ІІ. «Білімі?ді ны?та!» (п?н бойынша с?ра? – жауап беру).
ІІІ. М?нерлеп ?ле? о?у.
ІV. «Ойлан тап!» ж?мба? шешу.
V. «Даналар а?ылы»
7. 1 ж?ргізуші: «Білімнен ба?ыт табы?дар!» – деген І сайыс. Топтармен танысу.
І – топ: «Болаша?». ?раны: «Т?уелсіз елді? тірегі, білімді ?рпа?».
ІІ – топ: «Досты?». ?раны: «Егеменді елді? тірегі – о?у мен білім».
(Топтар т?с белгілерін к?рсетеді, ?ор?айды).
?н: «Елім мені?».
8. 2 ж?ргізуші: Хал?ымызда «Білімді мы?ды жы?ар, білікті бірді жы?ар» деген ма?ал бар. Ендеше мына кестедегі сандарды ІІ топ та?дап ала ІІ – сайыс «Білімі?ді ны?та!» бойынша п?ндерден с?ра??а жауап береді.
60
20
40
70
30
20
«60» – с?ра? : 6 мен 9 – ды? ?осындысы.
«20» – с?ра? : С?йлем т?рлерін ата.
«40» – с?ра?: ?арт?ожаны? ту?ан жері кімні? ??гімесі?
3. Бастаушы кіріспе сөзі: а) Сабақ тақырыбын таныстыру.
ә) Әділ қазылар алқасын сайлау.
б) Ойын – сайыс түрлерімен таныстыру.
4. Жүргізушілер:
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
5. Хор: ҚР – ң Мемлекеттік Әнұранын орындау.
6. 1 жүргізуші: 2 жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай, Білім мен өнер жарысып,
Жүйріктің бағы жанар ма? Тәрбие, тәлім табар ма?
Екеуі: Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол – алда! –
дегендей ІІ топты таныстырып отырғызу.
Сайыс шарты:
І. Топ өз тобы аты, ұранымен таныстырады.
ІІ. «Біліміңді нықта!» (пән бойынша сұрақ – жауап беру).
ІІІ. Мәнерлеп өлең оқу.
ІV. «Ойлан тап!» жұмбақ шешу.
V. «Даналар ақылы»
7. 1 жүргізуші: «Білімнен бақыт табыңдар!» – деген І сайыс. Топтармен танысу.
І – топ: «Болашақ». Ұраны: «Тәуелсіз елдің тірегі, білімді ұрпақ».
ІІ – топ: «Достық». Ұраны: «Егеменді елдің тірегі – оқу мен білім».
(Топтар төс белгілерін көрсетеді, қорғайды).
Ән: «Елім менің».
8. 2 жүргізуші: Халқымызда «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» деген мақал бар. Ендеше мына кестедегі сандарды ІІ топ таңдап ала ІІ – сайыс «Біліміңді нықта!» бойынша пәндерден сұраққа жауап береді.
60
20
40
70
30
20
«60» – сұрақ : 6 мен 9 – дың қосындысы.
«20» – сұрақ : Сөйлем түрлерін ата.
«40» – сұрақ: Қартқожаның туған жері кімнің әңгімесі?
«70» – сұрақ: Қосудың қандай қасиеттері бар?
«30» – сұрақ: Ауаның қасиетін айт.
«20» – сұрақ : «Тәуелсіздік» сөзін тағы қалай атауға болады?
9. 1 жүргізуші: 2 жүргізуші:
Ана тілін сүйгендер, Тақпақ айтып тақылдап,
Саналы білім үйренер. Айтады шәкірт саралап.
Келесі ІІІ сайыста мәнерлі өлең айтуға береміз. (Екі топтан екі оқушы өздері білетін өлеңдерін мәнерлеп айтып береді).
10. 1 жүргізуші: 2 жүргізуші:
Ал, балалар ойнайық, Қандай жұмбақ болса да,
Ойнайықта, ойлайық. Шешпей, оны қоймайық! –
деп ІV – сайыс «Ойлан тап!» жұмбақ шешіп жарысайық.
І – топқа: «Қайық» жұмбақ шешу.
ІІ – топқа: «Қолшатыр» жұмбақ шешу.
11. 1 жүргізуші:
Шіркін – ай, ғалым болсам,
Ділдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен, – деп V – сайыс «Даналар ақылына» кезек береміз.
І – топқа: «Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атақ қымбат.
Аялайтын – апаң қымбат,
Мейірімді – апаң қымбат».
Бұл қай дана бидің сөзі?
ІІ – топқа: «Уа халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса – жер жетім.
Басшы болмаса – ел жетім...» –
деген сөз қай дана бидің ақылы?
12. Қорыту.
1, 2 жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берелік!
Әділ қазылар алқасы екі топтың сайыста көрсеткен өнерлеріне баға беріп, марапаттайды.