Просмотр содержимого документа
«1 - 10 сандарын ?айталау »
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: 1-10 саны оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, сандарды дұрыс жазуды қалыптастыру.Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту; ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
- Балалар, сендер мына суреттен нені көріп отырсыңдар?
- Түлкіні
- Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп отыр.Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.Балалар,түлкіге көмектееміз бе?
-Иә
- Олай болса, түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік. Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындауларын қажет.
-Орындауға дайынсыңдар ма?- Иә
1. «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы:
«Құрастыру» Әртүрлі пішіндегі суреттердің қиындысы, артында есептер жасырылған. Сол есептерді шығару арқылы суреттерді құрастырады.
1 топ Аққала 2топ Шырша 3топ Жүк машинасы
Ұпайлар таратылады
2. «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:
«Нысанаға дәл ти» деп аталады. Тақтада шарлар ілінген. Әр шардың ішінде салыстыру есептері бар. Нысанаға дөп тиген бала есепті тақтаға шығарады.
Ұпайлар таратылады
3.Сергіту сәті: «Күн мен түн»
4. «Қасқырдың» тапсырмасы:
Топтамалармен жұмыс. 8,9,10 деген қораптар беріледі.
1топ: теңдігі 8 шығатын есептерді тауып қорапқа салады
2топ: теңдігі 9 шығатын есептерді тауып қорапқа салады
3топ: теңдігі 10 шығатын есептерді тауып қорапқа салады