kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                            Рухани жаңғыру – кәсіби  жаңғыру

       Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып,мемлекеттік идеологияны анықтай- тын,көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп біле- мін.Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.Еліміздің рухани өрлеуі, рухани жаңғыруы біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. «Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру»  дегеніміз, адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы,сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі деп ойлаймын.

       Ақиық ұлы ақынымыз М.Мақатаев:

«Ой- хой, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?!

Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,

Асанның шерге толы өлеңдерін!

Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!» - деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып,ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды да бастан өткерді.Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз.Алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылсақ, еліміз үшін үлкен мәртебе емес пе?!Мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Сол заман ағымына қарай икемделіп өзгеру үшін. өзімізді мықтап қолға алып,жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажет деп ойлаймын. Сонда ғана еліміз жаңа тарихи кезеңге қорықпай нық баса алады.

      Рухани жаңғыру- кезең- кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалар- дың жалғасы іспетті.Бұл біздің қоғамға аса қажет дүние.Мемлекетіміз технологиялық жаңарумен шектеліп қоймай,адамның сана- сезімін қатар же- тілдіруге баса мән беруде.Елбасымыз ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын тізіп,барлық дүние сана-сезімнен бастау алатынын атады. Елбасымыздың осы бір сөзіне мен де қосыламын.

      Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсеткендей, білім беру жүйесінде өзгерістер енгізу керектігін мен де толықтай қолдаймын. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе   нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір қа-

зақстандық, сол арқылы тұтас ұлт  ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы  керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашық- тық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында. Сол себепті,«Цифрлы Қазақстан», «үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессия аралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлауға себепкер болмақ.Әр халық, әр мемлекет  ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңа- рып отырады.Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай келе әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз осының айғағы іспеттес.

             «Ел болам десең,бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов.  Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп,жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын,мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдар Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастар- дың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне             енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса,ұстаздар қауымы қосатын үлес- жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп, білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

    « Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек.Себебі, бүгінгі мектепке біліммен қаруланған ой – өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты зияткер мұғалім қажет екендігін мақұлдаймын. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар ертеңгі күні ел тағдырын шешетін азаматтар емес пе?! «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиет- терімен озады» - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы тәжірибелі педагогтар қоғамның дамуына,өзгеруіне өз үлестерін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер мен дамулар мектептің оқыту үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Білім беруді модернизациялау - мектептегі білім берудің мақ- сатына сәйкес білім беру нәтижесін жоспарлауды, оны қайта қарап, жаңаша қалыптастыруды талап етеді.

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан- жақты мәдениетті, патриот азаматтар   тәрбие- леуге міндеттіміз»- деп бекерге айтпаған. Ендеше жеке тұлғаның жан- жақты өсуіне біз, ұстаздар, тікелей жауаптымыз деп ойлаймын. «Кәсібім менің- нәсібім» дегендей,  жаңартылған білім беру жағдайында педагог ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға  болуға тиісті. Рухани жаңғыру - жаңа  бағдарламаға сәйкес алынған әдіс- тәсіл- дерді сабақта тиімді қолдану- оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетімен білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

       Қорытындылай келе, Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеуі барлығымызға өсиет деп білемін.Мемлекет пен ұлт құрыштан құйы-  лып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті.Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

      Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осы- нау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.Олай болса,ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаң- ғырудың даңғыл жолынан ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

     «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда,. қапы қалып  жүрмелік»,- деген ұлы көреген Абылайханның ой- тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған өзекті мәселені шешуде баршамызға ұран болуы тиіс деп ойлаймын.

     Білектің күшімен, найзаның ұшымен, тілдің қуатты үнімен келген бабаларымыздың өсиетін жаңаша жаңғыра жалғастыру біздің борышымыз деп білемін.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Аты-жөні

  Мектебі

Өтілі

Санаты

Оқыту тілі

Байланыс телефоны

1.

Толкимбекова

Нуршолпан

Смахановна

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі

 

 35 жыл

жоғары

қазақша

87024473109

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру»

Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып,мемлекеттік идеологияны анықтай- тын,көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп біле- мін.Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.Еліміздің рухани өрлеуі, рухани жаңғыруы біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. «Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру» дегеніміз , адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы,сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі деп ойлаймын.

Ақиық ұлы ақынымыз М.Мақатаев:

«Ой- хой, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?!

Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,

Асанның шерге толы өлеңдерін!

Ой – хой , қазақ даласы, не көрмедің?!» - деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып,ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды да бастан өткерді.Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз.Алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылсақ , еліміз үшін үлкен мәртебе емес пе?!Мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Сол заман ағымына қарай икемделіп өзгеру үшін . өзімізді мықтап қолға алып,жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажет деп ойлаймын. Сонда ғана еліміз жаңа тарихи кезеңге қорықпай нық баса алады.

Рухани жаңғыру- кезең- кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалар- дың жалғасы іспетті.Бұл біздің қоғамға аса қажет дүние.Мемлекетіміз технологиялық жаңарумен шектеліп қоймай,адамның сана- сезімін қатар же- тілдіруге баса мән беруде.Елбасымыз ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын тізіп,барлық дүние сана-сезімнен бастау алатынын атады. Елбасымыздың осы бір сөзіне мен де қосыламын.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсеткендей, білім беру жүйесінде өзгерістер енгізу керектігін мен де толықтай қолдаймын. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе нарықта бағасы , я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес , сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес , адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші , әрбір қа-

зақстандық , сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы , компьютерлік сауаттылық , шет тілдерін білу, мәдени ашық- тық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында. Сол себепті,«Цифрлы Қазақстан» , «үш тілде білім беру» , «Мәдени және конфессия аралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлауға себепкер болмақ.Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңа- рып отырады.Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай келе әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз осының айғағы іспеттес.

«Ел болам десең,бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп,жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын ,мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдар Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастар- дың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса,ұстаздар қауымы қосатын үлес- жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп, білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

« Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек.Себебі, бүгінгі мектепке біліммен қаруланған ой – өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты зияткер мұғалім қажет екендігін мақұлдаймын. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар ертеңгі күні ел тағдырын шешетін азаматтар емес пе?! «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиет- терімен озады» - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы тәжірибелі педагогтар қоғамның дамуына,өзгеруіне өз үлестерін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер мен дамулар мектептің оқыту үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Білім беруді модернизациялау - мектептегі білім берудің мақ- сатына сәйкес білім беру нәтижесін жоспарлауды, оны қайта қарап, жаңаша қалыптастыруды талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да , тәні де таза, білімді, жан- жақты мәдениетті , патриот азаматтар тәрбие- леуге міндеттіміз»- деп бекерге айтпаған. Ендеше жеке тұлғаның жан- жақты өсуіне біз, ұстаздар, тікелей жауаптымыз деп ойлаймын. «Кәсібім менің- нәсібім» дегендей, жаңартылған білім беру жағдайында педагог ең алдымен , кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық , шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуға тиісті. Рухани жаңғыру - жаңа бағдарламаға сәйкес алынған әдіс- тәсіл- дерді сабақта тиімді қолдану- оқушының танымдық белсенділігін арттыруға , өз бетімен білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Қорытындылай келе, Елбасымыздың ұтымды қағидасы , халқына деген үндеуі барлығымызға өсиет деп білемін.Мемлекет пен ұлт құрыштан құйы- лып, қатып қалған дүние емес , үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті.Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Мен барша қазақстандықтар , әсіресе , жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осы- нау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.Олай болса,ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап , жаң- ғырудың даңғыл жолынан ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік , білімге сенер заманда, ... қапы қалып жүрмелік»,- деген ұлы көреген Абылайханның ой- тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған өзекті мәселені шешуде баршамызға ұран болуы тиіс деп ойлаймын.

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, тілдің қуатты үнімен келген бабаларымыздың өсиетін жаңаша жаңғыра жалғастыру біздің борышымыз деп білемін.





















Аты-жөні

Мектебі

Өтілі

Санаты

Оқыту тілі

Байланыс телефоны

1.

Толкимбекова

Нуршолпан

Смахановна

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі

35 жыл

жоғары

қазақша

87024473109




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру

Автор: Толкимбекова Нуршолпан Смахановна

Дата: 02.12.2017

Номер свидетельства: 441800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол"
    ["seo_title"] => string(43) "rukhani_zhan_g_yru_bolashak_k_a_bastar_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "459832"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519670488"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Рухани жаңғыру-ел аманаты"
    ["seo_title"] => string(28) "rukhani_zhang_yru_el_amanaty"
    ["file_id"] => string(6) "482224"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540570782"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Мектепке дейінгі  б?лдіршіндерді? ыр?а?ты  би ?имылы  ар?ылы денсаулы?тарын ны?айтып дамытуды? ма?ызы. "
    ["seo_title"] => string(113) "miektiepkie-dieiinghi-buldirshindierdin-yrg-ak-ty-bi-k-imyly-ark-yly-diensaulyk-taryn-nyg-aityp-damytudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "142588"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418317180"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Астана-бас қала"
    ["seo_title"] => string(18) "astana_bas_k_ala_6"
    ["file_id"] => string(6) "464936"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522820916"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Та?ырыбы «Рухани келісім – халы? бірлігіне бастар жол». "
    ["seo_title"] => string(57) "tak-yryby-rukhani-kielisim-khalyk-birlighinie-bastar-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "185420"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426178647"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства