kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сынып Музыка

«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»

атты музыка пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:   Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз, қомыз.

Сабақтың білімділік мақсаты:

·         әр аспаптың шығу тарихын, жасалу жолдарын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін ажырату;

·         есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

·         музыка теориясы элементтерін меңгерту;

·         саз сырын ұғындыру;

·         көркемдік білім беру

Тәрбиелік мақсаты:

·         эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі – музыка өнері арқылы

ұлтжандылыққа, адамгершілікке, қай халықтың болмасын музыка мәдениетін құрметтеуге,  сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, санамақ, ұйқасын тап, соз жүмбақ  күй тыңдау, ән айту.

Көрнекілігі:  Слайдтар,  домбыра, аспаптар жетіген, шертер. қобыз.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру

Мемлекеттік Әнұранды сыныппен бірге орындау.

II.Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша, оқушылардың дайындықтарын тексеру.

·         Айтыс дегеніміз не ?

·         Жырауларды  ата ?

·         Абылайханның кеңесшісі кім ?

Сабақтың өту барысы. 

III. Жаңа сабақ

«Адай» күйі ойналып тұрады.

Мұғалім: – Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Слайдтан суреттер көрсетіледі.

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы.

Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап. Қазақтың орындаушылық дәстүріне байланыстыдомбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, перне саны да әр қилы болып келеді.

Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары көп пайдаланылады.

Халқымыздың ежелден жеткен тұрмыс-салт жырлар мен әдет-ғұрыптары, аңыз-ноьнгілер мен иузыкалық өнер түбі бір туыстас түркі халықтарының дәстүр-салты бір арнада астасып жатыр. Әсіресе, бұған ерте заманнан бізге жеткен көне музыкалық аспаптар айқын айғақ бола алады.

Қазақ халқының ең сүйікті музыкалық аспабы домбыра болып саналады. Ал, қырғыз халқы қобыз аспабын өздері ежелгі тарихынан сыр шерткен аса қадірлі аспап деп есептнйді. Түрімендер өздерін дутар аспабынсыз тіпті елестете алмайды. Әзірбайжан халқында кең таралған аспап-саз.

            Бұл музыкалық аспаптарға қарап отырып, олардың көптеген ұқсастықтарын аңғара аламыз. Аспаптардың мойыны, домаланған шанағы, қаз-қатар орналасқан құлақтары, тағылған ішектері олардың бір-бірімен ағайын-бауырдай туыстасып жатқандығын көреміз.

            Домбыра мен дутар аспабы екі ішекті. «Дутар» түрікменде екі ішек дегенді білдіреді. Ал қырғыздың қомызы мен әзірбайжанның саз аспаптыры ішек саны болып келеді. Қазақ халқында көне замандардан үш ішекті домбыралар сақталған. 

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
 

Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады.

Аңыз әңгіме
“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.

Дәптермен жұмыс:

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы. Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жазу.

Ән үйренейік!

«Әгугәй, домбыра»

Әні: А. Қоразбаев
Сөзі: Т. Қажыбаев
Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызға сәйкес,
Қоразбаевтың әніне жазылған «Әгугәй домбыра» әнін үйренейік.


1. Әсем әуен дала кезіп барады,
Ару балқып жігіт төмен қарады.
Селт етерлік сезім кетті сел болып,
Домбраның, әгугәй - ай, күй төккенде шанағы

2. Перне қуған сүйрік саусақ салалы,
Кейде желіп, кейде орғып шабады.
Сала құлаш шанағынан сыңсыған
Аққу ұшып, әгугәй - ай, қаздар қайтып барады.

3. Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,
Көкірекке сырлы сарын құяды.
Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр - ау
Шанағына, әгугәй - ай, қалай ғана сыяды?

Санамақтар ойыны.

1.Зәкір атам оятып таңда бізді,

Он минуттай күйлеттік шаңқобызды.

Он бес минут ойнадық, шертерді алып,

Ұйқысынан оянды жұрт таң қалып.

Бір бес минут әніңді салып тұрдық,

Бір бес минут даңғыра қағып тұрдық.

Бұл өнерді көрермен азсынбай ма,

Он минуттай ойнадық сазсырнайда.

Мінеки бес минутта ән сап болдық,

Есепте, қанша уақыт концерт қойдық?

                   ( 50 минут  )

2.Ойнап жатыр ансамбль

Дирижері Маржангүл.

Қарап шықтым шетінен,

Қос шертер, бір жетіген,

Үш домбыра,үш қобыз,

Төрт шіңкілдек, шаңқобыз.

Ал, қанеки, саналық,

Қанша аспап бар бәрінде

Тез арада табалық.

               (  14 аспап)

«Ұйқасын тап!» ойыны.

Ойынның шарты: мұнда екі жол өлең оқимын, соңғы сөзі жасырылады. Оқушылар ұйқасы бойынша жасырын сөзді табады. Бұл сөз аспаптың аты болуы керек:

«Ұйқасын тап».

              Ішіп болып қымызды,

              Тартты Сакен  (сыбызғы).

              Түсте, кеште, ертең де,

              Ойнаймын мен   (шертер).

              Жұрт алыстан естіпті,

              Қағып едім  (кепшік).

              Тоныма орап кетіп ем,

              Бұзылмапты  (жетіген).

              Босқа отырмай ысқырып,

              Тартсайшы сен   (үскірік) .

              Әуенге кім құмартпас,

              Берсе ырғақ    (тұяқтас).

              Жан серігім ол мына,

              Деді Құрман   (домбыра).

              Ауыл жұрты сабылды,

              Соғып едім   (дабылды).

              Таң қалмаңдар « бұл кім?» -деп,

              Тыста ойнасам   (шіңкілдек).

              Жиналып ап кешке біз,

              Тартысамыз  (месқобыз).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»»

5 сынып Музыка

«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»

атты музыка пәнінен ашық сабақ



Тақырыбы:   Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз, қомыз.

Сабақтың білімділік мақсаты:

·         әр аспаптың шығу тарихын, жасалу жолдарын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін ажырату;

·         есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

·         музыка теориясы элементтерін меңгерту;

·         саз сырын ұғындыру;

·         көркемдік білім беру

Тәрбиелік мақсаты:

·         эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі – музыка өнері арқылы

ұлтжандылыққа, адамгершілікке, қай халықтың болмасын музыка мәдениетін құрметтеуге,  сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, санамақ, ұйқасын тап, соз жүмбақ күй тыңдау, ән айту.

Көрнекілігі:  Слайдтар,  домбыра, аспаптар жетіген , шертер . қобыз..

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру



Мемлекеттік Әнұранды сыныппен бірге орындау.

II.Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша, оқушылардың дайындықтарын тексеру.

  • Айтыс дегеніміз не ?

  • Жырауларды ата ?

  • Абылайханның кеңесшісі кім ?



Сабақтың өту барысы. 

III. Жаңа сабақ

«Адай» күйі ойналып тұрады.

Мұғалім: – Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Слайдтан суреттер көрсетіледі.

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы.

Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап. Қазақтың орындаушылық дәстүріне байланыстыдомбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, перне саны да әр қилы болып келеді.

Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары көп пайдаланылады.



Халқымыздың ежелден жеткен тұрмыс-салт жырлар мен әдет-ғұрыптары, аңыз-ноьнгілер мен иузыкалық өнер түбі бір туыстас түркі халықтарының дәстүр-салты бір арнада астасып жатыр. Әсіресе, бұған ерте заманнан бізге жеткен көне музыкалық аспаптар айқын айғақ бола алады.

Қазақ халқының ең сүйікті музыкалық аспабы домбыра болып саналады. Ал, қырғыз халқы қобыз аспабын өздері ежелгі тарихынан сыр шерткен аса қадірлі аспап деп есептнйді. Түрімендер өздерін дутар аспабынсыз тіпті елестете алмайды. Әзірбайжан халқында кең таралған аспап-саз.

Бұл музыкалық аспаптарға қарап отырып, олардың көптеген ұқсастықтарын аңғара аламыз. Аспаптардың мойыны, домаланған шанағы, қаз-қатар орналасқан құлақтары, тағылған ішектері олардың бір-бірімен ағайын-бауырдай туыстасып жатқандығын көреміз.

Домбыра мен дутар аспабы екі ішекті. «Дутар» түрікменде екі ішек дегенді білдіреді. Ал қырғыздың қомызы мен әзірбайжанның саз аспаптыры ішек саны болып келеді. Қазақ халқында көне замандардан үш ішекті домбыралар сақталған.

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.


Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады.

Аңыз әңгіме
“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.

Дәптермен жұмыс:

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы. Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жазу.



Ән үйренейік!

«Әгугәй, домбыра»

Әні: А. Қоразбаев
Сөзі: Т. Қажыбаев
Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызға сәйкес,
Қоразбаевтың әніне жазылған «Әгугәй домбыра» әнін үйренейік.


1. Әсем әуен дала кезіп барады,
Ару балқып жігіт төмен қарады.
Селт етерлік сезім кетті сел болып,
Домбраның, әгугәй - ай, күй төккенде шанағы

2. Перне қуған сүйрік саусақ салалы,
Кейде желіп, кейде орғып шабады.
Сала құлаш шанағынан сыңсыған
Аққу ұшып, әгугәй - ай, қаздар қайтып барады.

3. Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,
Көкірекке сырлы сарын құяды.
Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр - ау
Шанағына, әгугәй - ай, қалай ғана сыяды?



Санамақтар ойыны.


1.Зәкір атам оятып таңда бізді,

Он минуттай күйлеттік шаңқобызды.


Он бес минут ойнадық, шертерді алып,

Ұйқысынан оянды жұрт таң қалып.


Бір бес минут әніңді салып тұрдық,

Бір бес минут даңғыра қағып тұрдық.


Бұл өнерді көрермен азсынбай ма,

Он минуттай ойнадық сазсырнайда.


Мінеки бес минутта ән сап болдық,

Есепте, қанша уақыт концерт қойдық?

( 50 минут )


2.Ойнап жатыр ансамбль

Дирижері Маржангүл.

Қарап шықтым шетінен,

Қос шертер, бір жетіген,

Үш домбыра,үш қобыз,

Төрт шіңкілдек, шаңқобыз.

Ал, қанеки, саналық,

Қанша аспап бар бәрінде

Тез арада табалық.

( 14 аспап)


«Ұйқасын тап!» ойыны.


Ойынның шарты: мұнда екі жол өлең оқимын, соңғы сөзі жасырылады. Оқушылар ұйқасы бойынша жасырын сөзді табады. Бұл сөз аспаптың аты болуы керек:


«Ұйқасын тап».

Ішіп болып қымызды,

Тартты Сакен (сыбызғы).


Түсте, кеште, ертең де,

Ойнаймын мен (шертер).


Жұрт алыстан естіпті,

Қағып едім (кепшік) .


Тоныма орап кетіп ем,

Бұзылмапты (жетіген) .


Босқа отырмай ысқырып,

Тартсайшы сен (үскірік) .


Әуенге кім құмартпас,

Берсе ырғақ (тұяқтас) .


Жан серігім ол мына,

Деді Құрман (домбыра) .


Ауыл жұрты сабылды,

Соғып едім (дабылды) .


Таң қалмаңдар « бұл кім?» -деп,

Тыста ойнасам (шіңкілдек) .


Жиналып ап кешке біз,

Тартысамыз (месқобыз) .
























 IV. Қорытынды.

Сөзжұмбақты тігінен, көлденеңнен оқығанда аспаптардың және ақын-әншілердің атын тап.





Ш

А

С

А

Т

А

Я

Қ

Қ

Д

Е

С

Т

А

Й

Қ

Б

Ә

Л

А

Р

А

Б

А

Й

О

С

М

Қ

Б

Т

О

Ш

С

Ы

Б

Ы

З

Ғ

Ы

Е

Х

Я

Ы

Б

Ы

Р

А

Й

Л

Р

С

Е

Г

І

З

С

Е

Р

І

Ү

С

К

І

Р

І

К

Н

Ү

Р



 «Аспапты тап» ойыны

 Оқушылар аспаптардан күй тыңдап, дыбыс бояуы арқылы қай аспап екенін ажыратады.

«Сазсырнай»

«Жетіген»                                             «Қоңырау»

«Сыбызғы»                                            «Қобыз»



 V. Бағалау.



VI. Үйге тапсырма.

Домбыра, дутар, саз музыкалық аспаптары  жайлы материалдар жинақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»

Автор: Тажекенова Акбидай Капуровна

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360459


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства