Просмотр содержимого документа
«Домбыра аспабын ме?геру »
К. Ушинский атындағы №7 мектеп
(ашық сабақ)
Музыка пәні мұғалімі: Умиртаева Л. Ч.
Талдықорған қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Домбыра аспабын меңгеру.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұлттық аспап домбыраға деген қызығушылығын арттыру, сандық тәсілді меңгерте отырып, аспапта жаттығулар орындау, өткенге шолу.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік. Домбыра аспабы туралы мағлұмат беру, домбыраны ұстау ережелеріне, ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
ә) Дамытушылық. Музыкалық сауатылығын ашу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
б) Тәрбиелік. Рухани адамгершілігі мол, өнерді түсінетін өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен музыка тілінде сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу, сабаққа зейінін аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.
Әнұран орындау.
1 – топ «Әуен». 2- топ «Саз». 3- топ «Аспап».
Жылу алған талайлар, Өсіріп ой – сананы, Атсын күліп таңымыз, Ән мен күйден таралған. Үйренеміз жаңаны. Жарасып тұр сәніміз. Қонақ болып бізге келген, Бүгін бізде кезекте, Қасиетті домбыраны, Армысыздар апай -ағайлар. Музыка сабағы. Үйренейік бәріміз.
Өткенге шолу. ( Әр топқа сұрақтар қойылады, тапсырмалар беріледі).
1. Күй дегеніміз не? 2. Күйші - композиторлар деп кімді айтамыз? 3.Қандай аспаптарда орындалады?
Халық композиторлар, кәсіби композиторлар деп кімдерді атаймыз?( Әр топ суреттерден композиторларды атау керек.)
Мына күйлердің авторлары кімдер?(сәйкестендір).
Шығармалар:
Композиторлар:
«Сарыарқа»
Халық күйі
«Қосалқа»
Дина
«Сылқылдақ»
Сүгір
«Бес жорға»
Тәттімбет
«Бұлбұл»
Құрманғазы
«Айжан қыз»
Даулеткерей
Жалғастыр. (ұйқасын табу немесе өз ойынан шығару.)
Екі ішектің бірін – қатты, 2. Оң қолым ішекті қағады. 3) Қолымдағы қу ағаш Бірін сәл – сәл кем бұра. ..................................... . Сайрап отыр бұл ағаш.
(Оқушыларға домбыраны ұстауды, ережелерді айтып өту.)
Жаңа тақырып: Балалар біз домбыра аспабын ұстауды, дене мүшелерінің атқаратын қызметін есімізге түсірдік. Кез – келген ұлттың бір музыкалық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі біл ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал болып табылады. Қазақ халқының қасиетті мұрасы, киелі аспабы домбыра. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Жалпы, домбыра тартуды үйренудің үш тәсілі бар. Бірінші, дәстүрлі тәсіл – қолға қарап, көзбен көре отырып, жадқа тоқитын «құймақұлақтық» амалы. Екіншісі, халықаралық ноталық жүйе бойынша үйрену. Ал үшінші – біз танысқалы отырған сандық жүйе тәсілі. Бұл тәсіл қолына домбыра ұстамаған адам үшін қолайлы тәсіл. Сандық жүйенің артықшылығы талапкердің арнаулы музыкалық сауаты болуы шарт емес. Әрине «құймақұлақтық», музыкалық сауаттылықтың да еш артықтығы жоқ. Сондай –ақ қарапайым санды жүйені жетік меңгерген адам нотаны да оңай үйрене алады. Өйткені, сандық жүйемен үйрену үрдісі ноталық жүйеден алынған, нотаның орнына сандар қойылған, кейбір шартты белгілері ортақ. Олар: құлақ күйің оң және теріс бұрауы, қағыстар түрі П- төмен, \/ - жоғары, 0 – ашық, ұзын, қысқа, оң және сол қолдың, саусақтың қойылымы, ноталардың орнына сандар, тағы басқа белгілер.
(Енді балалар домбырамызды қолымызға алып жаттығуды үйренеміз.)
1 – жаттығу. Саусақтарды жаттықтыру үшін астыңғы ішектің ғана пернелерін 1,2,3,4; керісінше 4,3,2,1 –деп басып алама кезек қағыспен қағамыз .
Б. Ғизатовтың «Біз - өмірдің гүліміз» -әні. Ән 1 - ішектің ғана пернелерін басу, ал 2- інші ( жоғарғы) ішектің пернелерін баспай, ашық («0») – қалдыру арқылы алма – кезек қағыспен орындалады; 6 –пернені шынашақпен (4 – саусақ) басып тұрып, 2-рет ( П, \/), сұқ (1- інші ) саусақпен 3- пернені басып, 2- рет (П, \/), қағамыз. Содан соң 4- пернені ортаңғы (2-ші ) саусақпен басып, 2-рет (П, \/), 1- пернені сұқ саусақпен басып, 2 –рет (П, \/), қағамыз. Ашық қос ішекті төмен (П ) қағып, жоғары (\/) қағыста 1 пернені сұқ саусақпен басамыз. Содан соң сұқ саусақты 3 – пернеге жэылжытып, төмен қарай (П), ортаңғы саусақпен 4 пернені басып жоғары қарай (\/) қағу керек келесі үш қағыс ( төмен, жоғары, төмен) шынашақпен 6 – пернені басып отырып орындалады.
Бекіту: Домбыра аспабының құрылымын атаңдар. Домбыра аспабын меңгеруде неге көңіл бөлу қажет? Сандық жүйе дегенді қалай түсінеміз? Қандай шартты белгілерді білеміз? Оқушылар өздерінің білімдерін «бағалау парағы» арқылы бағалайды.Үйге тапсырма:Әртүрлі биіктікте жаттығулар орындау.