kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғыру-ел аманаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл – рухани жаңғырудың жалғыз шарты.  Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мағына, парасатты пікір жатыр. Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру-ел аманаты»

Рухани жаңғыру-ел аманаты

Сейтмурат Калима

9 Некрасов атындағы мектеп-гимназия


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімге басымдық берілді

Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған осындай кестелі сөз, кесек ойлар ел аузында жүр. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу онжылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады.

Бұл – рухани жаңғырудың жалғыз шарты.  Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мағына, парасатты пікір жатыр. Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берді. Біз, ұстаздар қауымы, өскелең ұрпаққа тарихымыз бен әдебиетімізді терең түсіндіріп, әр сабағымызда салт-дәстүрімізді насихаттап отыруымыз керек. Бұл бір жағынан оқушыға салт-дәстүрімізді , ауыз әдебиетімізді түсіндірсек, екінші жағынан жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушымен тікелей байланыста болып, олардың сөздік қорын байытамыз. Сонымен қатар ата-анамен де байланыста боламыз. Отбасы құндылығын арттырамыз. Ал жақсы маман, жақсы адам тәрбиелеу – елге игі. Ол үшін тек қана мемлекеттің атқарып жатқан бағдарламалары аясында ғана емес, әр жеке адам: «Мен өзімді қалай жетілдіре аламын, қалайша жаңа білімге қол жеткіземін», – деп сұрақты өзіне қою керек деп санаймын. Толыққанды жаңғыру үшін кертартпа қасиеттер мен қысаң қағидалардан арылу маңызды. Президент: «Алдағы онжылдықтың ұраны – прагматизм», – деп болжап отыр. Ол дегеніміз – уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білуге бейімделіп, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету. Рухани жаңғыру үшін ол ауадай қажет. Ұлттық жаңғыру дегенің ұлттық санамен байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті, қан тазалығын сақтау. Ата-бабамыз жеті атаға дейін қыз алыспау, шаңырақтың беріктігін сақтауға аса мән беріп отырған. Бұл орайда Президент сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге үндеді. Ал жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылардан арылған абзал. Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Ұлттық кодымызды сақтау үшін біз өзіміздің мәдени, тарихи құндылықтарымызды дамыта отырып, әлемнің жақсы қаситеттерін бойымызға сіңіруіміз керек. Президенттің ой-пікірлері бабалардың ұлағатымен астасып жатыр. Аталарымыз ұлы дала мен ұлы мәдениетті мұра етті. Жас нәрестенің дүниеге келуіне арналып айтылатын «Бесік жырының» өзінде де ерекше мақам бар. Бұл туралы Майра Мұхамадқызы «Ең әдемі ән-«Бесік жыры», -деген болатын. Бесік жыры арқылы бала бойынан эндорфиндер, яғни қуаныш гормондары бөлінетіні байқалады. Демек, бесіктің пайдасы ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан-теңіз.  Айталық:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  бір  парасы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз.  «Бесікке  салу»,  «Тыштыма»,  т.б.  жоғалды.  Үлкен  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»  дегенді тегін айтпаған шығар.

Бесіктің түрлері:

Қазақ бесігі негізінен, жер бесік, жел бесік деп екі түрге бөлінеді.

1. Жер бесік. Ол жасалуы бойынша: иіп жасалған бесік, тік жасалған бесік.

2. Жел бесік. Ол жасалған материалы бойынша: тал бесік, қайың бесік, қарағай бесік.

Бесіктің тағы бір түрі: аспалы бесік. Оны әлпеншек деп те атайды.

Бесіктің құрылысы

1. Арқалық. Ол ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұтуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр бел ағашы. Оны арыс деп те атайды.

Бесіктің құрылысы

1. Арқалық. Ол ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұтуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр бел ағашы. Оны арыс деп те атайды.

3. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді. Ұзындығына тең жұмыр ағаш.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

8. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.

9. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Бесік- ұрпақ ұясы. Ұрпағымыз саналы ғұмыр кешсін десек құндылықтарымызды ерінбей-жалықпай түсіндіріп отыруымыз қажет.

Ол  – жалпыға ортақ құндылық. Демек, Елбасы өз мақаласында өте маңызды мәселелерді көтерді. Ұлттық, рухани құндылықтардан ада қоғам сырттан төнетін түрлі қатерлерге төтеп бере алмайтынын айтты. «Бұл экономиканың да дамуын тежейді», – деді. Сондықтан рухани жаңғыру процесі өте дұрыс әрі дер кезінде қабылданған оң шешім деп білеміз. Енді оны жүзеге асыруға барлығымыз бірге күш салуымыз керек.   Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы. Мәденит жаңғырып, ой-өрісті кеңейту – игі бастама. Ендеше Елбасының жастарға серпіліс беруі келешекке қамданудың әрекеті деп түйдік.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

2.  Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

3. http://egemen.kz/





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Рухани жаңғыру-ел аманаты

Автор: Сейтмұрат Қалима

Дата: 26.10.2018

Номер свидетельства: 482224


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства