kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? с?здік ?орын молайту» (баяндама)

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?з байлы?ыны? азды?ы о?ушыларды? ?з ойын ауызша, ?рі жазбаша, д?л, ж?йелі жеткізуіне ?иынды? келтіреді. Сонды?тан саба?та с?здік ж?мысын д?рыс ?йымдастыруды? м?ні зор.Біріншіден, с?здікпен ж?мыс о?ушыны? с?з байлы?ын молайтып ке?ітсе, екіншіден, ?йренген с?здерін ?атесіз, сауатты жазу?а бейімдейді, ал ?шіншіден, с?зді ?йрену ар?ылы бала тіл нормасымен с?йлеп ?йренеді. С?здік ж?мысын ж?ргізуге мынадай негізгі методикалы? талаптар ?ойылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? с?здік ?орын молайту» (баяндама)»

Теректі ауданының білім беру бөлімі

Аудандық әдістемелік кабинеті















«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың

сөздік қорын молайту»

(баяндама)










Дайындаған:

АӘК әдіскері Н.А.Бисенгалиева














Федоровка ауылы

2015 жыл

Кез келген халық мәдениетінің басым бөлігі оның тілі арқылы жүзеге асады, ал тіл байлығы ең алдымен сөздікте көрінеді. Сөздіктің мәдениеттің жолсерігі және оның кілті ретіндегі айрықша рөлін мойындау лексикографиялық белсенділіктің өсуіне әкеп соқтырады.

Сөздік құрастыру, жасау – адамзат өркениетінде атқарылған күрделі іс, ірі жетістік екені белгілі. Әлемдік лексикография тарихына үңілсек, сонау ІІІ мыңжылдықтардағы ежелгі шумерлер құрастырған сөздіктерден бері қарай бүгінгі күнге дейін сөздіктердің санмыңдаған түрлері жарық көрді. Сөздік жасау ісі ертеден қолға алынғанмен, сөздік жасаудың теориясын зерттейтін – лексикографияның жеке сала болып қалыптасуы ХХ ғасырдың ІІ жартысына сәйкес келеді.

Сөздік – анықтамалық құрал. Ол тіл жайындағы ақпараттардың көзі. Әрбір сөздікті пайдаланушы сөздік арқылы тілді меңгереді.

Сөздік өзінің мақсатына сәйкес сөздерді жинап, оларды әліпбилік, тақырыптық немесе басқаша тәртіппен жүйелеп, тілдің сөздік құрамын мүмкіндігінше толық қамтып, түсіндірмесімен немесе басқа бір тілдегі аудармасымен береді.

Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау», - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның және әр адамның байлығы. Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.

Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.

Біріншіден, сөздікпен жұмыс оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді, ал үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді. Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады:

1.Мазмұнды сөйлеу;

2.Жүйелі сөйлеу;

3.Мәнерлі сөйлеу;

4.Дәл сөйлеу.

Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.

2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.

3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.

4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.

5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.

6.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.

7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.

 Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Осы орайда қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда алға қойылып жүрген ортақ міндет – тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат – оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету. Себебі, жалпыға бірдей білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру, өз халқымыз бен өзге халықтың мәдени мұрасы мен рухани адамгершілік құндылықтарын ағылшын тілін қолдану барысында бойына сіңіру, сөйлеу қабілетін, ой-өрісін, көзқарасын дамыту, балаларды ағылшын тілі мәдениетін, дәстүрін білуге тәрбиелеу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? с?здік ?орын молайту» (баяндама)

Автор: Бисенгалиева Назымгуль Азимовна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267683


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства