kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бастауыш сынып  оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным)  әрекетін орындауға дағдыланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау»

Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау


Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер  қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға дағдыланады.

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және ресурстар арқылы жүзеге асырылады.  

  Белсенді сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Соңғы уақытты табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін жəне əртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Білімді дəл осылай қолдану оқушыларға соңғы кезде ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (2011) білім беру бағдарламаларын

əзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар тізімін құрды:

Рухани құндылықтар

Дағдылар

- шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлау;

- коммуникативтік қабілеттер;

- өзгелердің мəдениетіне жəне көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- денсаулық, достық жəне айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- өмір бойы оқуға дайын болу.

• сын тұрғысынан ойлау;

• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

• проблемаларды шешу қабілеті;

• ғылыми-зерттеу дағдылары;

• коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

• жеке жəне топпен жұмыс істей білу қабілеті;

• АКТ саласындағы дағдылар.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Білім беру мазмұны өзгертеліп жатқан қазіргі кезеңде заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман - креативті ойлай алатын, таптауырынды ойдан алыстаған, кез-келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі бар, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Сондықтан біз мектеп табалдырығынан бастап оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.

Әлемдік тәжірибе бойынша бастауыш білімді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгертуге септігін тигізеді. Коммуникативтік дағдыларды басшылыққа алып оқыту – функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады.

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады.

Сөйлесу барысында кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олар мыналар:

Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, интонацияны қолдану, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу, жест, мимиканы қолдану, оқиғаларды баяндап беру т.б. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады.

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз. Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі- сауаттылық, ал екінші тобы- идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Сауаттылыққа яғни, жазылымға қатысты дағдылар:

  • Орфографиялық қатесіз жазу;

  • Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;

  • Пунктуацияны дұрыс қолдану;

  • Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу.

  • Грамматиканы дұрыс қолдану.

  • Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

  • Стильді дұрыс таңдай білу;

  • Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.

Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады.

Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет.

Оқылымның ішкі дағдылары:

Мазмұнын түсіну үшін оқу немес көз жүгіртіп оқу –мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

Тыңдалымның ішкі дағдылары:

Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер, хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б

Сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау-сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Интенсивті тыңдалым-сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат-оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Экстенсивті тыңдалым-үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды тыңдау.

Тыңдалы мен айтылым дағдысы оқушылардың тіл байлығын арттырады. Ойлау қабілеттері дамиды. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруда тиімді әдіс тәсілдер қолдану барысында оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген түсінік болуы тиіс. Оқытудың тиімді стратегиясы арқылы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет деген сұрақтарға жауап іздейді.

Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [Hattie, 2011]. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін тәсіл. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерін ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгеріледі. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым- бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі - осы дағдыларға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. (Wallace, Stariha &Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқудың стратегияларының сипаттамасына тоқталатын болсам:

Белсенді оқу - оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.

Бірлескен оқу - құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.

Саралау – әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:

түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;

Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады;

Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;

Барлық оқушылар үшін пайдалы;

Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;

Моделдеу - сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді:

Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді;

Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;

Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады.


Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:

  • Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;

  • Уәждеу құралы бола алады;

  • Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;

  • Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;

  • Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді.

Оқу диалогтері – оқушылардың тапсырмаларды талқылауы

  • Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;

  • Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;

  • Барынша терең түсінуге ынталандырады;

  • Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;

  • Оқушыларды қызықтырады және уәждейді.

Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

  • Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну;

  • Уәждік және өзіндік бағасын арттырады;

  • Оқыту үдерісіне бағыт береді;

  • Оқушыларға оқу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді;

  • Оқушыларға барынша тиімді оқу жолдарын түсінуге көмектеседі.

Пәнаралық байланысОқу пәндері арасында байланыс орнату

  • Білім беру бағдарламасына тереңдік пен тепе -теңдік береді;

  • Терең білім алуға мүмкіндік береді;

  • Көптеген дағдыларды ұсынады;

  • Түсінік пән дағдылардың дамуына көмектесе алады;

  • Оқу үдерісінің маңыздылығының барынша арттыруға көмектеседі;

  • Оқушыға деген уәжді барынша арттыра алады.



Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру барысында сабақ жоспарын жасағанда сабақтың басында, ортасында және соңында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.



Дағдылар

 Белсенді оқыту  әдіс – тәсілдері

Сипаттамасы





Тыңдалым

«Сөздік» жұмысы.

Оқушылар мәтінді тыңдайды және   таныс емес сөздерді жазып алады.  Сол сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істейді.

«Төрт сөйлем» тәсілі

1.  Пікір.  мәтін бойынша өз пікірін бір сөйлеммен жазады.

2.  Дәлел.  Өз  пікірін дәлелдейді.

3.  Мысал.  өмірмен байланыстырып, мысал айтады    

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты  іріктеп алуға дағдыландырады. 

   «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.    Әр топ  тақырыпқа байланысты   бір-біріне тыңдалған мәтін  бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.

Тыңдай отыра оқушы өз  пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.







Айтылым

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.

   «Ақ қалпақ»   қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.

«Сары  қалпақ»    тақырыптың  тиімділігін  сендіре айтады.

«Қара  қалпақ»  тақырып бойын-ша  кемшіліктерді   анықтайды.

«Қызыл  қалпақ»     тақырып бойынша       болжам  жасайды.

«Жасыл  қалпақ»  креативті,жаңа   идеялар «Көк  қалпақ»     тақырыпқа   сараптама   жасайды.


Тақырып бойынша әр оқушы ақпаратты анықтап, болжам жасауға, өз ойын айтып,сараптама жасауға дағдыланады.


«ПОПС» формуласы.

Бірінші  сөйлем  «Менің ойымша,...  » 

Екінші сөйлем  «Себебі,  мен  оны  былай 

түсіндіремін   … » 

Үшінші  сөйлем   «Оны мен мына факті-лермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем  «Осыған  байланысты  мен мынадай  қорытынды  шешімге  келдім .... ».

Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен  сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды.     







Оқылым

«Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Топ мүшелері өз  пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады.  Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру  арқылы бір - бірінің жауабымен танысады.  Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. 

Стикерлермен жұмыс

Жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше жолы бар. Яғни жазылған сөздерді бір рет оқып, 1 сағаттан кейін қайта қарау. Бір тәуліктен кейін қайталап оқып, мағынасын еске түсіру.Бір аптадан кейін тағы бір оқып шығу және бір айдан соң тағы қарау. Бұл әдісті жүйелі орындау, сөздерді ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.




Жазылым

«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі.

Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу

Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері –тақырып-тың негізгі түсініктері, астыңғы сүйек-тері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін

«Қарлы кесек» тәсілі

Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек.

Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады

Мұғалім – әдіс түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігімен жұмыс істей білуге, оқылым және жазылым дағдылары арқылы ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберліктерді  меңгеру арқылы қол жеткізуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдер түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын  белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып  кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына  сай, сабақты түрлендіру мақсатында  оқытудың  түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі  нәтижеге жетері  сөзсіз. 



Пайдаланылған әдебиеттер:



1. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру 

жолдары.»  Алматы  «Рауан» 1994 ж.

2. Бастауыш мектеп журналдары.

3. А.Алимов «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» 2011 ж.

4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. 2015 ж

5. http://adisteme.kz/bastayys-bilim-.html


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау

Автор: Мукаметжанова Айгуль Жумагельдиновна

Дата: 20.08.2019

Номер свидетельства: 518017

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Бастауыш сынып о?ушыларыны? іс-?рекетін ?алыптастыру жолдары "
    ["seo_title"] => string(66) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-is-riekietin-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "147656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419441832"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "БАЯНДАМА "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫСЫНЫ?  ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ІС-?РЕКЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" "
    ["seo_title"] => string(90) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushysynyn-shyg-armashylyk-is-riekietin-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195005"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427829066"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі."
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasy_bastauysh_miektieptieghi_rukhani_adamghiershilik"
    ["file_id"] => string(6) "403403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490524895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства