kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандык тандау ашык тарбие сагаты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: о?ушылар?а болаша? маманды? ж?не о?у ба?дарын та?дауда к?мектесу, маманды? ?лемі ж?не оны? ерекшеліктері туралы д?ниетанымын ке?ейту; о?ушыларды? ?мір туралы, маманды?тар туралы к?з?арасын дамыту, алда?ы уа?ытта маманды? та?дауда д?рыс жолда болуына себепкер болу, та?да?ан маманды?ыны? ?з бейімділігі мен ?абілетіне с?йкес келуін на?тылау, ?з - ?зін тануды? жалпы ?зірлігін ?алыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандык тандау ашык тарбие сагаты.»




Байқоңыр қаласы, №273 коммуналдық мекемесі

Раманкулова Гулмира Асылбекқызы,

бейінді-бағдарлы орынбасар

Жауаптылар:: 11-сынып жетекшілері –Д.Наурызалиева., К.Бигерестанова.


Тәрбие сабақ тақырыбы: «Мың мамандық бәрі бар, таңдап талғап бірін ал!».

Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру .

Көрнекілік: тақырыптық слайдтар

Жоспары:

1. Кіріспе.

а) «Мың мамандық бәрі бар, таңдап талғап бірін ал»
ә) Кеш қонақтарын таныстыру.
2. Негізгі бөлім.
а) Мамандықтармен таныстыру(слайдтар).
ә) «Мамандықтар әлемі»

• Қазіргі заманның табысты мамандықтары
• Дипломды қажет етпейтін мамандықтар
• Ауданымызда тапшы мамандықтар
б) Қонақтарға сөз беру(оқушылардың сұрақтарына жауап).
в) Психолог кеңесі

3. Қорытындылау.




Кіріспе: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.

Мамандық дегеніміз не?

- Білім алу, үйрену.

- Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін

іс-әрекет түрі.

- Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі,

білгілі бір іскерліктердің болуы

- Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсысың мамандық таңдау мәселесіне тап боласыңдар. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырылған қонақтарымыз келіп отыр.яғни олар өзіміздің мектебіміздің бұрынғы шәкірттері қазіргі студенттер.

Мамандықтардың негізгі салалары

«Адам –техника»- техника саласына байланысты мамандықтар;

«Адам-адам»- қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар;

«Адам-қоршаған орта» өсімдіктану, жануартану, орман шаруашылығы, айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар;

«адам-белгілер жүйесі» есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар;

«адам-көркем образ» өнер саласындағы мамандықтар;

Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

-  Компьютерді білу

- Бірнеше тілді , ағылшын тілін білу:

- Адамдармен қарым –қатынас жасай білу;

- Өз тауарын, қызметін өткізе білу;

- Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;

- Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімді

Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда: I. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс. Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан!

Мамандық таңдай алмау проблемасына келіп тоқталсаң, өзіңе мынадай сұрақтарға жауап беруге тырыс:

1.Маған немен айналысқан ұнайды?
2. Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса.

ҰБТ бойынша мамандықтар тізімін ашып, бесінші пәнді есепке ала отырып қалаған мамандықтар тізімін жазып ал.

Таңдаған мамандықтар бойынша грантқа түсу өту баллдарын анықта.

Ол үшін 2015  жылғы грант тағайындау конкрусының нәтижелерін көр.
Түйін шығар!

Грантқа өтініш жазу барысында саған 4 мамандық таңдау мүмкіндігі беріледі. Қазірден бастап сол 4 мамандықты анықтап алуға тырыс.

1. Бірінші, жаныңа ең жақын мамандықты жаз. Ойыңдағы мамандық талап етілетін балдар байқау сынақтарында алған балдарынан жоғары болады.

2. Екінші, маңыздырақ болған мамандықты таңда,  бірақ мамандықтың минималды өту баллы сенің балыңмен бірдей немесе сәл төмен болсын. 
3. Үшінші, бұл тізімге 100 пайыз түсетін мамандықты жазуға тырыс. Сенің балың минималды өту балынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

4. Төртінші, соңғы мамандықты үшінші тізім принципі бойынша таңда.

Егер сенде ауыл квотасын иелену құқығы бар болса, онда 3 және 4 тізімдегі мамандықтарды ауыл квотасы тізімінен таңда.
Минималды өту баллынан ҰБТ нәтижең жоғары болғаны сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді арттырады.

Егер сен ҰБТ емтиханынан  төмен балл алған болсаң, радиотехника, электроника және телекоммуникация секілді жоғары бәсекелестігі бар мамандықтарды таңдамағаның лазым. Ең дұрысы, құрылыс секілді грант көп бөлінетін мамандыққа тапсырғаның жөн.

Сәттілік!



































Студенттермен сұхбаттасу кезінде






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Мамандык тандау ашык тарбие сагаты.

Автор: Раманкулова Гулмира Асылбеккызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства