kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үштілділік -заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Үштілділік – заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:слайт, журналдар, оқулықтар, қанатты сөздер.
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқушылар!Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.   Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған

« Үштілділік-заман талаба» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Жоспар:

  1.  Ой қозғау.
  2. Баяндама оқу.
  3. «Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу
  4. Өзге тілдің бәрін біл.   Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.
  5.  Полиглоттар тарихынан
  6. Ситуациялық тапсырма
  7. Нақыл сөздер


 1. Сұрақ-жауап.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар мен сауалдар

1.Мемлекеттік тілідің мәртебесі жайлы не білесің?
2.Қазақстан Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң,қазақ тілінің орны. 

3. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

4. Үштұғырлы тіл туралы не білесің?
5..Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек?

6. Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді айтыңдар
 

Оқушылырға тақтадан бірнеше сұрақтар оқытып, жауап алу.
2. Баяндама оқу.

«Үштұғырлы тіл мәселесі» тақырыбына  мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау.

3  Полиглоттар тарихынан
 .Полиглоттар тарихынан  тіл туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

 Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан бастайды.


 4. Келесі ой қозғайтын сұрақ:

«Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел?
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
6.   Өзге тілдің бәрін біл. 

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.

 Кім - қалай түсінеді?     

«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»

5 Ситуациялық тапсырма
     1. Мектепке жаңа жылдан кейін  кем дегенде екі сакбақ үш тілде өту керек» деген  хат келсе, сіздер не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?

     2. Іс сапармен шетелге шықтың делік, өз ана тілің жайлы не айтар едің?

6 Нақыл сөздер

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.(Бауыржан Момышұлы)


Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов)

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.(Ғабит Мүсірепов)

Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.   (Мұхтар Әуезов)

Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі. деп нақты ашық айтқан.( Н. Ә. Назарбаев)

Бірінші оқушы:         Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бірінші оқушы.           Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда екенін бәріміз білгеніміз абзал

екінші оқушы:           Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік туралы бірқатар ресми жиындарда сөйлеген сөздерінде айтты. Сонымен қатар, 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясында осы мәселеге кеңінен тоқталған болатын. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясында айтылған еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.

Одан кейін, 2007-шы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын.

Үшінші оқушы           «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»,-деген еді Президент.

Қазақстандықтар мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, орыс тіліне қолдау білдіріп, ағылшын тілін меңгерулері керек.

Елбасы 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясынында қазақ тілін білуге құштарлықтары артқан еліміздің барлық ұлттарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық тілдерді дамуы маңызды екенін айтқан.Біз жастар осыны орындауымыз керек

Төртінші оқушы:        Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл жоба ішкі саясаттың жеке бір бағыты болды.

Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған болатын. Онда Мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік»,-деген еді.

«Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгеріп үлгерген, яғни, үштілділік – бұл жһандық өмірге жолдама, бұл жетістік қағидасы. Бұл жетістік адам өмірінің қағидасы»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

 Бесінші оқушы:      Ағаштың екі ұшы болады демекші,  Үштілділік дегеніміз — сыртқы көрінісі, сыртқы пішіні ғана сияқты. Әншейін көз алдау. Шын мәнінде билік үштілділікті желеу ете отырып, қазақ тілінің қазіргі онсыз да аянышты жағдайына, болашағына балта шаппақ. Үштілділік – бұл бүгінгі қазақ мектептерін және осы қазақтілді мектептерде оқитын ұрпақты туған тілінен айыру деп ойлаймын.

Осы арқылы билік қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деген мәртебесінен айыруды, деңгейінен түсіріп тастау жоспары шығар, кім білсін.

Алтыншы оқушы:       Ия дұрыс айтасың, Қазақ мектептерінің ішінде қазақ тілін тек қана қазақ әдебиетімен шектеуінің өзі неге тұрады? Осы арқылы қазіргі жүйе орыс тілі мен ағылшын тілінің кедергісіз дамуына жол ашпақ.Бұлай болса – мемлекеттік тіл деген ұғым, мемлекеттік тіл туралы түсінік және ең бастысы қазақ мектебі деген атау мүлде жоғалады.

Жетінші оқушы.                Менің де айтарым бар, Әлемде 200-ге тарта мемлекет бар. Бірде-біреуінде екітілділік, үштілділік, төрттілділік деген саясат атымен жоқ. Мұндай саясат жүргізілмейді. Керісінше, олардың алға тартатыны: «өзің тұратын елдің мемлекеттік тілін білу». Бұл үрдіс мемлекеттің, қоғамның барлық сатыларында жүреді. Нақтылап айтсам, оның бастамасы – балабақша мен мектептен басталады.

Сегізінші оқушы:      Шетелдің көптеген елдерінде орта мектептің тек 7-ші сыныбынан бастап шет тілдері енгізіледі. Неге өйтеді? Мұның себебін ғалымдар, физиологтар әлдеқашан анықтап қойған. «Баланың тілі 12 жасына дейін қай тілде шығатын болса, сол тілде сөйлеп өтеді». Ал бізде қалай?

       Үштұғырлы тіл туралы сөз қозғалады, сонда ең соңғы болып айтасың
Елбасымыздың мақсаты қазақ елін бүкіл ғаламға таныстыру, танымал ел ету, жастары көп тіл білетін білімді, білікті, іскер, бизнесмен, өркениетті көркейген, дамыған 20 елдің қатарына жеткіземін – деп асқақ арманға «Нұрлы жол» салып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа қолдау жасайық,оданда кел, жастар – біз білімді болайық! 
- Үш тұғырлы тілді теңдей меңгерген білікті болайық. 
- Білім жолына талмай қанат қағайық. 
- Еліміздің болашағын өзіміздің болашағымыздай ойлай білейік. 
- Білімді – білікті болайық. 
- Елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуге үлес қосайық. 
- Білекке емес, білімге сенетін заманда есемізді ешкімге жібермейік! – деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өсиетін орындайық! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Үштілділік -заман талабы

Автор: Курманалиева Саида

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348671

Похожие файлы

object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Үштілділік-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(24) "ushtildilik_zaman_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "348663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1476286075"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""?штілділік - заман талабы""
    ["seo_title"] => string(24) "ushtildilik-zaman-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "316467"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460097117"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Үштілділік-заман талабы""
    ["seo_title"] => string(26) "ushtildilik_zaman_talaby_2"
    ["file_id"] => string(6) "513622"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1559818225"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Үштілділік - заман талабы""
    ["seo_title"] => string(26) "ushtildilik_zaman_talaby_3"
    ["file_id"] => string(6) "528047"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1574334595"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "?штілділік - заман талабы"
    ["seo_title"] => string(23) "ushtildilikzamantalaby1"
    ["file_id"] => string(6) "324746"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462632953"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства