kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттап, патриоттық сананы ынталандыра отырып ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы оятып, жас ұрпақ санасына қазақ халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” идеясын ары қарай дамыта түсу.

Мұғалімнің іс - әрекеті: Түрлі ойындар мен көрнекіліктер арқылы оқушылар арасындағы достықты нығайтып, патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Таныстырылым: Біздің еліміз Тәуелсіз мемлекеттер қатарында. Ол өзінің жаңа өміріне қадам басқалы бері мақсатын айқындап, бағытын белгілеп қойған. Алдағы уақытта әлемдегі ең мықты 30 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Осы ортақ мақсатымызға жету үшін әр азамат өзінің бойында патриоттық сезімді дамытуы тиіс

1-Оқушы. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Н. Ә. Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. 

2-Оқушы: Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

3-Оқушы:  Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

4-Оқушы:  Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

5-Оқушы:Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

6-Оқушы: 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

7-Оқушы: 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

1-оқушы:  І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір Қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтті.

1. Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.

6. Сананың ашықтығы. Оқушының іс-әрекеті: Бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Оқушылар сабақтың тақырыбының мәнін ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. (Өмірмен байланыстыру)


Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске.
Содан бері Ата заң негізінде,
Қаншама заң өмірге келді емес пе?!

Зайырлы мемлекетпіз көп ұлтты,
Таңдаған демократиялық бағытты.
Ұлттар достығы мен ел бірлігі,
Саясатты ұстаймыз бір қалыпты.

Құрылысына күш жұмсап егемендік,
Құлшыныспен ұмтылдық, жігерлендік.
Кемеңгер, дара тұлға - Елбасының,
Бойында мол қасиет көрегендік.

Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.

Сене алмады бұған жұрт әуел баста,
Дәл осылай болары шын, рас па?
Деген жұрттың көңілін күмән билеп,
Ішінде түйді ойын талай қасқа.

Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан,
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан.
ТМД елдерін артқа тастап,
Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан.


«Өз еліме қосар үлесім»

(3 - топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)
«Оқушылар сәлемдемесі»
1 - оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2 - оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3 - оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4 - оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5 - оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
6 - оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
Мұғалім сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

1.Осыдан кейін екі оқушы шығып тақтада тұрған Қазақстан туралы мәліметтерді кезек-кезек таныстырып шығады. Яғни еліміздің экономика-бизнес, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы жетістіктерін саралайды.

2. Тарихқа оралып, 5 оқушы Қазақ хандығының құрылу кезеңін еске алады. Яғни осы Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиындықтарды бастан өткергенін айтып өтеді. 

Мұғалімнің  сөзі: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.
“Сен де бір кірпіш  дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол»

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттап, патриоттық сананы ынталандыра отырып ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы оятып, жас ұрпақ санасына қазақ халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” идеясын ары қарай дамыта түсу.

Мұғалімнің іс - әрекеті: Түрлі ойындар мен көрнекіліктер арқылы оқушылар арасындағы достықты нығайтып, патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Таныстырылым: Біздің еліміз Тәуелсіз мемлекеттер қатарында. Ол өзінің жаңа өміріне қадам басқалы бері мақсатын айқындап, бағытын белгілеп қойған. Алдағы уақытта әлемдегі ең мықты 30 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Осы ортақ мақсатымызға жету үшін әр азамат өзінің бойында патриоттық сезімді дамытуы тиіс





1-Оқушы. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Н. Ә. Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. 

2-Оқушы: Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

3-Оқушы: Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

4-Оқушы: Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

5-Оқушы:Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

6-Оқушы: 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

7-Оқушы: 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.


1-оқушы: І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір Қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтті.

1. Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.

6. Сананың ашықтығы. Оқушының іс-әрекеті: Бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Оқушылар сабақтың тақырыбының мәнін ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. (Өмірмен байланыстыру)


Қазақ елі - мәңгілік ел

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.

Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.

Біздің заманымыздан да бұрынғы,
Деректер көп, боларлық дәлел тұрымды.
Жетісуда өмір сүрген Үйсіндер
Өте қуатты мемлекет боп құрылды.

Астанасы «Қызыл аңғар» қаласы,
Мекені Іле өңірі Ыстықкөлдің арасы.
Қытайменен қарым - қатынас жасасып,
Алыс - беріс болса керек шамасы.

Осынау кең қазағымның жерінде,
Даласы, тауы, өзен – көлі, теңізде.
Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да
Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде.

Дамыды, өсті өнер - ғылым, мәдениет
Сызба сызып жазылды тарих, әдебиет.
Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын,
Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.

Дархан дала қазақтың кең жерінде.
Асу бермес Алатау, Алтай белінде,
Мәуелі бақты Жетісудың көгінде.
Еділ - Жайық, Алакөл, Балқаш көлінде.

Түркі тілдес тайпалардың таңы атты,
Әлем назарын өздеріне қаратты.
Тоғыз жүз алпысыншы жылдары
Алланың жолы ислам дінін таратты.

Араб, түркі тілдерінде жазылған,
Еңбектері бағалы көп сан алуан.
әл - Фараби, Махмуд Қашқари,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи
Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған.

Емес пе дәлел - Сығанақ пен Аққорған,
Қызыл аңғар, Отырар, Тараз, Түркістан.
Қазақтар да өркениет ел болып,
Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған.

Үйсін, Қаңлы желбіреген тулары,
Дешті Қыпшақ қазақтың рулары.
Түркі тілдес халықтар бөтен емес
Діні бір, тілі де бір бауырларым.

Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.

Бейхабар малын баққан жомарт елді,
Тұтқиылдан шапты жау Жоңғар тегі.
Айғай аттан, шулыған әрбір ауыл,
Жиған малдан айрылып үйі өртенді.

Үй киізін кескілеп тоқым етті,
Қыз, келінге зорлық қып қатын етті.
Ерді құл, әйелді күң тұл жетім ғып,
Баланы ата - анадан қашық етті.

Қорлық көріп, зорлық көріп қалмақтан,
Шұбыра шулап туған жерін тастаған.
Өгіз артып, тай мініп, жаяу - жалпы,
Көше - көше болды тозып ақтабан.

Елім - айлап, жерім - айлап зар салды,
Қызығы мол бейбіт күнді аңсады.
Қиындықтың, қорлықтың зардабы өтіп,
Бала - шаға, қарт кемпір - шал шаршады.

Батты әбден тізесі сұм қалмақтың,
Билеп, төстеп қаратты бар аймақты.
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы,
Қазақтардың ыза - кегін оятты.

Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды.
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар,
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды.

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,
Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны ерек.

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек.

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ
Артында ор, алдында көр, жан - жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап...»
- деп Мағжан Абылайды жырлағандай,
Жүк көтерген белі мықты қара нардай.
Қияннан қия баспай жол табатын,
Қазақтың билері мен хандары - ай...

Жоңғардың жойқынынан аман қалдық,
Оларды жерден қуып тәмәмдадық.
Тік тұрдық, белді буып хандық құрдық,
Дәрменсіздің таяғын таянбадық.

Болашағын ұрпақтың ойлай жүріп,
Ресейге қосылдық одақ құрып,
Жүрсек те тәуелді болып басқа жұртқа,
Сақтандық сыртқы жаудан амал қылып.

Аласапыран заманның қойнауында,
Байлансақ та бодандық байлауына.
Тіріміз, өлгеміз жоқ, бармыз әлі
Түссек те Арыстанның шайнауына.

Ұзақ ғұмыр кешу үшін ғаламда,
Үлкен мақсат болу керек адамда.
Батып кетпей тереңге отқа күймей,
Естілікпен ден қойдық әр қадамға.

Қиыншылық болды үлкен қазағыма,
Кеңестік қызыл өкімет заманында.
Қуғын көрген көп қазақ босқын болды,
Шетке қашып басының аманында.

Енгізді кооператив пен коллективті,
Қолдан жасап жүргізді геноцидті.
Шара болмай жасайтын қолдан келер,
Айттық тек қарғыс пенен нағілетті.

Кеңестік өкіметтің құрсауында,
Шешілмеді шідер мен тұсауым да.
Ашылмады адымым, жылжымадым,
Ыза, кек, құса толды құшағыма.

Қуғын - сүргін, зобалаң көргеніміз,
Алаштық кетті атылып зиялымыз.
Тектен - текке жазалап жала жауып,
Болар ма бұдан өткен қиянат іс.

Қазақ деген ежелден батыр халық,
Ұлы Отан соғысында болды анық.
Көрсетіп ұл да, қыз да ерен ерлік,
Барлық жұрт ұлтымызды білді танып.

Сонда да әділ баға берілмеді,
Кір кетіп тазармады көңілдегі.
Бауыржан, Қасым, Ыбырайымдар
«Кеңес Одағының батыры»атақты
Батырлар қатарынан көрінбеді.

Тума талант өнерпаздар көп еді,
Москва бірақ жетістігін көрмеді.
Жақсы атақ саңлақтарға жетпеді.
Елеуіштің өткізбеді елегі.

Қаншама болса - дағы жігерлі жас,
Алға шықпай спортта қалғаны рас.
Жеңілісті біздерге қолдан жасап,
Өздеріне жеңісті етті мирас.

Аң жайылып, мал таптаған мың жылғы,
Сарыарқаның сар даласы жыртылды.
Тың игеру саясатын қолданып,
Басқа ұлтқа иемдетті жұртымды.

Саны артып қазақтан өзге ұлттың,
Астында қалғандаймыз жауар бұлттың.
Мектептер қазақ тілді жабылып қап,
Тіліме қауіп төнді соны ұқтым.

Мал бағып қазақ күні далада өтті,
Бөтен ұлттың баласы қалада өсті.
Бір басында бірнеше пәтері бар,
Жалға беріп табысты дүркіретті.

Сынақ жасап жеріме бомба жарды,
Зардап шеккен тұрғындар мұңлы - зарлы.
Мөлшердің шектеуінен асып кетті,
Зияны кило, меготонналардың.

Қарсы боп жаңа билік есіміне,
Сегізінші пленум шешіміне.
Басқарар өз ұлтын қазақ жоқ деп,
Намысқа тиді айтқан сөз кесірлене.

Дауылдан теңіз толқып жар соққанда,
Теңізші суға кеткен жай тапқан ба?
Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы,
Жастарым шықты алаңға желтоқсанда.

Оларды аямады жазалады,
Қып - қызыл қанға бояп таза қарды.
Байлап, матап көк мұзға жатқызып сап,
Тепкілеп таяқпенен сабалады.

Толғанынша қамады абақтыға,
Жала менен өтірік айғақ таба.
Жалған жасап құжатты өкім етті,
«Нашақор» - деп соттады айып таға.

Белгісіз талай боздақ күйреп жатты,
Тірісін көпке дейін қудалатты.
Семейдің түрмесінде жанын қинап,
Өлтірді Қайрат пенен Ләззатты.

Тоңдырса да аязы желтоқсанның,
Жігерін жеңе алмады боздақтардың.
Тәуелсіздік талабын жария етті,
Бетін ашты көрінбес айғақтардың.

Қанды қол Колбин ұзақ тұра алмады,
Тура қарап күнәһар жүре алмады.
Жан алушы желтоқсан жендетінен,
Көп сұрақ өлгенде де сұралады.

Бастау болып желтоқсан оқиғасы,
Байқалды әр елдің тек отырмасы.
Күні біткен кеңестер Одағының,
Белі босап, бұзылды босағасы.

Құрсауы тарс үзілді тоқсан бірде,
Еркіндік келді жұртқа бір - ақ күнде.
Енді қайтып оралып келместей боп,
Темір тәртіп қалды ұзап күннен - күнге.

Қашанда арман болған тәуелсіздік,
Жарқ етіп ашылды - ау бір қара түңдік,
Исатай, Махамбеттің туын ұстап,
Бодандықтың тас буын белін үздік.

Ешкімге тәуелсізбіз, егеменбіз,
Қазақстан Республикасы деген елміз.
Дамыған даңқы асқан көп елдердің
Қатарына әлі - ақ жетіп, теңелерміз.

Танып білді бізді алғаш түрік елі,
Бізбенен тілі, ділі түбі бір - ді.
Сонан соң мойындады тәуелсіз деп,
Мемлекеттер үлкен - кіші ірілері.

Сайлап құрдық мәжілісті, сенатты,
Депутаттар іс атқарды жауапты.
Заң күші бар құжаттарды бекітіп,
Мемлекеттің ірге тасын қалатты.

