Просмотр содержимого документа
«?лтты? аспап домбыра »
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Октябрь жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: “Ұлттық аспап –домбыра”
Бағыты:Ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттырып,құрметтеуге тәрбиелеу.
Орындаған: Темирболат Меруерт Айтпайқызы
Октябрь ЖОББМ
2 “А ”сынып оқушысы
Жетекшісі: Каримова Динара Қайратқызы
Октябрь ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
2014 жыл
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ғылыми зерттеу жұмысының объектісіне айналып отырған өзекті проблемам - «Ұлттық аспап – домбыра» баланың жеке басын тәрбиелеудің олардың адамгершілік қасиеттерін адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, бағалы құралы ретінде пайдалану, асыл қазына екендігін дәлелдеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Ұлттық аспап- домбыра балалардың ой – өрісін қалыптастыратын білгірлікке шындайтын бірден - бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытың көңілді өткізіп, денсаулықтарын шыңдай түсуімен бірге халықтың салт – дәстүрін үйретіп,шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазақтың ұлттық аспабы- домбыра жайлы материалдарды іздестіріп жинақтау. Осыған байланысты білімдерімізді өмірмен байланыстыру. Тәрбиелік мәнін ашу. Сондықтан зерттеп отырған тақырыбымның мақсаты мен міндеті: жинақталған деректерді, ғылыми көзқарастарды талдап, ұлттық аспап-домбыраны жан – жақты талдай отырып, оның ұлттық құндылықтарды айқындай алу. Бүгінгі қоғамдағы маңызын аша отырып, тәлім – тәрбие алу.
Аннотация
Ұлттық аспап-домбыра асыл қазына екені даусыз.Ата-бабаларымыздың ұмыт бола бастаған дәстүрін жалғастыру ,ұлттық аспабымыз домбыраның қоңыр үнінде би билеу.Өсіп келе жатқан ұрпақтың домбыраның түрлерін біліп,бір-бірінен айыра білулерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Домбыра тартқан ата-әжелеріміздің ұзақ өмір сүріп,өздерінен кейін ұмытылмас еңбектерін ұмытпауға тәрбиелеу. Келешекте бұл тақырып әрбір жас баланың қызығушылығын арттыратынына сенемін.Зерттеудің жаңашылдығы: Ұлттық аспап домбыраның адам өміріне қандай зор пайдасы бар.
Зерттеудің практикалық маңызы
Бұл ғылыми зерттеу жұмысын кең көлемде және әртүрлі бағытта қолдануға болады.
Мәселен:Ертеңгіліктер,апталықтарда,әртүрлі сайыстар ұйымдастырғанда осы материалдарды қолдануға болады.
Зерттеудің негізі
Қазақ халқының мұрасын тәрбие көзі негізінде пайдалануға мүмкіндік
туады.
Зерттеудің шешу әдісі
Алдына қойған мақсатқа жету үшін, тақырыпты жан –жақты ашу, іздену, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдандым.
Тақырыбы: «Ұлттық аспап-домбыра»
Жоспар:
I. Кіріспе
1 .Домбыраның құрлымы және оның шығу тарихымен танысу
II. Негізгі бөлім
1 .Домбыра-халық мұрасы
2.Сахна сазгерлері
III. Қорытынды
Ән домбыра,сән домбыра
Домбыра – қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті,көп пернелі музыкалық аспабы. Ертеде домбыраның түрлері өте көп болған. Олардың жасалуында өзіндік ерекшеліктері (көбіне тұтас ойылып жасалған) бар. Көбіне әсем нақышты болып келеді. Халық арасында үш ішекті домбыралар кездеседі. Соңғы кезге дейін домбыраның бұл түрі Семей облысында сақталып келді. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т.б. аспаптармен қатар дамыды. Көне аспаптардың ішінен ұзақ сақталып келе жатқан да осы домбыра.
Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған. Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған. Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе,ал орталық, солтүстік және шығыс өлкелерінде,көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған. 6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсыз, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады.
Аңыз әңгіме:“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Қазақтың қасиетті қара домбырасы жайлы мәлемет жинау, біз үшін керекті де қызықты тақырып болды.Домбыра десек алдымызға ата-бабаларымыздың атақты әнші,күйшілері көз алдымызға келеді.Болашақ осы жас бүлдіршіндер осы үлкен өнер жолын қуса деген ниеттемін.
Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит д. д. 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған деседі. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек). Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады. Домбыраның құрылысы Басы- екі құлақ бекілетін жері. Шайтан тиегі- екі ішек орналасатын жері. Мойыны- перне байлайтын жері. Шанағы-дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі. Беті- шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері. Дыбыс ойығы-қақпақтың дөңгеленіп ойылған тесігі. Тиек- қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы ершік. Түймесі(ілгек)- шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері. Екі құлақ- домбыраның басындағы екі ішекті ң ұшы бекітілетін жері.
ДОМБЫРА - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу - әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.
Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады.
Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға қүштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге құштарлығы арта түседі. Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып, домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Сондықтан домбыра аспабы туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып,оның құрылысын білуді дұрыс деп таптым.
Домбырада жыр, терме, айтыс, толғау, күй, т.б. шығармаларды орындауға болады.Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді. Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.
Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Оның үні тындаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi.
Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Дәулеткерей Шығайұлы-Орал облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде ауқатты отбасында дүниеге келді.Атақты күйші. Күйшінің әрбір күйі ерекше сұлу, назды, әсем сазбен,сыршыл сезіммен елге сусын болды.
Дәулеткерейдің «Байжұма», «Көрұғлы», «Қосалқа», «Қоңыр», «Нар идірген», «Құдаша», «Қыз Ақжелең», «Мұңды қыз», т.б көптеген күйлері бар.
ХАЛЫҚ КҮЙІ «Нар идірген»
Күй –бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр, онда табиғат құбылыстары, тарих оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, жеке адамдар, адам сезімдері, түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Ботасынан айырылған түйе боздай берген екен.
Сонда дана қарт: « Түйені тек қана күймен иітуге болады»,- дейді.
Шал домбырасын қолына Көс-көс маям, көс маям, айналайын, айналайын, жаным, жаным»,- деп күй тартып, түйені иіте бастайды.
Жігіт домбырасын тартқан кезде қыз түйені сауа бастаған екен
Шал: « Өттің қайран, күнім-ай,-деп қайғырып күй тартады
Түйе шалдың шапанын иіскеп, соңынан ере беріпті.
Шал қыз бен жігітті қосып, ақ батасын береді.
Құрманғазы Сағырбайұлы-Жиделі деген жерде дүниеге келген.Құрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Кішкентай», «Аман бол,шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Жігер», «Балбырауын» т.б көптеген күйлері бар.Оның күйлерінде өршіл рух, жігер, қайсарлық, заман құбылыстары айқын суреттелген.
Қазақ КСР-нің халық әртісі,белгілі күйші Дина Нұрпейісова Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген.Дина тоғыз жасынан бастап атақты күйшілердің күйін тартқан. Атақты Құрманғазы Динаны әдейі іздеп келіп,батасын береді. Динаның «Әсемқоңыр», «Тойбастар», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы», «Жеңіс», «Жігер», «Байжұма», т.б көптеген күйлері бар.
“Ән домбыра, сән домбыра”.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес.
Нағыз қазақ – домбыра”
Домбыра аспабының қасиеттілігі:
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра – шежірені білуді талап етеді Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады. Домбыра – иманды болуға жол ашады. Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді. Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.