Просмотр содержимого документа
«1 сынып Б?л ?ай кезде болады?»
1 сыныпАна тілі Бекітемін 16.03.16
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.Ананың еңбегін бағалап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Өлеңді, әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
116–жаттығу.
1. Өлеңді түсініп оқыңдар.
2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.
Көкорайға қонғанда,
Қозылар ойнар дүркіреп.
Жаздың күні болғанда,
Жаңбыр жауар күркіреп.
Шәкәрім
Керекті сөздер: ойнақтады, жауды.
117–жаттығу.
1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.. Аю ақ...рды. Қорадағы мал үр...кті.
Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сергіту сәті. Жұмбақты шешу
1. Өлеңді түсініп оқыңдар. «Бұл қай кезде болады?»
2. Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер.
Жаз Көктем қыс күз Жыл мезгілдері
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Математика Бекітемін 16.03.16 Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. а + 3, а – 3
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а + 3, а – 3 өрнектерін шешіп жаттықтыру өрнектің мәнін таба білуге үйрету. 3 – ке қосып, азайту амалдарын қайталау. Дамытушылық: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудыру, олардың білім, білік және дағдыларын дамыту. ой – өрісін кеңейту, таным қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру әдісі, кубизм стратегиясы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын. Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсың. Өткен материалдар бойынша білімді тексеру
Әріпті өрнектер ----------------------- Санды өрнектер а + 5 ---------------------- 4 + 3 а + 6 ---------------------- 7 – 2 2 + а ---------------------- 6 – 4 9 – а ---------------------- 3 + 5
Жаңа сабақ. А мен 3 санының қосындысын және айырмасын қарастырмақпыз. А + 3, а – 3 өрнегі қандай өрнек. Әріпті өрнек. Әріпті өрнек дегеніміз не № - Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады.. Сондықтан оны әріпті өрнек дейміз. Кестеде а – ның мәні берілген, соларды қойып өрнек жазайық А – о – ге тең болған жағдайда, а + 3 қосындысын жазып, мәнін табу. а – 10 – ға тең болған жағдайда, 10 – 3 айырмасын жазып, мәнін табу.
Келесі а – 2, а – 3, а – 8, а – 9 мәндерін пайдалана отырып кестені оқушыларға толтыру тапсырылады. қалған сандардан қосынды, айырма құрып, мәнін табу орындарында отырып шығаруға беріледі.
Қыздың ұшып кеткен шарларын жинап берейік. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарды тура, кері санау. Екі есептің мәтінін оқыту. Ондағы ұқсастықтары ортаға: бақылау жұмысы, ұл бала, қыз бала олардың саны 3 және 4 сандары, оны шешуде пайдаланатын амалдар, мәні ұқсас екенін табу. Айырмашылықтары: сұрағы екенін табу. Шарты: Ұл - 3 Қыз – 4 Сұрағы: оқушылар қаншаға кеміді? Шешуі: 3 + 4 - 7 Жауабы. оқушылар 7 – ге кеміді.
Шарты: Ұл – 3 Қыз – 4 Сұрағы: Неше оқушы шығып кетті? Шешуі. 3 + 4 - 7 Жауабы. 7 оқушы шығып кетті. Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін зерттеу. Мысалдарды сызық арқылы өз жауабымен қос. 4 + 3 ----------- 7 10 – 3 --------- 7 6 – 3 ----------- 4 6 + 3 ----------- 9 8 – 3 ----------- 5 8 – 2 ----------- 6
Сергіту сәті. Тұп тұнық таза суда, Балық жүзіп ойнауда Біресе керіледі, біресе жиырылады. Бірде құмға тығылады. Күміс қақпа ашылады. Қалып қалған амал таңбасын қою. 5 - 3 - 1 - 1 4 + 1 - 2 - 3 1 + 6 - 3 - 4 2) 1 + 4 + 2 - 7 Логикалық есептер Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 – Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды? Сен, мен және біз. Нешеуміз? Аслан 4 жаста, дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші. Бірінші назар базарға бара жатыр, екінші назар базардан келе жатыр. Қай назар тауар алды. қай назар тауар алған жоқ. 5 жұмыртқа 5 минут піседі, 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут керек? Көлден ұшты 7 қаз Қайтып қонды 2 қаз Қонбады оның нешеуі. Бекіту. 6 санының құрамын ата. 1 санына байланысты мақал айт. 2 санына қатысты өрнек құр. Кесінді дегеніміз не. Сәуле дегеніміз не? Қосу амалының компоненттерін ата. Азайту амалының компоненттерін ата. Қосу мен азайту өзара қандай амалдар. А мен 3 – тің қосындысы қандай өрнек. Бағалау. Үйге тапсырма беру. тапсырма 4 128 бет.