С.Саттаров «Мұхтар Әуезовтің ататегі» Алматы, «Жібек жолы» 2010ж.
4. «Аңыз адам» журналы №10, 2010ж.
5. Мұхтар Әуезов қоры
6. «Мұхтар Әуезов» шығармаларының елу томдық толық жинағы
43, 44, 45, 46, 47, 48-том, Алматы, «Жібек жолы» 2010ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?дебиеттік о?у п?ні. «Жас М?хтар»

Автор: Жабикенова Салтанат Ануарбековна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства