О?ушыларды? білім ал?анды?ыны? д?лелдемелері ?амтыл?ан тізбектелген саба?тар топтамасынан алын?ан бір саба? бойынша рефлексивті есеп
Саба?та м??алімні? ?зіні? не біліп,не істейтіні ма?ызды-а?, біра? оны? ы?палымен ш?кірттеріні? не біліп, не істейтіні одан да ма?ыздыра?. На?ыз ?стаз, міне, осынысымен ба?аланады.
Цицерон.
Мектептегі т?жірибе кезе?інде ??р?ан орта мерзімді жоспарыма с?йкес,тізбектелген саба?тар топтамасында?ы 1-саба?ымды ?аза? тілі п?ні бойынша 3А сыныбында «М?тін» та?ырыбында ?ткіздім.
Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыруды к?здеп, ?йымдастыру кезе?інде топ ережесін еске т?сіре отырып, о?ушыларды топты? ж?мыс?а бейімдедім.
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес,тізбектелген сабақтар топтамасындағы 1-сабағымды қазақ тілі пәні бойынша 3А сыныбында «Мәтін» тақырыбында өткіздім.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды көздеп, ұйымдастыру кезеңінде топ ережесін еске түсіре отырып, оқушыларды топтық жұмысқа бейімдедім.
Оқушылардың топтық жұмысқа қызығушылығы алғашқы сабақта-ақ көрініс тапты. Ұйымдастыру жұмыстарынан кейін сыныпты әріп, сөз, сөйлем жазылған қима қағаздар арқылы 3 топқа топтастырдым.
Мұндағы мақсатым, өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру, бірлесіп жұмыс жасауға үйрету, өзгенің пікірімен санасу арқылы сыни тұрғыдан ойлауларына түрткі болып, өз тобын табуға бағыттау болды. Топқа бөлініп отырудың өзі оқушылардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар қолдарындағы қима қағазды оқыған соң , не түйгендерін сұрадым. Сонда мен зерттеп жүрген «А» деңгейлі оқушы өзінің және достарының қолындағы қағаз қиындыларына мән беріп, дыбыс, сөз, сөйлем екен ғой деп ұтқырлық танытты. Топқа бөліну барысында «С» деңгейлі оқушым тобын таба алмай
абдырап қалды. Мұны байқаған «Б» деңгейлі оқушым ол оқушының өз тобына жататынын байқап, қолындағы қағазына қарады да, тобына қосып алды.
Содан соң бақылау парақшаларын таратып, топ мүшелерінің міндеттерін бөлісіп алуды тапсырдым. Оқушыларға сабақ соңында өз міндеттерін қалай орындағаны жайлы есеп беретіні ескертілді. Бірақ хатшы мен бақылаушының міндеті мүлдем орындалмады. Бұл менен кеткен сәтсіздік деп ойладым. Себебі топ мүшелерінің атқаратын міндеттерін дұрыс түсіндіре алмағаным. Алдағы сабақтарымда осы мәселеге міндетті түрде мән беру керек деген ойда қалдым.
Тұсаукесер бөлімінде әр тапсырмаға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берулерін көздеп, әрі жаңа сабақтың тақырыбын айқындау үшін мен түрткі сұрақтар бере бастадым.Бірінші топқа « Дыбыс деген не?» деген түрткі сұрақ берілді. 1-топтағы «Е» есімді оқушытолық жауап берді. Екінші топқа «сөздер неден құралады?», үшінші топқа «сөйлемдер неден жасалады?, сөйлем туралы не білеміз?» деген сұрақтар берілді. Алайда, үшінші топтағы «Ж» есімді оқушы толық жауап бере алмады. Толық жауап алу үшін, сынақтан өткізу сұрағын «мысал келтіріп айтып бере аласың ба?» деп тастадым. Сұрақ қоюдың қайта бағыттау техникасын басшылыққа алып, топтың басқа мүшелерінің көмектесуін сұрадым. Топтан нақты жауап шығара алмадым. Неге? Сәтсіздікті өз бойымнан табуға тырыстым. Сұрақты дұрыс қоймадым ба? деген ой мені мазалады. Бұл жердегі менің сәтсіз шыққан тұсым топқа бөлу кезінде 1-топқа «С» деңгейлі оқушылардың жиналып қалғанына мән бермеппін. Бірақ «С» деңгейлі оқушылар басқа топтардан қалмауға тырысып, өз ойларын білдіргеніне іштей қуандым. 1-топтың толық етіп бере алмаған жауабын 2-топтағы «А» деңгейлі оқушы ұтқырлық танытып, толықтырып айтты. Бұл жерде «А» деңгейлі оқушының берген жауабынан Фриманның үздік оқушыларды анықтайтын икемділік өлшемін байқадым. Мен тақырыпты ашу үшін 6 сұрақ дайындап келген едім.Бірақ С. есімді оқушым ұтқырлық танытып сабақтың тақырыбын мен бесінші,«Сөйлемдерден не жасалады?» деген сұрақты қойғанымда тауып, мәтін деп жауап берді. Мен бұған іштей қуандым, айтқан оқушының қасына барып, «Мәтін деген не, айта аласың ба?» деп сұрадым. «В» деңгейлі оқушы ойланып, «мәтін дегеніміз ойды ауызша және жазбаша жеткізу» деп толық жауап берді. Түрткі сұрақты қойғанымда тақырып ашылмады, сынақтан өткізу сұрақтарын бергенімде де оқушылардан толық жауап ала алмадым, тек қайта бағыттау сұрағы арқылы тақырыпты ашып алдым.Тұсау кесер кезеңінде жүйелі, сынақтан өткізу сұрағын беру кезіндегі оқушылардың берген ұтымды жауаптары сынақтан сәтті шықты. Жаңа сабақты түсіну мақсатында «Бір айналым сөйлесу» әдісі арқылы топтық тапсырма берілді.Әр топқа жеке сөздер (Күз, көктем,қыс) жазылған парақшалар таратылды.Осы сөздерге байланысты топтың әр мүшесі бір сөйлемнен жазып, логикалық байланысқан мәтін құрастырулары қажет еді.Нәтижесінде әр топтан бір оқушы шығып, құраған мәтіндерін оқып берді. Бұл жұмыстада 1 топтағы «С» деңгейлі оқушылардың мәтіні мағыналық жағынан сәтсіз шықты. Ал, керісінше, «А» және «Б» деңгейлі оқушылардан құралған топ мәнді де,мағыналы мәтін құрады.
Бұл тапсырманы бағалауда «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін басшылыққа ала отырып, « Бағдаршам» түстері арқылы бағалау әдісін пайдаландым. 1-топ-2топты, 2-топ-3-топты, 3топ-1топты бағалады. Үш топ та бағдаршамның жасыл түсін көтеріп , « жоғары» деген баға берді. Алғашқы сабақ болғандықтан оқушылардың топтық бағалауы кезінде бағаның шынайы болуы жетіспеді. Келесі сабақтарда топ ережесіне бағына отырып, шынайы бағалауға дағдылану керек екенін ескерттім. Осы бағытта әлде де жұмыс жасау керектігін анықтадым. Осы тапсырмадан соң, мынадай түрткі сұрақтар беру арқылы, « Сендер не құрадыңдар?» Мәтінді неге байланысты құрадыңдар?, берілген сөздің мәтіннің тақырыбы екені анықталды.
Жаңа сабақты түсіну мақсатында оқулықтағы жаттығу жұмыстары орындатылды. 1-жаттығуды орындау кезінде алдымен интербелсенді тақтадан орындауға тапсырма берілді. Жаттығуды тақтадан оқып болған соң, сыни тұрғыданойлана отырып жауап берулерін көздеген, «Мәтінді оқығанда не байқадыңдар?» деген сынама сауал берілді.
«Н» есімді оқушы сыни ойлай отырып «Мәтінге тақырыбы сай келмейді» деп жауап берді. Жауапты жандандыру үшін « Неге олай деп ойлайсың ?»
деген сынама сұрақ бердім. Ол ойланып тұрып қалды. Сыныптағы оқушылардың көмегімен мәтінде басқа ой айтылғанын, ал атауы мүлдем басқа екенін білді. Бұл тапсырмада оқушылар шуылдап өз ойларын еркін жеткізе алды. Бұл жерде Шолиердің «жұмыс шуы» байқалды,топтық жұмыстағы еркіндік оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырды.
1-тапсырманы орындау кезінде 3 топқа тапсырма берілді, алдымен жеке жұмыс оқулықтағы мәтінді дәптерлеріне көшіріп жазды. Жазу кезінде топтарды аралап , көркем және сауатты жазуына мән берілді.Сонан соң жұптық жұмыста, әрқайсысы өзінің мәтінге қойған тақырыптарын талқылады, топтық жұмыста, ортақ тақырыпты анықтап, себебін түсіндіріп, постерде қорғап шығулары қажет болды.
Оқушыларға бұл әдісті бұрын пайдаланбағандықтан алғашқыда қиналды. Жұппен жұмысжасамастан бұрын, топпен жұмыс жасауға ұмтылды. Сабақ барысында міндетті түрде жұппен жұмыс болу керек екенін айттым. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Постер қорғауда оқушылар арасында пікір алмасу диалог құру арқылы іске асты. Топтарды аралап жүргенімде «А» және «Б» деңгейлі оқушылардан құралған 2-топта Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің бір түрі зерттеушілік әңгіме жүріп жатқанын байқадым. «А» деңгейлі Н. есімді оқушы «себебі, ол өзгеше ит, мысықтармен дос» деп айтқанын дәлелдеп жатты. «Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады» деген Мерсердің тұжырымына көз жеткіздім (МАН, 40-бет). Нәтижесінде балалар бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі бойынша емес өз беттерінше ізденіп алғанда өзгеше болатындығын білді. Бұрынғы сабақтарда бір-бірінің желкесіне қарап отырып, бір-бірімен әңгімелесіп, пікір алмасуға мүмкіндігі болмаса, бұл сабақта топтаса отырып ойласа жұмыс жасаған балалардың қызығушылығын оятты. Постер қорғауда әр топ мәтінге өзінше тақырып таңдап, түсіндірді. 1-топ «Достық», 2-топ «Өзгеше ит», 3-топ «Ит пен мысық» деген тақырып таңдаған. Мені таң қалдырғаны 2-топтың қойған тақырыбы еді. Себебі, бұл топтағы «А» деңгейлі оқушы, топтағы зерттеушілік әңгіме кезінде мәтіннің ішкі мәніне үңіліп, өте мағыналы тақырып таңдағанын байқадым. Мәтінді « Өзгеше ит » деп атап, себебін былай түсіндірген. Ол басқа иттердей мысықтармен өш емес, керісінше дос, тіпті оларды күзетеді. Ол топтың жауабын ести отырып, Фриманның (1991)ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің бірі икемділікті: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады (МАН, 73-бет) аңғардым. Тапсырма орындалғаннан кейін топтық бағалау, « басбармақ » арқылы жүрді. 1-тапсырмадағыдай емес, бұл жолы оқушылар шынайы бағалады 1-топты 2-топ «орташа» баға деп бағалап, себебін былай түсіндірді: «қойған тақырыптарыннеге қойғанын түсіндіре алмады» деді. Мен бұған іштей қуанып қалдым, себебі оқушылар бағалауды түсіне бастаған.
Оқушыларды сергіту үшін сергіту жаттығуы ұйымдастырылды. Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың сабақ үстінде би билеп, қозғалысқа түсуі аса құптала бермейді. Сергіту сәті балалардың ашыла түсуіне өте жақсы ықпал етті.
Оқулықтағы 2-жаттығуды «Пирамидалық оқиға» стратегиясы бойынша орындауға тапсырма берілді. Тапсырмада мәтінді оқып, оның мағынасын пирамида бойынша 1-қатарға бір сөз, 2-қатарға екі сөз, ең соңында 5-қатарға бес сөзден тұратын сөйлем жазу арқылы беру керек болатын.
Бұл тапсырманы орындау барысында сыныпта қозғалыс пен балалардың дабыры басым болды. Тапсырманың ауыр болғанын балалардың абыржуларынан аңғардым. Ендігі сабағымда тапсырманы жеңілдетуім керек деген ойда қалдым. Бірақ емін-еркін достарымен пікірлесіп, ортақ ой түйіп, осы еркіндіктің нәтижесінде өздерін жайлы сезінген оқушыларым бақытты, қуанышты күлкілерімен сабақ атмосферасын жандандырып, ынтымақтастықта жұмыс істеді.
Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін бақылау парақшасын тараттым. Мұнда құзырлылық тапсырма берілген. Мәтінді оқып, тақырып қойып, себебін түсіндіру. Бұл тапсырманы оқушылар ойдағыдай орындап шыққан. 7 оқушы «жоғары» деңгейде, 6 оқушы «орташа» деңгейде, 3 оқушы «төмен» деңгейде орындаған. Мен бұдан сабағымның өз нәтижесіне жеткенін аңғарғандай болдым.
Сабақ соңында кері байланысты«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша «Құпия жәшік» әдісі арқылы өткіздім. Оқушылар түсінбеген сұрақтарын қағазға түсіріп, қорапқа сала бастады. Бұл әдісті қолданғандағы мақсатым, келесі сабақта оқушылардың берген сұрақтары бойынша үй тапсырмасын пысықтау кезеңінде қолдану болатын. Бірақ сұрақтарға талдау жасай отырып, жүйелі сұрақ таба алмадым.Бұл әдіс алғаш рет қолданылғаннан кейін оқушылар түйінді сұрақ қоя алмаған. Алдағы уақытта жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыландыру керек деген ой түйдім. Бұл менің сұрақ барысындағы сәтсіз шыққан тұсым болды.
Үйге тапсырма беру кезеңінде оқушыларға оқулықтан 3-жаттығу бойынша мәтінді аяқтап, ат қою берілді.
Бұрынғы дәстүрлі оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты қызықты өткізуге тырысатын едік. Ал Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, жеті модульді кіріктіре өткізген алғашқы сабағымда-ақ оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі- сабақ барысындағы балалардың жұмысы мен әрбір оқушының « апай келесі сабақты да осылай өтіңізші» деген пікірлері болды.
Қорыта келе, алғашқы сабақта дараланған оқушыларды өз топтарындағы достарына көмектесе отырып, сабақтың мақсатына жетуді көздедім. Алғашқыда жеке-дара жауап берген балалар, өз пікірлерін ғана білдірсе, топ ережесіне сүйене отырып бір-біріне түсіндіруге, бір-бірінің пікірін тыңдауға қалыптаса бастағанын аңғардым. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қармастан, кез-келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына
көз жеткізді.Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Оқушының жеткен әрбір жетістігі достарының да, өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтай сөздер айтылып отырды. Себебі, сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (МАН,56-бет).
Бұл сілтемеге сүйене отырып, өз сабағымда формативтік бағалауды оқыту үшін бағалау ретінде қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың тапсырмаларды орындау кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалау жүргізілді. Қателіктерін өз беттерімен анықтай білуіне ықпал еттім. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт бердім. Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес сонымен қатар нәтижеге жету жолын да алдын- ала біліп отырды.
Бағалауды оқушылар өздері жүргізді, топ бақылаушылары сыныптың белсенділігін айтты, топ басшылары топтағы балаларды, топтарды бағалады.
Сонымен, бұл сабақтан түйгенім бағалау критерийлерін дамыту, жұптық жұмыс түрлерін дамыту керек деп ойладым. Оқушыларға 2 жетістік 1 ұсыныс айтуға үйрету керек. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан бағалау түрлерін аздау пайдаланған сияқтымын, алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасау қажеттігін ұғындым.
Сәтті шыққан тұстарым:
Оқушылар өзара әрекеттесіп жұптық, топтық жұмыс жасады. Бір-бірін түсіне білді, тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, бір-бірінің қателерін тауып, балама пікірлер айтуды үйренді.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы шынайы бола бастады.
Сабаққа оқушылардың зор қызығушылықпен қатысуы.
Сәтсіз шыққан тұстарым:
Жұптық жұмысқа мән бере алмадым Жеке жұмысқа берілген тапсырманың қиын болуы
«Құпия жәшік» әдісін дұрыс қолдана білмегенім
Уақытты тиімді пайдалана алмадым.
Топ мүшелерінің міндеттерін дұрыс түсіндіре алмауым.
Болашаққа бағдарым:
Тапсырма мазмұнын білім игеру деңгейлеріне сай құрастыру.
Әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктерімен жеке ерекшеліктеріне сай тиімді қолдану.
Бағалау стратегияларының түрлерін тиімді,кең ауқымда қолдану.
Уақытты тиімді пайдалану.
Топ мүшелерінің міндеттерін түсіндіру, орындалуын қадағалау.
Осы сабақты өту барысында мен оқушылардың бойынан алдыңғы сабақтарда болмаған белсенділікті байқадым.Менің бір қуанғаным, олардың сабақ барысында жұмыс жасауға деген ынтасының жоғарылағаны. Мен олардың ынтасының артқанын сабақ рефлекциясында жазған «Маған бүгінгі сабақ ұнады, енді алдағы сабақтардың барлығы осылай өтсе» деген сөздерінен байқадым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (2012ж) Үшінші басылым.