kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өздік жұмыс Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өзіндік мақсат қою арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру».

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өздік жұмыс Баяндама»

«Өзіндік мақсат қою арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру».
Оқушыға өз бетімен жұмыс істеп дағды беру ұзақ, жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау үрдістерінен өтеді.


Өздігінен білім алудың негізгі жолы – оқушыны таным үрдісіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі педагогикалық мақсат қоюдың ролі мен мәні зор. Өйткені, тәжірибе кезінде оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды. Сондықтан да оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.


Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігінің оқушының білім алуына үлкен әсері бар. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауы тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып, төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс.
Оқушыны өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру тек олардың өздеріне тән икемділік дағдылары арқылы ғана іске асырылады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтер дәлелдеп көрсеткені мәлім. Олар – оқушыдағы байқағыштық, ойлай білушілік, қарама - қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайларды таба білушілік, өзінің ойын жүйелі, әдемілеп айту, мәтіннің бөлімдерін бір - бірімен байланыстыру, кітаптан қызықты көріністі не оқиғаны табу т. б. Міне, осылардың бәрі де бүкіл оқу үрдісі арқылы меңгеріліп, біртіндеп іске асырылатын істер.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Қазіргі өмірдің талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра отырып , әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек жоғары сынып оқушыларының арасында білім сапасы барған сайын төмендеп барады . Оқушының барлығын әр мұғалім өз сабағына қызықтырып, жетелеп кету мүмкін емес, әйтседе шығар жол бар тәрізді. Ол жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесін сол ортаның оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып мұғалім мен оқушының арасында өзара түсінушілік болған кезде шешуге болады.Сондықтанда әрбір ұстаз білім беру саласында талмай еңбек етіп, ұйымдастыру қабілеті мен іздену шеберлігін үнемі шыңдай түсуі керек. Әсіресе, оқушылар үшін ең қажетті де, қиын меңгерілетін пәндерді оқытуда бір әдіспен шектелмей , сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыратын тәсілдерді таңдай білу қажет деп ойлаймын. Кез - келген ұстаз сабақ жоспарын құрарда өздері сабақ беретін сыныптардағы оқу бағдарламасына сәйкес білім беру мен білім алудағы әдіс- тәсілдерді таңдайды,яғни түрлі интерактивті оқыту формаларын қарастырады.Сабақта оқушыны жалықтыратындай бір сарынды болып кетпеуі үшін шағын топтар жұмыстарын, жарыстырып, тренингтер ұйымдастыру қажет. Мұндай әрекетте жұмыссыз отыратын оқушылар аз болады, тіпті болмайды да. Өз тобындағы балалармен қарым - қатынасқа түсе отырып, өзіндік пікірлері қалыптасады, даму динамикасы жетіледі, құрдастарымен ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.

Оқушы білімін бағалауға жариялықтың, нақтылықтың болуы;Сабақтың басты мақсаттары терең ойластырылмаса оқушыны сабақ тартпайды, мұғалімнің құр қайсарлығынан оқушы жалқау тыңдаушыға айналады. Бұл оқушыны зеріктіреді. Сондықтан казіргі кезде оқушыларды өз бетінше жұмыс жасатпай сабақ өткізу мүмкін емес. Дегенмен сабақ барысында оқушылардың өздігімен ойлауына түрткі болудың қиындығын әр мұғалім біледі. Сол себепті сабақ барысын да карточкаларды жиі пайдалану қажет.

Қазіргі қоғамда бала үшін кітаптың маңызы қандай болса, копьютер де бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану. Оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы кез келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер арқылы көріп, біліп дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Ал электрондық оқулық пен оқыту нәтижесінде оқушы тақырыпты жан-жақты, терең түсінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жекелеген (саралап оқыту) және топтасқан түрлері (топпен немесе ұжымдық) бар.

Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылды. Саралап оқыту технологиясындағы оқу үрдісінде келесі мақсаттарды көздеуге болады:

·        оқушыға сенімділік білдіру

·        пәнге қызығуын арттыру

·        оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту

·        өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу;

Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызметін дамытатын жаңа технологияны қолданудың бір жолы «топпен немесе ұжымдық жұмыс» болып табылады. Мысалы: Оқушыларды 4 топқа бөліп, түрлі тапсырмаларды орындатуға болады.  Тапсырмаларды орындатудың бірнеше жолы бар.

·        Түрлі сұрақтар  арқылы  тақырыпқа қызығуды ояту.

·        Оқулық, қосымша кітаптармен жұмыс.

·        Аудиотаспа, бейнетаспа және интерактивтік тақтамен жұмыс.

·        Еліміздің тарихын, байлығын, табиғатын, салт-дәстүрін білу, оны қорғауға дайын екендіктерін білу.

Оқушының өздігінен білім алу жұмысы тек өзінің білімін толықтыру, өзін-өзі жетілдіру міндетімен шектелмейді, өздігінен жұмыс жасап жүрген оқушылар басқаларға білім беруіне, олардың білім алмасуына дағдыландырады. Өзіндік жұмыста басты мақсат – оқушыларды саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Оқушының өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру – дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.

Мектеп – білім жүйесінің ең негізгі, басты буыны. Оқушының болашағына жол ашады, әсіресе қазақ балалары үшін. Біздің қызметіміз оқушыға бағыт-бағдар беру, сол бағдар бойынша өз бетімен жұмыс жасауға дағдылана білуі керек.

Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол оқушының жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.

Өзіндік жұмыс  - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:

-         Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.

-         Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.

-         Оқушының жұмыстарына бағыт беру.

Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.

Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.

Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның білімді өздігінен игеруімен тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.

Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек.

Қорыта келгенде ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретін үрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.

 



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  2. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  3. Педагогикалық Шеберлік  Орталығы Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий.

 



















Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі»КММ

















Баяндама

«Өзіндік мақсат қою арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру».





Коспанова Лаззат Батырхановна

















2016-2017 оқу жылы.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өздік жұмыс Баяндама

Автор: Коспанова Лаззат Батырхановна

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354332

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "«А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды?  с?здік ?орын молайту» (баяндама)"
    ["seo_title"] => string(71) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ushylardyn-sozdik-k-oryn-molaitu-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "267683"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450440012"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(233) "Баяндама "Орыс сыныптарында?ы ?аза? тілінде о?ушыларды? тілін дамыта отырып, ?з ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білуіне да?дыландыру""
    ["seo_title"] => string(122) "baiandamaoryssynyptaryndagykazaktilindieokushylardyntilindamytaotyrypozoilarynzhuiieliturdiezhietkiziebiluiniedagdylandyru"
    ["file_id"] => string(6) "302531"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457201246"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "БАЯНДАМА "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫСЫНЫ?  ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ІС-?РЕКЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" "
    ["seo_title"] => string(90) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushysynyn-shyg-armashylyk-is-riekietin-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195005"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427829066"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?Р Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына арнал?ан іс шара"
    ["seo_title"] => string(45) "krtuielsizdighinin25zhyldygynaarnalganisshara"
    ["file_id"] => string(6) "304123"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457669372"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "«О?ушыларды? ?зіндік іс-?рекетін ?алыптастыру ар?ылы білім сапасын к?теру» ,баяндама"
    ["seo_title"] => string(88) "ok-ushylardyn-ozindik-is-riekietin-k-alyptastyru-ark-yly-bilim-sapasyn-kotieru-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "307761"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458415986"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства