kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану»

Тақырыбы:Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану


Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа модулін құрып,оны сынақтан өткізу мен өмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр,оның негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында»көрсетілген. Сондай-ақ 2011-2020жылға дейін тұжырымдамасында білімге қатты назар аударып, « XXI-ғасырды-білім ғасыры »деп атап көрсеткен.Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар,экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның талабына сай оның жедел ақпараттануымен, қарқынды дамуымен білім берудегі талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім беру жүйесі,білім берудің мақсаты,мазмұны,технологиясы,оның нәтижесіне қарай бағаланатындығын өмір дәлелдеп отыр. Сондықтан да,болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып,оқыту процесіне де технологияны ендіру қажеттілігі туды.Көздеген нәтиженің орындалу кепілі.Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы.Сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі.Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы. Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы.

Технология-деген сөзді бөлшектеп қарастыратын болсақ-өнер,шеберлік,ілім,ғылым,заң деген мағына береді-

ғылыми практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудің әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде технология-материалды өңдеу мен дайындау тәсілінің жиынтығы деп жазылған.

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше,жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің,қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі.Оқыту технологиясын таңдап,іріктеу-оқушының,оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.

«Инновация»деген ұғым педагогикада кең түрде еніп, «жаңалық енгізу», «жаңалық», «реформа жүргізу»деген ұғымдармен қатар тұрса, кең мағынада жүйедегі кез-келген өзгерістерді білдіреді. Инновация- педагогикалық процеске оқыту мен тәжірибенің жаңа тұжырымдамаларын ,оқу жоспарларын және бағдарламаларын,түрлерін,әдістерін,құралдарын енгізіп, мақсатқа жету .

Мектеп өміріне еніп отырған педагогикалық жаңа технологиялардың ерекшелігі-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Қазіргі оқушы:дүниетанымының қабілеті жоғары,дарынды,өнертапқыш,ізденімпаз,талапты,өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен үрдістерін қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім.

Білім берудегі қолданылып жүрген педагогикалық технология негізіне мыналар жатады:

-баланы ынталандыру,көкірегіне сенім ұялата білу;

-әрбір оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру;

-оқушымен ұнамды қарым-қатынас жасау;

-оқушының қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;

-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу,іздену дағдыларын қалыптастыру;

-баланың болашағына,қабілетіне сенім білдіру.

Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық,психологиялық,әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті,шәкірттердің жан – дүниесіне терең үңіліп ,оны ұғына білуді талап етеді .Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технология элементтерін сабақта пайдалана отырып ,оқушылардың ой-өрісін,тіл байлықтарын дамытып,ізденімпаздыққа,білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап келемін. Оқушыларға сапалы білім берудегі менің негізгі жұмыс тақырыбым – баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.

Алға қойған мақсатым-өз бетімен дами алатын ,әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білітін белсенді,білімді оқушы тәрбиелеу.

Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:

1.Оқушылардың барлығын сабаққа ынталы түрде қатыстыру;

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту .

Осы міндеттерді орындау үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,балалардің ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға,өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.Осы мақсатта әрбір оқушыға

«Сенім»дәптерін бастап,оқушының ойын,қиялын біліп отырдым.

Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.

Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ал оқушының шығармашылық қабілетін дамыту-баланы ойлай білуге үйрету деген сөз.

Сонымен қатар мынандай жағдайларды ескеріп отырдым:

-әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне,қызығушылықтарына үйлесуін қадағаладым.

Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұрып,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданып отырдым. Мысалы:жұмбақтар,сөзжұмбақтар,математикалық жұмбақтарды шешкізу,өздеріне құрастырту,арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру,логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу,әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөлімдерге бөлу ,ат қою, мәтін,әңгіме ,ертегіні аяқтау т.б.

Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеуге, оның тұлға ретінде жағдай жасайтын негізгі саты. Оқушылардың ой-өрісін дамытуда ойын түрлерінің де маңызы зор. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімдердің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана ,әрі сапалы орындайтын болады.

Өз тәжірибемде сабақты түсіндіріп болған соң әр пәнде өткен материалға байланысты 5-10 минуттық ойын ұйымдастырып жіберемін. Мысалы: «Кім жылдам?», «Жоғалған әріп», «Сөз ойла көп ойла», «Кім көп біледі», «Топтай біл» т.б.Мысалы «Топтай біл» ойынын қазақ тілі сабағында қолдануға болады. Бірнеше сөздер беріп,соларды сөйлем мүшелеріне топтау. «Кім көп біледі?» ойынында сұрақтар дайындалып, сол сұрақтарға жауап береді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор.Сондықтан сабақта халықтық педогогиканы,саяхат сабақ, топсеруендер, танымдық ойындар, ертегі сабақ, іскерлік ойындар, пікір алмасу,бейне таспаларды талдау тренингтерді қолдандым.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Сабақта Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологясын қолданамын, Шаталовтың «тірек сызбасын», «сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін» пайдаланамын.

Мысалы:оқушының қызығушылығын ояту стратегиясы бойынша оқушыларды топқа бөлу, яғни топтастыру әдісін, ой қозғау,семантикалық картамен жұмыс жасатамын. «Мағынаны ажырату стратегиясы бойынша» кубизм, ВЕНН диаграммасын құру, «Ой толғаныс стратегиясында» пікір алмасу, эссе жазу, 5 жолды өлең құрғызып әр сабағымды түрлендіріп өткізуге тырысамын.

Ж. Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының» басты мақсаты: әр оқушыны оның мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.Әрбір оқушыны өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады.

Үш кезеңнен тұрады:

Iкезең үй тапсырмасын сұрау, оқушыларды топқа бөлу, сұрақ-жауап

II кезең жаңа сабақ, сабақты тірек сызба арқылы түсіндіру, сабақ барысында дидактикалық материалды пайдалану

III кезең деңгейлік тапсырмалар, сұрақтар беру

Деңгейлеп оқыту 4 бөліктен тұрады.

1.Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан, барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2.Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды.Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы да жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады.Анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, зертханалық жұмыс жүргізу, сұрақтар болуы қажет.

4.Шығармашылық деңгей.Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, шығармашылық жұмыспен айналысуына әсер ететіндей тапсырмалар беру.Оқушы өз қабілетіне қарай есеп шығарып, оның оңай жолын қарастырады, есепті өз бетімен құрастырып, схемалық есеп шығарады, тестік жұмыстар арқылы білім деңгейі тексеріледі. Шығармашылығын дамыту мақсатында логикалық есептер, кроссворттар, ребустар шешу сияқты тапсырмалар беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады.1-ші деңгей-5 ұпай жинаса «3», 2-деңгей-10 үпай жинаса- «4» қойылады. 3-деңгей-15 ұпайға «5» деген баға, 4- деңгей-20 ұпай- «5»-ке бағаланады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де шығармашылығын дамытады.Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру мақсатында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп ізденеді, дамиды. 4-ші деңгейді көбінесе озат оқушы орындайды.Көбінесе оқушылар 1-2 деңгейді толық жуық орындайды, ал озат оқушылар алға шығады.Сабақ соңында барлық оқушылар бағаланады.

Бұл технологияның тиімді жақтары:

  • әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • оқушының қабілеті айқындалады;

  • талпынысы , ұмтылысы байқалады;

  • күрделі тапсырмаларға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады;

  • деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады, деңгейі анықталады;

  • оқушылар бір-бірінен қалмауға тырысады.

Мысалы, математикадан өтілген бір сабаққа тоқтала кетейін. Ашық сабақтың тақырыбы: «Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту».Сабақты «Алтын қақпа» ойыны арқылы жүргіздім. Оқушыларды екі топқа бөлдім.Ең алдымен сабақты бастамас бұрын оқушылардың зейінін аударып, қызығушылығын ояттым. Оқушылар ауызша есептеулер арқылы өрнектің мәнін тауып, артындағы жасырын сөзді тапты. Сонда «Алтын қақпа» деген сөз шықты.Ары қарай оқушылар «Алтын қақпа» ойыны арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындады. I деңгей ағаш қақпа, IIдеңгей –күміс қақпа, III -деңгей «Алтын қақпа» есігін ашу үшін топ басшылары сайысқа түсті. Алтын қақпа ішіндегі «алтын сандықты» жеңімпаз топ басшысы ашып, ішіндегі IV деңгей тапсырмасын, яғни шығармашылық тапсырманы орындады. Сол сияқты қазақ тілінен мысал келтіретін болсам, «Сан есім» тақырыбын өткен кезде мынандай деңгейлік тапсырмалар беруге болады.

I-деңгей

1. Заттың ... білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

2.Сұрақтары

II-деңгей

1.Сөз тіркесін жаса

2.Сан есімдерге мысалдар жаз. Есептік, реттік.

III-деңгей

1. Ішінде саны бар сөздерді жазу.

2.Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, 2 сөйлем жазу

IV-деңгей

«Кім тапқыр?» Жоқ сөздің орнына сан есімдер жазу.

1.Білекті ... жығады, білімді... жығады.

2. Жаздың ... күні, қыстың ... күнін асырайды. т.с.с.

Құрметті ұстаздар! Бастауыш сыныптар апталығында дүниетану пәнінен 3 сыныпта өткізген , «Өсімдіктердің топталып өсуі» тақырыбындағы «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналға шыққан сабағымның үлгісін көрсетейін.

Оқушыларды екі топқа бөлдім, «Қызғалдақтар» тобы, «Сарғалдақтар тобы». Оқушылардың қызығушылығын ояту, яғни психологиялық дайындық.Оқушыларды түгендеп, зейінін аудардым.

Ары қарай үй тапсырмасы сұралды, тест түрінде және семантикалық картамен жұмыс жасалды. Екі топтан екі оқушы мазмұндады.

Сергіту сәті

Білімді тексеру кезеңі

Жылу сүйгіш, жарықсүйгіш, суыққа төзімді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тауып,қалташаларға салу

Жаңа сабақ (слайд арқылы көрсету)

Тақырыбын, мақсатын айту, тірек сызба арқылы түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс жасалды.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі

Топ басшыларымен жұмыс жасау. Сұрақтар қою.

Бекіту. Қорытындылау (тірек сызба арқылы)

Проблемалық сұрақтар қою, жергілікті жер компоненттерімен байланыстыру. Жеңімпаз топты анықтау .

Үй тапсырмасын беру, бағалау

«Иә, жоқ» ойыны

Сөзімді қорыта келе , оқушылардың танымдық қабілетін танып шыңдау арқылы, шығармашылығын зерделеп бағыт беру арқылы саналы тәртіп, сапалы білім бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығатынымызға сенімдімін.












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану

Автор: Тундебаева Бахыт Зекеновна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394417

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама  Саба?та  жа?а технологияларды  тиімді пайдалану "
    ["seo_title"] => string(62) "baiandama-sabak-ta-zhan-a-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "184893"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426104373"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "«Жары?ты? тол?ынды? ж?не кванты? касиеттерін» ?айталау "
    ["seo_title"] => string(60) "zharyk-tyn-tolk-yndyk-zh-nie-kvantyk-kasiiettierin-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "204018"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429596253"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Биология  саба?ында  жа?а  технологияларды  ?олдану  н?тижесі"
    ["seo_title"] => string(68) "biologhiia-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu-n-tizhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "284375"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453975101"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Жаңа озық технологиялық тәсілдерді гуманитарлық білімге енгізу"
    ["seo_title"] => string(74) "zhan_a_ozyk_tiekhnologhiialyk_t_sildierdi_ghumanitarlyk_bilimghie_ienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "376264"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483805409"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства