kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үштілділік-заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Үштілділік – заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:слайт, журналдар, оқулықтар, қанатты сөздер.
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқушылар!Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.   Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған

« Үштілділік-заман талаба» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Жоспар:

  1.  Ой қозғау.
  2. Баяндама оқу.
  3. «Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу
  4. Өзге тілдің бәрін біл.   Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.
  5.  Полиглоттар тарихынан
  6. Ситуациялық тапсырма
  7. Нақыл сөздер


 1. Сұрақ-жауап.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар мен сауалдар

1.Мемлекеттік тілідің мәртебесі жайлы не білесің?
2.Қазақстан Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң,қазақ тілінің орны. 

3. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

4. Үштұғырлы тіл туралы не білесің?
5..Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек?

6. Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді айтыңдар
 

Оқушылырға тақтадан бірнеше сұрақтар оқытып, жауап алу.
2. Баяндама оқу.

«Үштұғырлы тіл мәселесі» тақырыбына  мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау.

3  Полиглоттар тарихынан
 .Полиглоттар тарихынан  тіл туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

 Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан бастайды.


 4. Келесі ой қозғайтын сұрақ:

«Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел?
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
6.   Өзге тілдің бәрін біл. 

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.

 Кім - қалай түсінеді?     

«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»

5 Ситуациялық тапсырма
     1. Мектепке жаңа жылдан кейін  кем дегенде екі сакбақ үш тілде өту керек» деген  хат келсе, сіздер не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?

     2. Іс сапармен шетелге шықтың делік, өз ана тілің жайлы не айтар едің?

6 Нақыл сөздер

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.(Бауыржан Момышұлы)


Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов)

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.(Ғабит Мүсірепов)

Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.   (Мұхтар Әуезов)

Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі. деп нақты ашық айтқан.( Н. Ә. Назарбаев)

Бірінші оқушы:         Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бірінші оқушы.           Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда екенін бәріміз білгеніміз абзал

екінші оқушы:           Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік туралы бірқатар ресми жиындарда сөйлеген сөздерінде айтты. Сонымен қатар, 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясында осы мәселеге кеңінен тоқталған болатын. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясында айтылған еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.

Одан кейін, 2007-шы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын.

Үшінші оқушы           «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»,-деген еді Президент.

Қазақстандықтар мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, орыс тіліне қолдау білдіріп, ағылшын тілін меңгерулері керек.

Елбасы 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясынында қазақ тілін білуге құштарлықтары артқан еліміздің барлық ұлттарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық тілдерді дамуы маңызды екенін айтқан.Біз жастар осыны орындауымыз керек

Төртінші оқушы:        Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл жоба ішкі саясаттың жеке бір бағыты болды.

Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған болатын. Онда Мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік»,-деген еді.

«Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгеріп үлгерген, яғни, үштілділік – бұл жһандық өмірге жолдама, бұл жетістік қағидасы. Бұл жетістік адам өмірінің қағидасы»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

 Бесінші оқушы:      Ағаштың екі ұшы болады демекші,  Үштілділік дегеніміз — сыртқы көрінісі, сыртқы пішіні ғана сияқты. Әншейін көз алдау. Шын мәнінде билік үштілділікті желеу ете отырып, қазақ тілінің қазіргі онсыз да аянышты жағдайына, болашағына балта шаппақ. Үштілділік – бұл бүгінгі қазақ мектептерін және осы қазақтілді мектептерде оқитын ұрпақты туған тілінен айыру деп ойлаймын.

Осы арқылы билік қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деген мәртебесінен айыруды, деңгейінен түсіріп тастау жоспары шығар, кім білсін.

Алтыншы оқушы:       Ия дұрыс айтасың, Қазақ мектептерінің ішінде қазақ тілін тек қана қазақ әдебиетімен шектеуінің өзі неге тұрады? Осы арқылы қазіргі жүйе орыс тілі мен ағылшын тілінің кедергісіз дамуына жол ашпақ.Бұлай болса – мемлекеттік тіл деген ұғым, мемлекеттік тіл туралы түсінік және ең бастысы қазақ мектебі деген атау мүлде жоғалады.

Жетінші оқушы.                Менің де айтарым бар, Әлемде 200-ге тарта мемлекет бар. Бірде-біреуінде екітілділік, үштілділік, төрттілділік деген саясат атымен жоқ. Мұндай саясат жүргізілмейді. Керісінше, олардың алға тартатыны: «өзің тұратын елдің мемлекеттік тілін білу». Бұл үрдіс мемлекеттің, қоғамның барлық сатыларында жүреді. Нақтылап айтсам, оның бастамасы – балабақша мен мектептен басталады.

Сегізінші оқушы:      Шетелдің көптеген елдерінде орта мектептің тек 7-ші сыныбынан бастап шет тілдері енгізіледі. Неге өйтеді? Мұның себебін ғалымдар, физиологтар әлдеқашан анықтап қойған. «Баланың тілі 12 жасына дейін қай тілде шығатын болса, сол тілде сөйлеп өтеді». Ал бізде қалай?

       Үштұғырлы тіл туралы сөз қозғалады, сонда ең соңғы болып айтасың
Елбасымыздың мақсаты қазақ елін бүкіл ғаламға таныстыру, танымал ел ету, жастары көп тіл білетін білімді, білікті, іскер, бизнесмен, өркениетті көркейген, дамыған 20 елдің қатарына жеткіземін – деп асқақ арманға «Нұрлы жол» салып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа қолдау жасайық,оданда кел, жастар – біз білімді болайық! 
- Үш тұғырлы тілді теңдей меңгерген білікті болайық. 
- Білім жолына талмай қанат қағайық. 
- Еліміздің болашағын өзіміздің болашағымыздай ойлай білейік. 
- Білімді – білікті болайық. 
- Елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуге үлес қосайық. 
- Білекке емес, білімге сенетін заманда есемізді ешкімге жібермейік! – деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өсиетін орындайық! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үштілділік-заман талабы»


Дөңгелек үстелде қолданылатын кейбір сөйлемдер үлгісі: 
• Мен сенімен келесемін. 
• Мен де осылай ойлаймын. 
• Бір жағынан осылай,бірақ........... 
• Мен осы пікірмен келісемін. 
• Басқа көзқарас болмау керек. 
• Мен ........... сенемін. 

1.Қазақ тілі - мемлекеттік тілі. 
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазақ, татар, башқұрт, балқар,әзірбайжан, түрікмен, чуваш, саха, тува, хакас, алтай, гагауз т.б. 
Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрады. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілін деп есептейді. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді.Руникалық жазбалардан кейін қазақ тілінде араб, латын, орыс 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. 
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 
2.Қазақстан Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң, белгіленген бағдармалар, қазақ тілінің орны. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» деп жазылған. Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. 
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде екінші рет қабылданды. 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. 
Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңының қабылданған күнінің құрметіне, 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі ретінде тойланатын болды. 
Осы мерекенің құрметіне біздің мектебімізде 10-11 сынып оқушылары арасында «Дөңгелек үстел» өткізілмек. 
3. Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек? Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам дүниеге келгеннен бастап, өмір бойы тілмен бірге тіршілік етеді. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен сіңеді. 
Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын алты тіл бар.Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері.Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет.Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды.Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсейік.




Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»














































Сабақтың тақырыбы: Үштілділік – заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:слайт, журналдар, оқулықтар, қанатты сөздер.
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқушылар!Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған

« Үштілділік-заман талаба» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Жоспар:

  1. Ой қозғау.

  2. Баяндама оқу.

  3. «Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу

  4. Өзге тілдің бәрін біл... Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.

  5. Полиглоттар тарихынан

  6. Ситуациялық тапсырма

  7. Нақыл сөздер


1. Сұрақ-жауап.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар мен сауалдар

1.Мемлекеттік тілідің мәртебесі жайлы не білесің?
2.Қазақстан Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң,қазақ тілінің орны. 

3. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

4. Үштұғырлы тіл туралы не білесің?
5. .Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек?

6. Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді айтыңдар

Оқушылырға тақтадан бірнеше сұрақтар оқытып, жауап алу.
2. Баяндама оқу.

«Үштұғырлы тіл мәселесі» тақырыбына мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау.

3 Полиглоттар тарихынан
.Полиглоттар тарихынан тіл туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан бастайды.


4. Келесі ой қозғайтын сұрақ:

«Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел?
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
6. Өзге тілдің бәрін біл...

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.

Кім - қалай түсінеді?

«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»

5 Ситуациялық тапсырма
1. Мектепке жаңа жылдан кейін кем дегенде екі сакбақ үш тілде өту керек» деген хат келсе, сіздер не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?

2. Іс сапармен шетелге шықтың делік, өз ана тілің жайлы не айтар едің?

6 Нақыл сөздер

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.(Бауыржан Момышұлы)


Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді... (Ғабит Мүсірепов)

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.(Ғабит Мүсірепов)



Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. (Мұхтар Әуезов)



Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі... деп нақты ашық айтқан.( Н. Ә. Назарбаев)

Бірінші оқушы: Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бірінші оқушы. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда екенін бәріміз білгеніміз абзал



екінші оқушы: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік туралы бірқатар ресми жиындарда сөйлеген сөздерінде айтты. Сонымен қатар, 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясында осы мәселеге кеңінен тоқталған болатын. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясында айтылған еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.

Одан кейін, 2007-шы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын.


Үшінші оқушы «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»,-деген еді Президент.

Қазақстандықтар мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, орыс тіліне қолдау білдіріп, ағылшын тілін меңгерулері керек.

Елбасы 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясынында қазақ тілін білуге құштарлықтары артқан еліміздің барлық ұлттарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық тілдерді дамуы маңызды екенін айтқан.Біз жастар осыны орындауымыз керек



Төртінші оқушы: Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл жоба ішкі саясаттың жеке бір бағыты болды.

Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған болатын. Онда Мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік»,-деген еді.

«Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгеріп үлгерген, яғни, үштілділік – бұл жһандық өмірге жолдама, бұл жетістік қағидасы. Бұл жетістік адам өмірінің қағидасы»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.




Бесінші оқушы: Ағаштың екі ұшы болады демекші, Үштілділік дегеніміз — сыртқы көрінісі, сыртқы пішіні ғана сияқты. Әншейін көз алдау. Шын мәнінде билік үштілділікті желеу ете отырып, қазақ тілінің қазіргі онсыз да аянышты жағдайына, болашағына балта шаппақ. Үштілділік – бұл бүгінгі қазақ мектептерін және осы қазақтілді мектептерде оқитын ұрпақты туған тілінен айыру деп ойлаймын.

Осы арқылы билік қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деген мәртебесінен айыруды, деңгейінен түсіріп тастау жоспары шығар, кім білсін.

Алтыншы оқушы: Ия дұрыс айтасың, Қазақ мектептерінің ішінде қазақ тілін тек қана қазақ әдебиетімен шектеуінің өзі неге тұрады? Осы арқылы қазіргі жүйе орыс тілі мен ағылшын тілінің кедергісіз дамуына жол ашпақ.Бұлай болса – мемлекеттік тіл деген ұғым, мемлекеттік тіл туралы түсінік және ең бастысы қазақ мектебі деген атау мүлде жоғалады.

Жетінші оқушы. Менің де айтарым бар, Әлемде 200-ге тарта мемлекет бар. Бірде-біреуінде екітілділік, үштілділік, төрттілділік деген саясат атымен жоқ. Мұндай саясат жүргізілмейді. Керісінше, олардың алға тартатыны: «өзің тұратын елдің мемлекеттік тілін білу». Бұл үрдіс мемлекеттің, қоғамның барлық сатыларында жүреді. Нақтылап айтсам, оның бастамасы – балабақша мен мектептен басталады.

Сегізінші оқушы: Шетелдің көптеген елдерінде орта мектептің тек 7-ші сыныбынан бастап шет тілдері енгізіледі. Неге өйтеді? Мұның себебін ғалымдар, физиологтар әлдеқашан анықтап қойған. «Баланың тілі 12 жасына дейін қай тілде шығатын болса, сол тілде сөйлеп өтеді». Ал бізде қалай?

Үштұғырлы тіл туралы сөз қозғалады, сонда ең соңғы болып айтасың
Елбасымыздың мақсаты қазақ елін бүкіл ғаламға таныстыру, танымал ел ету, жастары көп тіл білетін білімді, білікті, іскер, бизнесмен, өркениетті көркейген, дамыған 20 елдің қатарына жеткіземін – деп асқақ арманға «Нұрлы жол» салып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа қолдау жасайық,оданда кел, жастар – біз білімді болайық! 
- Үш тұғырлы тілді теңдей меңгерген білікті болайық. 
- Білім жолына талмай қанат қағайық. 
- Еліміздің болашағын өзіміздің болашағымыздай ойлай білейік. 
- Білімді – білікті болайық. 
- Елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуге үлес қосайық. 
- Білекке емес, білімге сенетін заманда есемізді ешкімге жібермейік! – деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өсиетін орындайық! 



























Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!









































Баяндама тақырыбы: Үштілділік-заман талабы.

 Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

- Қазақстандағы тәуелсіз жолындағы күресі қазақ тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын. Қазақ тіліне мемлекет мәртебесіне әперу оңай болған емес. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті. «Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек.
Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ұлттық терминологияны дамыту, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу, ағылшын тілін үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге мемлекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда – үш тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы басқалар. 
Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет. 

2.2. Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер. 
Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат - 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы куә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады , ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» - деген болатын Елбасы. . 

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек.













































































800×400


Баяндама

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен [1, 16]. «Адамзаттың Айтматовы» атанған, әлем әдебиетіндегі көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың мына бір пікірі: «Тіл – халықтың автопортреті. Әр тіл - өз орнында ұлы, әр тіл - бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы өз өрнегімен қымбат»,-деп ана тілінің ұлылығын дәлелдей түседі [1, 20]. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшылдарымыз, ақын-жазушыларымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз».«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2, 5].

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,-деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24],-деген еді. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты: 
«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.

Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз»[3, 7].

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. [4, 41].

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» [4, 49].

«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей [5, 4], бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.

Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
ағылшын тілін меңгерту;
орыс тілін жетік білу;
әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей [4,3], жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,-деген жолдарда жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. [2,57]. Сондықтан да жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған.

Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» [2,51].

Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Үштілділік-заман талабы

Автор: Курманалиева Саида

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства