т?рбие са?аты Президентимиз туралы ?тті.Оны? ?мір баяны,ту?ан жері туралы балалар?а толы? ма??лмат берілді. Балалар президентімізге арнал?ан та?па?тарын ?ле?дерін о?ыды шын ж?ректен тілектерін білдірді.Оларда елбасы сия?ты жа?сы о?ып еліні? ?амын елі ?шин е?бек етуге у?де берді ж?мбактар жасырылды. сонымен ?атар с?з ж?мбактар шешілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымыздың әлемге танытып алаш баласының абыройын асқақтатып, елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Міндеті: Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан тәрбие алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Елбасы суреттері жүрек шар астана суреттері.
Түрі: тәрбие сағаты.
Барысы
Тәрбиеші сөзі:Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет –Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.
Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған,ынтымақтықты тұтастықты,бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағұлмат бермекпіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940жылы 6-шілдеде Алматы обылысындағы Шамалған ауданында туған.Ол өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұнда тамаша жетістіктерге бірден қолы жеткен жоқ.Ол кішкентай кезінен бастап түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына бау-бақша көмек көрсетті.Өзі еске алғандай өсірген аз-мәз өнімдерін сатып үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жекке арбамаен темір жол стансасына бару керемет мереке саналған.Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы боранына қарамастан мектепке қатынап оқыған.Ол мектепті жақсы оқып жақсы білім алған. Ата анасын қатты құрмет тұтты.Ол ерте есейді.Мектеп бітірген соң Қарағанды металлургия камбинатынын көлемді құрлысына аттанды.Біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлургия жұмысшысы мамандығы менгерді.Ол шойын құюшы домна пешінің көмекші жұмыстарын атқарды ,кейін инженер дәрежесіне көтерілді.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көріне
Ән “Өз елім” Альбина, Айжан
Балалар дайындаған тақпақтарымызды айтайық:
1.Назерке
Болашағым Қазақстаннаң алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған таңдауы
2.Жақсымұрат
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы
Еңбек достық бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
3.Саяжан
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз
4.Олжас
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасын қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұр ағам
5.Альбина
Биікттей бер Нұр аға
Қыран канат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын.
6.Бекжан
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз
Тәрбиеші сөзі:
Қәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1.Әсем
Жақсыдан бақ қалады
2.Жазира
.Тәрбие ошағы метеп
3.Дильназ
Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында
4.Гүлжайнар
Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік
Тәрбиеші сөзі:
Енді балалар тақтаға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильм.Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған.Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні» Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр әні» Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
Тақпақтар
1.Арсен
Серпігенде бодандықтың тұманын
Жеті әлемге ұраным мен жыр әнім
Өзің болдың көш басшысы елімнің
Өзің болдың ұшқан қыр әнім.
2.Айдана
Гүлдене бер отаным
Көтерген туың Нұр ағам
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің ұлы адам
3.Аяулым
Отаным дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау жасыл жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
4.Мереке
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
5.Нұрзат
Естімейік енді елдің жылағанын
Қайта құлап бостандық сұрағанын
Абылайдың жолы мен алға басқан
Құтты болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.
Тәрбиеші сөзі
Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен а?
1.Келген емес жайдан жайдан-жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алғаны ай,
Жылдың қай мезгілі
(қыс желтоқсан)
2.Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы қәне есімін.
(Н.Назарбаев)
3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай күн
Қанат қақан бар елге.
(қыран)
4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал!
(Қазақстан)
Тәрбиеші сөзі:
Балалдар мына жүрек шарды алып шын жүректен Елбасымызға тілек тілейік.
1.Дильназ
Нұрлы күн болсын!
2.Ерболат
Елімізде бейбітшілік болсын!
3.Саяжан
Елбасымыз аман болсын!
4.Әсем
Қазақстан гүлдене берсін!
5.Биби
Анатілімізді құрметтейік!
6.Назерке
Рәміздерімізді құрметтейік!
7.Темірлан
Тәртіпті болайық!
8.Гүлжайна
Сабағымызды жақсы оқиық!
9.Нұрбек
Еліміз, жеріміз бай болсын!
Бекжан мен Нұрзат жорға биі
Тәрбиешінің қортынды сөзі
Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін, сендер егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырсыздар.Сондықтан да сендердің алдарыңда болашақты өздерің өз қолдарыңмен орнатудың мүмкіншіліктері бар.
Хормен Әнұран орындалады.
Бүгінгі “Біз таңдаған Президент” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.