Ең басты маңызды іс әрі мәнді,
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.
Сайладық Қазақстан Президенті деп -
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.

Егемендігіміздің берік негізі,
Мемлекеттік елтаңба, ту мен гимні.
Біртұтастығымызды бейнелейтін,
Қазақстан Республикасы рәміздері.

Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске.
Содан бері Ата заң негізінде,
Қаншама заң өмірге келді емес пе?!

Зайырлы мемлекетпіз көп ұлтты,
Таңдаған демократиялық бағытты.
Ұлттар достығы мен ел бірлігі,
Саясатты ұстаймыз бір қалыпты.

Құрылысына күш жұмсап егемендік,
Құлшыныспен ұмтылдық, жігерлендік.
Кемеңгер, дара тұлға - Елбасының,
Бойында мол қасиет көрегендік.

Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.

Сене алмады бұған жұрт әуел баста,
Дәл осылай болары шын, рас па?
Деген жұрттың көңілін күмән билеп,
Ішінде түйді ойын талай қасқа.

Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан,
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан.
ТМД елдерін артқа тастап,
Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан.

Сейілді күмән бұлты ойындағы,
Жігер күші артты елдің бойындағы.
«Қазақстан - 2030» жоспары кезеңімен,
Мезгіліне жетпей - ақ орындалды.

Дамыған елу елдің қатарында,
Қазақстан ерекше аталуда.
Инвестиция шетелден мол беріліп,
Гүлденіп күннен - күнге жақсаруда.

Қала салдық төріне Сарыарқаның,
Құрылысы озық әлемде жас қаланың,
Ел тұрмысын жақсартып көтеруде,
Қамын ойлап қарт пенен жас баланың.

Кәсіпкерге бизнесте жол ашылды,
Өндірдік алтын, күміс, қорғасынды.
Ұлттық қор қоржыны тола түсіп,
Жинадық қазынаға мол асылды.

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.

Мадақ айту бір аллаға жарасқан,
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан.
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да,
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан.

Құрмет жасап әлемдік діндарларға,
Ислам, христиан, протестант, буддаларға.
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап,
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға.

Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.

Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

«Өз еліме қосар үлесім»
(3 - топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)
«Оқушылар сәлемдемесі»
1 - оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2 - оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3 - оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4 - оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5 - оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
6 - оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
Мұғалім сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.


1.Осыдан кейін екі оқушы шығып тақтада тұрған Қазақстан туралы мәліметтерді кезек-кезек таныстырып шығады. Яғни еліміздің экономика-бизнес, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы жетістіктерін саралайды.



2. Тарихқа оралып, 5 оқушы Қазақ хандығының құрылу кезеңін еске алады. Яғни осы Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиындықтарды бастан өткергенін айтып өтеді. 

Көрініс: «Керей мен Жәнібек»

Керей мен Жәнібек

Сахнада төрде Керей отыр,ал Жәнібек оның оң жағында отыр.


Керей: Жақында жат жерге аяқ басамыз.Моғол ханы Есен Бұға біздің келгенімізге қарсы бола қоймас,оның басқа да шаруасы жетіп жатыр.Қазір ағасы Жүніспен соғысуда.Бұл жерді бабамыз Шағатайға бергені бәріміздің есімізде болар.Сондықтан Шағатайдың жеріне дұшпан ретінде бас сұға алмаймыз.Біздің онысызда қарсыластарымыз жеткілікті.Есен Бұғадан жер бөліп беруін сұраймыз.Бірнеше мың сарбаздан бас тарта қоймас.


Ақсақал: Дәл солай. Жауыңнан досың көп болсын.Ел де ұзақ жолдан шаршады.Арамызда әйелдер, шал кемпірлер,жас балалар бар.


Керей: Алдымен Есен Бұғаға елші жіберу керек.Елші әміршіге біздің бейбіт ниетпен келе жатқанымызды айтып,адалдығымызға көз жеткізсін әрі жер беруін сұрасын.


Отырғандар бәрі ойланып қалды да ,бір-бірімен ақылдасады.


Керей : Мұның өте ақылды шешім.Ең сыйлы азаматтарды аттандырайық. Біз оның жеріне баса көктеп кіріп жатқан жоқпыз.Тек туысымыз деп қонақжайлылық көрсетуін тілейміз деген сәлемдемені Есен Бұғаға жеткізсін.


Ақсақалдар бәрі жабырласып: Елшіні бастап Жәнібек барсын !!! Оның қасына бүкіл Дешті Қыпшаққа мәшһүр ақылы мен әділдігі жағынан даңқы шыққан билерімізді қоса жіберейік!


Есен Бұға. Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу ызасын қол астындағы халықтардан алып,жазалай бастады.Салықты көбейтіп,тайпамыздың берекесін алуда.Сондықтан біз бауырымыз Жәнібек екеуміз сізге бір бұйымтайымыз бар. Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз сол жерде өзіміздің тайпамыз бен қоныстанып,өсіп-өнсек деген ойдамыз, Сәлем мен Керей сұлтан.


Хатшы тағзым ете қағазда Керейге ұсынады.Керей хатты қолына алып,мұқият оқып шығып,саусағындағы мөр жүзікті шешіп алып,қағазға басады да Жәнібекке қарады.


Керей: Тағдырымызды сенің қолыңа тапсырдық. Ендігісі өзіңе байланысты-деп хатты қолына ұстатады.


Жәнібек: Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын!

Сахнадан Жәнібек пен билер шығып кетеді. Керей ізінен Ақ жол деп соңынан ұзақ қарап қалады.


Сахнада түрі суық бір топ әскерлер Жәнібек бастаған елшілерді қоршап алды.

Әскер : Кімсіңдер? Қайда жол тарттыңдар?


Ақсақал: Біз Керей сұлтан елшілеріміз, Сендердің әміршілерің Есен Бұғаға хат әкелдік.Біздің арамызда Барақ ханның баласы Жәнібек сұлтан бар.


Әскерлер қолдарын жүрек тұсына қойып бәрі бірден «Алдияр!» деп дауыстап тағзым етті.Жәнібек те әрқайсысына жақындап, оң қолын әрбір моғолдың оң иығына қойып сәлем берді.


Бір моғол нөкері тұрып: « Бүгін біздің әміршіміз сізді қабылдайды» деп хабарлайды.

Сахна төрінде Есен Бұға.


Жәнібек: Ассалаумағалейкум,ел жұртыңыз аман ба? Мен Жәнібек сұлтан сізге Керей сұлтанның хатын әкелдік.

Хатты Есен Бұға қарап мұқият оқып шықты .


Есен Бұға: Мен сенің әкең Барақ ханды көргенмін. Ол менің әкеме , Моғолстанның әміршісі Уәйіс ханға Әбілқайыр таққа отырған жылы келген болатын.Сайыпқыран Уәйіс хан сол жылы қайтыс болды.


Жәнібек: Иә, сол жылы мен дүниеге келгенмін және сол жылы менің әкем Барақ хан да өмірмен қоштасты.


Есен Бұға: Жатқан жері жайлы болсын.


Жәнібек: Әумин!

Есен Бұға: Біз Кереймен және сенімен туыспыз. Шыңғыс хан бабамыз бізге бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруді өсиет еткен. Ұлы бабаның өсиетін ұрпақтарының барлығы бірдей орындап жүрген жоқ.Әбілқайыр мен менің ағам Жүніс құдіретті күшті Алла берген ризықты қанағат етпеді.Біз олармен бірігіп күресуіміз қажет. Сендерге жеткілікті жер береміз,сендер де бізге Жүніспен соғысуға көмектесіңдер.


Жәнібек; Тәуекел, мұныңыз дұрыс шешім.


Есен Бұға: Ойлана ақылдаса келе былай шештік .Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!


Жәнібек: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айландырамыз!


Сахнадан Есен Бұға нөкерлерімен шығып кетеді.

Жәнібек; Уа, халқым ,сүйінші. Көптен күткен арманымыз орындалды.Бір ту астына жиналар күн туды!


Сахнада халық мәре –сәре болып қуанып жатыр.

1-Ақсақал: Біз өзімізге баспана, Отан таптық. Мал көбейіп,ел соғысты ұмытып,тыныш өмір сүруде.Көршілестеріміз Қазақияның күшін біледі.Енді мемлекетіміз нығайған шақта, бізге хан керек.Бізді мұнда екі сұлтан бастап келеді.Екеуіде Ұрыс ханның тұқымы,екеуі де ақылды,адамгершілігі мол. Бірақ тақ біреу,сондықтан хан да біреу болу қажет.


2-Ақсақал: Мынау қазіргі қаз –қаз басып келе жатқан мемлекетіміз үшін екі хан болса тіптен жақсы.


3-Ақсақал: Керей хан болсын.


4-Ақсақал : Жәнібек хан болсын.


Дау қыза бастағанда, Жәнібек орнынан тұрып:

Маған сенім білдіріп қолдап жатқандарыңызға рахмет. Мен Керей ағамнан екі жас кішімін.Ақылы мен даналығы сай қосылған Керей осы таққа лайықты деп ойлаймын.Жол соныкі.


Керей: Сіздерге, бауырым Жәнібекке рақмет.Халық шешсе мен елді басқаруға дайынмын.Жәнібекте хан аталып,үнемі қасымда болсын.Әрқашан оның пікірімен санасатын боламын.Мен үшін ол бауырдан да артық.


Ел қуаныштан; Айтқаныңыз болсын, осылай болсын! Деп шулайды.


Керей: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші ақсақал бата беріңіз.


Ақсақал бата береді. Халық әумин деп ру өкілдері ақ киізге Керейді бастарынан үш рет көтеріп; Хан! Хан! Хан! Деп айғайлайды

3. Бұдан кейін Ұлттық бірлікті сақтап қалу мәселесі қаралады. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ал кемелдену дегеніміз жаңашылдыққа ілесу ғана емес, ұлттық дәстүрлер мен тілімізді, музыкамыз бен әдебиетімізді, салт-жоралғыларымызды дәріптеу. Яғни осы тұста ана тілі туралы бірнеше оқушыға өлең оқытылады.

Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.


Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Қадір МЫРЗА ӘЛИ ***



Туған жер

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.  

Алақаны анамның – топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.  

Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған-ау.  

Кешірме сен

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА ***


Отан

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.  

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!  

Отан! Отан! Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали МАҚАТАЕВ ***

Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?  

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем  білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.  

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?!

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!  

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.  

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,

Алтын діңгек - өзім туған босағам! Қасым АМАНЖОЛОВ  

Отан туралы мақал –мәтелдер.

4. Халықтың даму жолында білімнің бірінші орында тұратыны анық. Сол себепті, алдыңғы тапсырмаларға қатыспаған оқушылар шығып, тақтадағы сөзжұмбақты шешеді. Мұнымен қатар, аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау ойыны ойнатылады.



5. Оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру үшін топтық ойындар ойнатылады. Ол үшін бір оқушының құлағына күй ойнап тұрған құлаққап кигізіліп, осы оқушы екінші бір оқушы айтқан сөзді шешеді. Яғни құлаққан киіп тұрған оқушы екінші бір оқушының сөзін естімейді. Сол себепті, күйдің дауысын қаттырақ шығарған жөн. (Мысалы, “Адай” күйі).

Постер қорғау.
«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries
Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.

Рефлексия

Мұғалімнің сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол

Автор: Сыдыкова Гульназ Жандосовна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459832

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру""
    ["seo_title"] => string(38) "bolashakk_a_bagdar_rukhani_zhang_yru_3"
    ["file_id"] => string(6) "551895"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590748736"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) ""Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания""
    ["seo_title"] => string(69) "vzghliad_v_budushchieie_modiernizatsiia_obshchiestviennogho_soznaniia"
    ["file_id"] => string(6) "443733"
    ["category_seo"] => string(5) "pravo"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1513056202"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Т?рбие жоспары"
    ["seo_title"] => string(16) "t-rbiie-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "258691"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448551465"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Баяндама "О?ушылармен ?ткізген іс-шаралар сапасы ж?не ?ажеттілігі" "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-ok-ushylarmien-otkizghien-is-sharalar-sapasy-zh-nie-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "198253"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428386989"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Т?уелсіздік тол?аулары" курсыны? о?у ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(52) "t-uielsizdik-tolg-aulary-kursynyn-ok-u-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "235548"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443727960"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства