Просмотр содержимого документа
«: «Сырт?ы ?абыр?аны? жылу –техникалы? есебі» »
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.
ШҚО әкімдігінің білім басқармасы.
КМҚК «Құрылыс колледжі»
Бекітемін
Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары
_____________Оқасов Б.Қ..
«______»____________2014 ж.
Пән: Үйлер мен ғимараттар конструкциясы
Сабақ тақырыбы: «Сыртқы қабырғаның жылу –техникалық есебі»
(Ашық сабақ әзірлемесі)
Оқу тобы: 21 ПГС
Оқытушы: Кошкимбаева С.С.
Өткізу уақыты: 18 қараша 2014 ж.
Өткізілетін орыны: № 2 кабинет
Құрылыс пәндер бірлестігінде қаралды
Мәжіліс хаттамасы № ___
«_________» ____________ 2014 жыл.
Пән бірлестігінің төрайымы:
___________________ Хуанар А.
Мақұлданды:
Колледж әдіскері
___________Н.Д.Калиева
«_____» _________2014 ж
Семей 2014
Сабақ тақырыбы: «Сыртқы қабырғаның жылу –техникалық есебі»
Сабақ мақсаты: Өткен тақырыптық білімдерін тексеру және сыртқы қабырғаның жылу –техникалық есебінің есептелу жолдарын көрсетіп мәліметтер беру
Оқу мақсаты Сыртқы қабырғаның жылу –техникалық есебінің есептер шығару жолын үйрену
Дамыту мақсаты: Қажетті ақпаратты ойда сақтау, жазылған формулаларды есте сақталуын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу, мамандығына деген сүйіспеншілікке және пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақ түрі: жаттығу
Пән аралық байланыс:
«Құрылыс материалдары» Керамикалық материалдар
«Құрылыс конструкциясын есептеу негіздері» Кірпіш қабырғаны арматурамен күшейту
«Құрылысты ұйымдастыру технологиясы». Сыртқы қабырғаның көлемін есептеу
Көрнекіліктер: Тақырыптық слаидтар, Әдістемелік құралдар
Қолданылаған әдебиеттер:
П.Г. Буга «Азаматтық ауылшаруашылық және өндірістік ғимараттар».
Н.Разақов «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары»
01.01.2002 ″Құрылыстық климатология және геофизика″
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (1-2 мин.)
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Тізім бойынша тексеру.
3. Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (12-15 мин.)
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін тест сұрақтары, суретті карточкамен жұмыс, енді жаңа тақырыпты бастамас бұрын формулаларды еске түсірейік .
І.Тест сұрақтар
«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәнінен тест сұрақтары.
«Азаматтық ғимараттар туралы жалпы мәліметтер»
І-нұсқа
1.Арақабырға қалыңдығы
А)100 мм
В)50 мм
С)98 мм
Д)80 мм
Е)120 мм
2.Сыртқы көтеретін қабырғасы және ішкі тіреуі бар ғимараттың конструктивтік типі ... аталады
А)толық емес қаңқасы бар
В)қаңқалы
С)аралық
Д)қаңқасыз ғимарат
Е)шатырлы
3.Арақабырға қалыңдығы
А)шыныпрофлитті
В)қаңқалы
С)қалқанды
Д)столярлық
Е)кожбетонды
4.Орналасқан жеріне қарай аражабындар ... болады.
А)темірбетонды
В)ағаш
С)арқалықсыз
Д)қабатаралық
Е)арқалық
5.Қоғамдық ғимаратқа жататындар
А)ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін
В)халыққа қызмет ету үшін арналған ғимараттар
С)әр түрлі өндірістерді орналастыру үшін арналған
Д)барлық ғимараттар
Е)тұрақты және уақытша тұру үшін арналған ғимараттар
6.1,5 кірпіштен тұратын кірпіш қабырғалардың қалыңдығы ... құрайды
А)510 мм
В)770 мм
С)250 мм
Д)640 мм
Е)380 мм
7.Демалу үшін, оқу, жұмыс үшін және т.б. үшін арналған орындары бар жердегі құрылыстар бұл...
А)құрылыс
В)бөлме
С)ғимарат
Д)мұнара
Е)дұрыс жауап жоқ
8.Қаңқалы ғимараттардың көтергіш тэлементтері... болып табылады.
А)ұстындар,беларқалар,қабырғалар
В) беларқалар,аражабындар
С) ұстындар,беларқалар
Д) қабырғалар, аражабындар
Е) ұстындар, беларқалар, аражабындар
9.Биіктігі 5 қабатқа дейінгі ғимараттарды ... аталады
А) аз қабатты
В)азаматтық
С)көп қабатты
Д) биік
Е)қабаттылығы орта
10.Ғимараттың көтергіш тік элементтері орналасуының атауы
А)конструкциялы (құрылымдық ) тип
В) конструкциялы (құрылымдық ) бөлік
С) конструкциялы (құрылымдық ) торап
Д) конструкциялы (құрылымдық ) сұлба
Е) конструкциялы (құрылымдық ) элемент
«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәнінен тест сұрақтары.
«Азаматтық ғимараттар туралы жалпы мәліметтер»
ІІ-нұсқа
1.Ғимараттың ішкі кңістігін қабаттарға бөліп тұратын көлденең элементтер
А)қабырға
В)шатыр
С)іргетас
Д)аражабын
Е)арақабырға
2.Сыртқы көтеретін қабырғасы және ішкі тіреуі бар ғимараттың конструктивтік типі ... аталады
А)толық емес қаңқасы бар
В)қаңқасыз ғимарат
С)шатырлы
Д)қаңқалы
Е)аралық
3.Құралатын конструкциялар типтердің соңғы шегі
А)типтендіру
В)бірдейлендіру
С)стандарттау
Д)экспликация
Е)ерекшелендіру
4.Қабылданатын жүктемелер мен атқарылатын функцияның сипаты бойынша қабырға түрлері.
А)өзі көтеретін аспалы
В)көтергіш ,көтергіш емес
С)көтергіш, өзі көтеретін, аспалы
Д) көтергіш, өзі көтеретін,
Е) көтергіш, аспалы
5.Құрылыстарға жататындар:
А)жылу өткізгіштер,газқұбырлар,туненельдер
В)зауыттар,фабрикалар,қоймалар
С)электростанциялар, жылу станциялары
Д)гараждар, шеберханалар,цехтар
Е)телевизиялық мұнара, көпірлер, бөгеттер
6.Ғимарат класы бұл...
А)ғимараттың орнықтылығын сақтау қабілеттілігі
В)ғимараттың тағайындалуы
С)ғимараттың көтеру әдісі
Д)ұзақ мерзімділік, отқа төзімділік және басқа да эксплуатациялық дәрежелерін анықтайтын талаптар.
Е)ғимараттың өрт кезінде көтергіш және қоршайтын элементтердің функциясы сақтау мүмкіндігі
7.Қызмет ету мерзімі бар ғимараттың жарамдылық мерзімінің екінші дәрежесі
А)50-100 жыл
В)100 жылдан астам
С)10 жылға дейін
Д)50 жылға дейін
Е)20 жылға дейін
8.Ғимараттың конструктивтік типі бойынша ғимараттар ... болады
А) қаңқасыз , аралас
В) қаңқасыз, толық емес қаңқамен
С) қаңқалы, аралас
Д) қаңқасыз,қаңқалы
Е)қаңқасыз,қаңқалы, толық емес қаңқамен
9.Құралатын конструкциялардың мөлшерлерін және ғимараттың көлемді-жоспарлы мөлшерлерін тағайындаған кезде келесі іріленген туынды модулдары пайдаланылады:
А)60М,30М, 15М,12М,6М,3М,2М
В) 600 М,300М,150М,120М
С)50М,20М,10М
Д)100М,50М,20М
Е)300М,150М,50М
10.Бөлмені сыртқы ортадан бөліп тұратын конструктивтік тік элементтер
А) ұстындар
В)арақабырға
С)аражабын тақталары
Д)қабырғалар
Е)тіректер
«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәнінен тест сұрақтары.
«Азаматтық ғимараттар туралы жалпы мәліметтер»
ІІІ-нұсқа
1. Цоколь-ол...
А. Іргетастын үстінде орналасқан, қабырғаның үстіңгі бөлігі.
В. Іргетастын үстінде орналасқан, қабырғаның астыңғы бөлігі.
С. Бәрі жауап қате.
Д. Іргетастын астында орналасқан, қабырғаның үстіңгі бөлігі.
Е. Іргетастын астында орналасқан, қабырғаның астыңғы бөлігі.
2. Инженерлік жабдықтар орналасатын қабат:
А. Экономикалық
В.Отқа төзімді
С. Сантехникалық
Д. Техникалық
Е.Конструктивті
3. Индустрияланудың негізгі шарты:
А. Әдемілігі
В. Конструкцияларының дұрыстығы
С. Беріктігі
Д. Жобасы
Е.Сұлбасы
4. Жылу энергиясының формуласы:
А. D= R*N
В. Ro=α/β
С. D= R*S
Д. D= R1S1 + R2S2…RnSn
Е. D= R*V
5. Жарықтану таңбасы (белгіленеді):
А. Ф
В. Е
С. А
Д. R
Е.P
6. Соққы дыбыс қандай?
А. Адамның сөйлесуі
В. Музыка дыбысы
С. Жүктердің қозғалуы
Д. Бәрі дұрыс
Е. Бәрі дұрыс емес
7. Мықтылық дегеніміз:
А. Үйдің сыртқы әсерге білінбеуі және конструкциялардың майыспауы
В. Сыртқы әсерлерден үй өзінің тепе теңдігін сақтап тұру
С. Мықтылығын және беріктігін сақтап ұзақ қызмет істеуі
Д. Құрлыстың өркендеуі
Е. Жаңа технологияны пайдалана отырып
8. Мансард деп нені атайды?
А. Үйдің сыртқы қабатын
В. Жігі құрылыс ертінділерімен толтырылған элементті
С. Ғимараттың бос ішкі шатыр кеңістігін
Д. Қабырғаның төменгі жағын
Е. Ғимарат жоғарғы бөлігі
10. Дыбыстық жалпы деңгейін .... құралымен өлшейді.
А. Люмей
В. Дедцебель
С. шуметр
Д. Метр
Е.люкс
ІІ. Суреттегі карточка
1-сурет
2-сурет.
3-сурет
ІІІ-Формуланы еске түсіру
R=
Қоршаудың жылу өтуге кедергісі материалдың әр жеке қабатының термиялық кедергісіне байланысты
Қоршаудың массалығы жылу инерциясы
= + + + … + +
Көп қабатты құрылымның жалпы жылу беруге қарсы кедергісі
=
Қоршаудың жылу беруге тиісті кедергісі
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (43-45 мин)
Жоспар:
1.Есептеуге керек мәліметтер
2.Есептеу формуласы
3.Есептеу мысалы
4.Есептеу реті
Құрылыс Семей қаласында жүргізіледі. Сыртқы қабырға силикат кірпіш болғандықтан қалыңдығы δ=64 см. деп қабылдаймыз.
1.Есептеуге төмендегі мәліметтер керек:
1.Салынатын аудан атауы
2.1-күндік және 5-күндік ауаның температурасы , ҚР ҚНжЕ 2.04.-01-2001 «Құрылыстық климатология»
абсолюттік кіші температура;
- ең салқын тәуліктегі температура;
- ең салқын бескүндіктегі температура;
– ең салқын үшкіндіктегі температура;
Мынадай формула арқылы есептеп алынады:
4. Қоршау құрылымының есепті нобайын сызып, оның қабаттарын белгілейміз.
ҚР ҚНжЕ 2-04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы»1 және 3 қосымшасынан салынатын ауанның ылғалдық аймағына және бөлменің ылғалдық жағдайына байланысты құрылым қабаттарының сипаттамаларын жазып аламыз.
γ- материал тығыздығы (км/м³), 3 қосымша, 2 графа.
λ – жылу өткізу коэффициентті (Вт/м ºС), 3 қосымша, 7 немесе 8 графа.
S – жылу сіңірімділік коэффициенті (Вт/м² ºС), 3 қосымша, 9 немесе 10 графа.
n – қоршау құрылымы бетінің сыртқы ауаға байланысты орналасуынан қабылданатын коэффициент, 3 – кесте бойынша алынады.
– ішкі ауа температурасы мен қоршау құрылымы бетіндегі температураның нормативтік төмендеу айырмасы 2 – кестеден алынады.
– қоршау құрылымы ішкі бетінің жылу беру коэффициенті, 4 – кестеден алынады.
– қоршау құрылымы сыртқы бетінің жылу беру коэфициенті, 6 – кестеден алынады.
– ішкі температура, тапсырмада беріледі.
2.Есептеу формуласы
Алдын ала, өз еркімішке, қоршаудың екпін күшінің немесе массасының (Д) шамасын қабылдаймыз. Массасына байланысты сыртқы ауа температурасының есепті шамасы қабылданады.
1,5 Д болғанда, абсолюттік кіші температураның шамасы алынады (),
1,5
4
Д
Санитарлық – техникалық мөлшерлерге байланысты жылу өткізудің керекті термиялық кедергісін анықтаймыз.
=
Төмендегі теңдеу бойынша жылу тұтқыш материал қалыңдығын анықтаймыз
= Вт/м
Қоршау құрылымының массалығы (Д) еркімізше алынғандықтан, оны тексеруіміз керек.
Құрылым массалығы мына формуламен анықталады.
Д = RS – бір қабатты құрылымда;
Егер қоршаудың алдын ала қабылданған массалығы есептеме бойынша дәлелденбесе, онда қоршаудың факторлық массалығын есепке ала қайта есептеу қажет.
3.Есептеу мысалы
Алматы қаласындағы тұрғын үйдің кірпіш қабырғасының жылу тұтқыш материалының қалыңдығын анықтаймыз.
Негізгі мәліметтер:
Салыну ауданы:Семей қаласы.
Есепті қысқы ауа температуралары
= - 49
= - 44
= - 39
= = - 41,5
Бөлмелердің ылғалдық қалпы – құрғақ.
Қоршау құрылымының қабаттар санын анықтап, қабырға бойынша қима нобайын (схемасын) сызамыз.
2.2 – сурет. 1 – сыртқы сылақ (ц.қ.е.) = 0,02 м,
2 – сазды кірпіш = 0,02м
3 – ішкі сылақ (ә.қ.е.) = 0,02м
Төмендегі көрсетілген кестеге нобайда (схемада) көрсетілген қабаттардың сипаттамасын жазып аламыз.
Алматы қаласы ҚР ҚНжЕ 2-04-03-2002 бойынша ылғалдылығы құрғақ аумаққа жататындықтан, керекті өлшем шамаларын «А» графасы бойынша аламыз.
2.1 – кесте
№
Қабат аттары
, кг/м³
, м
λ, Вт/м
S, Вт/м
1.
2.
3.
Силикаттық кірпіш
Шыны талшықты мақта (жылутұтқыш материал)
Цементтік –құм ерітінді
1800
150
1800
0,64
Х
0,02
0,76
0,064
0,70
9,77
0,80
9,20
ҚР ҚНжЕ 2-04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы» – дан жылу – техникалық көрсеткіштері мен коэффициенттерін жазып аламыз.
n = 1 3 – кестеден
= 4,0 2 – кестеден
= 8,7 4 - кестеден
= 23 6 – кестеден
= 20 ̊С –тұрғын ғимараттар үшін
4.Есептеу реті
Алдын ала ғимаратты үлкен инерциялы деп қабылдаймыз, яғни Д 7, сондықтан сыртқы температура:
= = - 39
Жылу беруге тиісті кедергіні анықтаймыз:
= = = 1,81 Вт/м
= R теңестіріп, қимадағы жылутұтқыш қабаттың қалыңдығы () анықтаймыз.
= = + + + + = + + + + ;
1,82 = 0,11 + 0,84 +0,028+0,043+
1,82=1,021+
1,82-1,021=
0,799=
= 0,051
Жылу тұтқыш материалдың қалыңдығын 0,051 м – ге, яғни 5 см-ге тең деп аламыз.
Осы қабылданған қалыңдықтағы кірпіш қабырғаның массалығын анықтаймыз.