kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым - бал б?ла?ым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныппен ?оштасу мерекесі Та?ырыбы : Бастауышым–балб?ла?ым («Бізді? жігіттер» ?ні орындалып 1 кулисадан орта?а Жал?аубек билеп шы?ады, 2 – кулисадан ?олына кітап ?ста?ан Білімбек шы?ады, екеуі со?ылып ?алады) Білімбек:С?леметсі?бе, Жал?аубек! Жал?аубек: Привет, Білімбек! Білімбек:Жал?аубек ,біз б?гін №8 орта мектепті? 4 «В» сынып о?ушылары бастауыш мектеппен ?оштас?алы жатырмыз. Ал, сен бармайсы? ба? Жал?аубек: А, ?ашан? Шынымен айтып т?рмысы?? Мен бастауышпен ?оштас?ым келмейді. Бір-екі м??алімні? айт?анына ?ре? шыдап отырамын. Жо?ары сыныпта 6 саба?тан 6 м??алім береді дейді, мен б??ан шыдай алмаспын. Білімбек: 1-2 м??алімні? айт?анына ?ре? шыдап ж?рсе?, жо?ары сыныпта 6 жа?ы?нан 6 м??алім білім беріп, т?ртіпке ша?ыр?анда ?ре? отырма? т?гіл , еріксіз ?алай т?ртіпті болып кеткені?д ібілмей ?аларсы?. Жал?аубек:Б?ны? жа?сы а?ыл екен, тырысып к?рейін. Білімбек: Ай, Жал?аубек, сен к?п с?зді ?ой , бастауыш сыныппен д?рыстап ?оштасып , жо?ары сыныптан бастап о?уы?ды , т?ртібі?ді д?рыста. (Білімбек Жал?аубекті с?йрелей алып кетеді, ол ж?л?ынып) Жал?аубек:Т?у,Білімбек, ?ойшы! Мен келістім, ?зімні? де жа?сы о?ушы бол?ым келіп ж?р. Мен би билеуді ?йреніп ж?рмін. «?ара жор?аны» ?йрендім. Би «?аражор?а» М??алім: ?адірлі ата-аналар, ?стаздар! Сіздер «Бастауышым-балб?ла?ым» атты бастауыш мектеппен ?оштасу мерекесіне жиналып отырсыздар. ?адамдары?ыз ??тты болсын. Осыдан 4 жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан кіп-кішкентай б?лдіршіндер б?гін, міне ,бойлары да ,ойлары да ?сіп, бастауыш сыныпты ая?тап, орта??ы буын?а ?ткелі отыр. Ендеше, б?гін бізде–мереке, б?гін-той. Олай болса б?гінгі той иелерін орта?а ша?ырайы?. (Музыка ойнайды) Слайд 1 ж?р:?айырлы к?н, ?адірлі ?она?тар ,аяулы ?стаздар! 2 ж?р:Б?гінгі бізді? мерекемізге ?ош келді?іздер. 1 ж?р: 2009 жылы 1 ?ырк?йек к?ні Мен а??ы?ан ж?пар г?ліммен Келіп ем, ?арсы алды мектебім С?йікті ?о?ырау ?німен! 2 ж?р: Б?гін тойды бастайы? Жырдан шашып мол шашу Бастауышым балалы? Б?гін бізде ?оштасу! 1 ж?р: Шынында да 4 жыл зымырап ?те шы?ты. Осы кезе?нен не есімізде са?талып ?алды? 2 ж?р:Мейрамбек , оны балалардан білейік. 1 о?ушы Есімізде ?стазды? ал?аш ?арсы ал?аны, Ай?ара есік ашып таста?аны. Бір мереке думан боп осы ма?да, Жетелеп бір сынып?а алып бар?аны. 2 о?ушы: Бастауышым тым ысты? Мектебіміз бастап?ы Б?нда жа?ын туысты? М?ндат???ыш дос тапты?. 3 о?ушы: Енді міне ,са?ымдай боп ?те шы?ты. 4-жыл уа?ыт аз ба екен, кім біліпті, ?стаз –ана жасады мына бізден, О? мен солды айырар азаматты. 1 ж?р: Аяулы ?стаз! ?лшемі жо? ба?а?ны? Айты?даршы ,таласады о?ан кім Айтады ал?ыс ш?кірттері? са?ан мы?. 2 ж?р: ?стаздар-о?ушы тірегі Директор –мектеп ж?регі. ?р баланы? ?амын ойлап, Айг?л Бекс?лтан?ызы ж?реді. С?з кезегі мектеп директоры Айг?л Бекс?лтан?ызына беріледі. «М??алім» ?ні орындалады. 1 ж?р:И?, б?гін бізде ?уаныш , б?гін бізде той! ?йткені 4-жыл бойы ал?ан білімімізді ?ортындылайтын к?н де келді. Балалар , біз осы уа?ытта нені ?йрендік? О?ушылар кезекпен: О?уды, жазуды, есеп шы?аруды, ?н айтуды, ?лкенді сыйлауды, хал?ымызды? д?ст?рін сыйлауды. 4 о?ушы: Алып ,?осып, б?ліп, кейде к?бейттік Біріншіден бастап санап ?йрендік. ?мір м?ні есептерге т?уелді Математикада ерекше бір к?йге ендік. Те?деу ??рып, о?ай шеше аламыз. Жо? сандарды? тез-а? м?нін табамыз Б?л саба?та ойнап, ойлап, жасырып, К?нде т?рт пен бестік аламыз. 1ж?р: Ал, та?ы ?андай саба?тарды ?натасы?дар? 5-о?ушы: Санап басып ?адамды ?йрендік біз спортта?ы амалды. Шыны?тырып ,сергітіп, ?уат беріп, Дене п?ні ?ызы?тырар адамды. 6 о?ушы: Нота танып,с?з сырына ?аны?ты? ?уендермен жан?а жайлы танысты? Бейнелеуде сурет салып ?йреніп, Акварельмен пейзаж жазып жарысты?. 7 о?ушы: Таби?атты аялаймыз, с?йеміз, Адам –перзент таби?ат?а білеміз. Д?ниетану п?нін о?ып зерделеп, К?п ?ызы??а ??мар болып ж?реміз. 8 о?ушы: Бабалардан м?ра боп ?ал?ан бізге ?мытылмай ?ркенде ?аза? тілі! Абай, Шо?ан, М?хтарлар сыр тербеген Бізге ысты? хал?ымны? ?ажап тілі. 2 ж?р: ?дебиеттік о?у п?нінен 4 жыл бойы тек ?ана м?тіндерді о?ып ?оймай, ?лкенге де, кішіге де ой салатын, ішкі сезімін оятатын шы?армаларды да о?ыды? ?ой. ?ай шы?арма есі?ізде ?алды? 9 о?ушы: ?аза? тілі–нанымыз, несібеміз Тілмен ?ана к?герер к?сегіміз ?зге тілді? б?рін де ме?герейік Тіл-?атынас ??ралы ?сер елді?. 1 ж?р:И?, тіл демекші Ата за?ымызды? нешінші бабында тіл туралы айтыл?ан? 10 о?ушы Музыка атты п?німіз Айтылар онда ?німіз З?уре апай ?йреткен Шыр?алады ?німіз. ?н «Отаным-?аза?стан» 1 ж?р: Диана, сен ?алай ойлайсы?, осы жылдарда біз ?згердік пе? 2 ж?р: Оны достарымыздан с?райы?. 1 ж?р: Сенде ?андай ?згеріс болды? (о?ушылармен с?хбат) 2 ж?р: Ал б?л туралы ата-аналар не дер екен? (Ата-аналармен с?хбат) 1 ж?р:Біз кім боламыз? Н?рс?лтан-адал азамат, Аймира-а?ылды ару, Кенжеболат-елінс?йген ер, Анара -білімді адам. (Сахна?а Жал?аубек с?йленіп шы?ады) Жал?аубек:Т?ф, осы Білімбекке ?айдан еріп едім? Мектептен жалы?тым. 2 ж?р: Жал?аубек, математикадан ба?а?ды т?земейсі? бе? ?ане, к?бейту кестесін тексерейін . 6*6 ?анша болады? (біраз ойланып :25) 2 ж?р: Сен,міне, б?гін бастауыш мектепті бітіргелі отырсы?. ?лі к?бейту кестесін де білмейсі?. Бастауыш мектепті бітіргеннен со? не болады? Жал?аубек: Каникул! Ала?ай, каникул болады. 25 жыл болса ?ой! 2 ж?р:Жо?, Жал?аубек! Бастауыш мектептен кейін не бір асулар к?тіп т?р. Сол асулардан с?рінбей ?туі? керек. Ол асу-?мір. ?мір дегеніміз-к?рес. ?ане, ж?р балалармен бірге сен де ант ?абылда. 1 ж?р. Ты?да?ыздар,ты?да?ыздар! 4 «В» сынып о?ушыларыны? ант ?абылдайтын кезі келді. Барлы?ы: Біз орта буын ?атарына ?те отырып, та?та алдында жа?сы ?а?пашыдай т?рып, м??алімні? бірде-бір с?зін бос ?ткізбеуге, м??алімдерді? ?ан ?ысымын ?айна?ан судай 100 градус?а жеткізбеуге, ?зілістегі жылдамды?ымызды 60км/са? асырмау?а, білім те?ізінде жа?сы ж?не ?те жа?сы ж?зіп ?туге ант етеміз,ант етеміз,ант етеміз. 2 ж?р: Келесі кезекте балаларды? ?нерін тамашалап, бастауыш мектепке деген ал?ыс, тілектерін ты?да?ыздар! 11 о?ушы: Бастауышым-балб?ла?ым, Алдым сенен білім д?нін. ?ріп танып, білім алып, Ал?ысымды жаудырамын. 12 о?ушы: Бастауышым-бал ??ра?ым Лаулап жансын шам-шыра?ы? ?зі? берген білімі?мен Сам?ап ?шар тау ?ыраны?. 13 о?ушы: ?тті сенде ?ызы? ша?ым Бастауышым-балб?ла?ым. ?оштасар к?н жетті ,міне, ?имасты?пен ?ол б?л?аймын. 14 о?ушы ??ша?ы?а ендім, мектебім, Балауса, бал?ын кезімде Келеді ?сіп, к?ктегім Білімні? ?айнар к?зінде 16 о?ушы: Мектеп-кеме, білім -те?із Адаспаймыз ?лы жолда Барар жерге тез жетерміз ?стаз берген білім ?олда. 17 о?ушы: Б?л бастап?ы ?йіміз Білім жолын баста?ан. ?стаздар?а мы? ал?ыс Бізді о?ытып бапта?ан. ?оштасу вальсы 1 ж?ргізуші: Енді міне ,са?ымдай боп ?те шы?ты. 4-жыл уа?ыт аз ба екен, кім біліпті, ??рмет апай жасады мына бізден, О? мен солын таны?ан азаматты – демекші ,орта?а ??рмет Жолдасбай?ызын ша?ырамыз. М??алімні? с?зі 2ж?р: Ата-ана? секілді таза б?ла? Перзенті бауырында-жайнар ??ра? ??тты?тау с?з кезегін алады енді Ата-ана ?л-?ызына тілек арнап. Ата-аналар атынан ??тты?тау с?з.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым - бал б?ла?ым »

Бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі

Тақырыбы : Бастауышым–балбұлағым

(«Біздің жігіттер» әні орындалып 1 кулисадан ортаға Жалқаубек билеп шығады, 2 – кулисадан қолына кітап ұстаған Білімбек шығады, екеуі соғылып қалады)

Білімбек:Сәлеметсіңбе, Жалқаубек!

Жалқаубек: Привет, Білімбек!

Білімбек:Жалқаубек ,біз бүгін №8 орта мектептің 4 «В» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы жатырмыз. Ал, сен бармайсың ба?

Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір-екі мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді, мен бұған шыдай алмаспын.

Білімбек: 1-2 мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда әрең отырмақ түгіл , еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңд ібілмей қаларсың.

Жалқаубек:Бұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.

Білімбек: Ай, Жалқаубек, сен көп сөзді қой , бастауыш сыныппен дұрыстап қоштасып , жоғары сыныптан бастап оқуыңды , тәртібіңді дұрыста.

(Білімбек Жалқаубекті сүйрелей алып кетеді, ол жұлқынып)

Жалқаубек:Түу,Білімбек, қойшы! Мен келістім, өзімнің де жақсы оқушы болғым келіп жүр. Мен би билеуді үйреніп жүрмін. «Қара жорғаны» үйрендім.

Би «Қаражорға»

Мұғалім: Қадірлі ата-аналар, ұстаздар! Сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауыш мектеппен қоштасу мерекесіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер бүгін, міне ,бойлары да ,ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты аяқтап, ортаңғы буынға өткелі отыр. Ендеше, бүгін бізде–мереке, бүгін-той. Олай болса бүгінгі той иелерін ортаға шақырайық.

(Музыка ойнайды) Слайд

1 жүр:Қайырлы күн, қадірлі қонақтар ,аяулы ұстаздар!

2 жүр:Бүгінгі біздің мерекемізге қош келдіңіздер.

1 жүр:

2009 жылы 1 қыркүйек күні

Мен аңқыған жұпар гүліммен

Келіп ем, қарсы алды мектебім

Сүйікті қоңырау үнімен!

2 жүр:

Бүгін тойды бастайық

Жырдан шашып мол шашу

Бастауышым балалық

Бүгін бізде қоштасу!

1 жүр: Шынында да 4 жыл зымырап өте шықты. Осы кезеңнен не есімізде сақталып қалды?

2 жүр:Мейрамбек , оны балалардан білейік.

1 оқушы

Есімізде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

2 оқушы:

Бастауышым тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Бұнда жақын туыстық

Мұндатұңғыш дос таптық.

3 оқушы:

Енді міне ,сағымдай боп өте шықты.

4-жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз –ана жасады мына бізден,

Оң мен солды айырар азаматты.

1 жүр:

Аяулы ұстаз!

Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы ,таласады оған кім

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың.

2 жүр:

Ұстаздар-оқушы тірегі

Директор –мектеп жүрегі.

Әр баланың қамын ойлап,

Айгүл Бексұлтанқызы жүреді.

Сөз кезегі мектеп директоры Айгүл Бексұлтанқызына беріледі.

«Мұғалім» әні орындалады.

1 жүр:Иә, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде той! Өйткені 4-жыл бойы алған білімімізді қортындылайтын күн де келді. Балалар , біз осы уақытта нені үйрендік?

Оқушылар кезекпен:

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, үлкенді сыйлауды, халқымыздың дәстүрін сыйлауды.

4 оқушы:

Алып ,қосып, бөліп, кейде көбейттік

Біріншіден бастап санап үйрендік.

Өмір мәні есептерге тәуелді

Математикада ерекше бір күйге ендік.

Теңдеу құрып, оңай шеше аламыз.

Жоқ сандардың тез-ақ мәнін табамыз

Бұл сабақта ойнап, ойлап, жасырып,

Күнде төрт пен бестік аламыз.

1жүр:

Ал, тағы қандай сабақтарды ұнатасыңдар?

5-оқушы:

Санап басып қадамды

Үйрендік біз спорттағы амалды.

Шынықтырып ,сергітіп, қуат беріп,

Дене пәні қызықтырар адамды.

6 оқушы:

Нота танып,сөз сырына қанықтық

Әуендермен жанға жайлы таныстық

Бейнелеуде сурет салып үйреніп,

Акварельмен пейзаж жазып жарыстық.

7 оқушы:

Табиғатты аялаймыз, сүйеміз,

Адам –перзент табиғатқа білеміз.

Дүниетану пәнін оқып зерделеп,

Көп қызыққа құмар болып жүреміз.

8 оқушы:

Бабалардан мұра боп қалған бізге

Ұмытылмай өркенде қазақ тілі!

Абай, Шоқан, Мұхтарлар сыр тербеген

Бізге ыстық халқымның ғажап тілі.

2 жүр:

Әдебиеттік оқу пәнінен 4 жыл бойы тек қана мәтіндерді оқып қоймай, үлкенге де, кішіге де ой салатын, ішкі сезімін оятатын шығармаларды да оқыдық қой. Қай шығарма есіңізде қалды?

9 оқушы:

Қазақ тілі–нанымыз, несібеміз

Тілмен ғана көгерер көсегіміз

Өзге тілдің бәрін де меңгерейік

Тіл-қатынас құралы өсер елдің.

1 жүр:Иә, тіл демекші Ата заңымыздың нешінші бабында тіл туралы айтылған?

10 оқушы

Музыка атты пәніміз

Айтылар онда әніміз

Зәуре апай үйреткен

Шырқалады әніміз.

Ән «Отаным-Қазақстан»

1 жүр:

Диана, сен қалай ойлайсың, осы жылдарда біз өзгердік пе?

2 жүр: Оны достарымыздан сұрайық.

1 жүр: Сенде қандай өзгеріс болды? (оқушылармен сұхбат)

2 жүр: Ал бұл туралы ата-аналар не дер екен? (Ата-аналармен сұхбат)

1 жүр:Біз кім боламыз?

Нұрсұлтан-адал азамат, Аймира-ақылды ару, Кенжеболат-елінсүйген ер, Анара -білімді адам.

(Сахнаға Жалқаубек сөйленіп шығады)

Жалқаубек:Түф, осы Білімбекке қайдан еріп едім? Мектептен жалықтым.

2 жүр: Жалқаубек, математикадан бағаңды түземейсің бе? Қане, көбейту кестесін тексерейін . 6*6 қанша болады? (біраз ойланып :25)

2 жүр: Сен,міне, бүгін бастауыш мектепті бітіргелі отырсың. Әлі көбейту кестесін де білмейсің. Бастауыш мектепті бітіргеннен соң не болады?

Жалқаубек: Каникул! Алақай, каникул болады. 25 жыл болса ғой!

2 жүр:Жоқ, Жалқаубек! Бастауыш мектептен кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуің керек. Ол асу-өмір. Өмір дегеніміз-күрес. Қане, жүр балалармен бірге сен де ант қабылда.

1 жүр.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! 4 «В» сынып оқушыларының ант қабылдайтын кезі келді.

Барлығы:

Біз орта буын қатарына өте отырып, тақта алдында жақсы қақпашыдай тұрып, мұғалімнің бірде-бір сөзін бос өткізбеуге, мұғалімдердің қан қысымын қайнаған судай 100 градусқа жеткізбеуге, үзілістегі жылдамдығымызды 60км/сағ асырмауға, білім теңізінде жақсы және өте жақсы жүзіп өтуге ант етеміз,ант етеміз,ант етеміз.

2 жүр:

Келесі кезекте балалардың өнерін тамашалап, бастауыш мектепке деген алғыс, тілектерін тыңдаңыздар!

11 оқушы:

Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен білім дәнін.

Әріп танып, білім алып,

Алғысымды жаудырамын.

12 оқушы:

Бастауышым-бал құрағым

Лаулап жансын шам-шырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшар тау қыраның.

13 оқушы:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті ,міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

14 оқушы

Құшағыңа ендім, мектебім,

Балауса, балғын кезімде

Келеді өсіп, көктегім

Білімнің қайнар көзінде

16 оқушы:

Мектеп-кеме, білім -теңіз

Адаспаймыз ұлы жолда

Барар жерге тез жетерміз

Ұстаз берген білім қолда.

17 оқушы:

Бұл бастапқы үйіміз

Білім жолын бастаған.

Ұстаздарға мың алғыс

Бізді оқытып баптаған.

Қоштасу вальсы

1 жүргізуші:

Енді міне ,сағымдай боп өте шықты.

4-жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Құрмет апай жасады мына бізден,

Оң мен солын таныған азаматты –

демекші ,ортаға Құрмет Жолдасбайқызын шақырамыз.

Мұғалімнің сөзі

2жүр:

Ата-анаң секілді таза бұлақ

Перзенті бауырында-жайнар құрақ

Құттықтау сөз кезегін алады енді

Ата-ана ұл-қызына тілек арнап.

Ата-аналар атынан құттықтау сөз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым - бал б?ла?ым

Автор: Нурсеркина Курмет Жолдасбаевна

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150588


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства