Тәрбиеші: Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Қоржын.
Тәрбиеші: Бұл қоржында не бар екекнін қарайын(қоржыннан асық алып көрсетеді) Бұл не балалар?
Балалар: Асық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,бұл асық.Біз қазір қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» арқылы бүгінгі оқу қызметімізде не үйренетінімізді біліп отырамыз .Ендеше асықтарымызды бір қатарға қояйық,қане асық атуға кім шығады екен?
(Асық құлатқан бала,тақтада жабулы тұрған қағазды ашып,қағазда не бейнеленгенін сұрайды.)
Б: Домбыраның суреті.
Т: Бүгін біз қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы білетін боламыз.Домбыра аспабы неден жасалады деп ойлайсыңдар?
Б: Ағаштан жасалады.
Т: Домбырада не ойналады ?
Б: Ән,күй.
Т: Тағы да асық атамыз ба,балалар? (Бір бала шығып асық атады)
Т: Тақтадағы ненің суреті?
Б: Теледидардың суреті,онымен кино ,түрлі мултфильм қараймыз.
Т: Дұрыс айтасыңдар,әрине бүкіл жер бетіндегі жаңалықтарды да біліп отырамыз.Ендеше экранға назар салайық.(Экраннан шеберхаанада домбыраның ,жасалу жолдары туралы түсірілген бейнетаспа көрсетіледі.)
Т: Сендерге домбыра туралы бейнетаспа ұнады ма?
Б: Өте қатты ұнады.
Т: Ендеше тағы да асық ату ойынын жалғастырайық.(Бір бала шығып асық атады, тақтадағы суретті ашып қарайды.Қол суреті.)
-Балалар бізге қол не үшін керек?
Б: Қолымызбен барлық нәрсені жасай аламыз,тамақ ишеміз,киінеміз,жуынамыз,сурет саламыз.
Т: Қане балалар,ендеше қолымызбен жумыс жасайық жарай ма , мына жерде түрлі аспаптардың суреттері қиылған, осыларды дұрыстап құрастырып үйренейік.
( Балалар түрлі қиылған аспаптарды құрастырады)
Балалар асық ату ойынын жалғастыра отырып,тақтадағы суреттердің қандай мағына беретінін айтып отырады.
Т: Балалар бізге ауыз не үшін қажет?
Б: Ауызымызбен сөйлейміз,тамақ ишеміз және де ән саламыз.
Т: Ендеше ,балалар әртүрлі музыкалық аспаптарымыздың сүймелдеуімен «Домбырасыз ән қайда» әнін орындайық.
Сендерге ән ұнады ма? Әнде не туралы айтылған?
Б: Ән ұнады,домбыра туралы айтылған.
Жарайсыңдар балалар! Музыкада неше дыбыс бар? Қалай аталады ,есімізге түсіріп жиберейікші.
Балалар хормен дауыстап
До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до.
Т: Өте тамаша балалар,жарайсыңдар. Балалар ендеше тақтадағы домбыра суретіне қарап,оның құрылысымен танысайық.(сурет арқылы домбыра құрылысымен танысады)
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр,жұмбақты бірге шешеміз бе?
« Тиіп кетсе жылаған,дауысы көпке ұнаған» Бұл қандай аспап?
Б: Домбыра аспабы.
Жұмбақты тез шешеді екенсіңдер. Балалар шаршаған боларсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Домбыра» (балалар шеңбер бойымен тұрып,сергіту жаттығуын жасайды)
-Балалар бүгін біз қандай аспаппен таныстық?
-Домбыра аспабымен.
-Қандай ән айттық?
-Домбырасыз сән қайда.
-Бейнетаспадан не көрдік?
-Домбыраның жасалу жолын.
- Балалар сендерге рахметімді айтқым келеді,сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы атсалыстыңдар жарайсыңдар.Алғыс ретінде менің сыйлығымды қабыл алыңдар.Сау болыңдар,көріскенше күн жақсы болсын.