kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қаратұрық орта мектебі                                     

                                                          бастауыш сынып мұғалімі

Алпысбаева Венера Адиловна

Тақырыбы: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі.

Мақсаты: Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру.   

                                                      Өткен тарихымызға тағзым да,

                                                      бүгінгі бақытымызға мақтаныш та,

                                                      гүлденген келешеккесенім де

                                                    «Мәңгілік Ел»  деген құдіретті

                                                      ұғымға сыйып тұр.

  Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.

          Қазақстан Республикасының 2016-2017  жылғы  білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани – адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз. Сапалы білім беруеге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.

            Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.

    «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.

Жаһандану және ақпараттандыру процестері, көші-қонның өсуі, әртүрлі мәдениеттер тасымалдаушыларымен түрлі деңгейде халықаралық байланыстың артуы, бірыңғай әлемдік экономикалық, ақпараттық, мәдени, білім беру кеңістігін қалыптастыру білім алушы тұлғасын мәдениет аралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеу жұмысын күшейтуді талап етеді.

    Уақыттың жаңа сын-тегеуріндері мен тәуекелдері көпмәдениетті тәрбие мәселесі және білім беру ұйымдарының жұмысында мәдениетаралық, этносаралық қатынастарды күшейту өзекті әрі маңызды болады.

     Көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық және «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық акциясын өткізу бойынша шаралар ұйымдастыру қажет.

                 Білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін оқытуда басым мақсаттарды басшылыққа аламын.

Берген білім мен тәрбиемізден не күтеміз?

Қандай нәтиже шығады?

Оны қалай жүзеге асырамыз?

Деген сұрақтарға жауапты 1-4 сыныпта оқыту мен тәрбиелеу арқылы табамыз.

Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. 2-4 сыныптарда берілген тақырыптар ата-ананы құрметтеуге, елін-жерін сүюге, отансүйгіштік қасиеттерін оятады. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Үш жүздің билерінің астарлы шешендік сөздерінің негізгі идеясын меңгерте отырып, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халық басына түскен ауыртпалық, елі, жері үшін күрескен, бір тудың астында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері мен тауып айтылған шешімдерін балаларға ұғындырып отырамын. Балаларды шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу маңыздылығы басты ұстанымым. Баланы әу бастан дау-жанжалдардың ақ-қарасын аша білуге үйрету. Өз шешімін анық айтуға тәрбиелеу.

Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов шығармалары арқылы оқушы бойына жетіспейтін қасиеттерді дарытамыз. Тек оқулықпен ғана шектелмей, іздену арқылы өздеріне қажетті материалдарды өз бетімен ізеніп, тауып алуға тапсырмалар беріліп отырады. Осы тәсіл арқылы оқушы өз бетімен білім алуға дағдыланады.

Дүниетану пәнін оқытуда «Қоғам», «Туған ел. Отан» тарауларында ұлттық құндылық негізінде білім мен тәрбие аса жоғары дәрежеде беріледі.

     Математика пәні оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін әсіресе, мына шарттарды есте ұстағанымыз жөн.

  1. Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сейлейтін жас ұрпақты баулып тәрбиелеу үшін "мұны білуге саған әлі ерте, оған тыйым саламыз" деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетелеудің бір арнасы деп ұғу абзал.

2. Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды-жансыз жаратылысты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнің қадір-қасиетін танытқан дұрыс.

3. Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп үғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп шындықты үйрету мектебі болуы тиіс. Жоғарыда айтылған басты әрі негізгі қағиданың үшеуі де қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз өз ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеген. Ата дәстүрінен алшақтап, бүгінгі дәуір талабына ғана иек арту ұшпаққа шығармайды.

  «Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқушыға тәрбие беруде кез-келген тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты оқушы бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету, адамгершілік проблемаларды шешу білігін меңгерту, байланыс жасау бейімділігі мен мінез-құлық мәдениетін дамыту, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту, өз отбасының, тегінің және социумның тарихына танымдық қызығушылық тудыру.

Әр сынып сағаттарының өтілу механизмін өзгертіп, тақырыптың мағынасына үңілуге, ондағы «Мен не үйрендім? Мен қалай үйренемін? Мен оны қайдан аламын?» сұрақтарына жауапты өз бойынан табуға тарту. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Ардақта ата-анаңды», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Құрбан айт туралы не білеміз?», «Мен қайырымды баламын», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Тәуелсіздік елімнің тірегі», «Елбасы бастаған болашақ» тақырыптарында өткен тәрбие сағаттарында балалар бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттері артады, оянады.

       Отбасылық тәрбие беру негізінде өткен ата-аналар консилиумы мен дөңгелек үстелдердің пайдасы орасан зор. Ата-аналардың қоғамдағы болып жатқан діни ағымдардың зияны туралы қаншалықты хабардар екенін анықтау мақсатында, оларға деген көзқарасы қандай екенін анықтау үшін сауалнамалар өткізіп отырамыз.

      Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. Астана, 2016 жыл.

3. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін  ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 ж.

4. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері.

5. Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

6. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Астана, 2015 ж.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі.»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Алпысбаева Венера Адиловна

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403403

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства