kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сергіту сәттері бастауыш сыныпқа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларына сабақ сайын сергіту сәттерін жасатып отыру керек.Себебе бала сабақтан тез шаршап қалады.Осыны ескерген жөн. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сергіту сәттері бастауыш сыныпқа»

Алматы облысы

Қаратал ауданы

Қызылжар ауылы



Сергіту сәттері












Бастауыш сынып мұғалімі

Теңсоветова Ақжарқын Бауржанқызы










2017-2018 оқу жыл











Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз, сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдер.



Сергіту сәті 

1.Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демалып бір алайық.



2. Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соғады.
Жаңбыр жауады.
Бұлт шатырлайды.
Күн ашылады.
Жел басылады.



3. Ұшты-ұшты, құлын ұшты.
Ұшты-ұшты, мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты, кептер ұшты.
Ұшты-ұшты, дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты, қарға ұшты.
Ұшты-ұшты, арба ұшты.

4. Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

5. Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр,
Артқа қарай бір адым,
Алдыға қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

6. Бетімізге жел соғады,
Тербеледі ағаштар.
Тына қалса қатты жел, 
Тоғай биік көрінер.



7. Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек- апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

8. Біз жазамыз, жазамыз.
Саусақтарды талдырып,
Қайта жазу жазамыз. Әрі-бері демалып.

9. Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.



10. Бір, екі, үш,
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.

11. Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.



12. Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш,
Төрт, бес, алты,
Болайық елдің алды.
Дәптерімізді ашайық, 
Көрсетілген үлгіге,
Әдемі етіп жазайық.

13. Бір, екі,
Ауыл шеті.
Үш, төрт,
Ерінбестен бас көтерт.
Бес, алты,
Қарлығаштай қалқы.
Жеті сегіз,
Отыр дейміз.



14. Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.

15. Қаз қанатын жайды,
Аққу мойнын созды,
Үйрек келіп қонды.

16. Бір, екі, үш – 
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты – 
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз,он – 
Қарлығаш боп қон.




17. Бір, екі, үш,
Қане, қанат қағамыз.
Бір, екі, үш,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.



18.Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлғамай,
Шеңбер жасап тұрғандай

19.Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.



20.Жаза, жаза өзіміз,
Талды әбден көзіміз.
Әуенімен әндердің,
Әдемі болсын сөзіміз.

21.Жел улейді у-у,
Құйын келіп билейді зу-зу,
Қатты, қатты жел соқты гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду.



22.Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

23.Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім, шаршадым.
Бір, екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане, қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.

24.Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.



25. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



 26. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

 

27. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

 28. Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

 

29. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

 

30. Орманның бiз емшiсiмiз,

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз,

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

.

 31. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

 

32. Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 

 

33. Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.

 

34. Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.




34. Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.




35. Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.




36.Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

 

37. Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз. 

38. Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргімiз келедi

Әдемiлеп ән салып,

39. Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

40.Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

41.Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

42.Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

43. Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

43.Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

44. Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

45. Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.

46. Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау біздің мекен-жай.



47. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 48. Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз. 

49. Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.


50 .Гүлдер,гүлдер шоқ гүлдер

Қызыл гүлдер,көк гүлдер

Тұра берші ырғалып

Тұра берші нұрланып



51. Қоңыр аю қонжықтары

Басын былай шайқайды

Бал іздейді қонжықтар

Балға тойып билейді



52. Қорбаңдаған аюдың

Бүлдіргені көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сергіту сәттері бастауыш сыныпқа

Автор: Бастауыш сынып мұғалімі Теңсоветова Ақжарқын Бауржанқызы

Дата: 18.10.2017

Номер свидетельства: 433214

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "« О?ушы?а ба?ыттал?ан о?у ортасын  жоспарлау, A Q C I, P I S A ?дістерін саба?та тиімді пайдалану»"
    ["seo_title"] => string(78) "okushygabagyttalganokuortasynzhosparlauaqcipisadistierinsabaktatiimdipaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "326259"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463135644"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Баяндама: "К?мекші мектепте а?паратты? технологияларды пайдалануды? тиімділігі"."
    ["seo_title"] => string(88) "baiandama-komiekshi-miektieptie-ak-parattyk-tiekhnologhiialardy-paidalanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "289823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454863130"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Шеше мен бала" Ы.Алтынсарин"
    ["seo_title"] => string(27) "shieshiemienbalayaltynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "288895"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454688860"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Бастауышым - бал б?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(25) "bastauyshym-bal-bu-lag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "150588"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420532097"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства