kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақтың рухани көсемі» тақырыбына ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қазақтың рухани көсемі" тақырыбына ғылыми жоба бастауыш мұғалімдеріне,оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақтың рухани көсемі» тақырыбына ғылыми жоба»

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ





Тақырыбы: «Қазақтың рухани көсемі»

Орындаған: Касенова Алида 3сынып оқушысы

Жетекшісі: Кошербаева Куралай Салеметхановна

Секциясы: қазақ тілі және әдебиет











Өскемен қаласы

2018 жыл





Мазмұны

  1. Кіріспе: А.Байтұрсынұлының өмірбаяны

  2. Негізгі бөлім: Қазақтың рухани көсемі

  3. Қорытынды

  4. Қолданылған материалдар























Жұмыстың мақсаты:

Қазақ әліппиінің негізін қалаушы, әдебиет саласында өзіндік ерекше орны бар ғалым, ақын, аудармашы-Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін зерделей келіп, оның қазақ даласындағы қазақ баласына сіңірген еңбегінің зор екенін, еңбек жолының қайталанбас тұлға екендігін ашу.



Жұмыстың кезеңдері

I кезең-2016-2017 оқу жылы. Ақпараттық информация жинау. Информация көздері-аудандық мұрағат, кітапхана.

II кезең -2017-2018 оқу жылы. Тапқан материалдарды жүйелеу, сараптау, қорытындылау.



Жұмыстың объектісі

Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары.

Жұмыстың нәтижесі

Қазақтан шыққан тұңғыш әліппи жасаушы, зерттеуші, аудармашы, мысал жазу шеберінің еңбектері. Жеке тұлға ретінде еңбегі ұрпақтарға сарапталды.





Кіріспе

Ахмет Байтұрсынұлы- тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабында, Сартүбек деген жерде ел арасына беделді, қайратты кісі – Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында дүниеге келеді. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, кейіннен жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдан бастап Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл, бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 маусым күні Семей абақтысына алынып, сотсыз нақақтан-нақақ сегіз ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, ақыры күреске бел буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Сондықтан да елден қуылады. 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы репрессияға ұшырап, атылады.

Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. (профессор А.Самойлович, Е.Поливанов).

Ахмет Байтұрсынұлының есімі қазақ әліппиімен тығыз байланысты екенін әрбір оқушының білері хақ. Оның қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасын, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, өз кезінде де көп айтылып, бағаланған болатын. С.Мұқанов «Қазақ мектебі, қазақ тілі

сықылды орындарда оның еңбегі мол, әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам-Ахмет. Оның бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес» дейді.

Иә, бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахмет Байтұрсынұлын қазақ жұрты қадірлей біледі, еңбектерін оқып, жоғары бағалайды.

Негізгі бөлім:

Енді Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының негізгі арналарына тоқталайық. Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма-мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы-жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов (1768-1844) туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, бүл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

Мысалы «Аққу, шортан, һэм шаян» аудармасында:

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін!

Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Оқушыға бір жағынан өте қызықты, таныс дүние емес пе? Көп ойланбай-ақ бұл өлеңнің бірлік тақырыбында екенін түсіну қиын емес. Ұғымды және түсінікті дүние.

Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болса жолдас.

Біріңнің айтқанына бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,-

деп елді тұтастық, ынтымақ жалауынның астына шақырады.

«Егіннің бастары» мысалын алып қарастыратын болсақ, оқушыға оқуға жеңіл, сонымен қатар оқиға желісімен жазылғандықтан, өте қызықты.

«Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шікірейіп өзге көпке.

Өзіне өзгелерді тең көрмейтін

Соншама бұл Бидайдың дәні көп пе?



«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,

Шырағым, түрін көріп танданба оған.

Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,

Ойлама кем екен деп бәрі содан.

Бидайлар басы толық иіліп тұр,

Дән берген қожасына сыйынып тұр.

Басында бұл Бидайдың дәні болмай

Кекірейіп, көкке қарап бүлініп түр.



Елде көп бұл Бидайдай адам,-дейді,

Тәкаппар,-оны халық,-жаман,-дейді.-

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам»,-дейді.

Мысалды оқыған оқушының ойда қалғаны заңды нәрсе емес пе? Шынымен де, өркөкіректік, тәкаппарлық жақсы адамға тән қасиет еместігін түсіну қиын емес. Осындай тәрбиелік мәні зор мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Көбінде әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беретін ишара, тұжырым жасалады. Аудармашы негізгі түп-нұсқа тексіне орайластырып көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап жаңа сарын, әуез қосып отырады.

Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларының басты ерекшелігі-негізгі сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Крыловтың 10 жолдық «Шымшық пен көгершін» мысалы Ахмет Байтұрсынұлында 32 жолдан тұратын жаңа шығарма. «Өгіз бен Бақа» орысшада-17, қазақшада-56. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бұл қазақ ақыны дәстүрлі ойға қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төлтуынды жасағанын көрсетеді.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы сөз қозғағанда оның «Маса» мысал-өлеңдерінің жинағы туралы айтпай кетуге болмас.

«Маса» кітабына енген өлендерде жеке адамның мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен, қоғамдық ойлар айтылады. Бұрын емеурін, ишара, меңзеу, астар мысалмен берілген ойлар «Маса» (Орынбор , 1911) кітабында ашық, анық, нақты айтылады. Мұнда Ахмет Байтұрсынұлының өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық бірталай өлеңдерге арқау болады, ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы-кітаптағы басты сарын болып табылады. Сонымен қатар, өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған бозбала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар», «мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар» сыналады. Кітаптың кіріспесіндегі автордың:

«Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгермес

Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен

Қоймастан құлағына ызыңдаса»,-деп

өзін қазақтың санасын оятуға бел байлаған масаға теңейді. Шынымен де «Масадағы» «Оқуға шақыру», «Жұртыма», «Қазақ салты», «Ақын ініме» өлеңдері қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік ұраны болды.

Осы айтылған екі жинақ-«Қырық мысал», «Маса»-қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, ойлармен, өрнектермен байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды.









Қорытынды

Қорыта келе, өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз дегім келеді.

Ахмет Байтұрсынұлының бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңдеріндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, атамыздың қоңыр желімен бірге есіп, шалқып жатыр.

Мұхтар Әуезовше: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер.Ахмет атамыздың осындай құнды мұрасын танып білуде ұстазымның еңбегі зор.

Иә, Ахмет Байтұрсынұлы-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар, яғни, біз деп білемін.



Қолданылған материалдар

  1. А.Байтұрсынұлы «Ақ жол» А, 1991 ж

  2. «Қазақ энциклопедиясы» А, 1998 ж

  3. А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал»

  4. А.Байтұрсынұлы «Маса» жинағы

  5. А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш»
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Қазақтың рухани көсемі» тақырыбына ғылыми жоба

Автор: Кошербаева Куралай Салеметхановна, Касенова Алида

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469763

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "о?ушыларды? ізденушілік-зерттеушілік. "
    ["seo_title"] => string(43) "ok-ushylardyn-izdienushilik-zierttieushilik"
    ["file_id"] => string(6) "157744"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421648499"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti"
    ["file_id"] => string(6) "267010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282273"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(31) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti-1"
    ["file_id"] => string(6) "267011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282280"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Үштілділік-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(24) "ushtildilik_zaman_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "348663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1476286075"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Үштілділік -заман талабы"
    ["seo_title"] => string(26) "ushtildilik_zaman_talaby_1"
    ["file_id"] => string(6) "348671"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476286914"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства