| | |
| Құтадғу білік ("Құтты білік") атты еңбектің авторын табыңыз. | Жүсіп Баласағұн. |
| 2 | Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз. |
| | XІV ғ. |
| 3 | Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз. |
| | Шойынқұлақ. |
| 4 | Айман - Шолпан жырындағы Айманның ақылы неден байқалатынын белгілеңіз. |
| | Баланы баурап алуынан. |
| 5 | Біржан салдың "Жанбота" өлеңінің шығуына себеп болған жайтты табыңыз. |
| | Өткір ыза. |
| 6 | Мақалдың алғашқы жолын белгілеңіз. …, тірлік болмас. |
| | Бірлік болмай. |
| 7 | Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, -...деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз. |
| | Өзі. |
| 8 | Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса … Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес! – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын анықтаңыз. |
| | Доспамбет. |
| 9 | "Жалп - жалп еткен жапалақ Жазыда кімге жолдас болмаған, "- деген жолдар қай шығармадан алынғанын анықтаңыз. |
| | "Қоғалы көлдер, қом сулар". |
| 10 | Махамбеттің ағасын атаңыз. |
| | Бекмағамбет. |
| 1 | Исатай - Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақын аты - |
| | Шернияз Жарылғасұлы. |
| 2 | XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз. |
| | Дулат. |
| 3 | Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз. |
| | «Үш қиян», «Өлім». |
| 4 | Шоқанның қазақ өлеңдерін нешеге бөлгендігін анықтаңыз. |
| | 5 |
| 5 | «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз. |
| | Ыбырай Алтынсарин. |
| 6 | Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармаларының жалпы санын белгілеңіз. |
| | 27. |
| 7 | Шәкәрімнің "Қалқаман - Мамыр" дастанында Мамырды атып өлтірген кім екенін анықтаңыз. |
| | Көкенай. |
| 8 | Батыр Баян поэмасында қай ханның аты көп аталады? |
| | Абылай хан. |
| 9 | «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте» Кімнің портреті екенін көрсетіңіз. |
| | Мұқаш. |
| 10 | Бейімбет Майлиннің шын есімін табыңыз. |
| | Бимағамбет. |
| 1 | Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І. Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады, - деген пікірдің авторын көрсетіңіз. |
| | Қ. Жұмалиев. |
| 2 | Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз. |
| | Кенен. |
| 3 | С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасында бала Нұрмағанбеттің алғашқы ерлігі қашан байқалғанын табыңыз. |
| | Асау тайды үйретуінен. |
| 4 | Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз. |
| | Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында |
| 5 | Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз. |
| | "Ұлпан". |
| 6 | Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбат судың. Қандай көркемдегіш сөз бар? |
| | Теңеу. |
| 7 | Қазақ театрының туып, қалыптасуына артист ретінде үлес қосқан азаматтарды көрсетіңіз. |
| | Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов. |
| 8 | Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз. |
| | Р. Ғамзатов. |
| 9 | Шерхан Мұртазаның туған жерін табыңыз. |
| | Жамбыл облысының Жуалы ауданында. |
| 10 | Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз. |
| | Табиғаттың байлығын қорғау. |
| «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз. | |
| | Скандинавия халықтарының сөзі. | |
| 2 | Құдатғу біліг дастанының авторын табыңыз. | |
| | Жүсіп Баласағұн. | |
| 3 | Аяз би ертегісінің кейіпкерін табыңыз. | |
| | Жаман. | |
| 4 | Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс - салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз. | |
| | Естірту. | |
| 5 | Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрін белгілеңіз. | |
| | Айтыс. | |
| 6 | Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз. | |
| | Мәлік Ғабдуллин. | |
| 7 | Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер. Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер... Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз. | |
| | "Салп - салпыншақ". | |
| 8 | Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған көп жаман Сол жақсыны көре алмас, – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз. | |
| | Шалкиіз. | |
| 9 | Найза бойы жар екен. Түсіп кетсең түбіне, Түбі жоқ терең көл екен Ел қонбайтын шөл екен, - деп Бұқар жырау қандай мәселені айтқандығын көрсетіңіз. | |
| | Кәрілік. | |
| 10 | Мына шығармалардың қайсысы Махамбеттікі екендігін табыңыз. | |
| | "Ереуіл атқа ер салмай" | |
| 1 | Шернияз: Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген, Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз. | |
| | Баймағамбетке. | |
| 2 | Аққан бұлақ сай - салаң, Шытырман тоғай айналаң, Жоның жайлау, кең алаң, Атам қонған кең далам! - деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз. | |
| | "Ақжайлау мен Сандықтас" | |
| 3 | Еділ, Жайық екі су, Алтын, күміс тас болар. Арпа, бидай ас болар, Бірігіп жан тусаң да, Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз. | |
| | «Замана». | |
| 4 | Шоқан бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған жыр. | |
| | "Манас". | |
| 5 | Ы. Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс - қазақ мектебінің ашылған жылын көрсетіңіз. | |
| | 1850 ж. | |
| 6 | Абай «Шегертке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударғанын табыңыз. | |
| | Крылов. | |
| 7 | Ақан сері өмірінің соңғы кезеңіне сәйкес келетін жауапты белгілеңіз. | |
| | Қоскөл бойында жалғызілікті өмір сүрді. | |
| 8 | Ахмет Байтұрсыновтың аудармалары енген жинақтың атын белгілеңіз. | |
| | «Қырық мысал». | |
| 9 | М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы суреттелетін оқиғаны белгілеңіз. | |
| | Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік. | |
| 10 | Бейімбет Майлиннің шығармасын белгілеңіз. | |
| | «Шұғаның белгісі». | |
| 1 | Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І. Жансүгіров өлеңін табыңыз. | |
| | «Жер түгі». | |
| 2 | Аш - жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз. | |
| | "Кедей күйі". | |
| 3 | ... Еңбекшілер, ендігі күн сенікі, Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын. - Бұл үзінді С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз. | |
| | "Кедей баласы". | |
| 4 | Мына сөйлемдегі салт - дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз. ... Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан - | |
| | бата тілетті. | |
| 5 | Қайроштың (Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты") қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз. | |
| | Кавказ, Новороссийск, Ростов, Керчь. | |
| 6 | Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз. | |
| | Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу. | |
| 7 | Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз. | |
| | Өмір құбылысын автор өзінің түсінуіне қарай өріп, күйініш, сүйінішін өрнектейтін көлемі шағын өлең. | |
| 8 | Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті екенін атаңыз. | |
| | Қырғыз. | |
| 9 | «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең - алаң» романдарының авторын табыңыз. | |
| | Әбіш Кекілбай. | |
| 10 | О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз. | |
| | Тортай. | |
| 1 | VІ - VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз. | |
| | «Күлтегін», «Тоныкөк». | |
| 2 | А. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз. | |
| | Даналық кітабы. | |
| 3 | Қиял - ғажайып ертегісін табыңыз. | |
| | «Күн астындағы Күнікей қыз» | |
| 4 | Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрін белгілеңіз. | |
| | Қиял - ғажайып ертегілері. | |
| 5 | «Ер Тарғын» жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып беретінін табыңыз. | |
| | Қартқожақ. | |
| 6 | Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз. Батыр туса – ел ырысы, … | |
| | Жаңбыр жауса – жер ырысы. | |
| 7 | Қазтуған: "Азамат ердің баласы, Жабыққанын білдірмес. Жамандар мазақ қылар деп" - деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз. | |
| | Ерлік, елдік. | |
| 8 | Шалкиіздің "Асқар, асқар, асқар тау... " толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз. | |
| | "Алдаспан ". | |
| 9 | «Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қонысың болсын қазақтан, » - деген жолдардың авторын табыңыз. | |
| | Бұқар. | |
| 10 | Махамбет: Атадан туған аруақты ер Жауды көрсе жапырар, Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз. | |
| | Ерлік. | |
| 1 | Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз. | |
| | Жарылғас. | |
| 2 | Дулат Бабатайұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз. | |
| | XIX ғ. | |
| 3 | «Зар заман», «Бала зар», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз. | |
| | Шортанбай Қанайұлы. | |
| 4 | Шоқанның Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған шығармасын атаңыз. | |
| | "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры. | |
| 5 | Ыбырай Алтынсариннің дүниеден өткен жылын көрсетіңіз | |
| | 1889 жыл. | |
| 6 | Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін белгілеңіз. | |
| | «Жазғытұры». | |
| 7 | Ақан сері қай ғасырда өмір сүргенін табыңыз. | |
| | XІX ғ. | |
| 8 | А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі қай жылы жарияланғандығын көрсетіңіз. | |
| | 1926 ж. | |
| 9 | Спандияр Көбеевтің романын табыңыз. | |
| | «Қалың мал». | |
| 10 | Сұлтанмахмұт қызмет еткен журналды көрсетіңіз. | |
| | "Айқап". | |
| 1 | «... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол өгіз сойғанның» ең шырайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз. | |
| | «Шұғаның белгісі». | |
| 2 | 1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгілеңіз. | |
| | Ж. Жабаев. | |
| 3 | М. Әуезов кейіпкерлерін табыңыз. | |
| | Бақтығұл, Тектіғұл. | |
| 4 | Ғ. Мүсіреповтің Жантық атты кейіпкеріне ұқсас, басқа шығармасындағы кейіпкерді табыңыз. | |
| | Жантық - Сердәлі. | |
| 5 | Ғ. Мұстафиннің "Қарағанды" романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз. | |
| | Өндіріс тақырыбы. | |
| 6 | Төмендегі мысалдардан метафораға тәнін табыңыз. | |
| | Әйнегі - күн, шатыры - аспан. | |
| 7 | Реализмге анықтама берген адамды табыңыз. | |
| | М. Горький. | |
| 8 | Найман - Ана аңызындағы (Ш. Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз. | |
| | Сарыөзекте. | |
| 9 | І. Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз. | |
| | "Алмас қылыш". | |
| 10 | Жоғалуға бет алған аң - құс, өсімдік, жәндіктерді қорғауға арналған «Қызыл кітап» өлеңінің авторын табыңыз. | |
| | Қ. Мырзалиев. | |
| 1 | VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз. | |
| | Қорқыт. | |
| 2 | С. Сарайдың назиралық үлгіде жазылған дастаны қалай аталатынын табыңыз. | |
| | "Гүлстан бит - турки". | |
| 3 | Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз. | |
| | Әйеліне уақыт жеткенде. | |
| 4 | Алпамыс батыр жырындағы: "Аш бүгіліп жарағыр, Жетім қалып жасыңнан Мендей болып жылағыр, Тарта бер, жұртым, тарта бер!... "- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз. | |
| | Жәдігер. | |
| 5 | Біржан - Сара айтысындағы: Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл ер құнына келер шамаң. Бар болса сүйегіңде ойларсыңдар, Өлі тілін тірі алмас деген заман... - деген жолдар кімдікі екенін белгілеңіз. | |
| | Біржан. | |
| 6 | Мақалдың тақырыбын анықтаңыз. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. | |
| | Ынтымақ, бірлік тақырыбы. | |
| 7 | Аңыз жырлар Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз. | |
| | Қазтуған. | |
| 8 | "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен Есіл менің кеңесім, Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін", - деген өлең жолдарының авторы қай жырау екенін анықтаңыз. | |
| | Жиембет. | |
| 9 | Шалкиіз: Бір жақсымен дос болсаң, Азбас - тозбас мүлкі етер. Бір жаманмен дос болсаң, …Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз. | |
| | Достық, жолдасық. | |
| 10 | Махамбет өлеңін көрсетіңіз. | |
| | "Қызғыш құс". | |
| 1 | «Мінкен ер» өлеңінің авторын табыңыз. | |
| | Махамбет. | |
| 2 | Алмажанның дастанын табыңыз. | |
| | "Жетім қыз" | |
| 3 | Зар заман өкілдері кімдер екенін анықтаңыз. | |
| | Шортанбай, Дулат, Мұрат. | |
| 4 | Шоқан туралы естелік қалдырған Г. Н. Потанин кім екенін анықтаңыз. | |
| | Саяхатшы, географ, этнограф. | |
| 5 | Ыбырай Алтынсариннің қай жылдары уездік жаңа мектептер ашқандығын табыңыз. | |
| | 1879 - 1883 жж. | |
| 6 | Абай неше поэма жазғанын табыңыз. | |
| | 3. | |
| 7 | Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Қалқаманның өз еліне ренжіген соң қайда кеткенін белгілеңіз. | |
| | Ұлы жүз Еділбайдағы нағашыларына кетеді. | |
| 8 | Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін белгілеңіз. | |
| | Торғай облысы. | |
| 9 | Қартқожаның әкесінің атын белгілеңіз. | |
| | Жұман. | |
| 10 | Бейімбет Майлиннің ел - жұртты тегіс еңбекке шақыратын өлеңін белгілеңіз. | |
| | «Қуаныш». | |
| 1 | Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз. Айт келін - ау, айт келін! Атыңның басын тарт келін!… | |
| | Беташар. | |
| 2 | Төмендегі шешендік сөздің авторын белгілеңіз. Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді. Әкімнің хаты өлмейді. | |
| | Бұхар жырау. | |
| 3 | Абайдың шығыс әдебиетімен танысқан оқу орнын белгілеңіз. | |
| | Ахмет Риза | |
| 4 | «Қамар сұлу» романындаңы Жорға Нұрымның жақтастарын белгілеңіз. | |
| | Қалтан қажы, Оспан би. | |
| 5 | Б. Майлиннің әңгімесін табыңыз. | |
| | «Қанды кек». | |
| 6 | Ертегідегі "Шалқұйрық" атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз. | |
| | Ер Төстік. | |
| 7 | Жаманды байқап қарасаң, Күндердің күні болғанда Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз. | |
| | Жаманнан кесапат. | |
| 8 | Алтынсариннің үнемі хат жазысып, пікірлесіп отыратын досын табыңыз. | |
| | Н. И. Ильминский. | |
| 9 | Батыр Баяндағы Баянның інісінің атын табыңыз. | |
| | Ноян. | |
| 10 | Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінің тақырыбын атаңыз. | |
| | Отан қорғау. | |
| 1 | М. Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. | |
| | «Бәйбіше - тоқал». | |
| 2 | «Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы да бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді. » Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған осы үзіндінің кімге арнап айтылғанын табыңыз. | |
| | Бойға біткен балаға. | |
| 3 | Ж. Баласағұнның «Құтты біліг» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек дегенін табыңыз. | |
| | Әділдік. | |
| 4 | Омырауы даладай, Әлпетіне қараса, Тамнан соққан моладай... («Ер Тарғыннан». ) Қандай бейнелеуіш сөз барын табыңыз. | |
| | Теңеу. | |
| 5 | Қаларсың бір күн, Сандықтас, Құлан жортпас бел болып. Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз. | |
| | Д. Бабатайұлы | |
| 6 | Төмендегі еңбектердің қайсысы Шоқанның еңбегіне жатпайтынын анықтаңыз. | |
| | "Қисса сұл - әнбия". | |
| 7 | Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім, - деп жазған Абайдың шәкірті - | |
| | Шәкәрім. | |
| 8 | Ғайша мен Қожашқа (С. Көбеев «Қалың мал») көмектесетін жақын ағасының атын белгілеңіз. | |
| | Серғазы. | |
| 9 | С. Мұқанов өлеңдеріндегі қазақ кедейінің типтік бейнесі жасалған туындыны табыңыз. | |
| | "Шоқпыттың шаруасы". | |
| 10 | Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы Ұлпанның қызына арамдық жасаған жігіттің атын табыңыз. | |
| | Торсан. | |
| 1 | Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз. | |
| | Өмір құбылысын автор өзінің түсінуіне қарай өріп, күйініш, сүйінішін өрнектейтін көлемі шағын өлең. | |
| 2 | Құтты білік дастанында ақыл - парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз. | |
| | Ұғділміш. | |
| 3 | Қазтуған жырау қандай тайпалардың ру басы, көсемі, әскер басы, батыры болғанын анықтаңыз. | |
| | Түркі. | |
| 4 | Доспамбет жырау қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз. | |
| | XV - XVІ ғ. | |
| 5 | Бұқар жыраудың қай жерде дүниеге келгендігін табыңыз. | |
| | Баянауылда. | |
| 6 | Қас итсің, қасыңа да адам жуымас, Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ, Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз. | |
| | Шернияздікі. | |
| 7 | «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз. | |
| | Кердері Әбубәкір Шоқанұлы. | |
| 8 | «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің астына мінген атын белгілеңіз. | |
| | Шалқұйрық. | |
| 9 | «Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін …» Кімнің сөзі екенін белгілеңіз. | |
| | Орыс офицері. | |
| 10 | Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз. | |
| | Әбдірахман. | |
| 1 | Бекмағамбет кімнің ағасы екенін белгілеңіз. | |
| | Махамбеттің. | |
| 2 | Ыбырай Алтынсариннің қай жылы, қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырғанын анықтаңыз. | |
| | 1887 жылы, Ырғызда. | |
| 3 | Жамбылдың ұстазын белгілеңіз. | |
| | Сүйінбай. | |
| 4 | М. Әуезовтің Қазақ ұлттық театрының шымылдығын тұңғыш ашқан пьесасын атаңыз. | |
| | "Еңлік - Кебек". | |
| 5 | Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз. | |
| | Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау. | |
| 6 | М. Әуезов пен Р. Ғамзатов арасындағы байланысты табыңыз. | |
| | Рухани үндестік. | |
| 7 | Күлтегін жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз. | |
| | Ерлік, ел қорғау. | |
| 8 | «Балталы, Бағаналы ел, аман бол», - деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро - эпос жырындағы қыздардың атын табыңыз. | |
| | Ай, Таңсық. | |
| 9 | Би Темірге қай жырау шығармасы екенін анықтаңыз. | |
| | Шалкиіз. | |
| 10 | Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген, Байеке, елің бар ма бүлдірмеген, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз. | |
| | Шернияз. | |
| 1 | Ш. Уәлиханов өміріне арнап пьеса, роман жазған қаламгерді табыңыз. |
| | С. Мұқанов. |
| 2 | Абай: «Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар», - деген сөздерді кімге айтқанын табыңыз. |
| | Құдайбердіге. |
| 3 | Қыста, күзде, Қырда, құмда, Шөлде, түзде, Сайда, шыңда... - төрт жолды шумақ ("Социалды Қазақстан") қандай ұйқасқа құрылғанын анықтаңыз. |
| | Шалыс ұйқас. |
| 4 | С. Мұқановтың «Өмір мектебінің» екінші кітабынан алынған «Есіл бойында» үзіндісінде суреттелетін оқиғаны көрсетіңіз. |
| | Әсем табиғат, жастық сезім, ғажап ән туралы айтылады. |
| 5 | Ғ. Мүсіреповтің ана туралы әңгімесіндегі мүгедек жігітті өз баласындай күтіп баққан ана образы: |
| | Ақлима. |
| 6 | Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз. |
| | Дәулет – қызық, бала – бал. |
| 7 | Қазтуғанның өлеңін табыңыз. |
| | «Салп - салпыншақ үш өзен». |
| 8 | Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз. |
| | 1802 ж. |
| 9 | Зар заман ақындары шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз. |
| | Торығу, кемшіліктерді сынау. |
| 10 | Жазушы Шерхан Мұртаза қай жылы туғанын есіңізге түсіріңіз. |
| | 1932. |
| 1 | «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы» деп жазған ағартушы. |
| | Ы. Алтынсарин. |
| 2 | «Абай жолы» роман - эпопеясының басты кейіпкерін белгілеңіз. |
| | Абай. |
| 3 | Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын...- деген Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі үзіндінің кімнің аузынан айтылғандығын табыңыз. |
| | Әбдірахманның. |
| 4 | «Ер Төстік» ертегісіндегі басты кейіпкердің, яғни әкесінің атын табыңыз. |
| | Ерназар. |
| 5 | Қыздар тобы, жігіттер тобы болып екіге бөлініп айтылатын өлең тұрмыс - салт жырының қай түрі екенін табыңыз. |
| | Жар - жар. |
| 6 | Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтысты табыңыз. |
| | Біржан - Сара. |
| 7 | Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз. |
| | Ақан сері. |
| 8 | Жамбыл өзінің пірі ретінде санаған ақынды табыңыз. |
| | Сүйінбай. |
| 9 | М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгерді белгілеңіз. |
| | М. Әуезов. |
| 10 | XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз. |
| | Татар, қырғыз, өзбек. |
| 1 | Д. Исабековтің пьесасын табыңыз. |
| | «Әпке». |
| 2 | Күлтегін, "Тоныкөк" дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз. |
| | VІ - VІІІ ғ. ғ. |
| 3 | Шағырмақ бұлт жай тастар қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз. |
| | Шалкиіз. |
| 4 | Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз. |
| | "Аягөз" |
| 5 | Шоқанның әдебиетші ғалым екендігін танытатын туындысын табыңыз. |
| | "Манас". |
| 6 | І. Жансүгіров «Әнші» өлеңіне қандай анықтама жазғанын табыңыз. |
| | Ескі әнші аузынан. |
| 7 | С. Мұқановтың "Ботагөз" романына арқау болған оқиғаларды белгілеңіз. |
| | 1916 - 17 ж. тарихи жағдай. |
| 8 | Ғ. Мүсіреповтің әкесінің атын табыңыз. |
| | Махмұт. |
| 9 | Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз. |
| | Жел – тым тентек бір бала. |
| 10 | Дүниежүзілік әдебиеттер байланысының жаңа белеске көтерілген уақытын табыңыз. |
| | ХХ ғасыр. |
| 1 | Диуани лұғат ат - түрік еңбегі қай халықтың мұрасына жататынын анықтаңыз. |
| | Түркі халықтарына ортақ мұра. |
| 2 | Қазтуғанның жырын табыңыз. |
| | "Еділ". |
| 3 | Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады, Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастау қиын … - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз. |
| | Бұқар жырау. |
| 4 | Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз. |
| | Зар заман ақындары. |
| 5 | Үзінді кімдікі және қай шығармасынан алынғанын табыңыз. ... Ол со тұнжыраған қалпында бәріміздің жүзімізді бір сүзіп өтті де: - Ертеде бір жетім бала болыпты... - деп ертегісін бастады. Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір - ақ аяқталды. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз... |
| | С. Мұратбеков «Жусан иісі». |
| 6 | Үзінді авторын белгілеңіз. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. |
| | A. Құнанбаев. |
| 7 | Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз. Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. |
| | А. Құнанбаев. |
| 8 | Ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдары айтылған Абайдың өлеңін табыңыз. |
| | «Ғылым таппай мақтанба». |
| 9 | Ы. Алтынсариннің халық аңызына жаңаша мазмұн берген әңгімесін белгілеңіз. |
| | «Атымтай Жомарт». |
| 10 | Спандияр Көбеевтің Ыбырай Алтынсарин мектебін қашан бітіргендігін табыңыз. |
| | 1892 жыл. |
| 1 | Жазушылардың Бүкіл Одақтық ІІ съезіндегі баяндамасында А. Сурков Жамбылдың қай тақырыптағы поэзиясын ерекше атап көрсеткенін белгілеңіз. |
| | Соғыс кезіндегі өлеңдері. |
| 2 | М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз. |
| | Құрмаш. |
| 3 | Ғ. Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз. |
| | "Миллионер". |
| 4 | Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз. |
| | О. Хайям. |
| 5 | Қ. Мырзалиевтің өлеңін табыңыз. |
| | «Қызыл кітап». |
| 6 | ... Атса мылтық өтпеді, Шапса қылыш кеспеді, Суға салса батпады... Қай батырды айтып отырғанын табыңыз. |
| | Алпамыс. |
| 7 | Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз. |
| | Би Темірге. |
| 8 | Дулат ақынның шығармасын табыңыз. |
| | "Ақжайлау мен Сандықтас" |
| 9 | ... Орта Азияның ел билеушілері қазір бұрынғы ата - бабалары сияқты өлең - жырлар, мемуарлар жазбайды, астрономия кестесін жасамайды, оның орнына... сүзіске үйретілген екі қошқардың сүзіскенін тамашалайды... Бұл жолдар алынған Шоқан шығармасын белгілеңіз. |
| | "Жоңғария очерктері". |
| 10 | Ақан серінің өзін - өзі жұбату ретінде айтқан Құлагердің артын басар тұлпардың атын белгілеңіз. |
| | Кербесті. |
| 1 | Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалымды белгілеңіз. |
| | А. Байтұрсынов. |
| 2 | Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкерлері бар С. Торайғыров туындысын табыңыз. |
| | "Кім жазықты". |
| 3 | Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" драмасына автордың өзі енгізген әдеби бейнені табыңыз. |
| | Жантық. |
| 4 | Ирония дегеніміз: |
| | Сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану. |
| 5 | 1920 - 1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қызды табыңыз. |
| | Шолпан Иманбаева. |
| 6 | Сайф Сараидың «Гүлстан бит - туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз. |
| | Сегіз. |
| 7 | Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз. |
| | Шонжар. |
| 8 | Бұқар жыраудың «Мен - өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәнін ашыңыз. |
| | Шеберлік аспаптарын салатын сірі - көн ыдыс. |
| 9 | Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз. |
| | «Заманның опасыз халіне айтқаны». |
| 10 | Қыз қуатын жігітке ат беремін, Жанам деген жүрекке от беремін. Мен әйтеуір бар жиған - тергенімді Бір тамаша той қылып өткеремін. Үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын табыңыз. |
| | Төлеген Айбергенов. |
| 1 | Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақалды анықтаңыз. |
| | Кеңеспен пішкен тон келте болмас. |
| 2 | Абайдың өнер - білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз. |
| | «Интернатта оқып жүр». |
| 3 | Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын табыңыз. |
| | «Маса». |
| 4 | Ақбілектің ең жақын жеңгесінің есімін белгілеңіз. |
| | Ұрқия. |
| 5 | Бейімбет Майлиннің өлеңін көрсетіңіз. |
| | «Мырқымбай». |
| 6 | Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз. |
| | "Диуани хикмет". |
| 7 | Шөк! деп қандай малға айтылатынын анықтаңыз. |
| | Түйеге. |
| 8 | «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін, Адамзат озар емес өз басыңнан», - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз. |
| | Біржан Сараға. |
| 9 | Ор, ор қоян, ор қоян... қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз. |
| | Шалкиіз. |
| 10 | Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз. |
| | "Үміт еткен көзімнің нұры, балам". |
| 1 | І. Жансүгіровтің қай шығармасында Ақан сері туралы айтылатынын табыңыз. |
| | "Құлагер". |
| 2 | Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз. |
| | Арал балықшыларының өмірі. |
| 3 | Жалынды поэзиясына әлем жұртшылығы құлақ түрген ақынды табыңыз. |
| | О. Сүлейменов. |
| 4 | Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз. |
| | 12 жыр. |
| 5 | Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз. |
| | «Алпамыс батыр». |
| 6 | Мен кескекті ердің сойымын, Кескілеспей басылман, - деген жолдар Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз. |
| | "Баймағамбет сұлтанға айтқаны". |
| 7 | Сағынам, ауызға алсам Исатайды, Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз. |
| | Шернияз. |
| 8 | Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз. |
| | Г. Потанин. |
| 9 | Ш. Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездеседі? |
| | "Еңлік - Кебек". |
| 10 | 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлеңдер жазғанын белгілеңіз. |
| | "Зілді бұйрық". |
| 1 | С. Мұқановтың поэзиядағы жаңалығы деп танылған өлеңін табыңыз. |
| | «Майға сәлем». |
| 2 | Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды («Қозы - Көрпеш - Баян сұлу») ойнаған артисті белгілеңіз. |
| | С. Қожамқұлов. |
| 3 | Төмендегі шумақтың өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы қандай құбылысқа жататынын анықтаңыз. Күдеріден бау тағып, Кіреуке киер күн қайда, Күмбір, күмбір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда?... |
| | Аллитерация. |
| 4 | Бұдырайған екі шекелі Мұздай үлкен көбелі - үзінді қай өлеңнен алынғанын анықтаңыз. |
| | Мадақ. |
| 5 | Арғымаққа оқ тиді, Қыл майқанның.., Аймадетке оқ тиді, Отыз екі омыртқаның буынынан, - өлеңінің тармақтағы жалғасын табыңыз. |
| | Түбінен. |
| 6 | М. Әуезовтің 20 - жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж. Аймауытовтың «Шернияз» пьесасынан кейін орын алған шығармасын табыңыз. |
| | "Қаракөз". |
| 7 | Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл. Абай өлеңінің осы жолдарында қандай көркемдегіш құрал жасағанын табыңыз. |
| | Эпитет. |
| 8 | Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз. |
| | «Кел, балалар, оқылық». |
| 9 | Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысалын белгілеңіз. |
| | «Шегіртке мен құмырсқа». |
| 10 | «Қырық мысал» жинағының авторын белгілеңіз. |
| | Ахмет Байтұрсынов. |
| 1 | Ақбілектің жасырынған жерін біліп, бандыларға ұстап берген кейіпкерді белгілеңіз. |
| | Мұқаш. |
| 2 | Бейімбетпен Медресе - Ғалияда жақын дос болған башқұрт ақынын белгілеңіз. |
| | Сайфи Құдаш. |
| 3 | УІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз. |
| | Қорқыт. |
| 4 | Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз. |
| | Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры. |
| 5 | Қарлығаш әулие, "Қарлығаш би" атанған кім екенін анықтаңыз. |
| | Төле. |
| 6 | Таза мінсіз асыл тас, "Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады"Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз. |
| | Асан қайғы. |
| 7 | «Еділдің бойы ен тоғай - Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз. |
| | Махамбет. |
| 8 | Шоқанның шын атын табыңыз. |
| | Мұхаммедқанафия. |
| 9 | М. Жұмабаевтың алғашқы жинағының атын табыңыз. |
| | "Шолпан". |
| 10 | «Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдың Гомері» атанған ақынды табыңыз. |
| | Ж. Жабаев. |
| 1 | Қ. Мырзалиев өлеңін неге «Қызыл кітап» деп атағанын табыңыз. |
| | Тірі жан тимесін деп, жоғалуға айналған хайуанатқа берілген қызыл мандат бар екенін көрсету үшін. |
| 2 | Сопылық әдебиеттің өкілін белгілеңіз. |
| | А. Яссауи. |
| 3 | Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынның әкесін табыңыз. |
| | Байсары. |
| 4 | Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Қозының әкесінің атын белгілеңіз. |
| | Сарыбай. |
| 5 | Жиһанкез атанған жырауды табыңыз. |
| | Шалкиіз. |
| 6 | Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз. |
| | Шернияз. |
| 7 | Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кімдердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз. |
| | орыс патшасы, жандарал, майырлар. |
| 8 | Жыланды атты жер аты Ақан серінің қай туындысында кездесетінін белгілеңіз. |
| | "Құлагер". |
| 9 | С. Мұқановтың «Ботагөз» романының «Таң атарда» деген атпен нешінші бөлімі аталатынын табыңыз. |
| | ІІ бөлімі. |
| 10 | Ұлпанның қызының атын белгілеңіз. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан») |
| | Біжікен - Бібіжиһан. |
| 1 | Үзіндіде өз мағынасында қолданылатын көркем сөзді көрсетіңіз. ... Таспен ұрып жібердім, Тоқал астындағы басындай Былш ете түсті иленіп, Бәйбіше астындағы нанындай. |
| | Архаизм. |
| 2 | Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз. Қарағайлы көдік бойында, Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы - алтын, сабы - жез... |
| | Доспамбет. |
| 3 | М. Әуезов Батыс Европа мен орыс драматургиясынан қанша пьеса аударғанын табыңыз. |
| | Сегіз. |
| 4 | Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған... Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман... (І. Жансүгіров «Әнші») Үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз. |
| | Метафора. |
| 5 | Ш. Айтматовпен бірігіп пьеса жазған драматургты көрсетіңіз. |
| | Қ. Мұхаметжанов. |
| 6 | Т. Айбергеновтің қанша жыл ғұмыр кешкенін белгілеңіз. |
| | 30 жас. |
| 7 | Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардыі біразы қайдан алынғанын табыңыз. |
| | Лев Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан. |
| 8 | Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған аудармасын белгілеңіз. |
| | «Альбомнан». |
| 9 | Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетін ұйымдастырған қала атын белгілеңіз. |
| | Орынбор. |
| 10 | «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыңан жігіт, жаңа дәуірдің өкілі кім екенін белгілеңіз. |
| | Ахмет. |
| 1 | Бар, шақырып кел! Сары атты бер!..– үзіндісі қай өлеңнен алынғанын белгілеңіз. |
| | «Мырқымбай». |
| 2 | Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз. |
| | Кенжекей. |
| 3 | Жоқтау - қандай жыр екенін табыңыз. |
| | Лирикалық. |
| 4 | Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз. |
| | Исатайға. |
| 5 | Мұхаммедқанафия кімнің шын аты екенін табыңыз. |
| | Шоқанның. |
| 6 | Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз. |
| | "Ақ көйлек" |
| 7 | С. Көбеевтің "Қалың мал" романындағы басты кейіпкер кім, табыңыз. |
| | Ғайша. |
| 8 | Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақынды табыңыз. |
| | Ж. Жабаев. |
| 9 | Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз. |
| | Суреттеу түрінде. |
| 10 | Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман - Ананы атқан адамды атаңыз. |
| | Мәңгүрт. |
| 1 | Алпамыс батыр жырындағы өнерлі баланы табыңыз. |
| | Кейқуат. |
| 2 | Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар кімдер екенін белгілеңіз. |
| | Ай мен Таңсық, Айбас, Көсемсары. |
| 3 | Асан қайғы "Базары жақын - байымас, мазары жақын - көбеймес" деген сөздерді қазақ жерінің қай аймағына арнағанын белгілеңіз. |
| | Шымкент, Сайрам. |
| 4 | Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасын табыңыз. |
| | "Қоғалы көлдер, қом сулар". |
| 5 | Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз. |
| | 1817 - 1881 жж. |
| 6 | Тыңдағы толқындар, "Аққан жұлдыз" романдарының авторы қай жазушы екенін табыңыз. |
| | С. Мұқанов. |
| 7 | Ғ. Мүсіреповтің әйел - анаға арнаған туындыларының шоқтығын табыңыз. |
| | "Ұлпан". |
| 8 | Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау). |
| | Теңеу. |
| 9 | Қазтуған жыраудың өлеңін табыңыз. |
| | "Салп - салпыншақ анау үш өзен". |
| 10 | Асан қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс - Шораның шұбап кеткен жер, - деген тармақтар қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз. |
| | «Үш қиян». |
| 1 | М. Әуезов талантының жан - жақтылығына лайық жауап табыңыз. |
| | Жазушы, ғалым, ұстаз. |
| 2 | Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз. |
| | «Беу, қыздар - ай». |
| 3 | Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың қызметін атаңыз. |
| | Кондуктор. |
| 4 | Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз. |
| | «Өнер - білім бар жұрттар». |
| 5 | «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең... ». Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. |
| | «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол». |
| 6 | «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген» өлеңдерінің авторын белгілеңіз. |
| | Ахмет Байтұрсынов |
| 7 | Бейімбет Майлиннің өлеңін табыңыз. |
| | «Кедейге». |
| 8 | Өтірік болса, сақалым жұлынсын, Қыз астындағы тырнадай. Бәрін де осының көріп келдім, Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз. |
| | Алдар Көсе. |
| 9 | ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз. |
| | Жиембет. |
| 10 | С. Бегалиннің Ш. Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз. |
| | «Бала Шоқан». |
| 1 | «Қалың мал» романының авторын табыңыз. |
| | Спандияр Көбеев. |
| 2 | Амангелдінің бабасы Иман кім болғанын белгілеңіз. |
| | Батыр. |
| 3 | Жамбылдың "Қазақстан тойына" атты өлеңі қай жылы жарияланғанын белгілеңіз. |
| | 1924 ж. |
| 4 | Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз. |
| | Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті. |
| 5 | Хұсрау - Шырын дастанының басты кейіпкерін табыңыз. |
| | Шырын. |
| 6 | Ер Тарғын жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз. |
| | Ақжүніс. |
| 7 | Айман мен Шолпанның әкесінің кім екендігін табыңыз. |
| | Маман. |
| 8 | Мына үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз. "Бұлықсып жүрген ерлерден, Бұрынғы бақыт тайған күн". |
| | "Мұнар күн". |
| 9 | Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз. |
| | 1818 - 1881 жж. |
| 10 | Ақан серінің «Бара - бар крестьянға тең болмадық» өлеңінде айтылған ақын қарсылығының мәнін ашыңыз. |
| | Қазақтың жерін де, малын да алып, пайда тауып отырған патша үкіметін сынайды. |
| 1 | С. Мұқановтың «Өмір мектебі», «Менің мектептерім» романдарының түрін көрсетіңіз. |
| | Өмірбаяндық. |
| 2 | Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз. |
| | Ғ. Мүсірепов. |
| 3 | Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз. |
| | Піскен алма секілді тәтті қызды. |
| 4 | Әдебиетттегі мазмұн дегеніміз не екенін белгілеңіз. |
| | Шығармада өрнектелген өмір шындығы. |
| 5 | Кім айтқанын белгілеңіз. "Көп сөйлеме - азбен келтір иінін. Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін". |
| | Ж. Баласағұн. |
| 6 | Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болған? |
| | Алтын Орда. |
| 7 | Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, …, қайда барасың, - деп Дулат қай өзен туралы жырлағанын анықтаңыз. |
| | Аягөз. |
| 8 | Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы, Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы. Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын авторды табыңыз. |
| | Ә. Рудаки. |
| 9 | М. Шахановтың Әбу - Насыр әл - Фараби өмірінен алынған өлеңін табыңыз. |
| | «Арман». |
| 10 | «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторын белгілеңіз. |
| | Ыбырай Алтынсарин. |
| 1 | Абайдың поэмасын белгілеңіз. |
| | «Ескендір». |
| 2 | Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз. |
| | «Ала қойлар». |
| 3 | Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсетіңіз. |
| | 1926 ж. |
| 4 | Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай! Бай, бай, бай, бай!– өлең тармақтарының авторын белгілеңіз. |
| | Бейімбет Майлин. |
| 5 | Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз. |
| | XІ ғ. |
| 6 | Қиял - ғажайып ертегіні табыңыз. |
| | «Күн астындағы Күнікей қыз». |
| 7 | Сыңсу қандай өлеңдер түрінде келетінін белгілеңіз. |
| | Элегиялық өлеңдер. |
| 8 | Махамбеттің: - Хан емессің, қасқырсың, Қас албасты басқырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын, - деп, кімге айтқандығын табыңыз. |
| | Жәңгір ханға. |
| 9 | Атақты сәйгүлік Құлагердің иесін табыңыз. |
| | А. Қорамсаұлы. |
| 10 | М. Жұмабаевтың поэмасын табыңыз. |
| | "Батыр Баян". |
| 1 | Қай романын жазуда Ғ. Мұстафин өзі таңдаған тақырыптың мәнін игеру үшін шахтада жұмыс істеп, жер қазғанын белгілеңіз. |
| | "Қарағанды". |
| 2 | Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз. |
| | Оқиға не оқиғалар жиынтығы. |
| 3 | Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы «қызыл жебе» деген сөздің мағынасын табыңыз: |
| | Ерен жүйрік жылқы. |
| 4 | «Ер Тарғын» жырындағы дана қарттың атын табыңыз. |
| | Сыпыра жырау. |
| 5 | «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал достықты жырлайтын дастан… - деп айтқан: |
| | М. Әуезов. |
| 6 | Ш. Уәлиханов "көшпенділер философы" деп кімді бағалағанын анықтаңыз. |
| | Асан қайғыны. |
| 7 | Махамбет өлеңін табыңыз. |
| | «Ұлы арман». |
| 8 | Жыршының аты жыршы ма, Әркімнен өлең жаттаса, Сөз - жібек жіп, жыр - кесте Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз тігіп, баттаса... Үзінді қай ақынның өлеңінде кездеседі? |
| | Дулат. |
| 9 | Ш. Уәлихановтың балалық шағы өткен мекенді табыңыз. |
| | Сырымбет. |
| 10 | Ж. Жабаевтың өлеңдерін көрсетіңіз. |
| | «Кәдірбайдың төбеті». |
| 1 | Амангелді пьесасын жазған кім, дұрысын табыңыз. |
| | Ғ. Мүсірепов. |
| 2 | Қолыма от сиялы қалам алдым, - дегенде көркемдеу тәсілінің қай түрі бар екенін анықтаңыз. |
| | Эпитет. |
| 3 | «Мен - қазақпын» поэмасының авторын табыңыз: |
| | Ж. Молдағалиев. |
| 4 | Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз. |
| | "Хұсрау - Шырын". |
| 5 | Доспамбеттің толғауын табыңыз: |
| | "Күн қайда" |
| 6 | Сүйенейін деген жігіттің Сүбеде алтау - жетеу ағайыны тең өсер. Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз. |
| | "Жел, жел есер, жел есер". |
| 7 | «Киім кисе, жеңі жоқ, Етегі бар да, белі жоқ... Ел биледі бір сымпыс Екі бұты таралған» Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз. |
| | Мұрат Мөңкеұлы. |
| 8 | Абай жолы эпопеясы – жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклопедиясы" деп баға берген атақты адамды белгілеңіз. |
| | Қаныш Сәтбаев. |
| 9 | Украин әдебиетінің өкілдерін белгілеңіз. |
| | П. Тычина, М. Бажан. |
| 10 | Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз. Түйе сүйеді баласын «…» деп, «Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп. |
| | «боташым» |
| 1 | Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз. |
| | «Айттым сәлем қаламқас». |
| 2 | Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын белгілеңіз. |
| | «Қасқыр мен қозы». |
| 3 | Баянның бауырының есімін белгілеңіз. |
| | Ноян. |
| 4 | Бәкен Б. Майлиннің қай шығармасының кейіпкері екенін белгілеңіз. |
| | «Раушан - коммунист» повесі. |
| 5 | Ата жұрты бұқара, Өз қолында болмаса Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп... Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. |
| | "Бұл заманда не ғаріп". |
| 6 | Махамбет Өтемісұлының туған жылын табыңыз. |
| | 1804 ж. |
| 7 | С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Тұрлығұл бай мен ол айттырған жас қыз Ғайшаның неше жаста екенін белгілеңіз. |
| | Алпыс - он бес. |
| 8 | 1846 жылы кім дүниеге келгенін анықтаңыз. |
| | Ж. Жабаев. |
| 9 | Оқуға түсуге мүмкіндігі болмай, жоғары сотқа қызметке орналасып, жазуға қабілеті оянған жазушыны көрсетіңіз. |
| | Ғ. Мұстафин. |
| 10 | Ш. Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз. |
| | Сұлтанмұрат. |
| 1 | М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз. |
| | Отырар. |
| 2 | Саиф Сараи - қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз. |
| | Алтын Орда дәуірі. |
| 3 | Алпамыс батыр жырындағы Ұлтанның көкпарға кімді тарттырмақшы болғандығын көрсетіңіз. |
| | Жәдігер. |
| 4 | Сарыбай қанша жаста екенін белгілеңіз. ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу") |
| | 75. |
| 5 | Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз. |
| | XIX ғ. |
| 6 | Дулат Бабатайұлының поэмасын табыңыз. |
| | "Еспембет" |
| 7 | Шоқанның ел ішіндегі аңыз - әңгімелерден, халық жырлары мен дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының атын табыңыз. |
| | "Қозы Көрпеш - Баян сұлу". |
| 8 | Ы. Алтынсаринді атасы Балқожа би қай мектепке оқуға бергенін табыңыз. |
| | Орынбордағы орыс - қазақ мектебі. |
| 9 | Жігіттің шешендігін дауда сына, Жігітті батырсынған жауда сына. Бұл нақылға лайық жолдардың авторын көрсетіңіз. |
| | Ақан сері. |
| 10 | Ғ. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" шығармасындағы кейіпкердің шын аты - жөнін көрсетіңіз. |
| | Қайырғали Смағұлов. |
| 1 | Кейіптеу дегеніміз не екенін белгілеңіз. |
| | Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі бейнеде суреттеу. |
| 2 | Құдатғу білігте әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз. |
| | Күнтуды. |
| 3 | Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ, табыңыз. Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес... |
| | Доспамбет жырау. |
| 4 | Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз. |
| | "Шағырмақ бұлт жай тастар" |
| 5 | М. Әуезовтің «Қараш - Қараш оқиғасында» Бақтығұлдың Жарасбай болысты қай кезде атып өлтіретінін табыңыз. |
| | Тоқалын ұзатып алып келе жатқанда. |
| 6 | Жеті жаста садақ тартты, Атқан оғы тасты уатты. Жай оғынан кейін емес, Темірден де өткізеді, Күндік жерге жеткізеді. Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз. |
| | Гипербола. |
| 7 | Жылқы атасын атаңыз. |
| | Қамбар ата. |
| 8 | Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас, Туған елдей ел болмас. |
| | Теңеу. |
| 9 | «Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай туындысын көрсетіңіз. |
| | «Евгений Онегин». |
| 10 | Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам, мейірімді әкені белгілеңіз. |
| | Омар. |
| 1 | Қаңбақ шал ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз. - "Аспанға лақтырсам, аспан айналып жерге түседі - ау!" - деп, қауіп қылып тұрмын. |
| | Шал. |
| 2 | Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз. |
| | Тортай. |
| 3 | Ы. Алтынсариннің қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі - өнегесін көрсету идеясын ұстанған туындысын белгілеңіз. |
| | «Өнер - білім бар жұрттар». |
| 4 | «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр» поэмаларын жазған ақынды атаңыз. |
| | Ш. Құдайбердиев. |
| 5 | Ақан сері өміріне жазылған Ілияс Жансүгіров поэмасын табыңыз: |
| | "Құлагер". |
| 6 | Күншілдер өледі, Көңілін от қарып; Батырлар өледі, Борышын атқарып; Бұзықтар өледі, Пышаққа құлшынып. - Бұл өлеңде қандай тәсіл пайдаланылғанын белгілеңіз. |
| | Қайталау. |
| 7 | Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз. |
| | Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі. |
| 8 | Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романының негізгі кейіпкерін атаңыз. |
| | Тұрар. |
| 9 | Күлтегін, "Тоныкөк" жырларын жазған кім екенін белгілеңіз. |
| | Иоллығ тегін. |
| 10 | Темір би мен Шалкиіз қандай жерлерді аралаған, табыңыз. |
| | Қырым, Кавказ, Дон. |
| 1 | «Әттең, бір қапы дүние - ай» өлеңінің авторын көрсетіңіз. |
| | Мұрат Мөңкеұлы. |
| 2 | П. П. Семенов - Тян - Шанскийдің Ш. Уәлихановпен бірге саяхатқа қайда барғанын белгілеңіз. |
| | Ыстықкөл және Құлжаға. |
| 3 | С. Көбеев И. Крыловтың мысалдарын қай жерде жүріп аудара бастағанын табыңыз. |
| | Кішіқұмда. |
| 4 | Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз. |
| | Құлмамбетке. |
| 5 | Ғ. Мүсірепов "Автобиографиялық әңгімесінде "өзінің ұстазы ретінде атайтын жазушыны көрсетіңіз. |
| | Б. Өтетілеуов. |
| 6 | Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың сіңлісінің есімін есіңізге түсіріңіз. |
| | Нәзила. |
| 7 | Ахмет Яссауидің өмір сүрген кезеңін табыңыз. |
| | XІ ғ. |
| 8 | Қазтуғанның атын шығарған қай жыр екенін табыңыз. |
| | "Мадақ". |
| 9 | Бұқардың өлеңін табыңыз. |
| | "Жал - құйрығы қаба деп" |
| 10 | Махамбеттің өлеңін табыңыз. |
| | "Қарағай шаптым шандоздап" |
| 1 | Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, Аягөз, қайда барасың? Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз. |
| | Дулат. |
| 2 | Н. Погодиннің пікірін белгілеңіз. |
| | «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». |
| 3 | Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз. Аққу ұшып көлге кетті. Сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ Әркім барар жөнге кетті. |
| | Естірту. |
| 4 | 1879 ж. Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептеріне кім болып тағайындалғанын белгілеңіз. |
| | Инспектор. |
| 5 | «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын белгілеңіз. |
| | Абай Құнанбайұлы. |
| 6 | Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» басылып шыққан жерді белгілеңіз. |
| | Петербургте. |
| 7 | Б. Майлин шығармаларындағы типтік образды белгілеңіз. |
| | Мырқымбай. |
| 8 | Оғыз Қағанжырындағы Оғыздың ақылшысы кім? |
| | Ұлық Түрік. |
| 9 | «Ажалым аштан болды ма? Ауызға жерге жемім жоқ, Егер өлсем бұл жерде, Сүйегімді ұстар теңім жоқ», - деп қиналатын батырды табыңыз. |
| | Ер Тарғын. |
| 10 | Мақал - мәтелдің авторы кім? |
| | Халық. |
| 1 | Жаңашылдықты көксеген Қамар, Ахмет, Омар, Қасен сияқты кейіпкерлер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз. |
| | "Қамар сұлу". |
| 2 | Ілиястың поэмасын табыңыз: |
| | "Күйші". |
| 3 | Ғ. Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз. |
| | Жазушы. |
| 4 | Үш бақытымның авторын табыңыз. |
| | Мұқағали Мақатаев. |
| 5 | Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз. |
| | Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір - құрметін білдіретін өлең. |
| 6 | Бір ағаштағы қос шынар сияқты көрінетін ғашықтар кімдер екенін белгілеңіз. |
| | Қозы мен Баян. |
| 7 | Асан қайғы: "Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!" - деп кімге айтқанын анықтаңыз. |
| | Ханға. |
| 8 | «Қаратаудың басынан көш келеді» әні қандай оқиғаға байланысты шығарылғанын табыңыз. |
| | Жоңғар шапқыншылығы. |
| 9 | «Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның, Екі талай болғанда Азыққа етін жеп едім, » - деген жолдары алынған Махамбет өлеңінің атын табыңыз. |
| | «Баймағанбет сұлтанға айтқаны». |
| 10 | Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ, Хан емес, хас қатынсың, мұндар қу бас, - деп, Баймағамбет сұлтанды сынаған ақынды анықтаңыз. |
| | Шернияз. |
| 1 | Современник журналы (1864 №6 саны) Шоқан Уәлиханов жайында: "... бұратана халықтардың арасында бұрын - соңды ондай адам болған емес", - деуінің себебін анықтаңыз. |
| | Күш - жігерін мойындағаны. |
| 2 | Қай жылы Жамбыл Ленин орденімен марапатталғанын анықтаңыз. |
| | 1938 ж. |
| 3 | «Автобиографиялық әңгіменің» авторын табыңыз. |
| | Ғ. Мүсірепов. |
| 4 | Баяндау дегеніміздің не екенін табыңыз. |
| | Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу. |
| 5 | Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман - ананың үміт артар жолдасын табыңыз. |
| | Ақ інген. |
| 6 | Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп жазылғанын табыңыз. |
| | Төрт. |
| 7 | "Жағы түкті жылқы айуан Иесін қайда жаяу салмаған"- деген үзінді қай шығармадан алынғанын белгілеңіз. |
| | "Қоғалы көлдер, қом сулар". |
| 8 | Арабша, орысша хат білген ақынды табыңыз. |
| | Махамбет. |
| 9 | Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз: Бай кедейді көрмейді, Кедей байға ермейді. Қызметін бір күн қылмаса, Майлы сорпа бермейді. |
| | Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы. |
| 10 | Ақанның «Мылтық пен мергеншілік» өлеңі неше бөлімнен тұратындығын анықтаңыз. |
| | 3 |
| 1 | Түйені қалай шақыратынын белгілеңіз. |
| | «Көс - көс» |
| 2 | Ы. Алтынсарин дүние салған жылды табыңыз. |
| | 1889 ж. |
| 3 | Абай Құнанбайұлының өлеңін белгілеңіз. |
| | «Ғылым таппай мақтанба». |
| 4 | Ахмет Байтұрсыновтың туған жылын табыңыз. |
| | 1873 ж. |
| 5 | Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның әкесін табыңыз. |
| | Есімбек. |
| 6 | Дулат ақынның әкесін табыңыз. |
| | Бабатай. |
| 7 | Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өз өмірі суреттелгенін белгілеңіз. |
| | 63. |
| 8 | Шалкиіз қай батырға арнап толғау шығарғанын анықтаңыз. |
| | Ер Шобан. |
| 9 | Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңғы кезінде қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз. |
| | Жанғұтты би. |
| 10 | Табиғат лирикасында натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылары бар ақынды табыңыз. |
| | І. Жансүгіров. |
| 1 | Ұлы Монғол империясының негізін қалаған кім екенін табыңыз. |
| | Мұхаммед Бабыр. |
| 2 | Қазтуғанның өлеңін көрсетіңіз. |
| | "Мадақ". |
| 3 | Оқудан соңғы өнер – мылтық деген, Халайық, құлақ қойсаң тілге нанып, – деген үзінді кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз. |
| | Ақан сері. |
| 4 | «Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті», - деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз. |
| | Метафора. |
| 5 | «Адамның екі көзі, екі құлағы болғанда, тілі неге біреу - ақ? Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс». Р. Ғамзатовтың қай шығармасынан алынғанын табыңыз. |
| | «Менің Дағыстаным». |
| 6 | Қ. Мұхаметжановтың пьесасын көрсетіңіз. |
| | "Қуырдақ дайын". |
| 7 | Төмендегі өлең жолдары қай кезде айтылатынын көрсетіңіз. Амансың ба, ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң, жол болсын! |
| | Наурыз мерекесінде. |
| 8 | Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз- тармақтары Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз. |
| | «Ғылым таппай мақтанба». |
| 9 | С. Торайғыров дүниеге келген жылды көрсетіңіз. |
| | 1893 ж. |
| 10 | «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз. |
| | Бейімбет Майлин. |
| 1 | Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын көрсетіңіз. |
| | 1858 жыл. |
| 2 | Шоқанның туып - өскен жерін табыңыз. |
| | Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті. |
| 3 | Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін атаңыз. |
| | «Қыпшақ Сейітқұл». |
| 4 | «Аспанда ұшқан, алты қаз, Сіздер тірі, мен өлі», - деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро - эпостық жыр кейіпкерін табыңыз. |
| | Төлеген. |
| 5 | Ер Шобан қай жыраудың шығармасы екенін табыңыз. |
| | Шалкиіз. |
| 6 | «Ақын ініме» өлеңінің авторын белгілеңіз. |
| | А. Байтұрсынов. |
| 7 | Көркемдегіш құралдың қай түрі екенін анықтаңыз. - Күндердің күні болғанда, күн артынан күн жеткенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, өлдім - талдым, өштім - жандым... |
| | Қайталау. |
| 8 | Диуани лұғат - ат түрік атты жинақ қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз. |
| | XІ ғ. |
| 9 | Жаманменен жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер, Жақсыменен жолдас болсаңыз, Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторын табыңыз. |
| | Бұқар жырау. |
| 10 | Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындаға мазар орналасқан жерді атаңыз. |
| | Сарыөзек. |
| 1 | Ақ Жайық романының авторын табыңыз. |
| | Х. Есенжанов. |
| 2 | Қазақ ертегілерін академик М. Әуезовтің неше жікке (жанрға) бөлгенін көрсетіңіз. |
| | 3. |
| 3 | Мақалдағы көркемдік әдісті табыңыз Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. |
| | Шендестіру. |
| 4 | Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туындыны белгілеңіз. |
| | «Абай жолы». |
| 5 | Ахмет Байтұрсыновтың 1909 ж. Петербургте басылған кітабын белгілеңіз. |
| | «Қырық мысал». |
| 6 | ... Сен азаттық көркісің Азаттығың мәңгі, мәңгі Мәңгі - бақи бекісін,- деген үзінді Б. Майлиннің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. |
| | «Азат әйел». |
| 7 | "Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма, Орыспенен соғысып, Басыңа мұнша көтерген, Жұртыңа жаулық сағынба", - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз. |
| | Бұқар жырау. |
| 8 | Ш. Уәлихановтың шығармасын атаңыз. |
| | "Жоңғария очерктері". |
| 9 | Ы. Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз. |
| | «Кел, балалар, оқылық!» |
| 10 | М. Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз. |
| | 1893 - 1938 ж. ж. |
| 1 | Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз. |
| | Шумақ. |
| 2 | Әл - Фараби туындысын анықтаңыз. |
| | "Китаб аш шеьер " ("Өлең кітабы "). |
| 3 | Ақжүністің мінген атын табыңыз. |
| | Боз жорға. |
| 4 | Дулат Бабатайұлы өмір сүрген жылдарды атаңыз. |
| | 1802 - 1871 жж. |
| 5 | «ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза туа бастайды. Оның алғашқы бастамасы Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы болды... " деген пікірдің иесін табыңыз. |
| | Мұхтар Әуезов. |
| 6 | Жамбыл Жабаев туралы: "Жетісу ақындарының алтын діңгегі", - деп кім айтқанын анықтаңыз. |
| | М. Әуезов. |
| 7 | С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында қандай тарихи тұлға сомдалатынын табыңыз. |
| | Ш. Уәлиханов. |
| 8 | Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ, жаңадан қосылған кейіпкерлерді белгілеңіз. |
| | Жантық, Жарқын. |
| 9 | Асан қайғы, Шерқұтты би, Ер Абат атты есімдер қай жырау туындысында ұшырасатынын анықтаңыз. |
| | Қазтуған. |
| 10 | Арғымаққа оқ тиді - Қыл мықынның түбінен. Ер жігітке оқ тиді – Ауыз омыртқаның түбінен, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін анықтаңыз. |
| | Махамбеттікі. |
| 1 | Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өлеңін табыңыз. |
| | «Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі». |
| 2 | Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған қанша өлең жолы бар екенін табыңыз. |
| | 2000. |
| 3 | «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінңң тақырыбын анықтаңыз. |
| | Оқу, білім. |
| 4 | Ақбілектің әкесінің есімін белгілеңіз. |
| | Мамырбай. |
| 5 | Б. Майлиннің повесін табыңыз. |
| | «Раушан - коммунист» |
| 6 | Үмбетей қай жылы қайтыс болғанын белгілеңіз. |
| | 1778 ж. |
| 7 | М. Дулатов орысша сабақты кімнен үйренгенін анықтаңыз. |
| | Мұқан Тоқтабайұлы. |
| 8 | Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы) |
| | Ербол. |
| 9 | «Ер Тарғын» жырының кейіпкерін табыңыз. |
| | Қартқожақ. |
| 10 | Баян сұлудың әкесінің атын белгілеңіз. |
| | Қарабай. |