kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жан Ана" тарбие сагаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жан ана тарбие сагаты аналар мерекесіне арналады. Бул мереке  устаздармен тажирибе алмасу ушин оте кажет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жан Ана" тарбие сагаты»

Тәрбиелік шара «Жасыл шырша жанында»



1-жүргізуші Руслан :

Уа, халайық жарандар, Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойың, Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп шат болып ,Шаттық күліп тараңдар.

Уа, халайық құрметті,Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті



2-жүргізуші:

Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы келіп қалды ортамызға,

Жақысылықпен жалғансын жаңа уақыт.

Қош келдің! Қадамың құтты болсын!

Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар.Біз бүгін жаңа жыл мерекесін тойлағалы отырмыз. Ендеше жаңа 2018 жыл құтты болсын!!

1-жүргізуші : Құттықтау сөз кезектері:







1-жүргізуші .

Жаңа жыл шыршасы жанады

Қызыққа адамдар батады.

Сиқырға сенетін адамға

Жаңа жыл есігін ашады.

2-жүргізуші:

Жаңа жыл қызығын тойлайық

Қуаныш өзара сыйлайық

Бұл залға жиналған барша жұрт

Би билеп, ән айтып ойнайық

1-жүргізуші .

Бізге тағы да сиқыр мен тосын жайттар, шытырман оқиғалар мен сыйлықтарға толы Жаңа жыл мерекесі келіп жетті.







1-жүргізуші:

Ендеше барлығымыз жасыл шырша жанында жаңа жыл әнін шырқайық. Қане, балалар шеңбер құрамыз. Ортада сыныбымыздың әншілері Досымжан, Жасмина және Райымбекті қарсыалыңыздар!!!



2-жүргізуші: Балалар қазір біздің мерекемізге қонақтар келгелі тұр. Қалай ойлайсыздар олар кімдер?

(Балалардың жауаптарын алу)

Алақай, Сайқымазақтар! Қарсыалайық

БИ: «Буги-Вуги».

2 жүргізуші: Тамаша! Ендеше барлығымыз жасыл шырша жанында ән салып шеңбер жасап шыршамызды айналамыз.

«Жаңа жыл әні» (хоровод)

1 жүргізуші:

Балалар жаңа жыл келіп жетті, біз міне, ән айттық, би биледік, бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі залымызда ақшақар жоқ. Кәне бәріміз Ақшақарды шақырайық? Ақшақар қайдасың?

(Балалар ақшақарды шақырады. Музыка ойналады. Ақшақардың орнына мыстан кемпір келеді).



МЫСТАН КЕМПІР: неге сонша айғайлайсыңдар? –(шыршаға қарап)

-мынау не сорайып тұрган? (шыршаның бұтақтарынан ұстайды)

Ой-ей-ей! Дәл мендей ұрысқақ ашушаң екен.(Назарын балаларға аударады) О сендер мұнда не істеп отырсыңдар?мен сендерді шақырған жоқпын ғой?Шақырған жоқпын.Сәлем деп айтпадым ба?Айтпадым!Ал сендерше? Айтқан жоқсындар!Қандай тамаша!Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер. Менің алтындарым!Менің жақсыларым!Мына инеге толы жасыл сорайганның жанына неге топталып алдыңдар?

1-жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен , олардың ата-аналарымен амандасып ал! (балаларды, ата-аналарды көрсетеді).

МЫСТАН КЕМПІР: Ешкімді көріп тұрган жоқпын!

2-жүргізуші: Сен неге ондай әдепсізсің?

МЫСТАН КЕМПІР: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар!не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсиндер!

(Балалардың жанынан өтіп аяқтарын басқысы келеді)

2-жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!

МЫСТАН КЕМПІР: (қуанып)Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) әнмен қарсыаласыңдарма?

2-жүргізуші: әнмен қарсыаламыз!

МЫСТАН КЕМПІР: Бимен?

1-жүргізуші: Бименде!

МЫСТАН КЕМПІР: Сыйлықпен? А-а-а Жаңа жыл сонда сыйлық алғыларың келеді екен гой ия!Аяз атаны тосып отырсыңдар!Бекер тосасыңдар. Сендер жыл сайын мендей жақсы мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер? (қуып жібересіңдер ме?. Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты бермейсіңдер ме? Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарына әрі қарай шыдайды дейсіңдерме? ЖООООҚ! Қазір бәрін сиқырлап тастаймын.У-ххх.Шыдай алмай тұрмын, қалай сиқырлағанымды көрсеткім келіп.Кімді шақырсаңдар да, кімге шағымдансандарда өздерің біліңдер!. Мен бәрі бір сиқырлауды тоқтатпаймын.

1-жүргізуші: солай де? Өте қызық.

МЫСТАН КЕМПІР:Ал мен сиқырлауды бастаймын!

Шыршанын шамдарын жинаймын

Ойыншықтарды сындырайын

Шырша шамын жангызбай,

Сыйлықтарын ұрлайын!

(Музыка әуенімен мыстан кемпір залдан шығып кетеді)

2-жүргізуші:

Балалар не істейміз?. Бізге кім көмектеседі? Бізге кім көмектесетінің білетін сияқтымын.

(Алдар Көсенің музыкасы ойналады, Алдар Косе келеді).



Алдар Көсе: Саламатсындарма балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мен сендерге көмекке келдім? Қарсы емессіңдер ме?

Балалар: ЖООООҚ.

Алдар Көсе: ендеше балалар менің шартым бар ол көңілді өткізейік. Сонда Мыстан кемпір біздің көңіл –күйімізді көріп сиқырлай алмай қалады. Келісесіңдерме?

Балалар: Келісеміз.

1-жүргізуші: Балалар қазір ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Сиқырлы шамдар» . Міне, біздің шыршаның шам тізбегі дайын.Шам тізбегін жағу үшін Аяз ата мен ақшақарды шақырайық

2-жүргізуші:

Ақшақар мен атаны, Бірге шақырайық!

Көтеріңкі көңілмен Күліп қарсы алайық!

(Балалар Аяз атаны шақырады)

Аяз ата: Ауу Ке- ле Жатырмын!

Бір жыл бұрын сендерге,

Келіп едік сіздерге

Міне келдік тағы,

Ән айтып би билеуге.

Ақшақар: Жаңа жылдарыңызбен !қуаныш бақыт тілейміз.

2 жүргізуші:

Балалар жасыл шыршамызғы шырша шамы жетіспейді. Қане бәріміз, ата-аналарда мына сиқырлы сөзді айтайық.

Шырша шамын жағайық. Жаңа жыл тойын тойлайық!

Қолымызды ұстайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жаңа жылда би билеп,

Әнмен қарсы алайық! Аяз атамызбен Ақшакармен бірге шыршаны айналалайық.

(Жасыл шырша жанында айналу).









1 жүргізуші: Аяз –ата Ақшақар сіздер шырша жанына отырып демалыңыз , ал біздің балаларымыз сіздерге өнерлерің көрсетеді.

Ортаға: --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

шақырамыз және «Өзбек» елінен келген биші қызымызды ---------------------

қарсыалыңыздар.





(Балалардың тақпақтары).

2 жүргізуші: Қане балалар айтындаршы біздер қандай жылды шығарып салғалы тұрмыз? («Тауық» жылын).

- Балалар кім айтады? Тауық жылында қандай қуанышты жаңалықтар болды? (Жауап алу)

-ендеше ортаға кішкентай балапандарымызды шақырамыз. «Балапандар» биі.

(Ескі жылды шығарып салу)

(Ит ) дауысы.

1 жүргізуші:

-Балалар бұл ненің дауысы? -Иттің. –Иә, дұрыс. Бізге жаңа жылымыз келе жатыр. Қошеметпен Ит жылын қарсыалайық.( Ит жылының құттықтауы)

Ит жылы: --------------------------------------------------------------------------

2 жүргізуші: -Аяз – атаға қане, балалар тағы кім өнерлерін көрсетеді?

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Аяз ата: Балалар сендер сондай көңілдісіңдер, маған ұнадыңдар. Бірақ мен басқада балаларға баруым керек. Балалар мына қапшығымда барлығыңызға арналған сыйлығым бар. Қабыл алыңыздар.

Міне біздің кездесуіміз аяқталды.

Қорытынды:

1 жүргізуші Руслан:

Құтты болсын Жаңа жыл, қалың елім,

Құтқа орансын кең байтақ дархан жерім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Жаңажыл жаңа өмір, жаңа лебін.

2 жүргізуші:

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш табыңдар

Ешқашанда ауырмай,

Сабақты жақсы оқыңдар

Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа ит жылымыз құтты болсын, Келесі жаңа жылда жүздескенше!




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Жан Ана" тарбие сагаты

Автор: Демесинов Руслан Кайрбекович

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455854

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "конспект по тарбие сагаты "
    ["seo_title"] => string(28) "konspiekt-po-tarbiie-saghaty"
    ["file_id"] => string(6) "205708"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429980696"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""Т?уелсіз елім - тірегім" сыныптан тыс іс -шарасы "
    ["seo_title"] => string(49) "t-uielsiz-ielim-tirieghim-synyptan-tys-is-sharasy"
    ["file_id"] => string(6) "213627"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432108156"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства