kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? ізденушілік-зерттеушілік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ізденушілік-зерттеушілік.
    «?аза? тілі – т?ркі тілдері ішіндегі е? тамашасы» (Ш.у?лиханов), «?аза? тілі – т?ркі тілдеріні? ішіндегі е? бай, е? таза тіл» (П.М. Мелиоранский), «?аза?тарды?  тілі ?уезді де, ?сем, шебер де шешен... » (В.Радлов) деп жо?ары ба?алан?ан тілімізді? жас ?рпа??а ?ыр-сырын, ?адір-?асиетін таныту, зор ба?алап, пір т?ту - бізді? азаматты? парызымыз. Тілді? е? бірінші жанашыры – біздер, ?аза? тілі м??алімдері.
      «?аза? тілі», «?аза? ?дебиеті», «Ана тілі» п?ндерін о?и отырып, ?рпа?ымыз хал?ымызды? ?ткен тарихымен танысып, рухани м?дениетінен ?лгі алады. О?ушы-шікірттеріміз ана тілі білімімен ?аруланып, хал?ыны? тыныс-тіршілігіні?, жан-д?ниесіні? жары? шыра?ы болады. Барлы? тіл тарихыны? тарихи принципінен бастап, фонема-морфеманы? т?рленуінен, тіл категориялары, грамматиканы? салалары, орфоэпиялы?, орфографиялы? д?ст?рінен т?сінік алады.
     ?лтты? т?рбие беруді? бірден-бір басты ??ралы- тіл. Рухы мы?ты ?аза? хал?ы алып «Б?йтерек» т?різді тарихы тере?де жат?анын ата-бабадан мирас болып келген ?асиетті баба тілі ар?ылы сезінеді. Ойшыл  ??лама-?алымдарымыз бен а?ын-жырауларымызды?, данаг?й би-шешендерімізді? м?раларын ?рпа?ымыз баба тіл ар?ылы о?ып біледі.Ал  сол тілімізді? б?гінгі жай-к?йі ?андай, ?рп?ы бабаларыны? тілінде с?йлей ме деген с?ра? ?р м??алімні? ?ана емес, ?р ?аза?ты? к?кейінде болуы тиіс. Б?гінгі жа?андану жа?дайында ?аза? тілі п?ніні? ?леуетін арттыру- ?зекті м?селелерді? бірі.Себебі а?ылшын тілі барша елді? ?мір салтына баса к?ктеп енуінен ?лтты? тілдер шеттелуде. Жастар ?з тарихына, т?л ?дебиетіне нем??райлы?пен ?арауда.Б?л-бірінші. Екіншіден, білім сапасын ба?алауда тестік ба?ылау ?олдан?анды?тан, о?ушыларымыз тілді ме?геруді ?ажетсінбейтін болды. Тілді о?ып-?йрену, ой-с?з ж?йесін жетілдіруде к?ркем ?дебиетті? орын-?лесі ерекше болып табылады. Алайда к?ркем ?дебиетті о?у, рухани н?р алу талап де?гейінде емес. ?семдік ?леміне ?ызы?пау, ж?йелі о?у?а да?дыланбау (конспект, к?нделік жазбау), кітап жинау м?дениеті, белгілі бір та?ырып, маманды??а бейімділік бай?ала бермейді.Б?л -?шінші м?селе. Б?л м?селелерді шешу ?шін, ?рине ?р ?стаз заман алабына сай о?ушыны? жеке т?л?а ретінде дамуына о?тайлы жа?дай жасап, о?у ?рдісін сапаландыру м??алімнен жо?ары дайынды?ты талап етеді. Сонды?тан да жа?а а?паратты? технологияларды о?ыту процесіне енгізіп,  о?у процесіні? белсенділігін, сапасын арттыру?а пайдаланамын. ?сіресе, «Сатылай кешенді о?ыту», «Дамыта о?ыту», «Саралап- де?гейлеп о?ыту» технологияларын пайдалану ?з н?тижесін беруде. Б?л о?ушы ?шін ?аза? тілін ана тілі ретінде жа?а ?ырынан тану?а, тіл м?дениетін шы?дауына м?мкіндік береді. О?ушыны? ?ылыми тілін ?алыптастырып, теориялы? ойлау?а ?йретеді. Тіл ар?ылы ?аза? хал?ыны? тарихы, ?дебиеті, м?дениеті, ?лтты? салт-д?ст?рі, ?дет-??рпы, болмысы танылады.
       ?азіргі кезе?де м??алімні? алдында т?р?ан міндеттерді? бірі- о?ушыны? т?менгі ойлау де?гейін жо?ары ойлау де?гейіне жеткізу. Осы масатта ж?ргізген ?бунасыр ?л-Фараби шы?армашылы?ына арнал?ан саба?ыма то?талайын. Саба?ты? жалпы ма?саты: ?бунасыр ?л-Фарабиді? ?айталанбас т?л?а екенін таныту, ?нерді с?юге , ?нер адамдарын ??рметтеуге ша?ыру.О?ушыларды?  к??іл-к?йін к?теру ма?сатында сергіту с?тін ?ткіздім.О?ушыларды 3 топ?а б?лдім.      "Философтар", "Тілші-?дебиетшілер", "Сазгерлер". Блум таксаномиясы бойынша ойлау де?гейлеріні? ма?саты: ?л-Фараби  ?мірі мен шы?армалары туралы білу,Екінші ?стаз ретіндегі м?мкіншілігін таныту,?л-Фарабиді? ?мірін жан-жа?ты талдау, ал?ан білімдерін жина?тау, б?гінгі ?мірмен байланыстыру.Дерекк?здер мен жабды?тар: Жылжымалы  та?та, о?улы?, ж?мыс д?птері, "А?ыз адам" журналы.?йге тапсырма: ?бунасыр ?л-Фарабиді? ?ле?дерін жаттау(?з ?алаулары бойынша) Саба? бойынша ?орытындыларын стикерлерге жазып та?та?а іліп кетеді. Аристотельден кейінгі ?лемні? екінші ?стазы кім деп ойлайсы?дар, балалар? Ой ?оз?ау ар?ылы саба?ты? та?ырыбын ашып алды?.Саба?ты? ма?саты таныстырылды. Білу, т?сіну де?гейіні? ма?саты: ?л-Фараби ?мірі мен шы?армалары туралы білу. К?тілетін Н?тиже: ?л-Фараби туралы б?рыннан білетін м?ліметтерін еске т?сіреді, ?осымша ма?л?маттар алады. Алдын ала берілген тапсырма бойынша ,(о?ушы ізденісі) екі о?ушы?а презентация дайындап келу тапсырыл?ан болатын. Зерттеу ж?мыстарын орташа о?итын о?ушыларыма берген едім. Екі о?ушым бірлесіп ж?мыстан?ан. ?здеріне берілген тапсырма?а жауапкешілікпен ?ара?андары к?рініп т?р. ?аламтордан а?ын жайында ?ызы?ты, ??нды деректерді тауып, презентация жасап ?ор?ады. О?ушылар да ?ызы?ушылы?пен ты?дады.Дерекк?здерді д?рыс пайдалану ?шін т?рткі с?ра?-тапсырмаларды бердім. ?л-Фараби кім? ?бунасыр айналыс?ан ?ылым салалары; ислам ?дебиетіні? ?анат жаюы жайында ой тол?а?дар; музыка саласында?ы  е?бектері.            

    Е? алдымен Ежелгі д?уір ?дебиетіне то?талды, а?ынны? ?мірі мен о?у жолын таныстырып, ?мбебап музыкант  ж?не медицина?а ?ос?ан ?лесі туралы да а?параттар берді.
                                        
      О?ушыларды? саба??а  ?ызы?ушылы?ын арттыру ?шін келесі тапсырманы Білгішбекті? атынан  бердім.
   - Балалар, ?аза? ?дебиеті саба?ыны? поштасына Білгішбектен хат келіп т?сті. Ашып о?ысам, сендер ?шін тапсырмалар мен с?ра?тар жіберген екен. Орындаймыз ба? Балаларды? б?рі к?здері жайнап бір ауыздан "и?" деп жауап берді. С?ра?тар?а о?ушылар таласып жауап беріп отырды.Тапсырмаларды орындау барысында а?ынны? шы?армашылы? жолын,  ?ылыми  е?бектерін талдап, ?р о?ушы  ?з білімін к?рсетуге тырысты.
      О?ушыларды? шы?армашылы?- зерттеушілік ?абілеттерін дамытуда  Джон Дьюиді? Жобалы? о?ыту ?дісіні? тиімді екенін айт?ым келеді. Б?л ?дісті т?жірибемде ?олдан?аныма  ?ш жыл болды. Ма?сатым: ?лтты? м?дени ??ндылы?тарды жас ?рпа? бойына сі?іру  ж?не оларды?  ?лтты? сана- сезімін, патриотты? сезімін ояту;
 Д.Дьюиді?  жобалы? о?ыту ?дісі негізінде о?ушылар к?нделікті ?мірдегі ??былыстарды жобалау негізінде орындайды. Б?л жобалы? о?ытуда о?ушыларды? жеке ?абілеті мен ?асиеттерін, шы?армашылы? белсенділік іс-?рекетін ?амтамасыз ету ж?не ?здігінен білімін жетілдіру к?зделеді. Негізгі ?станымдар:
1. о?ушыны? жеке ?асиеті мен ?абілетін жетілдіру, дамыту.
2. О?ушыны? жеке ?абілетіне орай белсенділік іс-?рекетін ?амтамасыз ету.
3. О?ушы ?ажеттілігін ?ана?аттандыру.
  О?ушыларды? жеке ?абілеттерін дамыту ?шін ?осымша білім беру ?ажеттілігі туындайды. Б?л ?ажеттілікті сыныптан тыс о?ыту ж?мыстарында іске асыру?а болады.
    Мектебіміздегі дарынды о?ушыларды? шы?армашылы? ?леуетін к?теру ма?сатында ??рыл?ан (О??)- о?ушыларды? ?ылыми ?о?амы ж?мыс жасайды. ?зім секция ж?мысына жобалы? о?ыту ?дісін та?дадым. Б?л ?діс ?зіні? тиімділігін к?рсетіп отыр. ?йткені, б?л технологиямен о?ыту н?тижесінде міндетті де?гейден ?те жо?ары эвристикалы?- шы?армашыл жеке т?л?а ?алыптастыру?а ке?інен жол ашылды.
 Жобалы? о?ыту ?рдісінде бір?атар т?сілдер мен іс-?рекеттер ?олданылады.
1.    ?ылыми таным ?дістерін ме?геру (талдау, салыстыру, ой-пікірлерді негіздеу, жина?тау, ой ?орыту, ба?ылау, ?ылыми ойлау, ?ылыми т?сіндірме, т.б.).
2.    О?ушыны? ?зіндік ізденіс іс-?имылдары (танымжоры?, т?жірибелік іс-?имылдар, ?ылыми ?дебиеттер о?у, нормативтік ??жаттармен танысу, талдау, с?здіктермен ж?мыс, т?рлі дарынды т?л?алармен, ауылымызды? белгілі азаматтарымен  кездесу, с?хбаттасу, ой-пікір б?лісу, жазба ж?мыстары , т.б.).
3.     Жобалы? о?ытуды ?йымдастыруды? формасы (п?ндік ?йірме, О?? секциялары;  о?ыту ?дісі – жобалау, о?ыту т?сілдері – ізденушілік, шы?армашылы? іс-?рекеттер, о?ыту формасы – жеке-дара ж?не топты?).
М??алім е? алдымен о?ушыны? даралы? ?абілетін аны?тап алу ?ажет. Ол ?шін психологиялы? диагностика, сауалнама, шы?арма жазу, эвристикалы? ??гіме, т.б. ж?мыс т?рлері орындалады. Жоба ж?мыстары бойынша та?ырып та?дау?а к?мек ж?не о?ушы к?терген м?селеге орай ?дістемелік н?с?ау береді .Зерттеу ж?мысына орай, зерттеуді? кезе?дерін, ма?сат пен міндеттерін, ?дістерін ??ындырады.  Зерттеу ж?мысына жетекшілік жасайды, ж?мыс жоспарын ??рады, зерттеу к?здерін к?рсетеді, мерзімдерін бекітеді, а?парт алу мен тасымалдау ?дістерін ?йретеді.
      О?ушыларды? ?з еркімен шы?армашылы? ж?мыс жасауы оларды? ?зін-?зі тануына, ?здігінен жетілуіне, ?зі ?нат?ан білім негіздерін тере? ме?геруге ы?палы зор. Б??ан ?з ш?кірттерімні? шы?армашылы? ізденіс ж?мыстарыны? н?тижелері д?лел. Т?мендегі та?ырыптарда жоба ж?мыстары жазылып ?ор?алды.
          1. «Салт-д?ст?рім – асыл ?азынам»  - 9-сынып о?ушысы Д?уіт Ж?нібек.
          2.  «Аталы с?з – баталы с?з». 6-сынып о?ушысы Серикболат Н?рс?лтан халы?аралы? «Жар?ын болаша?» сайысыны? облысты? де?гейіне ?атысып, «Жас ?алымдар» ба?ыты бойынша ІІ орын?а ие болды. «Зерде»- ?ылыми жобаларды іріктеу кезе?інен облысты? сайыс?а ?тіп, белсенді ?атыс?аны ?шін сертификат алды.
    3. «С. Торай?ыров шы?армаларында?ы адам м?селесі»  - 9- сынып о?ушысы  Кенжебек М?лдір, ауданды? «Зерде» ?ылыми жобалар мен шы?армашылы? ж?мыстар сайысыны? ж?лдегері, ІІІ орын.
       4.«Жеті атасын білген ер – жеті ж?ртты? ?амын жер» - 9- сынып о?ушысы Уат К?місбек, ауданды? «Зерде» ?ылыми жобалар мен шы?армашылы? ж?мыстар сайысыны? ж?лдегері, Іорын; облысты? «Жар?ын болаша?» сайысыны? «Жас ?алымдар» ба?ыты бойынша 4-орын, ж?не ба?алы сыйлы??а ие болды. Сонымен ?атар, 9- сынып о?ушысы Кенжебек М?лдір облысты? «Жар?ын болаша?» сайысыны? «Тілші-?дебиетшілер» ба?ыты бойынша ж?лделі ІІ орынды иеленді ж?не ба?алы сыйлы??а  (?лектронды о?улы?- планшет) ие болды. Ол ?аза? тілінен 50 ж?не ?дебиеттен 50 с?ра?тан т?ратын тест тапсырып, п?н бойынша  жа?сы н?тиже к?рсетті.
Міне, б?дан шы?атын ?орытынды: жобалы? о?ыту  технологиясы о?ушылар?а белгілі бір п?н бойынша тере? де сапалы білім алу?а кепіл бола алады.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«о?ушыларды? ізденушілік-зерттеушілік. »

«Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі ең тамашасы» (Ш.уәлиханов), «Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең таза тіл» (П.М. Мелиоранский), «Қазақтардың тілі әуезді де, әсем, шебер де шешен... » (В.Радлов) деп жоғары бағаланған тіліміздің жас ұрпаққа қыр-сырын, қадір-қасиетін таныту, зор бағалап, пір тұту - біздің азаматтық парызымыз. Тілдің ең бірінші жанашыры – біздер, қазақ тілі мұғалімдері.

«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» пәндерін оқи отырып, ұрпағымыз халқымыздың өткен тарихымен танысып, рухани мәдениетінен үлгі алады. Оқушы-шікірттеріміз ана тілі білімімен қаруланып, халқының тыныс-тіршілігінің, жан-дүниесінің жарық шырағы болады. Барлық тіл тарихының тарихи принципінен бастап, фонема-морфеманың түрленуінен, тіл категориялары, грамматиканың салалары, орфоэпиялық, орфографиялық дәстүрінен түсінік алады.

Ұлттық тәрбие берудің бірден-бір басты құралы- тіл. Рухы мықты Қазақ халқы алып «Бәйтерек» тәрізді тарихы тереңде жатқанын ата-бабадан мирас болып келген қасиетті баба тілі арқылы сезінеді. Ойшыл ғұлама-ғалымдарымыз бен ақын-жырауларымыздың, данагөй би-шешендеріміздің мұраларын ұрпағымыз баба тіл арқылы оқып біледі.Ал сол тіліміздің бүгінгі жай-күйі қандай, ұрпғы бабаларының тілінде сөйлей ме деген сұрақ әр мұғалімнің ғана емес, әр қазақтың көкейінде болуы тиіс. Бүгінгі жаһандану жағдайында қазақ тілі пәнінің әлеуетін арттыру- өзекті мәселелердің бірі.Себебі ағылшын тілі барша елдің өмір салтына баса көктеп енуінен ұлттық тілдер шеттелуде. Жастар өз тарихына, төл әдебиетіне немқұрайлықпен қарауда.Бұл-бірінші. Екіншіден, білім сапасын бағалауда тестік бақылау қолданғандықтан, оқушыларымыз тілді меңгеруді қажетсінбейтін болды. Тілді оқып-үйрену, ой-сөз жүйесін жетілдіруде көркем әдебиеттің орын-үлесі ерекше болып табылады. Алайда көркем әдебиетті оқу, рухани нәр алу талап деңгейінде емес. Әсемдік әлеміне қызықпау, жүйелі оқуға дағдыланбау (конспект, күнделік жазбау), кітап жинау мәдениеті, белгілі бір тақырып, мамандыққа бейімділік байқала бермейді.Бұл -үшінші мәселе. Бұл мәселелерді шешу үшін, әрине әр ұстаз заман алабына сай оқушының жеке тұлға ретінде дамуына оңтайлы жағдай жасап, оқу үрдісін сапаландыру мұғалімнен жоғары дайындықты талап етеді. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізіп, оқу процесінің белсенділігін, сапасын арттыруға пайдаланамын. Әсіресе, «Сатылай кешенді оқыту», «Дамыта оқыту», «Саралап- деңгейлеп оқыту» технологияларын пайдалану өз нәтижесін беруде. Бұл оқушы үшін қазақ тілін ана тілі ретінде жаңа қырынан тануға, тіл мәдениетін шыңдауына мүмкіндік береді. Оқушының ғылыми тілін қалыптастырып, теориялық ойлауға үйретеді. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады.

Қазіргі кезеңде мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің бірі- оқушының төменгі ойлау деңгейін жоғары ойлау деңгейіне жеткізу. Осы масатта жүргізген Әбунасыр Әл-Фараби шығармашылығына арналған сабағыма тоқталайын. Сабақтың жалпы мақсаты: Әбунасыр Әл-Фарабидің қайталанбас тұлға екенін таныту, өнерді сүюге , өнер адамдарын құрметтеуге шақыру.Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында сергіту сәтін өткіздім.Оқушыларды 3 топқа бөлдім. "Философтар", "Тілші-әдебиетшілер", "Сазгерлер". Блум таксаномиясы бойынша ойлау деңгейлерінің мақсаты: Әл-Фараби өмірі мен шығармалары туралы білу,Екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту,Әл-Фарабидің өмірін жан-жақты талдау, алған білімдерін жинақтау, бүгінгі өмірмен байланыстыру.Дереккөздер мен жабдықтар: Жылжымалы тақта, оқулық, жұмыс дәптері, "Аңыз адам" журналы.Үйге тапсырма: Әбунасыр Әл-Фарабидің өлеңдерін жаттау(өз қалаулары бойынша) Сабақ бойынша қорытындыларын стикерлерге жазып тақтаға іліп кетеді. Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы кім деп ойлайсыңдар, балалар? Ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбын ашып алдық.Сабақтың мақсаты таныстырылды. Білу, түсіну деңгейінің мақсаты: Әл-Фараби өмірі мен шығармалары туралы білу. Күтілетін Нәтиже: Әл-Фараби туралы бұрыннан білетін мәліметтерін еске түсіреді, қосымша мағлұматтар алады. Алдын ала берілген тапсырма бойынша ,(оқушы ізденісі) екі оқушыға презентация дайындап келу тапсырылған болатын. Зерттеу жұмыстарын орташа оқитын оқушыларыма берген едім. Екі оқушым бірлесіп жұмыстанған. Өздеріне берілген тапсырмаға жауапкешілікпен қарағандары көрініп тұр. Ғаламтордан ақын жайында қызықты, құнды деректерді тауып, презентация жасап қорғады. Оқушылар да қызығушылықпен тыңдады.Дереккөздерді дұрыс пайдалану үшін түрткі сұрақ-тапсырмаларды бердім. Әл-Фараби кім? Әбунасыр айналысқан ғылым салалары; ислам әдебиетінің қанат жаюы жайында ой толғаңдар; музыка саласындағы еңбектері.



Ең алдымен Ежелгі дәуір әдебиетіне тоқталды, ақынның өмірі мен оқу жолын таныстырып, әмбебап музыкант және медицинаға қосқан үлесі туралы да ақпараттар берді.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін келесі тапсырманы Білгішбектің атынан бердім.

- Балалар, қазақ әдебиеті сабағының поштасына Білгішбектен хат келіп түсті. Ашып оқысам, сендер үшін тапсырмалар мен сұрақтар жіберген екен. Орындаймыз ба? Балалардың бәрі көздері жайнап бір ауыздан "иә" деп жауап берді. Сұрақтарға оқушылар таласып жауап беріп отырды.Тапсырмаларды орындау барысында ақынның шығармашылық жолын, ғылыми еңбектерін талдап, әр оқушы өз білімін көрсетуге тырысты.

Оқушылардың шығармашылық- зерттеушілік қабілеттерін дамытуда Джон Дьюидің Жобалық оқыту әдісінің тиімді екенін айтқым келеді. Бұл әдісті тәжірибемде қолданғаныма үш жыл болды. Мақсатым: ұлттық мәдени құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру және олардың ұлттық сана- сезімін, патриоттық сезімін ояту;

Д.Дьюидің жобалық оқыту әдісі негізінде оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау негізінде орындайды. Бұл жобалық оқытуда оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін, шығармашылық белсенділік іс-әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді. Негізгі ұстанымдар:

1. оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру, дамыту.

2. Оқушының жеке қабілетіне орай белсенділік іс-әрекетін қамтамасыз ету.

3. Оқушы қажеттілігін қанағаттандыру.

Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін қосымша білім беру қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттілікті сыныптан тыс оқыту жұмыстарында іске асыруға болады.

Мектебіміздегі дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында құрылған (ОҒҚ)- оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. Өзім секция жұмысына жобалық оқыту әдісін таңдадым. Бұл әдіс өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Өйткені, бұл технологиямен оқыту нәтижесінде міндетті деңгейден өте жоғары эвристикалық- шығармашыл жеке тұлға қалыптастыруға кеңінен жол ашылды.

Жобалық оқыту үрдісінде бірқатар тәсілдер мен іс-әрекеттер қолданылады.

  1. Ғылыми таным әдістерін меңгеру (талдау, салыстыру, ой-пікірлерді негіздеу, жинақтау, ой қорыту, бақылау, ғылыми ойлау, ғылыми түсіндірме, т.б.).

  2. Оқушының өзіндік ізденіс іс-қимылдары (танымжорық, тәжірибелік іс-қимылдар, ғылыми әдебиеттер оқу, нормативтік құжаттармен танысу, талдау, сөздіктермен жұмыс, түрлі дарынды тұлғалармен, ауылымыздың белгілі азаматтарымен кездесу, сұхбаттасу, ой-пікір бөлісу, жазба жұмыстары , т.б.).

  3. Жобалық оқытуды ұйымдастырудың формасы (пәндік үйірме, ОҒҚ секциялары; оқыту әдісі – жобалау, оқыту тәсілдері – ізденушілік, шығармашылық іс-әрекеттер, оқыту формасы – жеке-дара және топтық).

Мұғалім ең алдымен оқушының даралық қабілетін анықтап алу қажет. Ол үшін психологиялық диагностика, сауалнама, шығарма жазу, эвристикалық әңгіме, т.б. жұмыс түрлері орындалады. Жоба жұмыстары бойынша тақырып таңдауға көмек және оқушы көтерген мәселеге орай әдістемелік нұсқау береді .Зерттеу жұмысына орай, зерттеудің кезеңдерін, мақсат пен міндеттерін, әдістерін ұғындырады. Зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, жұмыс жоспарын құрады, зерттеу көздерін көрсетеді, мерзімдерін бекітеді, ақпарт алу мен тасымалдау әдістерін үйретеді.

Оқушылардың өз еркімен шығармашылық жұмыс жасауы олардың өзін-өзі тануына, өздігінен жетілуіне, өзі ұнатқан білім негіздерін терең меңгеруге ықпалы зор. Бұған өз шәкірттерімнің шығармашылық ізденіс жұмыстарының нәтижелері дәлел. Төмендегі тақырыптарда жоба жұмыстары жазылып қорғалды.

1. «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» - 9-сынып оқушысы Дәуіт Жәнібек.

2. «Аталы сөз – баталы сөз». 6-сынып оқушысы Серикболат Нұрсұлтан халықаралық «Жарқын болашақ» сайысының облыстық деңгейіне қатысып, «Жас ғалымдар» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды. «Зерде»- ғылыми жобаларды іріктеу кезеңінен облыстық сайысқа өтіп, белсенді қатысқаны үшін сертификат алды.

3. «С. Торайғыров шығармаларындағы адам мәселесі» - 9- сынып оқушысы Кенжебек Мөлдір, аудандық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар сайысының жүлдегері, ІІІ орын.

4.«Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер» - 9- сынып оқушысы Уат Күмісбек, аудандық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар сайысының жүлдегері, Іорын; облыстық «Жарқын болашақ» сайысының «Жас ғалымдар» бағыты бойынша 4-орын, және бағалы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, 9- сынып оқушысы Кенжебек Мөлдір облыстық «Жарқын болашақ» сайысының «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді және бағалы сыйлыққа (әлектронды оқулық- планшет) ие болды. Ол қазақ тілінен 50 және әдебиеттен 50 сұрақтан тұратын тест тапсырып, пән бойынша жақсы нәтиже көрсетті.

Міне, бұдан шығатын қорытынды: жобалық оқыту технологиясы оқушыларға белгілі бір пән бойынша терең де сапалы білім алуға кепіл бола алады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
о?ушыларды? ізденушілік-зерттеушілік.

Автор: Шотпаева Алтынгуль Бахреденовна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157744


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства