Просмотр содержимого документа
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар интеллектуалдық сайыс»
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта 1. Ұйымдастыру. Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық. Ал келіңдер, келіңдер, Біріңе - бірің еріңдер Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз. Білмеймін деп қысылма, Талабың болса бойыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық. Топтарымызды таныстырып өтейік. І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер» Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау. 1топ «Алғырлар» Ұраны: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз Қияларға самғап ұшқан құстаймыз Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2 - топ. «Білімділер» Ұраны: Білікті бірді жығады Білімді мыңды жығады Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. І. Ой жүгірту. ІІ. Көсемдікке ұмтылу. ІІІ. Ғажайып сурет. ІҮ. Шешімін тап! Ү. Полиглот. Ү І. Кім тапқыр? Ү І І. Біліміңді шыңда.
Шын жүйріктер сыналады жарыста, Жарыстың ба, орта жолда қалыспа! Бағалайды әділқазы сіздерді. Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Ал келіңдер, келіңдер! Дұрыс жауап беріңдер. Біліміңді тексеріп, Саудаласып көріңдер. Сырлары көп білімнің Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне.
І кезең «Ой жүгірту» Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді. 1топ «Алғырлар»
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта) 2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз) 3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім) 4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні) 5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) 6. Қосуға кері амалды ата. (азайту) 7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366) 8. Есту мүшесі не? (құлақ) 9. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б) 10. 12- сәуір қандай мейрам? (Ұшқыштар күні.)
2 - топ. «Білімділер»
1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік) 2. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер) 3. 720 – ны 9 есе кеміт. (80) 4. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні) 5. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан) 6. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік) 7. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге) 8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз) 9. Ұлыстың ұлы күні? (22 Наурыз)
10. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу» «Мақал – сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал – мәтел жарыстырады. Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар: Отан, туған жер, туған ел, атамекен. Оқу, білім. Ерлік, батырлық. Достық, жолдастық.
ІІІ кезең «Ғажайып сурет» Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік. Арамызда тапқыр достар көп екен, Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалағанын табу керек. Бәйтерек. Мемлекеттік ту.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан. Барлық ғылым соған үйір болады, Досың солар табылатын қасыңнан. ІҮ кезең «Шешімін тап!» Мұнда оқушыларға кесте беріледі, сол кестені орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады. Ү кезең «Полиглот» «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады. Жұмбақтар: 1). Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга) 2). Падишадай жатысы бар, Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка) 3). Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр – шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка) 4). Жылт – жылт еткен, Жылғадан өткен. (су – вода) 5) Ашылып, жабылады, Әр үйден табылады. (Есік - дверь) 6) Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).
Ендігі кезекті «Кім тапқыр?» кезеңіне берейік! Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады. 1). Еңбектің наны тәтті, 2). Кітап – білім бұлағы, ………Батыр бір өледі, 4). Бірлік болмай, …… 5). Әдепті бала – арлы бала, ……6). Қына тасқа бітеді, …7). Жүз теңгең болғанша, 8). Ашу дұшпан, ……………………..
VII - кезең: «Біліміңді шында» Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет. 1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу 2. 3 аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? 3 сағат 3. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 2 сағат 4. Ағаштың бұтағында 10 торғай отырды. Аңшы біреуін атып тастаған соң, неше торғай қалады? 10 торғай. 5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? 1 мотоцикл 6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары 7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы 8. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? 4 мысық. Ойын: Шрифтограмма шешу
Алдыңызда әлі талай асу бар, Асулардан қиналмай – ақ асыңдар. Тек сәттілік тілеймін бәріңізге, Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
1топ «Алғырлар» Ұраны: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз Қияларға самғап ұшқан құстаймыз Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2 - топ. «Білімділер» Ұраны: Білікті бірді жығады Білімді мыңды жығады Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен Сәтті болсын сапарымыз әрдайым1топ «Алғырлар» Ұраны: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз Қияларға самғап ұшқан құстаймыз Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз 2 - топ. «Білімділер» Ұраны: Білікті бірді жығады Білімді мыңды жығады Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен Сәтті болсын сапарымыз әрдайым