kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіз елім - тірегім" сыныптан тыс іс -шарасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Окушыларды ?аза? хал?ыны? т?уелсіздік жолында?ы ерлік к?ресімен, кол жеткен жетістіктеримен таныстыру, ?лтты? т?рбиеге бейімдеу. Бул сыныптан тыс ис-шарасы сайыс т?рінде отеди ж?не топпен сайысады. Тарбие сагаты осы биздин тауелсиздикке 23 жыл толу мерекесіне арнал?ан. Елу жылда ел жана демекши, омир 23 жылда біраз озгериске ушырады. Тауелсиз елімізді? жастары ушин заман талабына сай ?нерлі де билимди болып осуге ыкпал ету. Болашактын тиреги мына биздин бугинги окушылар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіз елім - тірегім" сыныптан тыс іс -шарасы »

Сыныптар: 6«А» - 9 «А»

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – тірегім»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен таныстыру, ұлттық тәрбиеге үйрету.

Түрі: сайыс түрінде

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, интертақта.

2-жүргізуші:!Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Тәуелсіз елім – тірегім» тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

1-Жүргізуші: Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 23 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдыр түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі оқушылар сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

2-жүргізуші: Ал, қанекей балалар , назарларыңызды тақтаға аударайық!

Презентациялар көрсетіледі.

1-слайд: 1986 жылы Алматыдағы “Желтоқсан оқиғасы ” дүниені дүр сілкіндірді.Осы жылы 16-желтоқсанда қазақ жастары шеруге шықты.

1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұханбет Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты,орнына орыс азаматы Колбиннің келуінде еді. Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер “контреволюционерлер”емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді.

1-жүргізуші:

2-слайд: 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

2-жүргізуші: Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Видеоролик көрсетіледі

1-жүргізуші: 3-слайд: Өздеріңіз көріп отырған бейне жазбадағы тәуелсіздік жолында құрбан болған ағалар мен апаларымызды біздің жадымызда мәңгі сақталуы қажет.

Міне осылай біздің тәуелсіз ел болып қалыптасуымыз осылай басталды. 1991 жылы елеулі оқиғаларға Қазақстан куә болды, елбасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Қазақстан осы жылдар ішінде дамып, әлемдегі ең мықты деген 50 елдің қатарына енді. Бұл үлкен жетістік!

2-Жүргізуші: Еске алып кетейік....

Қ.Рысқұлбеков 1966жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы

Көктерек ауылында дүниеге келген.

Өскен соң әскерге алынды.Сібірдегі Амур облысында танк бөлімшесінде қызмет

етті. Сол жақта оларды Ауғанстанға да жібермек болған екен, бірақ

әлдебір себептермен қалып қойыпты. Әскери қызметті атқарып келіп,

1986 жылдың күзінде Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға

түсті. Қайраттың бойында ұлттық намыс алаулап тұратын. Қайрат сөйтіп 1988 жылы түрмеде белгісіз жағдайда көз жұмды.

1-Жүргізуші: 1992 жылы Қайрат Рысқұлбеков ақталады.Сол жылы Жамбыл облысы

Мойынқұм ауданы Көктерек ауылында желтоқсан қаһарманы Қайраттың

ескерткіші орнатылды.1996 жылы “Халық қаһарманы”атағы берілді.

  • Тәуелсіздігіміз үшін мерт болған батыр ұланын мақтаныш тұтқан туған

халқы да оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап, мектептер мен

көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға Қайраттың есімін беруде.



2-Жүргізуші: Ләззат Асанова, 1970 жылы шілденің 27-ші жұлдызында Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген.1986 жылы желтоқсанның 25-ші жұлдызында Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атындағы муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты

Келесі, оқушылардың жаттап келген өлеңдеріне кезек берейік.

1-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біз сіздермен әділ-қазы алқаларын сайлаймыз.

Олар: Карбузова Мейрамгүл Тұяққызы және Құмаров Манарбек қайсарбекұлы. Шапалақпен қарсалайық, балалар!

2-Жүргізуші :Бұл сайысқа қатысуға біз әр сыныптан 3 оқушыны таңдаймыз, ол үшін әр сыныпқа 3 сұрақтан қойып, жылдам жауап берген оқушылар алынады. Сұрақтың реттік нөмірі бойынша 1,2,3 топқа бөлінесіздер.

6-сынып оқушыларына сұрақтар: 1.Мемлекетіміздің аты қандай?

2.Елбасының әкесінің аты кім?

3. Президент күнін қашан тойлап жүрміз? Жарайсыңдар!
7-сынып оқушыларына сұрақтар: 1. Елбасымыз фамилиясы қандай?

2.Қ.Р. тәуелсіздікті қай айда алды?

3. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? Жарайсыңдар!

1-Жүргізуші:

8-сынып оқушыларына сұрақтар: 1.Әнұранымыз қандай сөйлемнен басталады?

2. Әнұранымыздың 2-ші сөйлемі қандай?

3. Біздің отанымыз ...... Жарайсыңдар!

9-сынып оқушыларына сұрақтар: 1. 2-ші қазанда қазақ ғарышкері,
Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты. Қай жылы?

2. Отан қорғаушылар күні қашан?

3. Әнұранымыздың 3-ші сөйлемі қандайЖарайсыңдар!

Міне, 3 топ жиналды. Енді әр топ өздеріне топтың атын ойластырыңыздар. Уақыт берейік.

2-Жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Күй «Балбырауын» орындайтын Нүртілеу Ерболат. Тамашалайық!

1-Жүргізуші: Топтың аттары дайын ба? (топтар атауларын айтады)

Ал, сайысымызды бастайық!

1-кезең: «Мақал-мәтелдер» сайысы 1-топтан бастап әр топқа бір мақал-мәтелдің басы беріледі, соның сендер жалғасын табасыздар. Жауап берсеңдер 1 баллдан саналады. Жауап бере алмасаңдар, келесі топтарға 1-топтың орнына қол көтеріп, жауап беруге рұқсат етіледі. Содан соң 2-топқа сұрақ т.с.с. кете береді. Слайдтар сұрақтар.

1.Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса,…жауың алмайды.

2. Отан елдің анасы, 
Ел …ердің анасы.

3. Отансыз адам — ормансыз … бұлбұл.  

2-Жүргізуші:

4. Отан үшін еңбек етсең 
халқыңның сүйген … ұлы боласың.

5 Отаны бірдің жүрегі бір, 
Жүрегі бірдің … тілегі бір. 

6. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, 
Адал адам… Отанын сүйеді. 

1-Жүргізуші:

7. Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік… елдікке жеткізер

8. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын … ел сақтар

9. Ата қоныс — алтын… мекен

2-Жүргізуші:

10. Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда … панаң екен

11. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні … де тәтті екен.

12. Жат жердің қаршығасынан,
өз жеріңнің … қарғасы артық.

1-Жүргізуші:

13. Жекен жерінде көгерер,
Ер … елінде көгерер.

14. Туған жердің күні де ыстық, …күлі де ыстық.

15. Ел мен жер...егіз

2-Жүргізуші:

16. Жұрт дегенде жұмылып
ел дегенде.... егіліп

17. Елшінің қылышы...тіл

18. Туған жер – тұғырың
туған ел- ....қыдырың

1-Жүргізуші:

19. Отан – елдің анасы
ел -....ердің анасы

20. Отанды сүю - ....отбасынын басталады

21. Туған жердің жуасы да ....тәтті

2-Жүргізуші:

22. Әркімнің өз жері - ....жұмақ

23. Ер елінде
гүл....жерінде

24. Отан үшін күрес
Елге тиген...үлес

1-Жүргізуші:

25. Отансыз адам ормансыз ...бұлбұл

26. Елінен безген ер болмас
көлінен безген...қаз болмас

27. Егілмеген жер жетім
елінен айрылған ...ер жетім

2-Жүргізуші:

28. Отанға опасыздық еткенің
өз түбіне...жеткенің

29. Отан- қуат
отбасы - ...шуақ

30. туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

1-Жүргізуші: 2-кезең: «Құрастыру» Әр топтың алдында жатқан сөзден бірнеше сөз құрастырып жазуларыңыз керек. Әріпті қайталап жазуға болады. Неше сөз құрастырсаңдар сонша балл жинайсыздар. Слайд «Қазақстанды» , « тәуелсіздікпен» , «құттықтаймыз».

2-Жүргізуші : Балалар сөздерді құрастырғанша біз сіздермен ән тыңдайық «Қазақ елі», орындайтын Инабат Көптілеуова. Шапалақпен қарсалайық!

Балалар, болсаңыздар кезекпен, бір-бір сөзден айтып шығайық. Ал, кеттік!

Ой, рахмет! Әділ-қазылар бағалауды ұмытпаңыздар!

Он алтыншы желтоқсан ,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан!

Би: Келесі қазақша биге көңіл аударайық «6-7 сынып қыздары»

1-Жүргізуші: Сайысымызды жалғастырамыз:

3-кезең: «Миға шабуыл» 1-топтан бастап, әр команда 23 жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткенін еске түсіріп, кезекпен айтуы керек.

2-жүргізуші: 4-кезең: « Суреттер сайысы» Әр топ алдарыңда жатқан қағазға «Біз тәуелсіз елде тұрамыз» тақырыбына сурет салып, оның мағынасын түсіндіресіңдер.

5 балдық шкаласымен бағаланады. Балалар тапсырманы орындағанша біз биді тамашалайық!

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн!

Әділ-қазы алқалары балдарыңды санап, қорытындыға келгенше.

«Жаса Қазақстан» әнін оқушылар орындайды.

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалап, қымбатымыздай құрметтей білейік.

2-Жүргізуші :Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!!!

Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!!!

Әділ-қазы алқаларына сөз беріледі.

Уақыттарыңызды бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Сау болыңыздар!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Т?уелсіз елім - тірегім" сыныптан тыс іс -шарасы

Автор: Тикенова Дана Талгатовна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213627


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства